Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет78/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
Физикалық есептердің физикалық білім берудегі маңызы 
қандай? 
2. 
Физикалық 
есептерді 
топтастырудың 
негізіне 
байланыс-ты қандай түрлері болады? 
3. 
Физикалық есептерді шығарудың әдістері мен жолдары 
қандай? 
4. 
Физикалық есептің құрылымы қандай? 
ХІІ тарау 
ФИЗИКАДАН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС 


177 
ЖҰ МЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ, КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
12.1. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың
маңызы мен мақсаты 
Физиканы оқыту үдерісінді мұғалімнің басшылығымен оқу-
шылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын 
физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп айтамыз.
Оқытудың түрлі әдістерін дұрыс таңдап, оқушылардың ой-
өрісін, сана сезімін жан-жақты дамыту қажет. Сыныптан тыс 
сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, 
жауапкершілігін арттырып, ой-өрісін кеңейтеді, шапшаңдыққа
тез есептеуге, талдау мен салыстыруға, заңдылықты ашуға, зейін 
мен есті дамытуға, тапқырлыққа, жігерлікке тәрбиелейді. 
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен 
мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: 
-Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, 
тереңдету, кеңейту, дамыту. 
-Мектеп оқушыларының өз бетінде жұмыс істеуге ынта-
ықыласын, шығармашылық және конструкциялық қабілеттерін 
арттыру. 
-Жас 
жеткіншектердің 
политехникалық 
дағдыларын 
қалыптастыру. 
-Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен 
өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. 
-Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, 
патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтан тыс уақыт қорының болуы мектеп оқуышыларының 
жан-жақты дамуына тиімді әсер етіп, олардың саяси-идеалық
және рухани тәрбиеленуіне, оқушылардың белсенді өмірлік 
ұстаныма айналуы да әбден мүмкін. 
Мектеп оқушыларымен сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдас-
тырудың негізгі талаптары - барлық оқушыларды олардың 
қызығушылығы мен қабілеттілігіне қарай тарту, оқу және оқудан 
тыс жұмыстарының ұйымдасқан бірлігін, қоғамдық пайдалы 
бағытын, барлық мектептен тыс сабақтарға қызығушылығын, 
балалардың рөлдерін арттыру, балалардың өзін-өзі басқару ор-
гандары, мектептердің мептептен тыс мекемелерімен, қоғамдық 


178 
және 
мемлекеттік 
ұйымдармен, 
ата-аналармен 
қарым-
қатынасының болуы. 
Физика пәні бойынша сабақтан тыс оқу-тәрбиелік тапсыр-
маларды талдау барысында мектеп оқушыларының сабақтағы 
және сабақтан тыс жұмыстарының негізгі мақсатын прнцип 
ретінде басшылыққа алу қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқыту бары-
сында мектеп оқушылары физика ғылымының негізі бағыттарын 
қоғамдық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі талаптарына 
сәйкес терең және жете білуі қажет, оқушылардың өз білімін 
ұштастырсам деген ынта-жігерінің болуы және оны өз бетінше 
толықтырып, сараманда қолдана білуі керек. Жаңа буынды 
оқытып, тәрбиелеудің негізгі міндеті жоғары рухани байлығын 
арттыру, оқушыларды белсенді еңбек және қоғамдық қызметке 
дайындау, саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу. Бұл 
міндеттердің тек физика сабағында шешімін табуы мүмкін емес.
Оның көбі сабақ аясына сыймайтын әртүрлі жұмыс формалары 
мен әдістерін талап етеді. Физика сабағында сабақ жоспарымен 
келетін тақырыптарды үйренуде қатаң бекітілген сабақ уақыты 
мұғалім мен оқушының ынтасын шектейді. Сондықтан сабақта 
тақырыптың барлығын қамтып үлгермейтіндіктен сабақтан тыс
уақытта оқып-үйрену қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет