Досжанова А. К. Халық прозасындағЫ Әпсана хикаят жанрының ерекшелігі 7М02310 «Филология»


КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаты



бет3/5
Дата10.05.2023
өлшемі25.56 Kb.
#473462
түріДиссертация
1   2   3   4   5
досжанова айгул

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаты Қазақстанның егеменді, тәуелсіз ел болуы –біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, тарихтың ұзақ жолында ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен қолымыз жетпеген жайларды кең ашып, бүгінгі егемендікке жетудің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қараудан қажет етеді. Бұрын жазылған қазақ кеңес әдебиетінің тарихына арналған еңбектер («Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі». 1949, 1958. Қазақ әдебиет тарихы, 3 томдық, 6 кітап. Соның 3-томы -5-6 кітаптар, 1967. Тарихтың жеке мәселелеріне арналған зерттеулер) бұл күнде ескірді. Ең алдымен ол еңбектерде қазақ әдебиетінің ұлттық сипаты жеткілікті ашылмай, ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бұтағы есебінде ғана қаралды. Тілі ғана бөлектігі болмаса, оның мазмұны түгелдей кеңестік идеологиялық ықпалына бағынды. Екіншіден, ол кездің тарихына, біздің ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тіпті тарихымыздың өзіміздің жаңа беттер қосқан талантты ақын –жазушылар тобы кірмей қалды. Олардың аттары да аталмады. Бұл, алдымен, «алашордашыл» ақын –жазушылар А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, тағы басқалар есіміне, байланысты. Бұларды сөз етпеудің нәтижесінде, XX ғасырдың басындағы әдебиетте Абай дәстүрінің дамуы, ағартушылық идеяның халықтың азаттығы жолындағы күреске ұласуы сияқты маңызды мәселелер тарихта дұрыс шешімін таба алмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерінен үзіліп зертелді. Кеңестік атаулардың бәрі көркемдік ізденістерінен бөлініп алынып, тақырыбы жағынан қаралды, жадағай мақталды. Жазушылар мен шығармаларды бағалауда талғампаздық жете бермеді. Ал, кеңес идеологиясына қайшы деген туындылар мен олардың авторлары қуғынға түсті.
«Мұның - барлығының түп-төркіні әдебиеттің партиялық идеологияның шылауында болуы қажеттілігі жайында В.И.Ленин ұсынған әдебиеттің партиялығы теориясының салдары еді. Бүкіл әдеби процесс, әдеби туындылар, жеке жазушылардың көзқарасы осы өлшеммен өлшенеді. Көркем әдебиет қоғам міндеттерімен тікелей байланыстырылды. Сондықтан онда науқаншылық өріс алды, адамзат иелігіне ортақ мәселелер көтерілмеді. Бұл әдебиетті өзінің табиғатынан, даму заңдылықтарынан айырды. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихын қайта қараудың қажеттігі осындай зерттеуліктен туады. Бірақ кеңес үкіметі, кеңестік идеология құлады деп, ол дәуірде туған жарамды әдебиет туындыларын жаппай жамандаудан сақ болуымыз керек. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылдан артық мерзім –біздің бастан кешкен тарихымыз» [1-50]. Жоғарыда айтылғандай, онда қайшылықтармен бірге пайдалы нәрселер де жасалады. Жасырмай айтсақ, біздің бүгінгі кәсіби (профессионалды), әлемге танылған әдебиетіміз –сол жылдардың жемісі. Әдебиет жанрларын байтып, жетілдірді заманың ырқына кете бермей, оның қайшылықтарына сын көзімен қараған, адамзатқа ортақ мұра қалдырған жазушыларымыз аз емес. Сондықтан барды барша, жоқты жоқша дәл айту, әр құбылысты диалектикалық қайшылығы мен, даму, өзгеру үстінде көру, зерттеу –біздің басты міндетіміз. Қанша дегенмен, әдебиет -өмір айнасы. Өмірде болған қоғамдық шындық тудырған жайттар мен олардың әдебиеттегі көрінісі де тарихтан өз бағасын алуға тиіс. Қазан төңкерісіне қөзқарас бүгін өзгергенмен, жалпы төңкеріс атаулыға, халықтың азаттық, әділдік іздеген күресіне көзқарас өзгере қоймайды. Әділетті қоғам аңсау, ол үшін ұмытлу –адам баласаның ғасырлар бойы арманы. Барлық халықты теңдікке жеткізу, жұрттың өмір сүру жағдайларын жақсарту, біреудің еңбегін біреу жей алмайтын қоғам құру, құлдықтан құтқару – ұлы мақсат қой. Осы ұлы мақсат жолында күресе жүріп жалаң ұранға түсіп кету, адасу –үлкен трагедия. Бұған жеке тұлғалар емес, заман, партиялық саясаттың бір жақтылығы кінәлі. Олай болса, қазақ халқының төңкеріс кезіндегі ізденістері де, осыны жырлаған ақындар да өз болмысының бар шындығымен, қайшылығымен тиісті бағасын алғаны жөн. Ал, бостандық үшін күрес тап тартысына, елдің ішкі жағдайының аласапыран күйіне ауысып кетсе оған сын көзімен қарау керек.
1920 жылдардағы қазақ әдебиеті қызықты ізденістермен басталғаны белгілі. Патша цензурасы тиым салынып, ой –пікірін ашық айта алмаған қаламгерлердің бірқатары осы тұста сөз еркіндігін пайдаланды. Әдебиет дамуының бағдары, міндеттері жайында кең көлемде пікірлесу орын алады. Ақын - жазушылар да қалаған, жанына жақын тақырыпқа шығармалар жазады. Алайда, 1925 жылғы партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы қаулының шығуы, әдебиеттің партия ықпалына түсуі мұндай еркіндікке тез тұсау салды. Осы тұстағы әдебиеттік ой –пікірлер де, бұрын айтылмай келген, не теріс бағаланған шығармалар да бүгін жаңаша бажайлауды керек етеді. Осылардың бәріне біз бүгінгі талаптар, елдің егемендігі мен ұлт мүддесі тұрғысынан қарауға тиіспіз. Сол тұстағы партиялық саясаткерлер, Каз ААП-тың сыңаржақ сыншылары таққан таңбалар мен штамптар да бүгін шынайы бағасын алуы қажет.
Осындай күрделі мәселелердің оң шешімін табуы үшін, ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихын зерттеген ғалымдар: Б.Кенжебаев, С.Қирабаев , Т. Кәкішов сынды ғалымдардың кешегі кеңестік дәуірдегі зерттеулері мен еліміз тәуелсіздік алып, жариялыққа жол ашылғаннан кейінгі кезеңдегі еңбектеріндегі күрделі мәселелерді қатар алып қарастырудыңда маңызы зор.Және де бүгінгі талап тұрғысынан зерттеліп , зерделеген көрнекті ғалымдар З.Бисенғали мен Ө.Әбдиманұлының монографиялық еңбектеріндегі көтерілген ғылыми тұжырымдар мен жаңашыл танымдарды қоса алып зерделеу ұлттық әдебиетіміздегі көкейкесті сұрақтардың дұрыс шешімін табуына үлкен өріс ашады деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет