Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет47/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

5.4. Эвристикалық әдіс 
Эвристикалық (бөліктік – ізденушілік) әдіс – мұғалім 
білімнің бір бөлігін хабарлайды, енді бір бөлігін оқушылар 
қойылған сұраққа жауап беру арқылы өздігінен табады. Бұл 
әдісте мұғалім проблеманы шешудің кейбір қадамдарында 
оқушыларды қатыстыруды ұйымдастырады. Мұғалімнің ролі 
оқушылардың алдына проблема түрінде қойылатын тапсырманы 
жеке кезеңдерге бөліп, қай кезеңде олар өз беттерімен жұмыс 
жасайтындығын анықтау. Яғни, мұғалім қандай да болмасын 
әдіспен оқушылардың өз бетімен жүзеге асатын танымдылық іс-
әрекеттерін ұйымдастырады. Бір жағдайда оқушылар пробле-
маны көріп, екінші бір жағдайда дәлелдеудің жолын анықтап, 
үшінші бір жағдайда көрсетілген фактылардан немесе айтылған 
ақпараттардан қорытында шығарып, төртінші бір жағдайда 
болжам жасап, бесінші бір жағдайда жасалған болжамды немесе 
қорытындыны тексерудің жоспарын құруға үйренеді. Оқытудың 
эвристикалық әдісінің жүзеге асырылуының бір түрі-эвристика-
лық әңгімелесу. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім 
оқушылардың алдына біртіндеп проблеманы қойып, оны шешу-
дегі қарама-қайшылықты көрсетіп, әңгімелесудің кезеңдерін 
құрса, ал оқушылар әңгімелесудің әр кезеңіндегі проблеманы 
шешудің жолдарын өз беттерімен іздейді.
Негізгі мектепте де және жоғарғы сыныптарда да кез-келген 
сабақты эвристикалық әдіспен ұйымдастырып өткізуге болады.
Фотоэффект құбылысын оқығанда Герц пен Сталетовтың 
тәжірибелері қарастырылады. Фотоэффект құбылысын бақылау 
үшін электрлік доғаның сәулесімен жарықталынатын мырыш 
пластинасы орнатылған электометр қолданылады. Мұғалім әуелі 
пластинаны оң зарядпен, артынан теріс зарядпен зарядтайды. Тек 
теріс зарядпен зарядталған мырыш пластинасының разрядталыну 
себебін мұғалім оқушылардың өз бетімен анықтауын тапсырады. 
Бұл оқушылардың өз бетімен ізденулерінің бірінші кезеңі. Әрі 
қарай мұғалім жарық ағынының жолына шыныны қойып, мырыш 
пластинасының разрядталмайтындығын көрсетіп, оқушылардың 


110 
алдына келесі проблеманы қойып, бақылаған құбылысты 
түсіндіруді сұрайды. Мырыш пластинасына түсетін жарықтың 
ағынын арттырып, мұғалім бақыланып отырған құбылыстың 
жарықтың интинсивтілігіне тәуелсіздігін көрсетеді. Зертеудің 
үшінші кезеңінде оқушылар өздері білетін жарықтың толқындық 
теориясына сүйеніп, бақылаған құбылысты түсіндіре алмайтын-
дығына көздері жетеді. Сөйтіп проблемалық жағдаят пайда 
болады. Яғни, бақылаған құбылыстың нәтижесінде алынған жаңа 
білім мен бұрынғы білімнің арасында қарама-қайшылық пайда 
болады. Пайда болған жағдаятты қолданып, мұғалім фотоэффект 
құбылысы мен оның заңдарын береді. Сонымен оқытудың 
эвристикалық әдісін қолданып, мұғалім жаңа оқу материалын 
түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларды ізденуге 
мәжбір етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптас-
тырып, дамытуға әсер етеді. 
Сонымен эвристикалық әдістің белгілері: 
- оқушыларға білім «дайын» күйінде берілмейді, олар оны 
дербес табу керек. 
- мұғалім оқушыларды әртүрлі құралдармен жаңа білімді 
іздеуге, меңгеруге жұмылдырады. 
- оқушылар мұғалімнің басқаруымен дербес ойлайды, пайда 
болатын танымдық міндеттерді шешеді, проблемалық жағдаят-
тарды құрады және шешеді, талдайды, салыстырады, жалпы-
лайды, қорытындылайды. Нәтижесінде оларда саналы берік білім 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет