Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет107/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   137
annotation81765

3.2.3. Электрлік диссоциация
Енді электр тоғының қышқылдардың, тұздардың және сілтілердің ертінділері арқылы өтуін қарастырайық. Таза су (дистилляцияланған су) диэлектрик болып табылады. Бұған мынандай тәжірбе арқылы көз жеткізуге болады; егер қыздырғыш лампаны, ішіне екі металл пластиналар салынған таза су құйылған ваннаға тізбектей қосып, сосын лампа мен ваннаны тоқ көзіне қоссақ, онда лампа жанбайды. Суға қант қоссақ та осы жағдайдан аспаймыз, ал егер су құйылған ыдысқа қышқылдың бірнеше тамшысын тамызсақ, онда лампа жарқырап тұрып жанады.


Демек, қышқылдың судағы ертіндісі толық өткізгіш болып табылады. Енді осы құбылыстың себептерін қарастырайық. Су молекулалары табиғи диполдар болып табылады. Енді суда тұз қышқылының молекуласы бар екен дейік. Бұл молекула H+ ионнан және Cl- ионнан тұрады, ал оларды біріктіріп ұстап тұрған кулондық тартылыс күші. Судың диэлектрик екендігін және оның зарядтардың электрлік әрекеттесyін әлсірететінін білеміз (шамамен 80 еседей). Судың бей-берекет қозғалыстағы молекулалары тұз қышқылы молекуласын жан-жақтан келіп соққылайды; осының нәтижесінде HCl молекуласы иондарға ыдырайды. Судың диполдары қышқылдың молекуласын қоршап алып, оны иттей талап, иондарға бөліп алып кететін секілді болады (3.19-сурет). Cудағы қарама-қарсы зарядталған иондар бір-біріне тартылып, олар қайтадан молекулаларға біріге алады. Сондықтан, қышқылды суда еріткенде, онда молекулалардың ыдырауы ғана емес, сонымен қатар иондардан нейтраль молекулалардың пайда болуы да қатар жүріп жатады:


HCl H++Cl ,

(стрелкалар процестің екі бағытта да өтетіндігін көрсетеді). Молекулалардың еріткіштің әсерінен иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Ерітілген заттың молекулаларының қандай бөлігінің иондарға ыдыраған молекулалар болып табылатындығын көрсететін сан диссоциация дәрежесі деп аталады. Сөйтіп, ертінділердегі зарядтарды тасымалдаушылар иондар болып табылады екен. Диссоциацияланған кезде сутегі және металлдардың иондары оң зарядталған болады. Молекулаларды иондарға тек еріткіш қана ыдыратып қоймайды. Мысалы, қатты қыздырған кезде заттың иондардан тұратын молекулалары жеке-дара иондарға ыдырай алады. Сондықтан тұздардың балқымалары да электр тоғының жақсы өткізгіштері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет