1-нұсқа. І. Мәтінді мұқият оқы және сұрақтарға жауап беріңіз



Дата06.12.2023
өлшемі15.56 Kb.
#485697
1- нұсқа МОДО-ға


1-нұсқа.
І. Мәтінді мұқият оқы және сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ халқы өзіңің сан ғасырлық тарихында небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Кезінде жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің қазақ жерін бағындыру және отарлауы барысында халқымыз орны толмас шығынға ұшырады. Кеңес заманындағы ұжымдастыру, индустрияландыру саясаты қазақ халқының екіден бірін жойды. Елдің аштықтан, репрессиялардан саны азайып кетті. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың басынан Ресейдің ішкі өлкелерінен қазақ жеріне орыстар қоныс аударды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және тың игеру жылдары Қазақстандағы халықтың құрамы күрт өзгерді, Қазақстан көп этносты мемлекетке айналды. Қазіргі күні жер бетінде 3000-дай этнос өкілдері өмір сүрсе, солардың 130-ға жуық өкілдері Қазақстанда мекен етеді. Олар да қазақ ұлты сияқты Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне күш салуда. Қазақстан Республикасының Ата заңында дініне, тіліне, шыққан ьегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Біздің отанымызда басқа ұлт өкілдеріне кемдік немесе артықшылық көрсетілмейді. Қазақ жерін мекендеген аз этнос өкілдеріне мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп отырады, жастарына жоғары оқу орындарына түсуге, ересектеріне жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер берілген. Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этнос біреу, ол – қазақ этносы. Жер бетінде этнос көп, ал олардың ішінде мемлекет құрғаны тек 200-дей ғана. Әлем халықтарының арасында саны жағынан қазақтар 70-орынды иеленсе, ал өсу қарқыны жағынан жоғары орында.

  1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

А/ мемлекеттік тіл туралы
В/ мемлекеттік мерекелер туралы
С/ демография және қоршаған орта туралы
Д/ этникалық жағдаяттар туралы
Е/ бақытты өмір сүру туралы

  1. Қазақ халқы тарихында нелерді басынан кешкенін анықтаңыз. А/ қиын-қыстау кезеңдерді

В/ мұң-қайғы зардаптарын
С/ мәз-мейрам уақыттарын
Д/ ақылды шешімдерді
Е/ өзгермеі әлемді

  1. Жер бетінде қанша этнос өкілдері өмір сүретінін көрсетіңіз.

А/ 130-ға жуық
В/ 3000-дай
С/ 300-дей
Д/ 70- тей
Е/ 100-дей

  1. Ұлттардың тең екені қайда жазылғанын белгілеңіз.

А/ Мемлекеттік тіл туралы заңында
В/ Мемлекеттік мерекелер туралы заңында
С/ ҚР –сының Ата заңында
Д/ Білім беру және денсаулық сақтау туралы заңында
Е/ Еңбек кодексінде

  1. Ресейдің ішкі өлкелерінен орыстар қашан қоңыс аударғанын анықтаңыз.

А/ ХХ ғасырдың ортасында
В/ ХХ ғасырдың соңында
С/ ХІХ ғасырдың ортасында
Д/ ХІХ ғасырдың басында
Е/ ХХІ ғасырдың басында

  1. Елдің саны қай жағдайлардан азайып кеткенін табыңыз.

А/ дерттерден
В/ аштықтан
С/ өрттерден
Д/ урбанизациядан
Е/ қоршаған ортадан

  1. Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этностың түрін белгілеңіз.

А/ қазақ этносы
В/ халық этносы
С/ көшпелі этосы
Д/ отарлау этносы
Е/ қоршаған этнос

  1. Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне кімдер күш салуда екенін көрсетіңіз.

А/ қоршаған орта
В/ қазақ балалары
С/ мектеп оқушылары
Д/ үлкен адамдар
Е/ этнос өкілдері

  1. Әлем халықтарының арасында қазақтар нешінші орында екенін көрсетіңіз.

А/ 130-шы
В/ 3000-шы
С/ 300-шы
Д/ 70- ші
Е/ 100-ші

  1. Қазақ жерін мекендеген этнос жастарынын мүмкіндіктерін көрсетіңіз.

А/ барлық ем түрлерін қабылдауға
В/ жоғары оқу орнына түсуге
С/ жұмыс таңдауға
Д/ демографияны өзгертуге
Е/ құжаттарды рәсімдеуге

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет