Қазақ фольклорының типологиясы мен поэтикасы
Жетекші: ф.ғ.д., профессор
Рахымов Берік Серікбайұлы
Қазақ фольклортану ғылымында типология мен поэтика мәселесі шын мәнінде кештеу қолға алынып, ғылыми тұрғыдан түбегейлі тексеру ісіне еліміздің тәуелсіздігі арқылы қол жеткізілді. Осы бағытта Б.С.Рахымов еңбегінің ерекше көрінісі қазақ эпосының бір саласы ретінде тарихи жырларды түбегейлі тексеріп, жан-жақты талдаулары арқылы көрінді. Бұрынғы қазақ тарихи жырларының бастауы XVIII ғасырдан басталады делінген ғылыми қалыптасқан тұжырымды қайта саралап, тарихи жырлардың негізі халқымыздың ел болып, мемлекеттік мүдделерге ұмтылысына қатысты туғандығын дәйектеді. Өзінің ғылыми концепциясының басты жаңалығы тарихи жырлардың оқиғасы XV ғасырдан басталатынын дәлелдеп, шын мәніндегі тарихи оқиғаларға құрылған эпикалық шығармалардың пайда болуын үш ғасырға ұзартты. Типологиялық жағынан тарихи жырлардың диахрондық тұрғыда дәуірлік кезеңдерін анықтап, басқа халықтар эпостарымен және батырлық жырлармен салыстыра көрсетті. Құрылымдық жүйесі жағынан синхрондық негізде тарихи эпостың шығу тегі мен дамуын, ондағы уақыт пен кеңістіктің көрінісін, сюжеттің түзілісін түсіндіру арқылы нақтылы жанрлық анықтамасын ашып берді.
Зерттеудің тұңғыш мақсаттық бағыттағы тексерілуі мен жүйеленуі
Тарихи жырлардың шығу тегі «Қазақ хандығы құрылу» кезеңінен басталады.
Басқа эпостарымыздан ерекшеленетін тарихи жырлардың ең басты әдіснамалық маңызы бар мәселесі «тәуелсіз ел болу», «ұлт-азаттық қозғалыс», «Отан соғысы» ұғымдарын белгілі дәуірлерге топтастырып, халықтың бүкіл аңыз, өлең, толғауларын, географиялық, діни түсініктерін және ақыл-ойының жеткен межесін бір уақытқа телумен дараланады.
Тарихи жырларда эпосқа тән белгілер сақталған. Эпикалық дәстүрдің көрінісі көпқабаттылық (многослойность) пен көпсатылықтан байқалады.
Жанрлардың араласуы (контаминация) бұнда да кездеседі. Түрге қатысты айтар болсақ, дәуірлік топтасуларында жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі тарихи шындықты игеру ерекшеліктері біртектес емес.
Қаһармандық эпостың көптеген үлгілерін ала отырып, тарихи өлең, аңыз, толғауларды молынан қамтып, тарихи шындықты дәстүрге сай жаңғыртқан.
Тарихи оқиғаға сәйкестенетін, шындықты нақтылы бере алатын эпикалық шығармаларда да пайда болған.
Тарихи эпос ежелгі эпостың көптеген белгілерін бойына сіңіргенімен, жанрлық тұрғыдан өзгешелігі бар. Ол өз бастауын тарихи өлең, аңыздан алып, белгілі оқиғалардың нақтылы көрінісі ретінде туындаған, қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы күресінің көркемдік шежіресі деп танылуы тиіс.
Тарихи жырлар мен реалды-тарихи эпоста рулық, тайпалық мақсаттардан бөлектеніп, алаш бірлігі, жалпыхалықтық іс, мемлекеттік мүдделер басты орынға шығады.
Тарихи жырлар мен тарихи эпостағы қаһармандардың іс-әрекеті, оның уақыт пен кеңістіктің сәйкестенуі және соны берудегі жыршының халықтың арман-тілегін қалыс қалдырмауы көркем жинақтаулар арқылы жүзеге асқан.
XVIII–XIX ғасырлар — елдік пен ерлік астасқан, уақыт пен кеңістік тоғысқан, аңыз бен тарихи өлең тұтасқан дәуір. Дәуірдің үні мен тілін жеткізген жыраулар мен ақындар екені мәлім.
Шежірелей жинақтаған батырлар бейнесінде дараланушы тап бар. Ол сол ғасырдың бүкіл болмысын, қоғамдық жағдай қалыптастырған ахуалды мінез-құлқымен жан-жақты ашатын эпикалық шығармадағы қаһармандар бейнесі.
Қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы күресін бейнелейтін эпикалық шығармада эпикалық билеуші типі тұр.
Тарихи жырларда оқиғалардың желісі уақыт пен кеңістік жағынан белгілі тәртіппен орналасып, бас-аяғы бүтін тарихи тұтастанған сюжетке айналса, реалды-тарихи эпостың сюжеті тарихи жырлармен салыстырғанда бірнеше оқиғалар арқылы бірін-бірі толықтырмайды, қысқаша айтсақ, реалды-тарихи эпос оқиғаларының мазмұнын ашып, оны көркемдік формамен берген — нақтылы тарихи сюжет дер едік.
Мазмұн мен форманың бірлігін саралау қорытындысы тарихи эпос тілі бір адамның ғана емес, қазақ қауымының, бүкіл қоғамның тілі, немесе аса күрделі синтаксистік тіл, деген қорытындыға әкеледі.
Жұмыс жетістігі
Ғылыми зерттеу нәтижесінің жетістігі бойынша қазақ тарихи жырлары мектеп бағдарламаларына еніп, жоғары оқу орындарындағы бағдарламаларға өзгерістер жасалды.
Арнайы курстар бағдарламалары жасалып, тәуелсіздік идеясына қатысты мамандандыру пәндері ретінде жүргізіледі. Қазақ тарихи жырларының мәтіндері жинақталып, баспа жүзіне шыға бастады. Бұл бағытта әлі де үлкен жұмыстар жүргізіліп, жалпы қазақ тарихи жырлары он томдық көлемінде жарық көрмек.
Осы ғылыми бағытта 2 кандидаттық диссертация қорғалды.
Жарияланым
Жүргізілген ғылыми нәтижелер бойынша 100-ден астам мақалалар мен баяндамалар тезистері жарық көрді. ҚР ЖАК пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аттестациялау және қадағалау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне 25 халықаралық конференцияларда 11 ғылыми баяндамалары мен мақалалары жарияланған.
Монография және оқу құралы
1. Тарихи жырлар тағылымы. — Қарағанды: Болашақ баспа, 1997.
2. Тарихи жырлар табиғаты. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1999.
3. Эпостану негіздері. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2000.
4. Алыптарды ажарлаған асыл сөз. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002.
5. Олжабай батыр. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.
6. Өтірік: ел әдебиетінен жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001.
7. Ахметтану бастамалары: оқу құралы. — Қарағанды: Болашақ баспа, 2005. — 141–150 б.
Ғылыми мақалалар және баяндама тезистері
1. Тарихи жырлардың табиғатына үңілсек: ҚарМУ-дың XV ғыл.-практ. конф. баянд. тез. — 3 – б. — Қарағанды, 1990. — 120–125 б.
2. Тарихи эпос екі тілде сөйлесе // Ұлттық және орыс қостілдігінің мәселелері: респ. конф. баянд. тез. — Қарағанды, 1991. — 270–271 б.
3. Тарихи жырлардың жанрлық сипаты // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1992. — 164–169 б.
4. Тарихи жырларды зерттеушілер: ҚарМУ-дың XVІІІ ғыл.-әдіст. конф. баянд. тез. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1992. — 83–87 б.
5. Тарихи өлеңдердің жанрлық ерешелігі: ҚарМУ-дың ХVІІІ ғыл.-теор. конф. баянд. тез. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. — 13–23 б.
6. Тарихи жырлардың тәрбиелік мәні //«Қазақ тілінде оқытудың жоғарғы мектептегі мәселелері» атты аймақ. ғыл.-әдіст. конф. баянд. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. — 128–130 б.
7. Батырлар жыры мен тарихи жырлардағы ортақ белгілер, айырмашылықтар // «Тарихи поэтика: образ, түр және жанр құрылысы» атты ғыл. еңб. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. — 13–23 б.
8. Тарихи жырларды оқыту мәселелері: Филол. факультетінің І-ІІ курс студенттеріне арналған әдіст. нұсқау. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1994. — 32 б.
9. Тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшелігі // «Фольклор мен әдебиеттегі жанр мен стильдің даму ерекшеліктері» атты ғыл. еңб. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1995. — 58–61 б.
10. М.О.Әуезов және қазақ тарихи жырларының зерттелу мәселелері: М.О.Әуезовке арналған халықарал. конф. // ҚазМУ хабаршысы. — № 13. — Алматы, 1997. — 90–97 б.
11. Поэтиканы зерттеудің кейбір мәселелері // Поэтика и жанр лингвистического текста: ғыл. мақала. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998.
12. М.О.Әуезов және қазақ эпосы: Педагогика ғылымдары докторы Ғ.А.Мейрамовтың 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы тіл мен әдебиеттің атқаратын қызметі және оқытудың көкейкесті мәселелері»: респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1999.
13. С.Мұқанов және қазақ эпосы // ҚР Білім және ғылым министрлігі хабаршысы. — Алматы, 2000. — № 576. — 45–50 б.
14. Рухани мұраға мұқият қараған Ә.Х.Марғұлан // Әдебиет пен фольклордағы жанр мен стиль: ғыл. мақала. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2000. — 58–63 б.
15. Қазақ эпосын зерттеудің көкейкесті мәселелері //«Ұлттық әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелері» атты халықарал. ғыл.-теор. конф. — Алматы: Ғылым, 2001. — 71–79 б.
16. Қ.Аманжолов поэзиясын танудың өзекті мәселелері: Қ.Аманжоловтың 90 жылдығына арналған респ. ғыл.-теор. конф. баянд. — Қарағанды: Арко, 2001. — 13–18 б.
17. «Олжабай батыр» жыры // Азия-транзит. — 2001. — № 10, 19. — 33–37 б.
18. Тарихи жырлардың тілі // Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына арналған жин. — Алматы: «Комплекс» баспасы, 2002. — 156–165 б.
19. Ала тулы алып батыр // Егемен Қазақстан. — 2002. — 14 мамыр (№ 106)
20. Қазақ мифтері. — Алматы: Ғылым, 2002. — 320 б.
21. Фольклор және баспасөз // «Ғасырлар тоғысындағы журналистика: өзекті мәселелері мен келешегі» атты халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары: — Қарағанды, 2002. — 338–342 б.
22. Фольклорлық-этнографиялық түз жұмыстарының бағдарламасы // Сарыарқа: история и культура: Программа комплексной историко-этнографической экспедиции по Центральному Казахстану. — КарГУ. — 2002. — С. 38–41.
23. Қазақ фольклорындағы Ағыбай бейнесі: Ер есімі — ел есінде: Ақжолтай Ағыбай батырдың 200 жылдығына арналған ғыл.-практ. конф. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. — 48–58 б.
24. Айтыстың жанрлық жүйесі // «Қазіргі айтыстың: келешегі, көкейкесті мәселелері» атты халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. Көкейкесті әдебиеттану. 30 К. — Астана: Күлтегін, 2003. — 96–105 б.
25. Ғабит Мүсірепов және қазақ фольклоры: Қазіргі таңдағы қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының өзекті мәселелері: ғыл. еңб. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. — 37–43 б.
26. Ахмет Байтұрсынов және қазақ фольклоры: А.Байтұрсынұлының 130 жылдық мерейтойына арналған респ. ғыл.-практ. конф. материалдары: — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. — 161–164 б.
27. Қазақ эпосын талдап оқытудың кейбір мәселелері // ҚазҰУ хабаршысы. Филол. сер. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. — № 10 (72). — 10–12 б.
28. Қазіргі айтыстың даму ерекшеліктері // ҚарМУ хабаршысы. Филол. сер. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — № 11. — 103–107 б.
29. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырындағы дәуір және дәстүр мәселесі // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті хабаршысы. — Астана: ЕНУ, 2003. — № 3. — 39–43 б.
30. Ахмет Байтұрсынов және қазақ эпосы // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті хабаршысы. — Астана: ЕНУ, 2003. — № 3. — 67–70 б.
31. Тарихи жырлардағы түрік шежіресі // ІІ Междунар. конгресс тюркологии по теме «Современная тюркология: теория, практика и перспективы» / Междунар. казахско-турецкий ун-т им. Х.А.Ясави. — Туркестан, 2004. — 181–189 б.
32. Жүсіпбек ақынның әдеби мұрасы // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті хабаршысы. — Астана: ЕНУ, 2004. — № 2. — 6–11 б.
33. Сарыарқаның кіндігі, қазақ өнерінің түндігі // Орталық Қазақстан. — 2005). — 23 сәуір.
34. Қазақ фольклорындағы Олжабай батыр бейнесі: Олжабай батыр: халықарал. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005.
35. Мәди — ақын, сазгер, әнші. Талантқа тағзым: ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 25–30 б.
36. Ә.Қоңыратбаев зерттеулеріндегі эпостың тілдік ерекшеліктері: ғыл.-теорет. конф. материалдары. — Алматы: Арда, 2005. — 54–58 б.
37. Қазіргі қазақ фольклортану ғылымы // Тілтанудағы тұлға: проф. Т.Р.Қордабаевтың 90 жылдығына арналған ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 326–331 б.
Ақпараттық байланыс
100028, Қарағанды қ., Мұқанов көш-сі,1,
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ. Филол. факультеті.
Қазақ әдебиет тарихы кафедрасы.
8 (3212) 77–04–32
phil_faculty@ksu.kz
Достарыңызбен бөлісу: |