«Дүниетану» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып Нұр-Сұлтан, 2019 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану»
24
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «Дүниетану» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Уақыт лентасына қазақ халқының қалыптасуынанегіз болған тайпалардың атауын жаз. [5]
2-тапсырма а) Сипаттаманы атақты тұлғалардың есімімен сәйкестендір. Атақты тұлғалар Әбілхан Кастеев Қаныш Сәтбаев Тоқтар Әубәкіров Бауыржан Момышұлы Қызметі әскери қолбасшы, жазушы тұңғыш қазақ ғарышкері академик, ғалым, геолог атақты суретші [4] Ә. Қастеевтің еліміздің дамуына қосқан үлесі туралы жаз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ [1] 3-тапсырма Cуретке қара. Берілген сұрақтарға жауап бер. а) Елімізде бұл мереке қай күні атап өтіледі?___________________________________ Ол қандай мереке түрі болып саналады? ____________________________________ [2] 25 4-тапсырма ХХ-ХХІ ғғ. Қазақстан ғылым мен мәдениет саласында қандай жетістіктерге жетті? 2 мысалдан келтір.
[4] 5-тапсырма Cуретте спорттың қай түрі бейнеленген? Атауын жаз. _________________________________________ [1]
Бұл спортпен шұғылдану кезінде жарақаттану қаупінің алдын алу үшін не істеу керек? _________________________________________________________________________ [1]
26 Балл қою кестесі
27
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек. Модерация және балл қою Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет. 28
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 1.4.Денсаулық және қауіпсіздік 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану Оқу мақсаты Бағалау критерийі 4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау 4.1.4.4 Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау 4.2.1.1 Нысанның басқа нысандарға қатысты орнын анықтау
• Адамдардың шаруашылық іс-әрекетіне табиғи жағдайлардың әсерін сипаттайды • Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрастырады • Жергілікті жердегі нысандардың басқа нысандарға қатысты орнын анықтайды Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Қолдану Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма Суретте бейнеленген шаруашылық түрлері еліміздің қай аймақтарында жақсы дамыған? ________________________________ ________________________________ Бір суретті таңда. Осы шаруашылық түрінің дамуына климат қалай әсер етеді? жүктеу/скачать 5.18 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |