Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет63/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137
annotation81765

Жылу алмасудың түрлері. Табиғатта жылу алмасу жылуөткізгіштіктің, конвекцияның және сәуле шығарудың (жұтылу және шығару) көмегімен өтеді.
Жоғарыда қарастырылған процестер жылуөткізгіштіктің мысалдары бола алады. Тағы бір мысал келтірейік. Металл стерженді алып, оның бір ұшын қыздыра бастасақ, онда оның осы беттегі молекулалары тезірек қозғала бастайды, яғни осы жақ шетінің энергиясы артады. Стерженнің екінші ұшындағы молекулалар баяуырақ қозғалатын болғандықтан, стерженнің ішінде молекулалар мен электрондардың хаостық қозғалысының арқасында ішкі энергияның ыстық шеттен салқын шетке қарай берілуі басталады. Ішкі энергияның заттың молекулаларының және басқа да бөлшектерінің хаостық қозғалысының арқасында заттың бір бөлігінен екінші бөлігіне берілуі жылу өткізгіштік деп аталады.
Түрліше заттардың ішінде металдардың жылу өткізгіштігі ең жоғары болады. Оның себебі олардың ішінде еркін электрондардың болатындығында. Заттың қатты күйдегі жылуөткізгіштігі сұйық күйге қарағанда жоғары, ал сұйық күйдегі жылуөткізгіштігі газ күйдегіге қарағанда жоғары болады.
Енді конвекцияны қарастырайық. Судың жылуды нашар өткізетіндігін көрсету үшін оны жоғары жағынан қыздырады, осы кезде су бет жақта қайнағанмен, ыдыстың төменгі жағындағы су сол салқын күйінде қала береді. Ал егер су құйылған ыдысты төменгі жағынан қыздыра бастасақ, онда су түгел көлем бойында біркелкі қызады. Мұның себебі мынады: су қызған кезде ұлғайып, оның көлемі артады да, ал тығыздығы төмендейді. Егер қыздырылған сұйық төменде болатын болса, онда тығызырақ болатын жоғары қабаттағы сұйық ауырлық күшінің әсерінен төмен түсіп, жылы сұйықты жоғары қарай ығыстырады. Судың осылайша араласуы су қайнағанға дейін созылады. Сұйықтың немесе газдың біркелкі қызбаған қабаттарының ауырлық күшінің әсерінен араласуы кезінде өтетін жылу алмасу конвекция деп аталады.
Күн мен Жердің арасындағы жылу алмасу электромагниттік сәуле шығару арқылы іске асырылады. Электромагниттік сәулелер электр зарядтарының қозғалысы кезінде пайда болады және температура артқан кезде күрт артады. Тек дененің температурасымен ғана анықталатын сәуле шығару жылулық сәуле шығару деп аталады.


Сәуле шығару процесі дененің ішкі энергиясының есебінен өтеді. Шығарылған сәулені басқа бір дене жұтқан кезде осы дененің ішкі энергиясы жұтылған сәуленің энергиясының есебінен артады. Осылайша сәуле шығару арқылы қызыңқы денеден салқынырақ денеге энергияның берілуі болады. Мұндай алмасу денелердің арасында ешқандай зат жоқ кезде де өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет