Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет72/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар 
1. 
Физиканы 
оқыту 
үдерісіндегі 
физикалық 
эксперименттің ролі қандай? 
2. 
Ұйымдастыру 
формасына 
қарай 
физикалық 
экспериментті қалай жіктелінеді? 
3. 
Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар 
қандай? 
4. 
Зертханалық жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің 
әдістемесі қандай? 
5. 
Физикалық практикумның ерекшелігі қандай? 
6. 
Сыныптан тыс эксперименттің маңызы қандай? 
ХІ тарау 
ФИЗИКАЛЫҚ  ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒ АРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН 
ТӘСІЛДЕРІ 
 
11.1. Физикалық 
 
есептердің маңызы 
және классификациясы 


167 
Физикалық есеп дегеніміз – ол оқушының алдына қойылатын 
қандай да бір проблема. Оны шешуде белгілі бір логикалық ақыл-
ой қызметі, жүзеге асып, физикалық эксперимент жасалынып
математикалық аппарат қолданылады.
Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес 
құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының 
түгелдей барлық түрлері мен кезеңдеріне және сыныптан тыс 
жұмыстарында орындалынады. Есеп шығару, физиканы оқытудың 
әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қол-
данылады. Физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын 
дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді 
орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің 
сандық және сапалық мағыналарын ашады; 
2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық 
маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді. 
3) мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс 
істеуге, еңбек сүйгіштікке қиындықты жеңу төзімділігіне 
үйретеді, еңбек-жігерлерін қайрайды;
4) физикалық ұғымдарды, оқушылардың практикалық іскер-
ліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалып-
тастырады;
5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін 
тексереді;
6) сабақта проблемалық жағдаяттар қойып, оны шешуге 
жәрдемдеседі;
7) физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды 
талдауға, қорытындылауға, олардың арасындаға өзара байла-
ныстарды анықтауға жәрдемдеседі;
8) оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын 
жүйеге келтіріп, оларды дамытады, тереңдетеді;
9) пәнаралық байланысты күшейтуге ықпал жасайды;
10) оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.
Физикалық есептер мазмұнына (тараулар, абстрактылы және 
нақты), зерттеу мақсатына және зерттеу тереңдігіне, шығарылу 
тәсіліне, күрделілігіне қарай жіктелінеді.
Физикалық есептерді шығару субъектінің ойлау қарекетінің 
негізгі түрлеріне байланысты жіктелінуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет