Дп 042 01. 2014 Басылым№2 басылым 03. 09. 2014



бет4/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#14273
1   2   3   4   5   6

Дәріс 6. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

1723 жылғы жоңғар қалмақтарының басқыншылығы, қазақтардың Түркістаннан айырылуы, атамекен жерін тастап шүбырындыға үшырауы үлттық санаға үлкен соққы болып тиді. Дегенмен халықтың ең таңдаулы эрі белсенді күштері оны қүтқарып қалуға үмтылды. Топыш ақын өзінің "Ақтабан шүбырынды" толғауында:

¥мытпа, қазақ, "Алаш" үраныңды, Ойыңнан үзбе, халқым, қүраныңды. Артыңа өлгендерің өсиет қыл Халық боп Қаратауда қүралуды, — деп, сол тарихи кезеңдегі қоғамдық санадағы ортақ ойды білдірді.

Қайрат-жігер көрсететін заманның келгенін бүкіл үлт болып түсінді. Қалмақ шабуылына шейін қанжығалы жүртының биі болып келген Бөгенбай ендігі уақытта қолына қаруын алып, батыр сауытын киіп, қол бастап шығады. Әке-шешесінен, олардың дэулетінен айырылып, Түркістанның түбінде Сабалақ деген атпен мал бағып жүрген текті Абылай қару асынып, жекпе-жекте қалмақ батырын өлтіру арқылы алдымен батырлығын көрсетіп, сонан соң барып сүлтан ретінде танылады. Топыш ақын: "...қазақта қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ. Үйсін Төле биден асқан би жоқ. Абылай заманында батыр атанбаған қазақ жоқ", — деп турасын айтты.

"Ақтабан шүбырынды" түсындағы халық санасындағы елеулі қүбылыс — әрбір қарапайым қазақтың өзінің белгілі бір рулық қауымға ғана емес, жалпы қазақ еліне тэн екендігін терең үғынуында еді. Өзге жүртқа жер ауып барып, түрлі ауыртпалықты басынан өткізген жас пен кэрінің санасында Отан, Ел, Атамекен сияқты қасиетті үғымдар терең орнады.

XVIII ғасырдағы қүба қалмақпен (жоңғарлар), қытайлармен, қырғыздармен соғыс-қақтығыстарда бүкілқазақтық мүддені қорғаушы атақты батырлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақүлы Жэнібек, Көкжал Барақ, Ошақты Саурық, Шапырашты Наурызбай, Сіргелі Елшібек, Томаша, Жаулыбай, Шанышқылы Бердіқожа, Алшын Тайлақ, Есет, Сырлыбай, Бэсентиін Малайсары, Керей-Уақ Баян, Өтеген, Қожаберген, Матайдан Бөрібай, Шонай, Тауасар, Балталы-Бағаналыдан Оразымбет, Баянбай, Тарақты Байғозы, Қыпшақ Дербісэлі, т.б. шыққан еді. Бүл батырлар белгілі бір рулардың жасақ-қолын бастап шыққанымен, олардың эрқайсысының мақсаты жалпыүлттық мүддеге үласқан, сондықтан да өз қызметі мен күресін бүкіл қазақ халқының тағдырымен байланыстырған тарихи кезең түлғалары болатын. Бүқар жырау Бөгенбай батырдың өлімін Абылай ханға естірте келіп, батырдың өмір жолына мынадай баға береді:

Еңбек қылған ел үшін,

Жауда кеткен кек үшін,

Алаштың абырой-атына

Сарып қылған бар күшін.

Қарияң келіп жылап түр,

Еңбегі сіңген ер үшін!

Егер батырлықтың негізгі өлшемі батырдың өз руы мен тайпасын ғана емес, жалпы үлтын, Отанын қорғау болса, жырау толғауы мен би кесімінде жалпыүлттық мүдде рулық, жүздік мүддеден жоғары қойыла бастайды. Бүқар жырау ауызбірлігі кетіп, ел арасы ала ауыздыққа үрынып, ең соңында Цинь әскерінің қырғынына үшыраған қалмақ елінің трагедиялы тағдырын көлденең тартып, "кіші қалмақ бүлінерде... уағдадан жылысты, буыршындай тістесті, жамандықты іздесті, бірін-бірі күндесті, жаулаған ханын қара оңбас, хан қисайса бәрі оңбас, ханын қалмақ жаулаған, сүйткен қалмақ оңбаған" — деген түжырым жасайды. Міне, осы рухани өмір фактілері халықтың ішкі өмірінде болып жатқан сапалы өзгерістердің көрінісі болатын. Қазақ елі түрлі ауыртпалықтарға қарамастан үлттық үю жэне кемелдену жолынан ауытқымады.

Ел арасында сақталған деректік материалдар XVIII ғ. 20—30- жылдары қазақ басқарушы тобының жалпыүлттық мынадай үш мэселені ел алдына міндет етіп қойғанын аңғаруға болады. Олар — жалпыүлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру және орнықтыру, халықтың белгілі бір бөлігін біртіндеп отырықшы түрмысқа аудару жэне ру-тайпалық, жүздік мүддеден жалпыүлттық мүддеге бет бүру еді.

XVIII ғ. 50-жылдарының алғашқы жартысында Түркістандағы Төле биге Көкшетаудан Абылай сүлтан бастаған өкілдік келеді. Шэкерім Қүдайбердіүлы өзінің "Шежіресінде" және Абылай туралы тарихи жырда сапарға келушілердің мақсаты "Қазақ хандығының түрағын анықтау" болды деп көрсетеді. Бүл кезде ¥лы жүздің соңғы ханы Жолбарыс хан қаза тауып (1740), билік Төле бидің қолында еді. Бидің 1748—1749 жылдары Барақ сүлтанды ¥лы жүз ханы етіп қою эрекетінен ештеңе шықпайды. Ал бүл жолы қартайған Төле бидің үш жүз алдында бірдей беделді Абылай сүлтанмен арада болған келіссөзде сүлтанды Орта жүз бен ¥лы жүздің тең билеушісі ретінде мойындағандығы жөнінде түжырым жасауға толық негіз бар. Абылай сүлтанның ресми түрде хандық билікке сайланғанға (1771) шейін-ақ ¥лы жүз билеушілерінің өтінішімен қырғыздар мен Қоқан хандығына эскери жорықтар жасауы (1766, 1770) соның айғағы.

"Ақтабан шүбырынды" оқиғасы көшпелі мал шаруашылығына сүйенген экономиканың элсіз жақтарын көрсетіп, оны реформалау қажеттігі туралы мэселе қойды. Басқарушы топтың оны елемеуі мүмкін емес-тін. Төле би алқалы кеңесте сөйлеген сөзінде халыққа: "...Дүрыс жолға түс, жер емшегін ем, орнықты болсаң қарның тойынар, киімің бүтінделер! Аяқты малға сенбе, мал бір жүттық... төрт түлік жиған малыңнан күндердің күні келгенде бір үзім нан артық!", — деген үндеумен қайырылады. Бидің түсінігі бойынша қазақ жерінің ерекшелігіне байланысты егіншілік пен дэстүрлі мал шаруашылығы қатар дамуға тиіс. Мэшһүр Жүсіп Көпеев Төле би заманында 22 наурызды Жаңа жылдың басы ретінде (наурыз мейрамы) қарсы алу, осы күннен бастап егіншілік қамына кірісудің қазақ арасында дэстүрге айналғандығын жазады.

Тура осы мазмүндағы пікірді Абылай хан да үсынады. Ол Қалдан Серенмен болған эңгімеде "қазақ орнықпай жүрген ел еді, бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем армансыз болар едім" деген ойын білдіреді.

Қар астынан қылаң берген жауқазындай бас көтерген қоғамдық өмір мен ойдағы бүл тенденциялар бұдан былайғы уақытта өзінің табиғи жалғасын таба алған жоқ; мемлекеттіліктің қалыптасу үрдісі соңына жетпей үзілді, енді ғана басталған қоғамның белгілі бөлігінің отырықшы түрмысқа өту үрдісі тоқтап қалды, қоғамдық санада рулық, жүздік жіктелуден үлттық түтастыққа көшу аяқталмады.

Ал осы іргелі мэселелер аталмыш тарихи мезгілде неге өз шешімін таппады? Көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономика және өмір салты түрақты басқару аппаратына сүйенген мемлекеттік жүйенің тамыр жайып, орнығуына қолайлы жағдай туғыза алған жоқ. Сонымен бірге, экстенсивті көшпелі мал шаруашылығын жүргізуге тиімді үлкен аумақ сан жағынан аса көп емес халыққа интенсивті экономикалық жүйеге көшуге аса қолайлы фактор емес-тін. Сондай-ақ, елде білім беру саласының мүлдем жоқтығы, сауаттылықтың өте төмен деңгейі шаруашылық пен қоғамдық өмірдің тиімді жүйесіне көшуге негізгі кедергілердің біріне айналды.

Сонымен, XVIII ғ. 30-шы жылдары Ресей империясы қүрамына енуге аяқ басқанда қазақ жүрты жоғарыда аталған іргелі жалпыүлттық мәселелерді біржола шешу кезеңінен өте қойған жоқ-тын.

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Казақстан тарихы. Очерк.

2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

      3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.
Дәріс 7. Қазақ - жоңғар соғыстарының қазақ-орыс қатынастарына ықпалы
Дәріс 8. Кіші және Орта жүз хандықтарының Ресей бодандығын қабылдауы және Ресей дипломатиясы.

Арынғазы Әбілғазыүлы және Қаратай Нүралыүлы, Шерғазы және Жантөре Айшуақүлдары арасындағы саяси билік үшін тартыс. 1816-1821 ж.ж. азаттық қозғалысы

Саржан Қасымүлының қозғалысы (1825—1836). (Картаны қараңдар.) Қазақтардың 1773—1775 жж. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датүлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билік жүйесінің элсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша үкіметінің билеп-төстеу саясатын ойдағыдай іске асыра алмады. Бүл жағдай билеу жүйесінің жаңа тэртібін қажет етті. Патша үкіметі 1822 ж. Орта жүзде Сібір қазақтары туралы жарғы енгізу арқылы хандық билікті жойды.

Бүл бірінші патшалық реформа дэстүрлі билік қүрылымдарын бүза отырып, қазақ қоғамындағы бүрынғы қайшылықтарды одан эрі тереңдете түсті. Екіншіден, Ресейдің эскери-экімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді.

Орта жүзде хандық мемлекеттіліктің жойылуы жэне Қарқаралы (1824 ж.) жэне Көкшетау (1824 ж.) округтерінің қүрылуы жэне т.б. эскери-экімшілік шараларға қарсы күресті Абылай үрпақтары бастады. Оның басында түрған Қасым сүлтан Абылайүлы жэне оның балалары Саржан, Есенгелді, Кенесарылар жиырма жылдан астам уақыт бойы патшалық режімге қарсы күресумен болды. Абылай үрпақтарының қолдауына сүйене отырып, үкіметке қарсы наразылықты бірінші болып, Көкшетау округінің аға сүлтаны Ғүбайдолла Уэлиүлы үйымдастырды. Алайда патша үкіметі Ғүбайдолланы тез қолға түсіріп, Сібірге жер аударды. Дегенмен Шыңғыс үрпақтары бастаған қарсылық қозғалыстар одан эрі өрби түсті. Осы кезеңде Саржан Қасымүлы басқарған Қарқаралы округінде де 1825 ж. көктемінен бастап үкіметке қарсы толқулар басталды. Бүл толқулардың мақсаты — Абылай үрпақтары сүлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату, округтік приказдардың көзін қүрту еді. Саржан өзінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, өкіметке қарсы күресуге үндеу тастады. Өсу үстіндегі халық наразылығын басуға Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М. Капцевич жазалау жасағын жасақтады. Карбышев бастаған 200 казак жасағы Қарқаралы округінің Қарпық болысына жіберілді. 1825—1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер арасында қақтығыстармен өтті. Саржанның қол астына Көкшетау округінен Шыңғысүлы Сартай сүлтан бастаған топтар келіп қосылды. Саржанның қол астында сүлтан Абылай Ғаббасүлы, жас сүлтан Кенесары Қасымүлы да өз сарбаздарымен іс-қимылдар жүргізді. Патша экімшілігі болса өз тарапынан "бүлікшіл" сүлтандардың іс-эрекетін бақылай отырып, мүмкін болған жағдайда қолға түсіріп, эскери соттың қүзырына беру керек деп шешті.

Дегенмен үкімет көтерілісшілерді жазалау үшін олардың ізіне түсетін ірі казак жасақтарын қырға шығаруды кейінге қалдырды. 1827—1830 жылдары көтеріліс Үлытау өңіріне тарады да, жаңа қүрылған округ аумағын наразы топтар тастап шыққан болатын. Ал патша үкіметі қазақ даласында округтер ашуды жалғастыра берді. 1826 ж. Баянауыл, 1832 ж. Ақмола, 1831 ж. Аягөз (Сергиополь) округтерін негіздеу арқылы Орта Азия иеліктеріне жақындай түсті.

Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ қоғамы тағы да бір-біріне қарсы топқа бөлінді. Қарқаралы округінің аға сүлтаны Түрсын Шыңғысүлы Саржанның әрбір қимылын Омбы экімшілігіне хабарлап, қарсы көмек жіберуді өтінумен болды. Ал Саржан бастаған көтерілісшілер өз кезегінде отаршыл экімшілікті қолдаған сүлтандармен күресе жүріп, орыс керуендеріне алым-салық төлетіп, разъезд бен пикеттерге шабуыл жасады. Бүған қосымша Саржан сүлтан жэне оның жақтастары Қоқан хандығымен байланыс орнатады. Солтүстіктен келе жатқан қауіпке бірігіп күресуге бел шешіп кіріседі. Алайда қырға шыққан патшалық жасақтардың қимылы да қарқынды бола түсті. Патша эскерлерінің қысымымен Саржан Орта жүзді тастап шығып, ¥лы жүз иеліктеріне келеді, осы жақтағы шашыраңқы қазақ күштерін өз жағына тартуды көздейді. Саржанның бүл эрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай қоймады. 1836 ж. жазда Ташкентте Саржан сүлтан жэне оның інілері Ержан, Есенгелділер опасыздықпен өлтірілді. Саржан көтерілісінің саяси мазмүны бүған дейінгі көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай үрпағы ретінде Қазақ хандығын қайта калпына келтіруді мақсат етті.

С. Қасымүлы өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күрес бір сэт те толастамады. Саржаннан кейінгі он жылға созылған күресті Саржанның кіші інісі Кенесары одан эрі жалғастырып әкетті. Саржан бастаған Орта жүздегі көтеріліс алдағы келе жатқан үлкен көтеріліс от жалынының тек үшқыны іспеттес еді.

Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіүлы бастаған қозғалыс. 20-30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіүлы басқарды. Жер үшін, айырылған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмүнына айналды. XIX ғ. 20-30-жылдары Жаңа Елек әскери шебінің қүрылуы барысында 7—10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бүл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде қүрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден түрды. Үкімет бүл жерлерге Орал, Орынбор орыс-казактарын, шаруаларды көшіріп экеліп қоныстандырды. 1935 ж. тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ Қыпшақ жэне Жағалбайлы рулары жерсіз қалды.

Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шүрайлы жайылымдарға өткізбеді.

Жоламанның экесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датүлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек көтерілістер арасындағы үрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күресі көсемдерінің үрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғап экетті.

Сонымен қатар, Жоламан Тіленшіүлымен бірге Табын руының батырлары Дәуіт Асауүлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған Шекті руының батыры Есет Көтібарүлы келіп қосылғандығы мүрағат деректерінен белгілі болып отыр.

Жоламан батыр тархан атағы бар Табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың қүқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822—1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, эділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі — жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындыгына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді.

Орск-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді. 1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны Табын, Тама, Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымүлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке үмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді. Ал 1838 ж. Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманүлы мен Махамбет Өтемісүлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан эрі өрши түсті.

1838 ж. ортасына таман шекара шебінен Орск мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көшіп кете бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды. Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық экімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі Кенесары көтерілісінің Орынбор өлкесіне ауысуына байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мэжбүр болды.

Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіүлы батыр бастаған жэне Орта жүзде Ғүбайдолла хан, Қасым сүлтан мен оның балалары Саржан, Есенгелді,т.б. бастаған көтерілістер халық жадында үзақ сақталған жэне тэуелсіздік жолындағы күрестер тарихынан өзіндік орын алар азаттық күресі. 1867—1868 жылдардағы жэне 1886—1891 жылдардағы экімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер. (Қосымша беттегі картаны қараңдар). Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы үлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзі еді. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің экімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.

1867—1868 жж. Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы экімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл экімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жж. реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғүрлым басым қүқықтар берілді:

Әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;

Кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);

Сот функциясы (уездік соттарды бекітті).

Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең қүқықтар беріледі, себебі ¥лы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: экімшілік, сот билігі ісіне бақылау, эскери билік эскери губернаторлардың қолына жинақталды. Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак эскерінің атаманы болып саналады. Бүл ережелер "уақытша" деп аталып, уақытша статус алғандықтан, тек 1886 ж. Түркістанда, 1891 ж. Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді.

Міне, осы қүрылған экімшілік, эскери, полициялық аппаратты үстап түру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орта Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, эскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды.

Жергілікті түрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бүрынғы түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық экімшілікті үстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жүмсалды. Көшпелі жэне жартылай көшпелі түрғындардың негізгі салығы 1865 ж. 1,50 т болса, 1867—1868 жж. 2,75 т — 3 сом болып кейін біртіндеп өсу барысында 1882 ж. 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволык немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті үстау үшін), т.б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды. Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп түрды: түтін салығы — 4 сом, земство салығы — 1 с. 25 т., қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25 т.; мектептерге — 50 т., барлығы 7 сомды кұрады. Қазақ даласына іссапарға шыққан комиссияның назарына төмендегідей бағдарламалық сүрақтар белгіленді: Жаңа билік қандай болуы керек? Бүрынғы тэртіптерді, сүлтан қызметтерін қалдырудың қажеті бар ма? Қазақтардың жауынгерлік қабілеті қандай? Олардан эскери бөлімдер қүруға бола ма? Өлкедегі сот ісі қандай болуы керек? Салық салудың тэсілдері мен мөлшерін белгілеу жэне қазақтарды отырықшылыққа көшіру қажет пе? Қазақ жерлерін отарлауды қалай күшейтуге болады? Қазақстандағы мүсылмандықтың таралуы қандай дэрежеде?

Гирс комиссиясы 1865 ж. 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір жэне Түркістан өлкесін аралауға шықты. Петербургтен Омбыға 15 шілдеде жеткен комиссия туралы қауесет хабарлар бүкіл қазақ даласына тарап үлгерді. Алайда реформа дайындығы астыртын, халықтан жасырын жүргізіліп жатқан-тын. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сүлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы қүпия түрде жүргізілді.

Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот қүрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Ш.Уэлиханов (1835—1865) түрды. Ш.Уэлиханов "Сот реформасы туралы хат" атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп, "Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мүқтаждығына шақталуы эрі сол қоғамның үлттық мінез-қүлқына сай келуі қажет. Бүл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бэрі де зиянды әрі аномал (жат) қүбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, түралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін" де ескертеді. Өкінішке орай, Шоқанның бүл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз қалды.

1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа "Ереженің" негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты. Комиссияның қорытындысы мен жобасы эскери министр, генерал Милютин төрағалық еткен ерекше комитеттің үзақ талқылауынан өткеннен кейін императордың бекітуіне жіберілді.

1867 ж. 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 ж. 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола жэне Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды. Осылайша қазақ халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы патша үкіметі аппаратында, отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды. Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы позициясын нығайтуға бағытталды. XIX ғ. бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді. Әлеуметтік жағдайына қарамастан кедей мен байларға салық мөлшері бірдей белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі — күзде төлеуге тиіс болды. 1890 ж. басында Әулиеата базарында 1 қой бағасы 1 с. 20 тиыннан 2 сомға дейін, көктемде 5—6 сом болды. Жер өңдеушілер хараж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты салықтар төледі.

а) Хараж бойынша өнімнің 1/10-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай


қүнын төледі;

э) Танап салығы ақшалай (1 танап — 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай белгіленді;

б) Зекет тауар қүнының 1/40 мөлшерінде алынды.

Осылайша, отарлаушы Ресейдің салық саясаты эр түрлі элеуметтік топтардың қарсылығын тудырды, мал өсірушілер мен отырықшы түрғындар салықтың өсуіне наразы болды.

Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста — 2 мың, бір ауылда — 200 түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ болыстары мен ауылдарында отарлық биліктің мықты тірегі болатын жергілікті экімшілік күруға тырысты. Болыс пен ауыл старшындарын (селолық қоғамды, ақсақалдар қоғамын) сайлау "сатып алу" арқылы жүрді.

Сот жүйесіндегі өзгерістер. Сот билігінің органдарына мыналар жатты: уездік соттар, эскери-сот комиссиялары, облыстық басқарма жэне үкімет сенаты. Бүл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жүмыс істеді. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында қүны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шешілді.

Қазақтардың билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазылар соты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге эрбір болыстан 4-тен — 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді. Дегенмен эрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рүқсат етілді. Билер соты 300 сомға (150 қой, 15 жылқы) дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Қүны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық жэне төтенше съездері шақырылды. Олар қүны 500 сомға (25 жылқы, 250 қой) дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқармаға келіп түскен түрлі уезге жататын болыстарға қатысты іс жөнінде билердің төтенше съездері шақырылды.

1886—1891 жж. реформаларда империялық соттар күшейтілді. "Ереженің" II тарауы "Сот қүрылысына" арналды. Түркістан өлкесін басқару туралы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық типтегі соттар қүрылды: 1) Мировой (бітістіруші) судьялар; 2) Облыстық соттар; 3) Жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.

1867 ж. Ережеден айырмашылығы — эскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде жэне ірі қалаларда мировой судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.

Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық эрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте қылмыстық жэне азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды. (Халық соты ®, бітістіруші сот ®, облыстық сот ®, Сенат).

Жер мэселесі мен 80—90-жылдардағы экімшілік жүйедегі өзгерістер (қосымша беттегі картаны қараңдар). "Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды.

1886 ж. Ереженің III тарауында жер мэселесі туралы "Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі" (270-тармақ) делінсе, 1891 ж. Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: "Мал жайылым-дары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі деп танылады" (119-тармақ). "Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға жэне өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".

Сөйтіп, халық есебінен жиналған ақшадан 12 жылда 5 млн сом (75%) бюджет қаржысынан эскерге бөлінді, оның 25% бюрократтық аппаратты үстауға жүмсалды. Жергілікті қаржы есебінен қүрылған мектептер тек орыстандыру мақсатында ашылды.

Сонымен, патша үкіметінің жер жэне салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты эбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің жэне т.б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мэжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне экелді.

1886 ж. 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5: Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінен түрды.

Түркістан өлкесін басқару эскери министрліктің қарамағында болады делінген (8-тармақ). Әкімшілік қүрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан түрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік қүрылыс жүмыстары, сауданы үйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмэн туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет