Документ: ҚР 2010. 24. 06 №291-іv заңЫ


-1-бап. Шешім қабылдау кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін ескеру



бет2/14
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#206008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

8-1-бап. Шешім қабылдау кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін ескеру

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының уәкілетті өкілдері жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына тұрақты негізде (дауыс беру құқығымен) қатысуға құқылы.

 

9-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы



Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастар, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, ақылы негізде құрылады.

 

10-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы



1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болады.

Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет осы Заңда көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

2. Егер осы Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмеген болса, минералдық шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына - шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) тиесілі болады.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. 1992 жылғы 30 мамырға дейін қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына енгізілген техногендік минералдық түзілімдер, сондай-ақ 1992 жылғы 30 мамырдан кейін қоймаға қойылған техногендік минералдық түзілімдердің құрамындағы пайдалы қазбалар пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген көлемде мемлекеттік меншік болып табылады.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерден әкелінген минералдық шикізаттан түзілген, сондай-ақ 1992 жылғы 30 мамырдан кейін қоймаға қойылған техногендік минералдық түзілімдер олардың құрамындағы пайдалы қазбалармен бірге пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленген көлемде жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Мемлекеттік меншіктегі техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану құзыретті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен осы Заңның 9-1-тарауында көзделген тәртіппен жасалатын келісімшарт негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік меншіктегі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға меншік құқығы келісімшартта айқындалады.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар өзіне меншік құқығымен тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларды пайдалануға және оларға билік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға құқылы.

Техногендiк минералдық түзiлiмдер полигондарын жабуға және оларды рекультивациялауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техногендік минералдық түзілімдерді жиып қою орындарында өзге де қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды



7. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарында көзделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде минералдық шикізаттың құрамындағы ілеспе пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруы осындай келісімшарт шеңберінде өндіру деп танылады.

 

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



11-бап. Геологиялық ақпаратқа меншiк құқығы, оны пайдалану және беру тәртiбi

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Геологиялық ақпарат, егер ол мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алынса - мемлекеттік меншiкте және егер ол жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебiнен алынса, келісімшарттың қолданылуы кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қаржыландыру көзiне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат мемлекет меншігіне міндетті түрде өтеусіз берілуге жатады. Геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, жүйелеуді және жинақтап қорытуды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өзі бекiткен тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Геологиялық ақпарат өтеулі немесе өтеусіз негiзде пайдалануға берiледi.

Геологиялық ақпарат:

1) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жер қойнауын геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстарды жүргiзетiн тұлғаларға;

2) ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын жағдайларда ғылыми мақсаттар үшiн;

3) мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жекеше оқу орындарына - оқу мақсаттарында;

4) мемлекеттiк органдарға;

5) мемлекеттік геологиялық тапсырма бойынша өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді орындайтын ұлттық компанияларға өтеусіз негiзде пайдалануға берiледi.

Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру шарттарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпаратты алушы бөлек өтейді.

Мемлекеттік меншіктегі геологиялық ақпаратты оқу мақсатында, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды



3-1. Жер қойнауын пайдаланудан бос жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде мүдделі тұлғаның сұрау салуы негізінде танысу үшін беріледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.

Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

5. 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат блоктарға бөлінуге тиіс.

 

12-бап. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану  саласындағы артықшылықты және басым құқықтары



2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.

Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасау кезiнде қолданатын пайдалы қазбалардың бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөнiнде мәмiле жасалған күнi әлемдiк нарықтарда қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар, көлік шығыстары және өткізуге арналған шығындар шегеріле отырып қолданылады.

Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі және төлем түрі келісімшартпен айқындалады.

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға артықшылықты құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы, кен орындары учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келiсiмшарттарда ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау және нығайту үшiн келiсiмшарттың басқа тарапы немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушылары және басқа да тұлғалар алдында өтеулі және өтеусіз негiздер бойынша иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектiлердi сатып алуға мемлекеттiң басым құқығы бар.

Осы тармақтың ережелері осы Заңның 34-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

 

13-бап. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі



2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.

Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.



Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан шешімді құзыретті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес белгіленген тәртіппен қабылдайды.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығаруды жүргізу ниеті бар тұлға құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініш жібереді.

Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға, осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуға тиіс және оны құзыретті органға бергеннен кейін үш ай ішінде кері қайтарып алуға немесе қайта қарауға жатпайды.

3. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия тиісті материалдар алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өтінішті және өзге де материалдарды қарайды және мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдар әзірлейді.

Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеген, ұлттық басқарушы холдингтің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдарды тұжырымдаған жағдайда, Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құзыретті органға ұлттық басқарушы холдингті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретінде айқындау ұсынымын жасайды.

Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның тарапынан сатып алу туралы ниет болмаған жағдайларда иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы ұсынымдар әзірлеген жағдайда мәселе сатып алуға уәкілетті мемлекеттік органды айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі.

5. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері  жөніндегі ведомствоаралық комиссия өтініш берушіден және басқа да тұлғалардан жер қойнауын пайдаланушылардың, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық жағдайы туралы құжаттарды қоса алғанда, иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлеуге қажетті кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

6. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдары хаттамамен ресімделіп, ол құзыретті органға жіберіледі.

7. Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім сатып алуға уәкілетті ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік органға жіберіледі.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алу туралы құзыретті органның шешімін алғаннан кейін ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіге ие тұлғамен келіссөздер процесіне бастамашы болады.

Ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияның немесе уәкілетті мемлекеттік органның иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алуы басқа өтініш берушілер ұсынғандардан нашар болмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ақысыз негіз бойынша иеліктен шығарған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні заңды тұлғаның жарғылық капиталына берген жағдайда мұндай объектілерді сатып алу Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.

9. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу мерзімдері жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.

 

14-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу



1. Ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

2. Елді мекендердің, қала маңы аймақтарының, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында жер қойнауын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шектерінде жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды



14-1-бап. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелері, кен орындары

Қазақстан Республикасының орнықты дамуын және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жер қойнауы учаскелері, кен орындары стратегиялық деп танылады.

Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін, сондай-ақ оларды осыларға жатқызу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

15-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау



1. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Қазақстан Республикасының мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуі мүмкін. Пайдалы қазбаларды реквизициялау меншік нысанына қарамастан, кез келген жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргізілуі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасы реквизицияланған пайдалы қазбалар үшін заттай нысанда немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға, олардың құнына еркін айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде реквизициялау күніне қолданатын, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегерімінен қалған бағадан аспайтын бағалар бойынша ұлттық валютамен өтемақы төлеуге кепілдік береді.

 

 

2-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ



 

16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттік меншік объектісі ретінде жер қойнауының мемлекеттік қорын басқаруды ұйымдастырады;

2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) минералдық шикізаттың стратегиялық түрлеріне мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелері мен кен орындарын айқындайды;

5) ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілейді;

6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекітеді;

8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;

10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбалардың жекелеген түрлері бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды жасасу және орындау жөніндегі құзыретті органды айқындайды;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітеді;

14) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін бекітеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;

15) - 18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) - 21) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) мұнай экспортын реттейді;

23) мұнайды әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдауға сандық шектеулерді (квоталарды) белгілейді;

24) - 27) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

28) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды;

29) - 49) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

50) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

51) - 57) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

58) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

59) - 61) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды



61-1) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін бекітеді;

62) 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

63) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет