7
Әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп үздіксіз оқытылады.
Әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның еңбек әрекеті және бөлінбес бөлігі ретіндегі
табиғатпен, негізгі мүшесі ретінде қоғаммен әрекеттестік қарым-қатынасы туралы білім
мазмұны арқылы жүзеге асады.
Пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларынан (қоғамдық
және Дүниетану пәнін ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер, т.б.) хабардар ету
негізінде дүниені, әлемді, қоршаған ортасын танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе,
эксперимент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның
ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелуді жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қоршаған айнала пәні арқылы оқушы алғашқы тірі және өлі табиғат,
табиғаттағы
құбылыстарды, дене мен заттар, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін, олардың адамдарға
қажеттілігі туралы біледі. Осындай мағлұматтарды ұғына отырып ұғымдар жүйесі қалыптасып,
сөз қоры молайып, табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын түсінеді.
Сондай-ақ,
табиғатты аялау, үнемдеу т.с.с. экологиялық тәрбие беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: