10) Қазақ халқының танымында қайғы сұйықтық ретінде ұғынылуы мен елестетілуі орын алған.
1) ҚАН. Қайғымен қан жұту; қасіретпен қан жұту; қан жұту (фраз.). Мысалы: Бетінен осылар үшін қан ағып, жүзіне таңба түскенде « қаным да бұлардың қайғысына араласты, текке кетпесін!..» деп бекіген (М.Ә. Абай жолы). Ал Абай қайғысы үшін қан жылауға бар (М.Ә. Абай жолы).
2) Осы топқа енген «қайғыға» қатысы бар етістіктер көбінесе сұйық заттарды білдіретін сөздермен бірге айтылғандықтан, «қайғының» бойында сұйықтыққа тән қасиет барын көреміз. Мысалы: Көкірегі шерге толу; шер жұту (фраз.). Кемпір бәрін айтып жылап, қызы мен келіні ішінен тынып, қайғы жұтып отырған күйін ойлағанда, азырақ сілкінгендей болды (М.Ә.Қорғансыздың күні).
3) «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» – деп Абай атамыз айтқан. Шыныменен -ақ, қатты қайғырған адам зарлап, аңырап, ағылып кеп жылайды. Оның бәрі көзден жас болып ағады. (Ол туралы жоғарыда айтылды).
Достарыңызбен бөлісу: |