Дєріс тезистері


Ертеңгілік жаттығу ӛткізу үшін жағдайлар



Pdf көрінісі
бет149/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   217
ДШТӘ лекция

Ертеңгілік жаттығу ӛткізу үшін жағдайлар. Ертеңгілік гимнастика 
фрамугалары, терезелері ашық таза бӛлмеде, таза шӛпті, ашық алаңда 
ӛткізіледі. Стационарлық топтың балалары ертеңгілік гимнастикаға труси
тапочка киіп шығады. Yйінен келген балалар да киімдерін ауыстырады. 
Мұндай тәртіп бүкіл жыл бойы біртіндеп организмді салқын температураға 
үйретеді, ертеңгілік гимнастикаға шынықтыру процедурасының - ауа 
ваннасының маңызын береді. Егер ертеңгілік гимнастика таза ауада ӛткізілсе, 
балалар күзгі-қысқы маусымда арнаулы костюмдар киеді, ал гимнастикадан 
қайтып келген соң су процедурасын қабылдайды. Терезелері ашық залдағы 
(күзде және қыста) немесе таза ауаға шыққан кездегі гимнастика арты 
жүгіруге 
ұласатын 
ұзаққа 
созылмаған, 
организмде 
жылылықты 
қалыптастыратын және жүректің, ӛкпенің күшті жұмыс істеуін туғызатын, 
вегетативтік жүйке жүйесінің функциясын жандандыратын тез жүріспен 
басталады. Жүгіру біртіндеп белсенді, шапшаң қарқынды, артынша 
баяулайтын жүріске және балаларды шеңберге немесе тізбекті сапқа тұрғызуға 
ауысады. Оттегіні кӛп талап ететін бұлшық еттер жұмысы процесінде тыныс 
алу тереңдейді, организмде күшті жылу пайда болады және салқындау қаупі 
жойылады. Жүйелі түрде қайталаған жағдайда жылылықты реттеу процесі 
жетіледі, салқын температураға үйрену қалыптасады. Олар тоңбайтын
салқыннан қорықпайтын болады, жүйке жүйелері нығаяды, таза ауада 
жаттығуға құлшынатын болады. Эмоциялық-жағымды қатынастарды 
тәрбиелеудің зор маңызы бар. «Біз спортшылармыз!» - дейді балалар. Тӛмен 
температура кешеніне кіретін барлық жаттығулар неғұрлым ширақ қарқында 
беріледі. Бұл организмді тезірек жылыту үшін және балалардың бойында 
жылылықты реттеудің физиологиялық процесіне әсер ететін, терінің 
температурасын қалпына келтіруге кӛмектесетін жағымды эмоциялардың 
пайда болуы үшін қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет