Дєріс тезистері


 Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi



Pdf көрінісі
бет193/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   217
ДШТӘ лекция

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi 
Бағдарламаның мақсаты халықтың денсаулығын бекемдеу және 
халықаралық спорт аренасында қазақстандық спортшылардың бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру үшін дене тәрбиесі мен спорттың тиімді жүйесін құру 
болып табылады. 
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет: 
халықаралық талаптарға сай келетін спорттың инфрақұрылымын дамыту; 
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; 
білікті мамандармен қамтамасыз ету; 
спорт ғылымын дамыту; 
дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты ӛмір салтын 
орнықтыру; 
спорт резервін, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін 
жетілдіру. 
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерi 
Бағдарлама мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: 
саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
саланың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, саланы 
білікті мамандармен қамтамасыз ету саланы ғылыми-әдістемелік және 
медициналық қамтамасыз ету; 
мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін 
жетілдіру; 
жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы студенттер мен 
оқушылардың дене тәрбиесі; 
әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен қуатты құрылымдар 
қызметкерлерінің дене тәрбиесі даярлығы; 
тұрғындар арасындағы дене шынықтыру; 
мүгедектер арасындағы дене тәрбиесі даярлығы мен спорт; 
спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау; 
дене шынықтыру мен спортты насихаттау. 
5.1. Саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру 
Дене шынықтыру мен спортты дамыту жӛніндегі қызметтің ең маңызды 
бағыттарының бірі ретінде саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру 
және дамыту жӛніндегі жұмысқа мән беріледі. 
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтық және әдіснамалық 
қамтамасыз етуді дамыту аталған саладағы қатынастарды реттейтін 
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жолымен, сондай-ақ дене шынықтыру 


342 
мен спорт жӛніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың 
құзыретін белгілеу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру жолымен жүзеге 
асырылады. 
Нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жӛніндегі іс-
шараларды жүзеге асыру әділеттілік қағидаттарына сүйеніп әрі Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес іске 
асырылады. 
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру нарықтық 
жағдайда сала тек қана бюджет кӛздерінен ғана емес, әсіресе жоғары 
жетістіктер спортын қолдау үшін, бюджеттен тыс кӛздерден қаржыландыруға 
ықпал етуі қажет. 
Осымен байланысты: 
дене шынықтыру мен спортты, әсіресе балалар мен жасӛспірімдер 
арасында дамытуға бағытталған бағдарламаларды және салауатты ӛмір салтын 
қалыптастыруға ықпал ететін бағдарламаларды іске асыратын ұйымдар
елдің спорт резерві мен құрама командаларын жауапты халықаралық 
жарыстарға қатысуға даярлауға, саланың материалдық-техникалық базасын 
дамытып-жетілдіруге, сапалы мүкәммалдар мен жабдықтар сатып алуға
спортшылар мен жаттықтырушыларды материалдық қолдауға ӛз қаражатын 
жұмсайтын демеушілер мен инвесторлар; 
дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын 
дамытуды қамтамасыз ететін инвестициялық саясатты қалыптастыру және 
жетілдіру; 
қызметі спорт түрлерін дамытуға және ел спортшыларының спорттағы 
шеберлігін арттыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктердің рӛлін арттыру; 
жетекші спортшылардың спорттағы шеберлігін арттырудың негізгі буыны 
ретінде спорт түрлері бойынша спорт клубтарының жұмысын ұйымдастыру мен 
құру үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін қарау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет