Бітіру жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының алдына қойылған міндеттерді шешу жолында көптеген деректер жинақталып, ой елегінен өтізілді.
Мәселен, М Қойгелдиевтың. «Ә. Бөкейханов шығармалары», Бөкейхан Ә. «Шығармаларының толық жинағы» және Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихы құжаттама орталығы. 15, 185, 415 қор жинақтарынан қаралды, Сондай-ақ, деректер қатарына Әлихан Бөкейханұлының өміріне арналған Facebook (https://www.facebook.com/watch/?v=3036000583092508), YouTube интернет желілерінде жазылған және түсірілген деректі бейне фильмдеріде баяндалады (https://youtu.be/x9aRJGYtO10).
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты. – Әлихан Бөкейхановтың өмірі және атқарған саяси көшбасшылық қызметімен шығармашылық мұрасын айқындау болып табылады.
Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:
- Ә. Бөкейхановтың азаматтық тұлғасының қалыптасуы;
- Ә. Бөкейхановтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі және шығармашылық мұрасы;
- Қазақ халқының азаттығы үшін күресі және еңбектеріндегі ұлттық идея;
- Саяси көшбасшы Ә. Бөкейханов және біртұтас Алаш идеясы;
- Алашорданың большевиктер мен «Үш жүз» партиясы мен текетіресі;
- Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы;
Зерттеу жұмысының нысаны – Әлихан Бөкейханұлының қоғамдық-мемлекеттік қызметі мен елге қалтырған ғылыми мұрасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні - Әлихан Бөкейханұлының қоғамдық - мемлекеттік, саяси қызметі мен көзқарасының қалыптасуы. Тарихи және геосаяси мәселелерді көтеру барысында қамтылып отыр.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Зерттеп отырған мәселенің диалектикалық даму заңдылығын, тарихи құбылыстарды объективті тұрғыдан қарастыру бағытын қолдана өттік. Сондай-ақ, жобамыздың логикалық біріңғай жүйелілік мәнісін сақтай отыратын әдістеріне сүйеніліп субъективтік және объективтік тұрғыда жазылды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың бас кезінен, қазіргі уақытқа дейіңгі аралықтағы зерттеулерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |