Донда Сенбин атындағы орта мектебі Мектепалды сыныбының тәрбиеленушілері мен ата-аналарына жазғы демалыстағы



бет1/2
Дата30.05.2023
өлшемі17.49 Kb.
#474481
  1   2
Қауіпсіздік ережесі жаз-2023


Донда Сенбин атындағы орта мектебі
Мектепалды сыныбының тәрбиеленушілері мен ата-аналарына жазғы демалыстағы
қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерін таныстыру
Мерзімі ___________________ 2023 жыл
Донда Сенбин атындағы орта мектебінің әкімшілігі Сіздерге мектеп оқушылары үшін 2023 жылдың мамыр айының 31-нен қыркүйек айының 1-не дейін жазғы демалыс екенін ескертеді.
Бұл кезеңдегі балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілік балалардың ата-аналарына немесе қамқоршыларына жүктеледі.

  • Жазғы демалу орындарында, су қоймаларында, жағажайларда қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретіңіздер.

  • Электр және газ құрал-жабдықтарын қолданудың қауіпсіздік ережелерімен, жазғы кезеңдегі өрттің алдын алу шараларымен таныстырып, үйретіңіздер.

  • Кешкі сағат 22.00-ден кейін кәмілетке толмаған жасөспірімдер үлкендердің қадағалануынсыз көшеде, көңіл көтеретін орындарда жүруіне болмайды.

  • Балаларға жолда жүру ережелері туралы ескертіп, жол үстінде, су қоймалары маңында ойындар ұйымдастыруға тыйым салу керек.

  • Балаларға электр сымдары мен трансформаторлардың, жаңадан салынып жатқан ғимараттардың жанында ойнау қауіптілігін түсіндіру.

  • Балалардың ауыл, қалааралық қатынастарға үлкен адамдарсыз, заңды өкілдерінсіз шығуына, бөгде, таныс емес адамдармен сөйлесуге тыйым салу қажет.

  • Приотехникалық, жарылғыш заттарды, суық қаруларды қолдануға қатаң тыйым салынады.

  • Балалардың жазғы демалысы кезінде зиянды әдеттердің құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында әңгімелер жүргізіп, балалар ата-аналарының қатаң бақылауында болсын.





Оқушының аты-жөні



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет