173
11.2. Физика есептерін шығарудың тәсілдері
мен әдістемесі
Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің мынадай түрлері
кездеседі:
1.
Арифметикалық тәсілде есептер математикалық теңдеу-
лер құрылмай, арифметикалық амалдардың жәрдемімен, сұрақтар
қою арқылы шығарылады.
Бұл тәсіл, мысалы жылу мөлшерін
анықтауда көп қолдапылады.
2.
Алгебралық тәсіл физикалық формулалардың негізінде
математикалық теңдеулер құру
арқылы есептер шығарғанда
қолданылады. Мұндай есептер физиканың әр тарауында көп.
Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады.
3.
Геометриалық тәсіл физикалық есептерді шығаруда фигу-
ралардың геометриялық және тригонометриялық қасиеттерін
қолдану қажет болған жағдайда пайдаланылады. Мұндай тәсіл
кинематика, статика,
электростатика, фотометрия, геометриялық
оптика тарауларына есептер шығаруда көп қолданылады.
1.
Графитік тәсіл
арқылы есептер шығарылғанда, олардың
жауаптары, түрлі графиктерді талдау негізінде алынады.
Негізінен физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікті
сипаттайтын графиктерді зерттеуді
талап ететін есептер
графиктік есептер болып табылады. Кейбір есептерде график
есептің шартында берілсе, кейбір
есептерде оларды салуды
көздейді. Есептің шарты график арқылы берілсе, оқушылардың
оқу танымдық әрекеті графикті «оқудан»тұрады.
Яғни есептің
талабын орындау үшін қажетті физикалық шамалардың мәндерін
графиктен алады.
Егер график есептерді шығарудың әдісі болса, онда оқушы
оны салады.
Оқушыларда графиктік
есептерді шығару қалыптасса, онда
мектептегі физика курсының басқа тарауларында (динамика,
термодинамика, электр тогы) графиктік әдісті қолданып есеп
шығару оқушыларға қиындық туғызбайды. Себебі мұндай
есептерді шығарудың ортақ жалпы әдістері бірдей.
Кинематика тарауында
қозғалыстағы дененің орташа
жылдамдығын анықтауды қажет ететін есептердің түрлері бар.
174
υ,м/с
Орташа жылдамдықты табу
үшін дененің жүрген жолы қажет. Оны
жылдамдықтың
уақытқа
тәуелділігін
сипаттайтын графиктен
табады.
t, с Графиктен дененің жүрген жолы тәуелділік-
t
1
t
2
ті сипаттайтын сызық пен уақыт осімен шектел-
Достарыңызбен бөлісу: