Документ: ҚР 2010. 24. 06 №291-іv заңЫ


-бап. Құзыретті органның өкілеттіктері



бет3/14
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#206008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

17-бап. Құзыретті органның өкілеттіктері

Құзыретті органның өкілеттіктеріне:

1) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамын бекіту;

2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындау және ұйымдастыру;

3) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін кен орны бойынша материалдарды (нүктелердің географиялық координаттарын) қоса бере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру қажеттігі туралы хабарлама жіберу;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4), 5) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлғамен немесе конкурс жеңімпазымен барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу;

5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған жобалау құжаттарын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында, ол бекіткен қағидаларға сәйкес, минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

7) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, келісімшарттарды жасасу, мемлекеттік тіркеу және сақтау;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

9) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлаумен және өндіруге байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;

10) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешімдер қабылдау;

11) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) кепілге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, осы Заңның 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;

12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша келісімшарттық талаптардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерiнің тiзбелерiн әзiрлеу және бекіту;

15) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың қолданылуын жаңғырту туралы шешім қабылдау;

16) келісімшартты орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;

17) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия туралы ережені бекіту;

18) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуін конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең аз мөлшерін айқындау;

19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жинақтау және талдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты беру;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

20) модельдік келісімшарттарды әзірлеу және бекіту;

21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) келісімшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

23) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау;

23-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансын, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты әзірлеу;

24) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау;

25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

26) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұрату;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27) пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiту;



2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 27-1), 27-2), 27-3), 27-4) және 27-5) тармақшалармен толықтырылды

27-1) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27-2) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27-3) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;

27-4) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;

27-5) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну тәртібін бекіту;



2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 27-6), 27-7) және 27-8) тармақшалармен толықтырылды

27-6) келісімшарт талаптары бойынша келіссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекіту;

27-7) барлауға арналған үлгілік келісімшарттың нысанын бекіту;



27-8) келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын әзірлеуге қатысу;

28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

 

18-бап. Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзыреті



Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1) мұнайды экспорттау үшін басқа мемлекеттердің өз аумақтарында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салу және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін тиісті органдарымен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;

2) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды қамтамасыз ету және олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылуын есепке алу;

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) қажеттілік болған жағдайда, ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін жабуға қажетті көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде өңдеуге арналған мұнай мөлшерін кестелермен (жылдық және ай сайынғы) айқындау;

4) техникалық регламенттерде белгіленген мұнайға және оның өмірлік циклі процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту, газды кәдеге жаратудың және ілеспе газды қайта өңдеуді дамытудың бекітілген бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) өзі бекіткен тәртіпке сәйкес, ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау тәртібін әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін әзірлеу және айқындау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



15) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін әзірлеу;

16) кен орнын игеру жобасына сәйкес мұнай өндіруді, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) мұнай және газ саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

17) мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде келісімшартқа қол қою сәтіндегі келісімшартқа техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық көрсеткіштерін негізге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шикі мұнайды қайта өңдеуге арналған жеткізу көлемдерін айқындау;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi, нормативтiк техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

19) мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қатеріне талдау жасау және оны бағалау;

20) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін әзірлеу;

21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;

22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;

23) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртібін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды

23-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансын, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты әзірлеу және бекіту;



2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6) және 23-7) тармақшалармен толықтырылды

23-2) есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

23-3) өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін әзірлеу және бекіту;

23-4) мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін әзірлеу және бекіту;



23-5) мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындау;

23-6) теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптар белгілеу;

23-7) Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту;

24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

 

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



19-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) өз құзыреті шегінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;

4) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлеу және бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін әзірлеу және бекіту;

7) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет