Дєріс тезистері


Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары үй-жайларының



Pdf көрінісі
бет207/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   217
ДШТӘ лекция

6.Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары үй-жайларының 
жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
52.ББМДҰ жабдығы балалардың бойы мен жас ерекшелігіне сәйкес 
болады, оларды пайдалануға сәйкестік және сапа сертификаты бар болған кезде 
жол беріледі.
Топтардың 
үй-жайларында 
кереуеттер, 
үстелдер, 
орындықтар, 
ойыншықтар мен оқу құралдарына арналған шкафтардың болуы кӛзделеді. 
Қабылдау және шешінетін бӛлмелерде балалар мен персоналға арналған 
шкафтар қарастырылады.
Бір топтың және таңбаның үстелдері мен орындықтары жинақталады.
Балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың негізгі ӛлшемдері осы 
санитариялық ережелерге 5-қосымшаға сәйкес кӛзделеді.
53.Сабақ ӛткізуге арналған жиһаздарды орналастыру кезінде мынадай 
талаптарды сақтау қажет: 
1) үстелдер сол жақтан жарықтандырыла отырып, жарық түсетін 
қабырғаға орналастырылады;
2) тӛрт орындық үстелдер екі қатардан артық емес, ал екі орындық 
үстелдер үш қатардан артық емес етіп орналастырылады. Үстел қатарларының 
арасындағы арақашықтық кемінде 0,5 м кӛзделеді;
3) үстелдердің бірінші қатарының жарық түсетін қабырғадан 
арақашықтығы - 1 м;
4) бірінші үстелден тақтаға дейінгі арақашықтық - 2,5-3 м;
5) қабырғаға ілінген тақтаның астыңғы жиегінің еденнен биіктігі 0,7-0,8 
м;
6) қабырғаға ілетін тақтаның кӛлемі - 0,75-1,5 м;
7) балаларды денсаулықтары, кӛру, есту жағдайларын ескере отырып 
отырғызу керек.
54.Сәби тобының ойын бӛлмесіндегі манеж және барьер терезеге 
параллель, одан бір метр арақашықтықта орналастырылады.


361 
55.Сәби жасындағы бірінші топта қолжуғыштың жанына құндақтау 
үстелі, орамалдарға арналған ілгіш пен «кір киімдерге арналған» таңбасы бар 
бак орнатылады.
56.Жатын бӛлмелер жеке таңбалары бар стационарлы кереуеттермен 
жабдықталады. Кереуеттердің ӛлшемі:
1) үш жасқа дейінгі балалар үшін кереуеттің ұзындығы 120 сантиметр 
(бұдан әрі – см), ені 60 см, қоршауы мен тӛсегінің биіктігі ӛзгереді;
2) үш-жеті жастағы балалар үшін кереуеттің ұзындығы 140 сантиметр, 
ені 60 см.
57.Мектепке дейінгі топтарда екі қабатты кереуеттерді және тӛсегі 
қатты жиналмалы кереуеттерді (жайылатын тӛсектер) пайдалануға жол 
беріледі.
58.Қабылдау және шешінетін бӛлмелер балалар мен персоналдың 
сыртқы киімдеріне арналған шкафтармен жабдықталады. Киімдерге арналған 
шкафтарда бас киімге арналған сӛрелер мен сыртқы киімдерге арналған 
ілгіштері бар жеке таңбаланған ұяшықтары болады.
59.Балалар топтарының дәретханаларында балалардың сүлгілері мен 
жеке бас гигиенасы құралдарына арналған жеке ұяшықтары бар қабырғаға 
ілінетін немесе аспалы ілгіштер; сәби топтарында жеке таңбасы бар түбектерге 
арналған шкафтар орнатылады.
60.Теледидар бағдарламаларын қарау үшін экран кӛлемі кемінде 59 
сантиметр теледидарлар пайдаланылады. Теледидарларды 1-1,3 м биіктікте
орнату кӛзделеді. Диапроектор экраны еденнен кемінде бір метр және 1,3 м 
артық емес биіктікте ілінеді. Теледидар экранынан кӛрермендерге дейінгі 
арақашықтық 4-тен 6 м дейін, диапроектор экранынан 1,2-ден 2,4 м дейін 
болады. Орындықтар тӛрт-бес қатарға орналастырылады. Орындықтар 
қатарларының арасындағы қашықтық 0,5-0,6 м кӛзделеді. Балаларды бойын 
ескере отырып отырғызу керек.
61.Кешкі уақытта теледидар бағдарламаларын, диафильмдерді, 
бейнефильмдерді қарау жасанды жалпы немесе жергілікті жарықтандыруда 
жүзеге асырылады. Күндіз терезелерді жеңіл ақшыл перделермен жабу керек. 
Теледидар бағдарламалары мен диафильмдерді кӛру ұзақтығы тӛрт-бес жастағы 
балалар үшін жиырма минуттан, ал алты жастағы балалар үшін отыз минуттан 
аспайды.
62.Ас блогы мен кір жуатын орындарға арналған жабдықтар тізбесі 
қолданыстағы «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 
25 шілдедегі № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу тізілімінде №2526 болып тіркелген) және «Коммуналдық гигиена 
бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін 
атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Нормативтік 


362 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3629 болып тіркелген) 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет