Дєріс тезистері


Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының учаскесін және



Pdf көрінісі
бет208/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   217
ДШТӘ лекция

7.Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының учаскесін және
үй-жайларын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар 
63.Барлық үй-жайларды жинау желдетумен күнделікті, жуу құралдарын 
қолдана отырып ылғалды әдіспен жүргізіледі. Әйнектердің ішкі беттері апта 
сайын сүртіледі, айына бір рет жуылады; сыртқы беті ластануына қарай, бірақ 
тоқсанына кемінде бір рет. Еден күніне екі рет жуылады; жиһаздар, 
радиаторлар, терезенің алды, балалардың киім шкафтары күн сайын сүртіледі 
және аптасына бір рет жуылады. Музыка және гимнастика сабақтарына 
арналған бӛлмелерде жинау әр сабақтан соң жүргізіледі.
64.Барлық 
үй-жайларды 
күрделі 
жинау 
ай 
сайын 
және 
эпидемиологиялық 
кӛрсеткіштер 
бойынша 
жүргізіледі. 
Жуу 
және 
дезинфекциялау құралдарын қолдану Қазақстан Республикасында қолдануға 
рұқсат етілген ӛнімдер мен заттардың тізіліміне сәйкес.
65.Сору желдеткіш жүйелерінің жалюз торкӛздері шаңнан тазартылады, 
оларды тек сыртқы ауа мен үй-жай ауасының температурасы күрт ӛзгерген 
кезде жабу керек.
66.Сору желдеткішінің шахталарын тазалау жылына кемінде екі рет 
жүргізіледі. Әйнектерін сыртқы және ішкі жағынан тазалай отырып терезе 
ойықтарын жуу жылына екі рет (кӛктемде және күзде) жүргізіледі.
67.Топтық бӛліктердің қызмет етуі кезінде күрделі жӛндеу және жӛндеу 
жұмыстарының басқа да түрлерін жүргізуге жол берілмейді.
68.Жаңадан сатып алынған ойыншықтарда олардың сапасы мен 
қауіпсіздігін растайтын сертификаттары болуы тиіс. Жұмсақ және түкті 
ойыншықтарды қоспағанда, ойыншықтар пайдалану алдында 2% сабынды-сода 
ерітіндісін қолдана отырып жуылады, ағын сумен шайылады, содан соң
кептіріледі.
69.Бірінші топтағы сәбилер үшін пайдаланылған ойыншықтар күніне екі 
рет 2% сабынды-сода ерітіндісін қолдана отырып жуылады, содан соң ағын 
судың астында шайылады және кептіріледі. Ересек балаларға арналған 
пайдаланылған ойыншықтар күнделікті күннің соңында жуылады. Қуыршақтың 
киімі ластануына қарай жуылады және үтіктеледі. Ойыншықтарды жуатын 
ыдыс таңбаланады.
70.Іші 
жұмсақ 
материалдармен 
толтырылған 
ойыншықтар 
пайдаланылғаннан кейін күн соңында бактерицидті шаммен 30 минут бойы,
25 сантиметр арақашықтықта дезинфекцияланады. Пенолатекс, түкті
ойыншықтар дайындаушы-зауыттың нұсқауы бойынша ӛңделеді.


363 
Сәби жастағы балаларға және изоляторда іші жұмсақ материалдармен 
толтырылған 
және 
пенолатекстен 
жасалған 
түкті 
ойыншықтар 
пайдаланылмайды.
71.Барлық тӛсек әбзелдері (матрацтар, жастықтар, кӛрпелер) 
таңбаланады, тӛсек әбзелдері жиналмалы (жайылатын) кереуеттерді 
қолданғанда таңбаланады. Үш тӛсек әбзелінің жиыны және екі матрац тысы 
болуы қажет.
72.Тӛсек әбзелдерін, сүлгіні ауыстыру ластануына қарай, аптасына 
кемінде бір рет жүргізіледі. Тӛсек әбзелдері мен жаялықтар пайдаланылғаннан 
кейін арнайы таңбаланған ыдыстар мен қаптарға салынады. Кір тӛсек әбзелдері 
кір жуатын орындарға (клеенка және мата) қаптарда жеткізіледі. Мата қаптар 
жууға беріледі, клеенка қаптар сабынды-сода ертіндімен ӛңделеді. Топқа таза 
тӛсек әбзелдері жуылған қаптарда жеткізіледі. Тӛсек әбзелдерін: матрацтарды,
жастықтарды, кӛрпелерді, жатын қаптарын әрбір күрделі жинау кезінде тікелей 
жатын бӛлмелерде терезені ашып желдетіп, мерзімімен сыртқа шығару керек. 
Эпидемиологиялық кӛрсеткіштер бойынша камералық әдісті қолдану арқылы 
дезинфекциялау жүргізіледі.
73.Кілемдер күнделікті шаңсорғышпен тазартылады, ал ауқымды жинау 
кезінде қағылады және ылғал щеткамен сүртіледі, жылына бір рет химиялық 
ӛңдеуден ӛткізіледі. Құндақтау үстелдерін, балалардың жаялық астына салатын 
клеенкаларын, манеждердің, тӛбешіктердің жапқыштарын күніне екі рет және
ластануына қарай сабынмен жуу керек. Нәжіспен былғанған жағдайда жуу және 
дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып арнайы бӛлінген шүберекпен 
бӛлінділерден тазалау жүргізіледі.
74.Жеке түбектерді пайдалану қызмет кӛрсететін персоналдың 
қадағалауымен жүргізіледі. Түбектер қолданылғаннан кейін ыстық сумен 
(температура 60ºС тӛмен емес) жуылады. Унитаздар, ванналар, есіктердің 
тұтқалары, еден, крандар, қабырғалар күнделікті жуу құралдарын пайдалана 
отырып жуылады.
75.Топтарға арналған үй-жайлардағы үстелдер тамақ ішер алдында және 
содан соң ыстық сумен жуылады, орындықтар күніне бір рет сүртіледі.
76.Жабдықтың әрбір түрі сүртіледі, қолданғаннан кейін жуылатын
кептірілетін және құрғақ күйінде қақпағы бар, арнайы таңбаланған ыдыста 
сақталатын арнайы шүберекпен жуылады.
77.Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген 
жағдайда белгіленген тәртіппен ағымдық және қорытынды дезинфекциялау 
жүргізіледі.
78.Сәби топтарында кәріз болмаған жағдайда нәжіс жинауға арналған
қақпағы бар шелек, түбектерге арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар 
сыйымдылық және оларды шаюға арналған таза суы бар шелектер болуы қажет.
79.Дәретхананы жинауға арналған жинау мүкаммалының (шүберектер, 
шелектер, шӛткелер) таңбасы болады және дәретхана бӛлмесіндегі арнайы 
шкафта сақталады. Барлық жинау мүкаммалын қолданғаннан кейін жуу 


364 
құралдарымен ыстық суда жуу қажет. Унитаздардың ішкі беттерін тазалау үшін 
бір унитазға кемінде екі щетка қарастырылады. Жуу және дезинфекциялау 
құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалардың қолы жетпейтін жерде 
сақталады. Қолданылатын дезинфекциялау ерітіндісі ерітіндінің дайындалған 
күні кӛрсетілген белгі бекітілген, таңбаланған сыйымдылықта нұсқауға сәйкес 
дайындалады.
80.ББМДҰ-ның үй-жайларына шыбындардың ұшып кіруін болдырмау 
үшін желдету үшін ашылатын терезелерге, желдеткіштерге, фрамугаларға тор 
кӛздер орнатылады.
81.Ғимаратқа кіретін жерде қырғыштар, торлар, кілемшелер, щеткалар 
орнатылады, әр үй-жайдың кіретін есігінің жанында балалардың әрбір 
кіргенінен кейін тазаланып жуылатын ылғал кілемшелер тӛселеді.
ББМДҰ-ның учаскесі таза ұсталады.
Ойын алаңының жабдығы және кіші сәулеттік нысандары балаларды 
серуендету және ойнату алдында күнделікті сүртіледі, құм алаңындағы құм 
ылғалданады, аптасына бір рет араластырылады. Құм айына бір рет 
ауыстырылады немесе 7-10 күнде бір рет қайнаған сумен ӛңделеді және бетін 
жабатын бастырмасы болады. 
82.Кәріз болмаған жағдайда су ӛткізбейтін, бетондалған қоқыс тӛгетін 
орларды, қоқыс жинағыштарды олардың 2/3 кӛлемі толған кезде тазалау және 
қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен ӛңдеу керек. Ауладағы 
дәретханалардың ішкі беттері мен есіктерінің тұтқалары күн сайын жуылады 
және апта сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ӛңделеді.
83.Бассейндерді 
пайдалану 
және 
күтіп-ұстау 
«Санитарлық-
эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 
жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3074 болып тіркелген) сәйкес болуы тиіс.
Кубатурасы 32 текше метр бассейн қосымша хлорлаусыз 30-60 баланың 
шомылуы үшін пайдаланылады. Суды ауыстыру 2 топтың балаларын 
шомылдырғаннан кейін жүргізіледі. Суды ауыстыру балалар үшін 8 сағат 
бұрын суды толығымен ауыстыруды қамтамасыз ету арқылы үздіксіз ағынмен 
жүзеге асырылады. Бассейн ваннасын дезинфекциялау суды ағызғаннан кейін, 
механикалық тазалау бір шаршы метрге 0,6-0,8 литр есебінен дезинфекциялау 
құралымен екі рет сулау жолымен жүргізіледі. Дезинфекциялау ерітіндісін шаю 
ыстық сумен жүргізіледі.
84.Жылына кемінде бір рет жаз мезгілінде ББМДҰ-ның ғимараты мен 
үй-жайларына ағымды жӛндеу, сондай-ақ қолданыстағы инженерлік 
коммуникацияларға тексеру жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет