Үлгерімі төмен балаларды болдырмау үшін әсіресе бастауыш сыныптарда ата – анамен және ұстазбен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. "Егер бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі" деген А.С.Макаренко. Олай болса мұғалім, біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін, сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы, тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді. Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп алып барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек. Үшіншіден, мұғалім шыншыл, әділетті болуы керек. Төртіншіден, ұстаз кекшіл болмай, кеңпейілді, кешірімді, мейірімді, сабырлы, ұстамды болғаны жөн. - Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмысымның мақсаты:
- 1.Математика пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін
- жақсарту.
- 2.Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып,
- шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін
- жетілдіру.
- 3.Бәсекеге қабілетті білімді де, алғыр тұлға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |