Оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған
білімдерін жетілдіру туралы ойлағандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға
бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін
түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды.
Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Балалардың
барлығы бірдей тапсырманы
орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау
көрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім
мәселені шешуде өзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін қажет ететін
оқушылар және тек диалогке түсу арқылы бағытталуды ғана қажет ететін жлғары деңгейлі
оқушылар тобын анықтауы тиіс. Сонымен қатар, мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды
қолдау үшін жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдана алады. Кейбір оқушыларға тапсырманы
орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
Мұғалім оқушыларды
ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына
болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен
қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Тілдік қолдау мен
ынталандыру да бұл тәсілде ерекше маңызға ие.
Бағалау тәсілі. Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық
қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі
түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді
қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді
оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы
жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді.
Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму
аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік
беретін икемді
үдеріс.
Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен
саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп
отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай ілгерілей
аламыз.
Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген
жіктеу
тәсілдеріне мүдделері ұқсас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі),
талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар
немесе сарапшы топ, гендерлік топ,
аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ кіреді. Балалар
ортақ тапсырманы орындайды, бірақ барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей
етіп топтастырылған. Оқытудың болжамды міндетіне қарай топ құруда тиімді көптеген
тәсілдер бар: мүдделері ұқсас оқушылар (қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі),
талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар
немесе сарапшы топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ. Топтық жұмысты орындау үшін
бір топта қандай оқушылардың болатыны маңызды емес. Осы жағдайда мұғалім өзі қалаған
әдіспен оқушыларды шағын топқа біріктіреді. Топтың мүшелері кездейсоқ бірігеді. Бұл
жағдайда мұғалімге сыныптағы оқушылардың бір-бірімен мейлінше араласқаны маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: