«Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы тынығу лагеріндегі «Балдаурен» тобында жүргізілген жұмыстардың



бет1/4
Дата30.07.2024
өлшемі2.1 Mb.
#503068
  1   2   3   4
Жазғы лагерь


«Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы тынығу
лагеріндегі «Балдаурен» тобында жүргізілген жұмыстардың
қорытынды есебі

«Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы тынығу лагері 1 маусым мен 10 маусым арлығында үздіксіз жұмыс жасады. Жазғы демалыстың әр күні оқушылар үшін қымбат. Лагерь ашылған күннен бастап оқушылардың қызығушылығы жоғары болды. Лагерге қатысатын оқушылар «Балдаурен» топ болыпжұмыс жасады. «Балдаурен» тобындағы 13 балаға С.Н.Нусупбекова мен А.С.Шаденова тәрбиешілік жасады. Күнделікті таңертең сағат 830 –да балаларды қабылдап алып, топтың атын, ұранын, әнін жатқа айтқызып, бой сергіту жаттығулары жасалынып отырды.


1- 10 маусым аралығында әр түрлі спорттық жарыстар, ойындар, білімділік сайыстары өткізілді.Өткізілген ойынның түрлері: «Орамал тастамақ», «Ақсерек,көксерек», «Қасқыр мен қоян», «Қат,қат,қатырмаш», «Алтын балығым атып шық», «Әуенді тап» ойындары. Күнделікті осы ойындарды ойнату арқылы оқушылардың лагерге деген қызығушылығын арттырып, бір – бірімен жақын қарым – қатынаста болуы жолға қойылды. Сонымен қатар спорттық жарыстартар өткізіліп отырды . Атап айтатын болсақ екі топты қатыстырып фудбол, баскетбол, валейбол, қызыл ту, «Ақ терек, көк терек», қашықтыққа жүгірту т. б ойын түрлерінен жарыстар өткізілді.
01.06.2024 жылы «Танысу» күні. «Қауіпсіздік пен мейірімділік әлемінде» лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып,түсіндірілді. 1 маусым «Баларды қорғау күніне» орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында лагердің ашылу салтанаты өткізілді. Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, әндер айтып, би - биледі.



02.06.2024 жылы «Салауатты өмір салты» күні.
«Біз салауатты өмір салты үшін» флешмоб жарысы үйымдастырылды.Оқушылар өте белсенді қатысып, мараппатқа ие болды.
Ұлттық құндылықтарды қалай сақтап қаламыз? салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша әңгіме жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет