Ә. Б отырысындақаралды



бет2/13
Дата19.04.2024
өлшемі98 Kb.
#499292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
КТП-Жаһандық 5-11 сыныптар

3. Курстың мақсаты: жаһандық азаматтық құзыреттерге ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
1) білім алушыларды қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндерімен таныстыру;
2) тұлғаның тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру; 3) білім алушыларда жергілікті, өңірлік, ұлттық, жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдарлары туралы талдамалық бағалау түсінігін дамыту;
4) эмпатия жағдайында басқа адамдардың қажеттіліктері мен құқықтарына тәрбиелеу;
5) мазмұнды және шығармашылық оқыту дағдыларын қалыптастыру.


«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
6 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
7 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
8 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
9 - сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

2. Оқу курсының базалық мазмұны
6. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген алты бөлімнен тұрады.
5-8 сыныптарда курс бес бірлікті қамтиды: «Парасаттылық және әдеп», «Азаматтылық және патриотизм», «Медиа және қаржылық сауаттылық», «Өмір қауіпсіздігі», «Экологиялық мәдениет», 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану»юниті қосымша енгізілді.
Курстың юниттері:
«Парасаттылық және әдеп» юниті білім алушылардың бойында әдептілік, тілектестік, адалдық, толеранттылық, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білу және мінез-құлық мәдениетінің жоғары стандарттарын білдіретін жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
«Азаматтылық және патриотизм» юниті қазақстандық қоғамның бірдей кодын және мемлекеттілікті құрметтеуді, азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті қалыптастыруды, адамдардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасын, отбасындағы өзара көмекті, халықаралық сананы қалыптастыруды насихаттайды.
«Медиа және қаржылық сауаттылық» юнитінде медиакеңістік және қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен және заңдылықтарымен танысады. Қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін қажетті дағды түрлерін қарастырып, ақпаратты талдау, бағалауды дамытады. Білім алушылар ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйренеді. Қаржылық сауаттылық туралы білімдері кеңейіп, сауаттылық неден басталатыны, еңбегі арқылы жетістікке жеткен адамдар туралы ақпарат жинақтап, отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болатыны туралы өмірмен байланысты білімдерін дамытады. Білім алушылар қаржылық сауаттылықты жеке қаржылық әл-ауқатқа жету құралы ретінде пайдалану арқылы әлемдік экономикалық кеңістікке кірігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет