- Жұқпаны бақылау мақсаты - жеке құрамның радиактивті жұқпа мөлшерін, адамдардың, қару жарақтын және әскери техниканың, өзге мүліктің, тамақтану заттары мен судың зақымдалу дәрежесін анықтау. Жұқпа арнайы құралдарымен бақыланады ДП-5В (ДП-5А, ДП-5Б).
- Зақымдалуды бақылау зақымдалған аймақтан шығар кезінде әдетте жасалады.
- Зақымдалғандардың радиоактивті бақылауы МПП, ОМедБ, госпитальде СП санинструкторімен – дозиметристпен жүргізіледі. Алдымен зақымдалғандарды жеткізген транспорттың зақымдалуы мөлшерін, кейін әрбір науқастың зақымдалуын анықтайды. Егер зақымдалу мөлшері рұқсат етілген мөлшерден жоғары болса, онда жұқтырылғандарды арнайы өндеу аумағына бағытталады.
- Тамақ-өнімдерінің және судың радиоактивті зақымдалуын бағдарлау өте маңызды. Рұқсат етілген мөлшерден жоғары радияция мөлшерімен зақымдалған тағамдар және су қолдануға рұқсат етілмейді, дезактивация шаралары қолданылады. ДП-5 құралы гамма- бөлетін РЗ-мен зақымладуын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |