5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
5.1. Қызметкерге штаттық кестеге сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерлемесінің 0,5 мөлшерлеме мөлшерінде лауазымдық жалақы белгіленеді.
5.2. Жалақы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші 10 (онкүндігінен) кешіктірілмей төленеді.
5.3. Жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР
6.1. Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан беру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
6.2. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.
6.3. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүктілігі мен бала тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алуларына байланысты әйелдерге (ерлерге) демалыс уақытына әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. Жұмыс беруші жұмыскерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде мынадай жағдайларда:
6.3.1.жұмыс беруші таратылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Шарт бұзылғанда;
6.3.2.жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Шарт бұзылғанда;
6.3.3. жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы төлемін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |