ДҮниежүзілік сауда ұйымы


– (a) Этил спирті және алкоголь өнімдері



бет12/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78

(a) Этил спирті және алкоголь өнімдері





  1. Кейбір мүшелер алкоголь өнімдерін сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың қолданыстағы жүйесінің шектеу салдарларына байланысты алаңдаушылықтарын білдірді. Олар ағымдағы заңнама және Қазақстанның осы саладағы заңнанасын өзгерту ниеті туралы ақпараттарды сұрады. Әсіресе, бұл мүшелер алкоголь өнімдерін әкелу құқығы үшін осы қызмет түріне арналған лицензияға белгіленген мөлшерлемелер туралы ақпаратты және алкоголь өнімдеріне мемлекеттік монополияны белгілеу жөніндегі жоспарлар туралы ақпаратты сұрады.




  1. Қазақстан өкілі «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы
    № 214-ІІІ Заңға (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң) түзетулер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат ету жүйесін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV Заңға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімдері үшін импорттық лицензия алудың шарты болған, этил спирті мен алкоголь өнімдерін әкелу үшін осы қызмет түріне арналған лицензия бойынша талап 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап күшін жойғанын айтты. Дегенмен, ол Қазақстанға этил спирті мен алкоголь өнімдерін импорттаушыларға осы Баяндаманың «Импортқа арналған ішкі салықтарды қолдану» деген бөлімінде сипатталғандай, этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру, өткізу немесе сақтау үшін осы қызмет түріне арналған лицензия және акциздік төлемдерді төлеу мақсатында акциздік маркаларды алу мен пайдалануға арналған лицензия талап етілетінін атап өтті.




  1. Осыған қоса, КО Комиссиясының «Этил спирті мен алкоголь өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу саласында Кеден одағының нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 16 тамыздағы
    № 747 шешіміне сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің біреуі ДСҰ-ға кірген кезден бастап этил спирті мен алкоголь өнімдерін автоматы емес түрде лицензиялау жөніндегі талап күшін жойып, автоматты түрде лицензиялау рәсімімен ауыстырылатын болады. Нәтижесінде, мынадай заңнаманы: «Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-І Заңды (Этил спирті мен алкоголь өнімдерін реттеу туралы заң) қоса алғанда, осы тауарлар үшін автоматты түрде емес импорттық лицензиялауды талап ететін ұлттық заңнама өзгертілетін болады. Этил спирті мен алкоголь өнімдерін импорттық лицензиялауды импорттық және экспорттық лицензиялауға жататын тауарлар тізбесінен алып тастау мақсатында «Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау қағидасы, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі Қазақстан Үкіметінің
    2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 қаулысымен өзгертілді.




  1. Мүшенің қойған сұрағына жауап ретінде Қазақстан өкілі «Алкоголь өнімін оны өндіру аумағында сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Үкіметінің
    2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысына сәйкес өтініш берушінің алкоголь өнімін сақтау мен өткізу үшін арнайы үй-жайларды біліктілік талаптарына сәйкес иеленуі немесе жалға алуы жөніндегі талап алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге арналған лицензияны алу үшін шарт болып табылады. Мұндай жағдайда өтініш беруші сатып алу немесе жалдау шартының көшірмесін қоса беруге тиіс.




  1. Жұмыс тобының мүшесі құрамында қосындыланған алкоголь бар тағамдық емес өнімдерді, яғни косметиканы, иіс суды, жуғыш заттарды, бояуларды, бояғыштарды және тағы басқаларын импорттаушыға «алкоголь өнімін өндіруге», «алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге» және «этил спирті мен алкоголь өнімін импорттауға» арналған лицензияны алу талап етіле ме деп сұрады. Қазақстан өкілі «алкоголь өнімін өндіру», «алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу» деген анықтамалар («Лицензиялау туралы» заңның 36-бабында белгіленген) құрамында қосындыланған алкоголь бар тағамдық емес өнімдерді, яғни косметиканы, иіс суды, жуғыш заттарды, бояуларды, бояғыштарды және тағы басқаларын қамтымайды деп жауап берді. Этил спирті мен алкоголь өнімдерін реттеу туралы заңға сәйкес «алкоголь өнімі» деген анықтама Қазақстан заңнамасына сәйкес медициналық мақсаттар үшін тіркелгендерін қоспағанда, тағамдық шикізаттан және құрамында алкоголь бар өнімдерден алынатын этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5 пайыздан асатын құрамында алкоголь бар тамақ өнімі деп берілген. Этил спирті мен алкоголь өнімдерін реттеу туралы заң және ЕАЭО-ның заңнамалық актілері құрамында қосындыланған алкоголь бар тағамдық емес өнімдерді, яғни косметиканы, иіс суды, жуғыш заттарды, бояуларды, бояғыштарды және тағы басқаларын әкелуді реттемейді.



            • Дәрілік заттар





  1. Жұмыс тобының мүшесі «фармацевтикалық қызметті ұсыну: медициналық препараттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу» қызметі түріне арналған лицензиялау туралы талап тауарларды Қазақстанда өткізу құқығынсыз әкелу жөніндегі әрекеттерді қамти ма деп сұрады. Қазақстан өкілі ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттарды қоса алғанда, дәрілік заттарға қатысты қызмет түрлеріне арналған лицензиялау мұндай қызметтің адам денсаулығы мен жануарлар тіршілігіне зиян келтіруі ықтимал болғандықтан дәрілік заттарды өндіру мен өткізу үшін талап етіледі деп жауап берді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодекстің 80-бабына сәйкес дәрілік заттарды Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелген шетелдік компанияларды қоса алғанда, мынадай қазақстандық заңды тұлғалар:




  • дәрілік заттарды өндіруге арналған лицензиялары бар өндіруші ұйымдар;

  • дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге арналған лицензиялары бар кәсіпорындар;

  • дәрiлiк заттарды әзiрлеу және мемлекеттiк тiркеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;

  • клиникалық зерттеулер жүргізу, мемлекеттiк тiркеу, көрмелерге қатысу үшін шетелдiк өндiрушiлер немесе олардың уәкілетті өкілдіктері;

  • медициналық қызметтi жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары әкелуі мүмкін.

Ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттарды қоса алғанда, дәрілік заттарды импорттық лицензиялауға қатысты анағұрлым толық ақпарат осы Баяндаманың А «Импорттық реттеу» деген бөлімінің (б) «Импорттық лицензиялау» деген кіші бөлімінің «Тауарлар саудасы саласындағы саясат» деген IV тарауында келтірілген.



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет