316
қарай дамыту.
халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық
дегеніміз - оқыту және
тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу мақсатында оның аралас
буындары арасында ӛзара байланыс орнату.
«білім негіздерін белгілі бір логикалық байланыста, оқыту материалдарын
бірізділік жүйемен оқыту» (И.А.Кайров).
«сабақтастық –
оқыту сатысының мәні, оның алға қарай қозғалысы,
жүйелілік, білім сабақтастығының шарты» (М.А.Данилов пен Б.П.Есипов).
«оқу – тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында ӛткен сатыда алынған
білім
мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, күрделендіріп
және тереңдетіп
отырудағы жүйелілік» (И.Я.Лернер).
«білім беру жүйесіндегі сабақтастық оқушының ойлау әрекетінің
дамуындағы ең маңызды шартының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен
бірге қарапайым ұғымдар мен түсініктердің күрделі ұғымдар жүйесіне
бірігуін қамтамасыз етеді» (Ш.И.Ганелин).
«Сабақтастық – ол дамудың сатылары
мен буындары арасындағы
байланыс» (Э.А.Баллер).
«бірізділік пен жүйеліліктің мағынасы ұқсас ұғым» (П.Н.Груздев).
«...білім бұрын алған біліммен байланыста болады, үнемі оны толықтырып,
дамытып отырады, ӛз кезегінде келесі сабақтарда берілетін білім үшін негіз
бола алады» (Б.Е.Райков).
Алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын ала
жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар.
Олардың ең бастылары:
арнайы білім беру кеңістігін құратын орта;
оқу, ойын, спорт, жатын бӛлмелері;
жас
ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
гигиеналық
талапқа сай зал, ойын алаңы, балабақша учаскесі;
сынып бӛлмесінде әр баланың оқу-ойын
құралдары сақталатын арнайы
орын;
баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы,
құрал-жабдықтар,
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: