Ә. Бөкейхановтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет2/5
Дата17.03.2023
өлшемі217.85 Kb.
#470895
1   2   3   4   5
Дилом Дана тарих

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеп отырған мәселенің кейбір жерлері әртүрлі әдебиеттер мен баспасөз беттерінде кездескенімен мақсатты түрде зерттеу объектісі ретінде осы күнге дейін қолға алынбай келеді. Әдебиеттер тізіміне талдау жасау барысында зерттеу тақырыбымызға сәйкес тарихнамалық айналымда ғылыми еңбектер аз деуге болады.
Еліміздің арыстандай тұлғасы, жасампаздық ғұмырынан жазылған естеліктердің тақырып аясы барынша кең. Олардан туған жері мен өскен ортасы, ататегі және ағайын-туысқандары, отбасы мен сыралғы серіктері, балалық шағынан бастап бірегей тұлғасының қалыптасу жолдарын, рухани және ғылыми айналасын, тар жол, тайғақ кешулі саяси-қоғамдық қызметінің белесті кезеңдеріне қатысты құнды Рашит Кареновтың «Алты Алаштың алып азаматы» атты еңбектерінен таныс болдық [2].
Жалпы, қазақ халқының тағдыры үшін аса маңызды жер мәселесін Әлихан Бөкейханның тереңірек біле түсуіне Ақмола, Семей және Торғай облыстарын қамтыған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция жұмысына қатысуы ерекше ықпал етті. Оның кейін өз шәкірттеріне «Ұлтқа пайдалы адам болғыныз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын мұқият зерттеп, үйренуге тырысыңыз.Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді», – деп кеңес беруі жайдан жай емес [3, 77б].
Келесі бір зерттеушілердің бірі, Мәмбет Қойгелдиевтың «Алаш қозғалысы» атты жинағында, елімізде пайда болған көппартиялы ұйымдардың ішіндегі саяси күштердің өзара күресі мұнымен шектелмейтінін және бұл Алаш» партиясы мен «үш жүз» аталған саяси ұйымның арақатынасы соның айғағы болса керек дейді ғалым өз баяндауында [4, 52б].
Тағы бір айта кететін жайт, Жанпейсова Ж., Тенисбаев К. «Казахская национальная интеллегенция в востании 1916 года» атты жинақталған деректерде, 1890 жылы мамыр айында Әлихан атамыз ОТУ директоры Н.Е.Добротовқа өзінің фамилиясы Нұрмұхамедұлы емес, Бөкейхан екендігін білдіреді. Әлихан Бөкейханның кейін лауазым аттары көп зерттеу, мақалаларына «Қыр баласы», «Сын степей», «V», Киргиз-степняк» (К. Степняк), «Туземец», «Арысұлы», «А.Б.», «Қ.Б», «Ғ.Б» деп қол қойып отырған [9, 165б].
Сондай-ақ, «Алаш көгіндегі күн Әлихан Бөкейхан», [5, 24б] және «Бөкейханов шығармалары» атты еңбектері тақырыпқа байланысты бірнеше мәселелерді қозғалтады. Онда мемлекет қайраткері, Әлихан Бөкейхановтың өмірі және саяси қоғамдық қызметтері баяндалады [10, 24б]
Сондай-ақ, Х.М Әбжановпен Ә.Әлпейісовтың Қазақ интеллегенциясы мен мәдениеті туралы ғылыми жинақта, Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік күндерін қалай өткізгендігі жайында Англияның әйгілі білім ордасы – Оксфорд университетінің «Орта Азияны зерттеу қоғамы» өзінің «Қазақтар 1917 жылға дейінгі орыстар туралы» атты кітабында «Ә.Бөкейхан жас күнінде орнықты революционер, социалист болды және «Зарзаман» атты орыстарға қарсы әдеби топтың мүшесі болды», - деп жазады. Кешегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінін жұртшылықпен байланыс орталығынан келген бір құжатта «Әлихан Бөкейхан... Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлы ілік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әрқашан да әсіре солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда ол экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» - деген мәлімет. берілген. Ал Санкт-Петерборлық «Новая жизнь» газеті 1906 жылы «Ә.Бәкейхан 1894 жылы, Орман институтының 4 курс студенті: күндері студенттік толқуларға қатынасты...» - деп жазды [11, 58б.].
Келесі бір зерттелу деңгейіндегі мәселелер ол, «Алаш идеясы». Яғни, қазақтың мемлекеттік, ұлттық идеясы екенін атап өттік. Ондағы біздің қарастырып өткен еңбектердің бірі, ол С. Өзбекұлының «Алаштың арыстары» және М Абжановпен Л. Гуриевичтың «Интеллигенция Казахстана: история, теория, современность» атты ғылыми деректерде ұлт перзенті атанған Әлиханның халқымызға сіңірген еңбегі мен оның құрған «Алаш» атты саяси партияны бүгінде немесе сол уақытта болсын халқымыз бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея екенін түсінгенін көруге болады.
Сондай-ақ, жоғарыдағы ғылыми деректерді атап өткеніміздей, батыр жөнінде ағылшын зерттеушілері «Бөкейхан жас күлінде орнықты революционер және социалист», - деп жазса, - «Студенттік кезеңдері ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әрқашан да әсіре солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда ол экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын», - деп жазды Санкт-Петерборлық «Новая жизнь» газеті [22, 62с.].
Ал, осы жоғарыда аталып отырған «Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзкарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бүрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық-ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялык партия деп санайды. Шынында да, алаштыктар капитализмді құру немесе тек таза ұлттык мемлекетгі орнатуды өздеріне бағдарламалык мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бүл буржуазиялык-ұлтшылдык емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады [35].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет