Для того, чтобы человек мог постичь


Қуаныш және қайғы концептілерінің сөйлеу әрекетіндегі көрінісі



бет34/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

2.5 Қуаныш және қайғы концептілерінің сөйлеу әрекетіндегі көрінісі
Осы зерттелетін концептілер әрекет (действие), ментальді әрекет (ментальное действие), сөйлеу әрекеті (речевое действие) сияқты үш түрлі түсінікпен байланысты.

Әрекет – адам мен әлем арасындағы қарым-қатынасты реттеу орталығы болып табылады. Сол арқылы адам шындықпен қатынасқа түседі. Психология тұрғысынан: «Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адамды түрлі іс- әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері. Әрекет іс- әрекеттің шағын бөлігі. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады» (49, 56б) – деген анықтама беріледі. Қуану да, қайғыру да – эмоционалды әрекеттер.

Қуаныштың сыртқы көрінісі: билеу, күлу, жылау, қолды былғау, мақтану, қол соғу, секіру, жымию, қапылу, ұшып тұру, жүгіру, құшақтау, арқадан соғу, қолдау, менменсіну, қуану, жасару, семіру, ән салу, қатты айқайлау, әңгімелесу, қалжыңдау (соңғы төрт әрекет сөйлеу әрекетіне жақын).

Қайғының сыртқы көрінісі: жылау, бетін басу, мұңаю, қартаю, азу/жүдеу, қуару/солу, аһ ұру, күрсіну, аңырау, тынысы тарылу, шашы ағару, қабағы түсу, көзі қызарады, сілкінеді, жығылу, басын жерден көтермеу, жалғызсырау, ашулану, зарлау, дауыс шығарады, жоқтау айту (соңғы үш әрекет сөйлеу әрекетіне жақын).

Сөйлеу әрекеті. Әрекеттен сөйлеу әрекетіне өту әрі табиғи, әрі оңай түрде жүзеге асады. Оларды сәйкестендіру 1960 жылы Дж. Остин негізін салған перформативтер (лат «перфомо» – әрекеттенемін, істеймін) теориясынан бастама алады. Дж.Остин сөйлеу актісіне тең келетін амалдарды атады, олар ант беру, приговор, атақ беру т.б. Перформатив рәсімдеу, ритуалға жақын. Сөйлеу актісінің құрылымының өзі негізгі белгілерінде әрекет моделін қайта жасайды: онда ниет (пиғыл), мақсат пен жасалынатын әсер (нәтиже) бар.

«Сөйлеу – адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны. Психология үшін , ең алдымен, адамның жоғарғы психикалық функциялары жүйесіндегі орны, оның ойлаумен, санамен, жадпен, эмоциялармен байланысы назар аудартады; бұл орайда, оның тұлғаның және іс-әрекеттің құрылымын бейнелейтін ерекшеліктері ерекше маңызды. Сөйлеу іс-әрекеттің тұтас актісі (егер оның іс- әрекеттің басқа түрлерімен жүзеге аспайтындай арнайы мотивациясы болса) немесе сөйлеушілік емес қарекетке қамтылған сөздік қимылдар түріндегі көрінетін сөйлеу қызметі қарастырылады. Сөйлеу қарекетінің не сөздік қимылдың құрылымы принципінде кез келген әрекеттің құрылымымен үйлеседі, яғни бағдарлану, жоспарлану (іштей бағдарламалану нысанында), жүзеге асу және бақылану сатыларын қамтиды. Сөйлеу әр жолы жаңадан құрылатын белсенді және динамикалық сөздік стереотиптер тізбегі болып табылатын реактивті болуы мүмкін» [38, 204-205б].

Вербалды және вербалды емес әрекеттер уақыт арқылы көрініп, олардың басы мен аяғы болады. Сөз істі туғызса, әрекет сөзді туғыза алады.

Сөйлеу әрекетінің ерекшелігі – оның арнулылығы (адресованность). Сөйлеу әрекеті екінші біреуге бағытталыды. Олар: әлеуметтік қабылдаушы, таныс не жат, дос не қас, замандас не ұрпақ, аруақ, Құдай не әулие, тіпті әрекеттенушінің өзі болуы мүмкін.

Сөйлеу әрекетінің вербалды емес әрекеттен келесі айырмашылығы онда әрекеттің жүзеге асуында қатысатын толық не редуцияланған пайымдау (пропозиционалды мазмұн) болады.

Халқымыз қайғысын да, қуанышын да өзгеге сөз арқылы жеткізе білген. Жақын адамның о дүниеге атттануы, жазылмас дертке ұшырауы, ел басына түскен ауыр хал, қасірет, ауру- індет үлкен қайғыға батырады. Осы кезде туатын мұң-шер өлеңдері (қоштасу, жоқтау, естірту, көңіл айту) – ел басына түскен зарлы күйзелісті, қазаға ұшыраған жеке адамның, жеке үй ішінің мұң-шерін шертеді, көңілдің қайғылы, қаралы сезімдерін білдіреді. Қуанышқа кенелген жұртшылық той-думан жасайды. Сүйінші сұралып, құтты болсын айтылады. Халқымыз үшін сәбидің дүниеге келуі, оны қырқынан шығару, бесікке бөлеу, тұсауын кесу, сүндетке отырғызу, сол балаларының ер жетіп отбасын құруы т.б. үлкен қуаныш. Осындай қуанышты тойларда айтылатын беташар, жар-жар, той бастар т.б. әндер айтылады. Осылайша ел өз қуанышын сөйлеу әрекеті арқылы білдіреді.

Халқымыз өз батасында да қуаныш пен қайғы туралы айтады:

Балаларың қуаныш әкелсін,

Немерелер жұбаныш әкелсін.

Орындарың төр болсын,

Дастархандарың мол болсын

Қатарларын көп болсын,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет