Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет34/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144
00039fef-5a4df9ee

Күні:24.09.18

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.2. Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.
3.1.2.3. Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

Сабақтың мақсаттары



Барлық оқушылар :

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Бірқатар оқушылар:

Есептеуді тиімді ету үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданады.

Кейбір оқушылар:

Санаудың тиімді тәсілдерін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар



Дағдыларын дамыту:
көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.
Пәндік лексика және терминология:
Амалдың қасиеттері, амалдың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

1-ге көбейту мен бөлу ережесін құрастыр.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің мәнін түсіндір.

Жазылым:

Өрнектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалындағы 1 санының қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3


Ынталандыру.
Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, шығарманың атауы мен авторын және өзара байланысты өрнекті анықтайды.




4-6


Өзектендіру.
– Көбейту компоненттерін атаңыз. (Көбейткіш, көбейткіш, көбейтінді)
– Бірінші көбейткіш нені білдіреді? (Қосындыдағы тең қосылғыштар)
– Екінші көбейткіш нені білдіреді? (Осындай қосылғыштардың саны.)
– Қосуды көбейтумен ауыстырыңыздар.
2+2+2+2 3+3+3+3+3+3+3 1+1+1+1 4+4+4+4+4
– Біз кестеден қандай жағдайды үйренбедік?

  • 1 · 4

– Рас, бұл – ерекше жағдай.

Оқулық.

7-11



Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
– 4 ∙ 1 өрнегі қандай мағына береді? (Мәселе!)

  • Оның ақиқаттығын қалай тексеруге болады?

Бірақ бұл үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалану керек.
Сонымен, біздің сабақтың мақсаты – 41 = 4 анықтау, теңдікті тура теңдік дей аламыз ба?

Оқулық.

12-29



Жаңаны ашу.
Оқушыларды 1 санына көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыруды келесі тапсырмамен байланыс ретінде өткізуге болады:
Көбейтіндіні қосындымен алмастырып, есепті шығарыңыз.
1 · 7 1 · 12 1 · 4
–1-ді санға көбейту кезінде не байқадыңыз?
(қандай санға көбейтсеңіз, сол сан шығады.)
– 1 саны қосылғыш ретінде неше рет алынады? (Екінші көбейткіште неше бірлік болса, сонша.)
Яғни, көбейтіндіде қай сан әрқашан болады? (Көбейтіндіде әрқашан екінші көбейткішке тең жауап болады).
Мұғалім 2(а)- тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеп, шешім шығарады.
2(ә)- тапсырмада оқушылар көбейту мен бөлуге өзара байланысты 2 мысал құрастырады, шешім шығарады:
– егер көбейтіндіде көбейткіштің біреуі 1-ге тең болса, есептің жауабы екінші көбейткішке тең.
–егер санды дәл сол санға бөлсе 1 шығады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы 3 тапсырманы оқушылар түсіндіріп орындайды.
Оқулықтағы 4-тапсырманы оқушыар топпен орындайды. Мұғалім балалардың С.Бабенконың «Түйетас» ертегісін біле ме екен деп сұрайды, онда қандай ауыл атаулары кездеседі? Тапсырманы орындап, сұраққа жауап беруге болады. Оқушылар бірмен көбейтілген өрнекті тауып, тапсырма сұрақтарына жауап береді.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.

30-36




Өзіндік жұмыс.
Оқулықтағы 5-тапсырмада оқушылар есеп шығарады.
Мұғалім дәптердегі тапсырманы бағалау критерийлерімен қарауды ұсынады.
Мен:
- 1 санының қасиетін көбейту және бөлу амалдарында қолданады;
- көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін есепті ұтымды ету үшін қолданады.
Өткенмен жұмыс.
6-тапсырманы оқушылар топпен орындайды, әр топ өз бағанындағы мысалдарды орындайды. Оқушыларға мысалды үлкен сандармен А3 форматына жазуға болады, сосын барлық сыныптастарының алдында таңдалған амалдар тәртібін түсіндіру керек. Оқушыларға өрнекті жазып, амалдар тәртібін, олардың мәнін жазып, топтар арасында тексеру үшін алмастырады. (ә) тапсырмада оқушылар амалдар тәртібі бойынша қателерін түзетеді.
Оқулықтың 7-тапсырмасында оқушылар есептейдің тиімді тәсілдерін пайдаланып, уақытқа шығарады.
Оқушылар оқулықтағы зерттеушілікті талап ететін 8 тапсырманы орындайды. Жақшалардың теңдіктер дұрыс болатындай етіп, орнын ауыстыру керек.

Оқулық, дәптер.

37-40



Рефлексия.
Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:
Мен …үйрендім
Мен … жасай алдым.
Менің… қолымнан келді.
Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6(ә)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.
Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет