237
орында тұрып (шаңғысыз және шаңғымен) серпілісті қайталап жасайтын
жаттығу ӛткізу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар
тиісті жағдай жасалса
балабақшада, отбасында сырғанаудың, жотаға кӛтерілудің және одан тӛмен
сырғанаудың, тежеудің негізгі әдістерін оңай игереді. Жаттығуды 15-40
минуттан аптасына 2-3 рет жасау ұсынылады. Yйрету кезінде кӛрсету және
түсіндіру әдісі пайдаланылады. Бұған қоса шаңғымен жүру техникасы туралы
түсінікті анықтауға суреттерді кӛру, әңгіме ӛткізу және т. б. кӛмектеседі.
Шаңғымен жүру дағдысын қалыптастыру үшін қимыл-қозғалыс ойындары
ӛткізіледі. Мысалы, ересектер тобының балалары үшін: «Қаншалық алыс болса,
соншалық жақсы», «Шығыр», «Kім бұрын бұрылады?», «Oрмандағы
карусель», «Kӛтер». Мектепке даярлық тобында мына ойындарды ӛткізу
пайдалы: «Kең адымда», «Eң шапшаң кім», «Қуып жет», «Қарама-қарсы
эстафета», «Tиіп кетпе» сияқты ойындар ұсынылады.
Сондай-ақ, балабақша
аумағынан тысқары жерге (паркке, стадионға, орманға) серуендеу де пайдалы.
Серуеннің уақыты бірте-бірте 30 минуттан 1-1,5 сағатқа ұзартылады.
Балабақшада игерген дағдыларын ата-аналарының басшылығымен балалардың
демалыс күндері нығайта түсуі маңызды.
К о н ь к и . Балаларды коньки тебуге үйрету әдістемесін Л.Н.Пустинникова
талдап жасаған. Конькимен сырғанау бұлшық еттердің негізгі топтарын,
әсіресе, аяқтың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыр,
тыныс алу
жүйесін күшейтеді, организмді шынықтырады, зат алмасуды жақсартады, дене
қасиетін (шапшаңдық, ептілік, тепе-теңдік, кӛзбен мӛлшерлеу, тӛзімділік),
сондай-ақ
ерік-жігер
қасиетін
(батылдық,
табандылық
және
т.б.)
қалыптастыруға кӛмектеседі.
Y й р е т у ә д і с т е м е с і . Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды
алғашқы тұру қалпын дұрыс ұстай білуге («конькишінің орнығуы»), екпіндеп
жүгіруге және екі аяқты кезек тіреп оң аяқпен және сол аяқпен сырғанауға, оңға
және солға бұрыла білуге,
тежеуге және тоқтауға, конькилі ботинканы киюге,
конькиді, ботинканы, киімді күтіп ұстауға үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі
балалар мұздың үстінде сырғанауды және мәнерлеп тебудің қарапайым
әлементтерін орындауды ӛте ерте (шамамен 3-4 жасынан бастап) үйрене алады.
Бірақ балабақша жағдайында кішкентайлар тобындағы балаларға коньки тебуге
үйретуді ұйымдастыру қиын болады, ӛйткені олардың тізе, тобық буындары ӛте
әлсіз және жарақаттану қаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі,
кішкентай балалар ересектердің кӛмегінсіз ботинканы кие алмайды және оның
бауын ӛткізіп байлай алмайды, сондықтан балабақшада коньки тебуді үйрету 5-
6 жастағы балалармен жүргізіледі. Балалардың жалпы дене дайындығы
қаншалық
жақсы болса, олар қозғалыстың бұл түрін соншалық тез игереді.
Yйрету процесінде аяқтың, атап айтқанда табанның бұлшық еттерін
күшейтетін, сондай-ақ тепе-теңдік, ептілік, кӛзбен мӛлшерлеу т. б. сияқты дене
қасиетін жетілдіруге кӛмектесетін дене жаттықтырулары үлкен орын алады.
Осы мақсатпен кішкентайлар тобының ӛзінде-ақ мұзды жолдармен немесе
қатты тығыздалған қардың үстімен конькисіз сырғанау ӛткізіледі. Балалар әуелі
ересектердің кӛмегімен, кейін ӛз беттерінше сырғанайды.
Мектеп жасына
дейінгі ересек балалар тура жолмен сырғанап, сонымен бір мезгілде әртүрлі
238
тапсырмаларды орындай алады (отыру және қайтадан тіктену т.б.), сондай-ақ
биіктен тӛмен сырғанай алады. Бӛлмеде конькисіз және конькимен ӛткізілетін
дайындық жаттығуға зор кӛңіл бӛлінеді. Бұл жаттығулар тепе-теңдікті
дамытады,
аяқ-табан, тізе, сан, жамбас буындарын нығайтады, сондай-ақ
қозғалыс техникасын игеруді жеңілдетеді. Одан әрі жаттығу балалар бақшасы
аумағында қардың және мұздың үстінде ӛткізіледі. Конькимен жүруге үйрету
кезінде әртүрлі: кӛрсету, түсіндіру, сондай-ақ кӛмектесу
әдістерін
қолданылады. Кресло-шананы, арнаулы орындықты пайдалануға болады,
солардан ұстап, балалар мұздың үстімен сырғанайды. Әйтседе, соңғы
бағдарламаларда («Алғашқы қадам» , «Зерек бала», «біз мектепке барамыз». -
Астана, 2009) мектепке дейінгі дене шынықтырудан
ұйымдастырылатын оқу
іс-әрекетінің мазмұнына конькимен жұмыс енгізілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: