Статиткалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі: балалар мен жасөспірімдердің күшінің өсу қарқыны сүйек-бұлшық ет жүйелерінің морфофункционалдық өзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық жетілуіне, қозғалыс белсенділігі деңгейіне т.б. көптегенр себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппараты өзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан бастауыш және орта мектеп жасындағы оқушылардың күшін дамытуды жылдамдатуға болмайды. Статикалық жаттығуларды шектеп, жалпы қозғалыс сипатындағы жаттығуларды көп қолдану қажет.
Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдірудің негізгі міндеттері: барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуы, дененің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік «бұлшық ет белдемесін» құру. 7-8 жастағы балалардың күшін жетілдірудің қарапайым амалдары: гимнастикалық қабырғаға, сүйенбелі сатыларға өрмелеу, ұсақ доп лақтыру, секіру, жеке сайыс элементтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б. 10-11 жастағылардың күшін жетілдіру талабы артады: толтырылған доппен жаттығулар, арқанға өрмелеу, қозғалыс сипатта күш түсіретін қозғалмалы ойындармен жаттығу т.б. қолданылады. 12-13 жаста күшті арттыру амалдарын көбейтуге болады. Бұл жастағыларға арнайы құрастырылған, бұлшық ет топтарына арналған, ұсақ ауырлықтармен қозғалыс сипаттағы күш жаттығуларының комплексін беруге болады. 14-15 жастағы жасөспірімдердің
Достарыңызбен бөлісу: |