ТОКИО ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ
Токио ұлттық мұражайы елдегі ең көне және ірі мұражай. Ол 1872 жылы құрылды және бүгінгі күні 120 мың экспозицияны сақтайды. Жалпы 100 мың шаршы метр ауданда бірнеше ғимарат бар: 1) Бас ғимарат – Хонкан. Ол 1938 жылы ашылды. Ондағы коллекция буддизм объектілерінен, сызбалардан, Кабуки театрының реквизиттерінен, сюжетті бейнелейтін экраннан және т.б. жәдігерлерден тұрады; 2) Салтанаттық ғимарат – Хокейкикан. Ол 1909 жылы ашылды. Оның сәулетшісі Такума Катаяма болды. Ғимарат батыс стилінде салынған; 3) Шығыс корпусы – Тойокан. Ол өз есігін 1968 жылы ашты. Бұл елден басқа, барлық елдердің арт-объектілері мен археологиялық олжаларымен ерекшеленеді. Келген қонақтарға бұл елдің басқа мемлекеттермен мәдени байланыстарын бақылауға көмектеседі; 4) Хизей корпусы 1999 жылы ашылды. Ол ең көне және Хоржу-джидің ең үлкен храмдарының бірі Нара қаласындағы қазыналарын сақтайды. Mұражайдағы экспонаттар ұлттық мәдениеттің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму жолын көрсетеді.
21. Мұражай орналасқан қала
A) Нанкин
B) Сеул
C) Шанхай
D) Пекин
E) Токио
22. Мұражай орналасқан мемлекет
A) Сингапур
B) Таиланд
C) Қытай
D) Корея Республикасы
E) Жапония
23. Мұражайдың ең алғашқы ғимараты ашылған дәуір
A) Камакура
B) Муромати
C) Мейдзи
D) Момояма
E) Токугава
24. Мәнмәтін бойынша оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз
1. Шығыс корпусы – Тойокан ашылды
2. Салтанаттық ғимарат – Хокейкикан ашылды
3. Бас ғимарат – Хонкан ашылды
A) 1,3,2
B) 3,2,1
C) 1,2,3
D) 2,1,3 E) 2,3,1
25. Ұлттық мұражайдың өзі орналасқан ел мәдениетінде алатын орны
A) ежелгі патшалық мұраларын қорғайды
B) мәдени дәстүрлер мен мұраны сақтайды
C) «Мәдени мұра» бағдарламасына бастама болды
D) ұлттық театр өнерінің негізін қалады
E) артефактілердің тоналуын тоқтатты
Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды.
26. Зороастризм діні ерте орта ғасырларда таралған аймақ (-тар):
А) Сирия
В) Кіші Азия
Достарыңызбен бөлісу: |