ДҮниежүзілік сауда ұйымы


– Сыртқы саудадағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар; Апелляция беру құқығы



бет10/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78

Сыртқы саудадағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар; Апелляция беру құқығы





  1. Қазақстан Республикасының өкілі Жұмыс тобының мүшелерін ЕАЭО Сотының және Қазақстан Республикасының ұлттық сот жүйесінің тәуелсіз екендігі жайлы хабардар етті. ЕАЭО Сотының Статуты Қазақстан Республикасының жоғары сот органына жекелеген халықаралық келісімдерді түсіндіру бойынша қорытынды алу үшін ЕАЭО Сотына жүгіну өкілеттіктерін береді. Дегенмен, ЕАЭО Соты ұлттық сот жүйесінің апелляциялық органы болып табылмайды. Қазақстан Республикасының өкілі соттың Статутына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық Жоғарғы Соты ЕАЭО-ның сотынан ЕАЭО-ның құқықтық актілерін жүзеге асыруға қатысты консультативтік қорытындыларды сұрай алатынын атап көрсетті. Кейіннен, ұлттық Жоғарғы Сот осы қорытындыны барлық ұлттық төменгі соттар назарға алуға тиіс нормативтік қарарында жазып көрсете алады.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің (ЕурАзЭҚ) 2009 жылғы
    27 қарашадағы № 16 шешімімен КО-ның немесе ЕАЭО-ның Жоғары органының Сараптамалық Кеңесі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылғанын және Сараптамалық Кеңестің жұмысы бойынша ережелер қабылданғанын атап өтті. Мемлекетаралық кеңестің 2010 жылғы
    9 желтоқсандағы № 69 шешімімен Сараптамалық Кеңестің мүшелері таайындалды. Экономикалық қызмет субъектілері ЕАЭО-ның құқықтық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын халықаралық келісімге ЕЭК шешімінің сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін Сараптамалық Кеңеске жүгіне алады. Егер Сараптамалық Кеңес өтінішті қабылдаса, осы мәселені зерттеу үшін және ЕЭК шешімінің ЕАЭО-ның құқықтық базасына сәйкестігі туралы қорытындыны шығару үшін Келісім комиссиясы ұйымдастырылады және, егер ЕЭК шешімі оған сәйкес келмесе, ол ЕЭК шешімін қайта қарау үшін ұсынымдар береді. ЕЭК Сараптамалық Кеңестің қорытындысы және осы қорытындыны ЕЭК-тің қарау нәтижелері жөнінде Жоғары Кеңесті хабардар етуге міндетті.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері ДСҰ мәселелері бойынша әкімшілік шешімдерге шағым жасаудың әкімшілік және соттық арналары туралы, атап айтқанда, импорттаушылар мен экспорттаушылар (i) әкімшілік арналар шегінде ДСҰ-ға қатысы бар кеден органдары шешімдеріне және өзге де шешімдерге; және (ii) 1994 жылғы Тарифтер және сауда бойынша Бас келісімнің X бабында айқындалғандай, соттағы немесе басқа да «тәуелсіз соттағы» әкімшілік қаулыларға қалайша шағымдана алады деген сұрақ қойды.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі Қазақстан 2010 жылғы 1 шілдеде күшіне енген 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты қолданады деп жауап берді. Кеден одағы Кеден кодексінің
    9-бабына сәйкес кез келген тұлға кеден органдары шығарған шешімдерге, кеден органдарының және олардың қызметкерлерінің әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы. Сонымен қатар, мұндай тұлғалар кеден органы немесе оның ресми тұлғасы шешім шығарған елдің ұлттық заңнамасына сәйкес апелляция беруге тиіс. Яғни, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы
    № 221-III Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар тиісті кеден органының немесе ресми тұлғаның әрекеті немесе шешімі туралы ақпаратты жеке немесе заңды тұлға алған кезден бастап 3 айдан кешіктірмей, кеден органдары шығарған шешімдерге және кедендік ресми тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты жоғары тұрған органға шағымдануға құқылы. Егер жауапты қызметкер болмаса немесе өтініш беруші шешіммен келіспесе, өтініш беруші Қазақстанның
    1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-I Азаматтық іс жүргізу кодексіне (бұдан
    әрі – Азаматтық іс жүргізу кодексі) сәйкес сотқа жүгіне алады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 278-бабы әкімшілік апелляцияны, сондай-ақ ерекше өндірістерді қоса алғанда, апелляция үшін бірыңғай сот рәсімін айқындайды. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 280-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы ол өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы. Сонымен қоса, осындай жағдайларда, егер жеке және заңды тұлғалар үш ай мерзім ішінде сотқа арыз бере алмаса, бұл арызды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Арызды үш ай ішінде бермеудің себептері шағымды қарау кезінде тергеп-тексерілуге тиіс және ол шағымды қараудан бас тартуға негіз бола алады. Аудандық, облыстық және басқа да жергілікті соттардың бірінші инстанцияда қабылданған сот шешімдерін қайта қарау апелляция/инспекциялау рәсімі бойынша жүзеге асырылады. Жоғары тұрған органдарға бұған дейін жүгіну соттарда тура апелляция жасау үшін міндетті алғышарт болып табылмайды. Өздерінің соттарға қатысуына не қатыспауына қарамастан, Бас, облыстық, аудандық прокурорлар және оларға теңестірілген мемлекеттік айыптаушылар және олардың орынбасарлары заңды күшіне әлі енбеген сот шешімдеріне (Жоғарғы Соттың шешімдерін қоспағанда) шағымдануға құқылы. Іс тараптары және өзге де жәбірленуші тараптар осындай шешімдерге шағымдана алады. Апелляциялар бұзушылық жасалған кезден бастап бір ай ішінде берілуге тиіс және бірінші инстанциядағы сот арызды алған кезден бастап бір айдан кешіктірілмей тыңдалуға тиіс. Апелляциялық сот шағым бойынша жаңа фактілер табуы мүмкін және ерекше себептермен бірінші инстанциядағы сотта ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерді тергеп-тексере алады. Күшіне еніп қойған сот шешімдері, қаулылары, декреттері және бұйрықтары сот қадағалауы рәсіміне сәйкес Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген (мысалы, жаңа фактілердің ашылуы) негіздерде бір жыл ішінде қайта қаралуы және оларға шағым жасалуы мүмкін. Белгілі бір істерге қатысты Жоғарғы Соттың бақылаушы кеңесі шығарған шешімдердің қайта қаралуы және Жоғарғы Соттың бақылаушы кеңесі істі екінші мәрте қайта қарауы ықтимал.




  1. Техникалық реттеу саласындағы апелляциялар мен шағымдарға қатысты, СФС мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО шеңберінде СФС мәселелерін қоса алғанда, техникалық реттеудің бірыңғай жүйесі бар екенін және осылайша, ЕАЭО-ның белгілі бір қағидаларын және ЕАЭО шараларын қоса алғанда, ЕАЭО-ның тиісті келісімдерінде, ЕЭК-тің шешімдерінде көзделген апелляциялар бойынша ЕАЭО Сотының юрисдикциясы бар екенін түсіндірді. Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының СФС мәселелерін қоса алғанда, техникалық реттеумен байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты ол соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті органдарының кез келген шешімдеріне тәуелсіз сот жүйесі арқылы апелляция беру үшін және құқықтарын қалпына келтіру бойынша қажетті әрекеттерді жүзеге асыруды қамтасыз ету үшін заңды шаралар бар екенін түсіндірді.


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет