Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі



бет31/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

2. Орындау жобасын құру. Бұнда оқытушы қимыл тәжірибесі мен білімін ұсынады, ал оқушыда сол арқылы жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады.
3. Қимылды бөліп немесе тұтас орындау. Қимылды орындап көру танысу кезеңінің 6астапқы элементі. Орындап көру арқылы оқушы өз міндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделілігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуды толық орындай беруге болады. Күрделі жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс тәсілін тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.
Сөз қолдану әдістері (түсіндіру, баяндау), көрнекі қабылдау әдістері (көрсету, көрнекі құралдар т.б.) және тұтас немесе бөлшектеп үйрету әдістері - оқу әдістеріне тән әрекетімен таныстыру кезеңі.


ҚИМЫЛ - ӘРЕКЕТКЕ ҮЙРЕТУ КЕЗЕҢІ

Бұл кезеңнің міндеттері, оқушыларға тәсіл негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл ептілігін қалыптастыру. Оқушының әрбір қозғалысқа ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл ептілігі дейміз. Қимыл ептілігі қалыптасуының өзіне тән мынадай белгілері бар: 1.Қимыл әрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару. 2.Жаттығуды тұрақты дұрыс орындамау. 3.Әр түрлі жаңылдыратын себептерге қарсы тұра алмаушылық.


Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімнен тұрады: қимыл ептілігі. Оқытушы бұл бөлімде оқушылардың жаттығу тәсілінің негізінде, пайда болған қателерді жоюға, жаттығу орындаудағы дене сіресуін болдырмауға үйретеді. Физиология тілімен айтқанда орталық жүйке жүйесінің артығырақ жайыла қозуы, бірінші әрекеттен кейін қозу қозғалыс орталығына ауыса шоғырланады. И.П. Павловтың зерттеуі бойынша динамикалық стереотип қалыптаса бастайды, ол жүйке процестерінің жаттыққан жүйесі, шартты рефлекс механизмі бойынша пайда болады. Оқушыларды бұл мезгілде артық қозғалыс жоғалады, қимыл еркінделе бастайды, жаттығуды орындау амплитудасы үлкейеді, сенімділік пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет