Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұрын жеке әлі ешкім қарастырмаған тақырып бойынша, ғылыми зерттеу жүргізуге алғаш рет әрекет жасалды. Зерттеуде тың ғылыми ізденістер жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
- Біріншіден, жұмыс бұрын жарияланбаған, мұрағат деректерінің үлкен шеңберінде құрылып, айналымға алғаш енгізіліп отыр;
- Екіншіден, ғылыми жұмыста, патша үкіметінен кеңіс уақытындағы Алаш қозғалысының негізгі көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың азаматтық тұлғасының қалыптасуы және қоғамдық-саяси қызметімен шығармашылық мұрасы жөнінде негіздей отырып, сол тұстағы орын алған басты үдерістерді жаңаша тұрғыдан баға беру болып табылады;
- Үшіншіден, Алаш қайраткерлерінің ұстанған «Алаш» идеясының түпкі саяси мәнін аша отыра, оның өлкедегі ықпалы анықталды;
- Төртіншіден, Алашорданың большевиктер мен «Үш жүз» партиясының текетіресі барысында альтернативті көзқарастарды ұстай отырып, жаңаша тарихи көзқарасты баяндадық;
- Бесіншіден, Алаш бағдарламасының қазіргі кезбен салыстыра отырып, ондағы саяси үдерісті қазіргі көшбасшы партияның жолдарымен сабақтастыра өттік;
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: зерттеудің болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор деп ойлаймыз. Зерттеу жұмысы барысында жасалған кейбір қорытындылар мен ұсыныстар қазіргі кезеңдегі зиялы қауымның жағдайы мен ішкі ойларын зерттеп түсінуге, оның орнын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ғалымның барлық ғылыми мұрасы отан тарихына қандай септігін тигізгенін және саяси құғын-сүргін кездегі болған жағдайлармен оның маңызды барлық тың деректерін, бүгінгі Қазақстан тарихына арналған лекция курстарында оқытуға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. Ә. Бөкейхановтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі
1.1 Өскен ортасы мен заманы
Ұлт перзентінің жасампаздық ғұмырынан жазылған естеліктердің тақырып аясы барынша кең. Олардан туған жері мен өскен ортасы, ататегі мен ағайын-туысқандары, отбасы мен сыралғы серіктері, балалық шағынан бастап бірегей тұлғасының қалыптасу жолдарын, рухани және ғылыми айналасын, тар жол, тайғақ кешулі саяси-қоғамдық қызметінің белесті кезеңдеріне қатысты қадау-қадау құнды деректерге қанығамыз. Алаш туына біріккен үзеңгілес және мұраттас ақ жүрек жандардың арман-аңсарын, күрескерлік рухтағы достық қарым-қатынасының жарқын сәттері мен қуғын-сүргіннің қара түнек жылдарындағы қасіретін, осынау бес күндік жалғанда ар-ұжданына кір жұқтырмай өткен дегдарлықтарына сүйсінеміз. Смахан төренің «Әлекеңнің өмірі» күнделік естелігінде Әлихан Бөкейханның ата тегі, өскен ортасы, азаматтық тұлғасы, кісілік қасиеттері жан-жақты қамтылған.
Жалпы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат-мұрасы. бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты. Көрнекті қоғам. қайраткері - Ресейдің жергілікті және қалалық коғом қайраткерлері сьезінің депутаты, Ресейдің І Мемлекеттік дума не мұсылман халықтары сьезінің депутаты, ІҮ Мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы; ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист - міне, ардақты-азаматымыздың халқы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан-қилы қызметінің бұл болар болмас көрінісі ғана.
Ә.Н. Бөкейханов 1870 жылы кешегі Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқыр болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7-нші ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданында қараған Қаратал совхозының жері (совхозға 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңесінің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді. Әлекеңнің есімі жергілікті орта мектепте де беріліп отыр).
Әлихан ата-тегі Шыңғысханан бері келе жатқан төре тұқымынан, Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандардың бірі.
Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Он бір ұлдың бірі – Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады. Мырзатайдан Нұрмұхамед туады (Әлиханный әкесі, елдегі аты Мұқан), Қоске, Шолақ, Әптіхан; Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзіхан, Тәтіхан деген бес ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады. Әлихан тұңғышы еді [2, 56-88бб]
Сондай-ақ, арада ұзақ жылдар салып Сырым Бөкейхановтың қазақ және орыс тілдеріндегі «Өткен күнде белгі бар: мемуарлық жинағында» (2016) Смахан төре Нұрмұхамедұлының аталған естелік күнделігі жеке тарауда, қазақ, сонымен қатар, орыс тіліндегі аударма нұсқасы (аударған Қ.Садуақасов) қамтылды. Бұл еңбектің «Әлихан» (Ақаң), «Смахан», «Елизавета Әлиханқызы», «Смағұл», «Сергей (Өкітай)», «Ата анамыздың шаңырағы», «Құдайберді әулеті», «Қасенхан Алтынбеков» бөлімдерінің Бөкейхан әулетін танудағы құндылығы ерекше. Смахан төре Бөкейхан (1881-1969 (1964) – Ә.Бөкейханның туған інісі. Әлихан «Смахан сені Мәскеуге, Петерборға, тіпті, Стамбұлға, Мысырға да жібертіп оқыта аламын. Бірақ та, сенің ел арасында болуыңды қалаймын» деп білгендіктен, қалың қазақтың ортасында ұйытқы болып отыруына сенім артқан. Ол Әлімхан Ермекұлының шақыруымен 1913 жылы Арқада құрметті қонақ болған Г.Н. Потанинге қазақ ертегілерін жазып алуына жәрдемдескен. Г.Н. Потанин қазақ еліне жасаған сапарына орай жазылған естелік жазбасында кейіннен «…С особой благодарностью я должен отнестись к Смахану Нурмухамедовичу. Он доставил мне лучших сказочников» деп алғысын білдірді. Смахан төренің «Қазақ» газетінде «Сұңқар» бүркеншік есімімен «Лепсі уезі (Кісі өлімі)», «Темірші», «Тоқырауын (Қарқаралы уезі)», «Яқұп (Жақып) туралы» (Қарқаралыдан), «Қарқаралы», «Қарқаралы оязынан», «Ақшатау», «Қазақтың қалыңмал бітімі» мақала хабарламалары жарық көрген. Бөкейхан әулеті қуғын-сүргінге түскен зобалаң жылдары өз отбасымен бірге інісі Базылханның балаларын бауырына басып, Жетісу өңіріне жылыстауға мәжбүр болады. Сталиндік жүйе қысымына алынған Смахан төре отбасымен Сібірдегі Топчиха мекеніне (қазіргі РФ Алтай өлкесі Топчиха ауданының әкімшілік орталығы) айдалып, одан соң Алтайдағы Алейская стансасына (қазіргі РФ Алтай өлкесі Алейск ауданының әкімшілік орталығы. Алейск қалалық округінің әкімшілік орталығы) жөнелтіледі. Сталин өлімінен соң атажұртқа оралып, Балқаш өңіріне орналасады. Өз қаражатына Балқаш қаласында мешіт салдырып, имандылық жолын ұстанады. Ә.Бөкейханның киген құлақшынын Талдыбейіттегі ата қорымындағы зиратқа лақаттап көміп, 1960 жылдардың басында Талдыбейіттегі Бөкейхандар әулеті қорымында Әлиханға ескерткіш белгі орнатады. Смахан төренің үлкен ұлы Жәңгір Екінші Дүниежүзілік соғыс майданына аттанарына дейін Жамбыл облысының Красногорск ауданындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. Сұрапыл шайқастарға қатысып, 1946 жылы елге мүгедек болып оралған. 1979 жылы өмірден өткен. Смахан төренің одан кейінгі перзенті – Балабаршын. Үлкен қызы – Сәуле. 1936 жылы туған Балабаршын Смаханұлы – құрылыс және архитектура саласының маманы. Смаханның елу бес жасында өмірге келген. Әкесі «Қартайған шағымда, ел-жұртымнан жырақта жүргенде туды, кәрі бүркіттің баласыңдай болып өссін» деп атын Балабаршын қойған. Балабаршыннан: Темірлан, Нұрлан, Марғұлан және Лейла атты ұл-қыз тарайды. Жұбайы Әлімхан Алтынбекқызы медицина қызметкері. Бала Әлиханның ұлт тізгінін қолына алған дара тұлғаға айналған кезеңдерінен бастап жат жерде атылған тұрлаулы тағдырын жан-жақты тереңнен қозғап жазған Смахан төре естелігі жан толқытады. Қайраткерлік күреске толы жылдарындағы арман аңсарын, мұрат-мақсатын «...Әлиханның ойы қазақтың елін, жерін, суын, қалай өмір сүруін білу үшін аралаған. Қала салып, егін салып, бала оқытып, бай-кедей демей-ақ жеткіземін деген ойға кезіп жете алмады. Әлекең «оқыдым» деп басына пайда қылмаған, мал жимаған, үй салмаған, үй тігіп, бие байлап, қымыз ішіп, қазақша дәурен сүрмеген. «Қазағым, елім!» – деп кеткен. Пара алмаған, қазақтың елін, жерін аралап көрген. Өмірін «қазақты ел қыламын» деп сарп еткен...» деп жеткізеді. Естелікте көрініс тапқан қадау-қадау оқиғалардан ұлтына қорған болған тау тұлғалы ағасына деген ет жақын бауырының алабөтен құрмет сезімін, тұтас әулетті ойрандап, шаңырағын шайқалтқан мейірімсіз саяси жүйеге деген бойды кернеген кек пен наланы сезінеміз. «...Әлекең байшыл адам емес, жанның бәрін бірдей көреді. Ешкімнен ешнәрсе алайын демейді, пара алмайды. Қазақтың қамын жеген сорлы, тілеуі қабыл болмай арманда кетті. Есенгелді, Саржан, Кенесары, Наурызбайдай арманда кетті, қайтейін! Дүние жалғанда шәһит, қиямет таңда Алла, ел үшін өліпсің! Туған адам өлмек, жау қолында шәһит болыпсың! Дүниеден кеттің арманда, армансыз кім бар жалғанда, топырағын торқа ғып, рахым айла қылғанға... Әлекең айтушы еді: – Қазақ елі – ақылы кірмеген жас бала сияқты. Баланы құшақтап сүйіп отырсаң, төсіңе сиіп жібереді. Қазаққа тиме, өмір, тұрмыс, ғылым көрсетеді, үйретеді, – деуші еді. – Оқу оқы, егін сал, пішен шап, өнер үйрен, ағаш шап, темір соқ, етік тік, мылтық ат, жақсылап ән сал! – деуші еді. Қазақ мақалы: «торғай жаңбыр жауса балапанын қорғайды, бұршақ жауса – басын қорғайды». Біздің халқымызға, елімізге басына тас жауды, бірімізді біріміз қорғай алмадық, өлігімізді көре алмадық, тірімізге амандасып қош айтыса алмадық. Орысқа оқ атпай, қылыш суырмай қараған сахарада қарусыз сорлы қазақ!..» Әлихан Бөкейхан – жаһандық деңгейдегі алып саяси тұлға. Әлімхан Ермекұлының Жайық Бектұровқа «Білім жөнінен мамандығы орман шаруашылығы, оның экономикасы болса да, ол Петербургтің, жалпы Россияның сан алуан адамдарымен тікелей араласты. Алғашқы Думаға депутат болып, орыс, Европа елдерінің көркем әдебиетін зерттеді. Көптеген оқымыстылардың, революционерлердің, кадеттердің, үкімет мүшелерінің қалың ортасында жүрді», Қалкен Мәкенбаевқа «Ол кісі Санкт-Петербург Орман техникалық институттың экономика факультетін тәмамдаған. Заң факультетіне Ленинмен қоса экстернат болып емтихан тапсырған. Терең, дария-мұхит білімді ғалым болатын. Шет елдердің тоғыз тілінде еркін сөйлеп, жаза білетін...» деген жан сырында айтылғандай, оның саяси және ғылыми, рухани және мәдени ортасы ұлттық һәм адамзаттық өркениеттің тығыз тоғысуымен дараланады. Сондықтан да, шетелдік соның ішінде орыс қайраткерлерінің қыр перзенті ғұмырының белгілі бір кезеңін қамтып жазған мұралардан қазақ халқының жанашыры, Әлиханды сыйлас досым деп айрықша бағалаған әрі 1913 жылдың маусым айында Алаш көсемі туған Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысында қазақ ертегілерін жинау мақсатында арнайы сапармен болған Григорий Николаевич Потаниннің (1835-1920) жол жазба естеліктері негізінде Томскіде Сібірді зерттеу бойынша Омбыдағы Географиялық одақтың Батыс Сібір бөлімшесінде оқылған «На притоке реки Токрау» баяндамасы оқшау тұрады. «Сібірдің әлеумет басшысы, ақ жүрек азаматы, білгір саясатшысы» (Міржақып Дулатұлы) Г.Н.Потанин «Летом 1913 года я посетил среднюю часть Каркаралинского у Семипалатинской области. Я прожил весь июнь месяц в ауле Ермековых в местности Былкылдак; так называется небольшая река, один из левых притоков другой более значительной реки, Токрау, которая течет по направлению к озеру Балхаш... Мой выбор пал на этот уезд потому, что в нем кочует родственник моего друга Алихан Букейханов, на содействие которого я мог рассчитывать; в чем я не ошибся» деп ұлы тұлғалар өсіп-өнген қазақ өлкесінің табиғатын суреттейді. «В 90 верстах моей стоянки на Былкылдаке живет брат Алихана Букейханова Смахан. Так как Ермеков предложил служить мне переводчиком при записывании сказок, то я остановился на житье в его ауле и не доехал до Смахана, но он, услыхав о моем приезде, сам приехал в Былкылдак. Его брат Алихан, постоянно живущий в Самаре, не мог этим летом приехать в Каркаралинский уезд, но он прислал письма в край, благодоря которым я познакомился с его друзьями: Хасеном Акбаевым, Якубом Акбаевым, Хасеном Биджановым и др» деп Әлиханның өзіне жәрдемдескенін құрмет сезіммен атап көрсетеді. Г.Н. Потанин соңғы жылдардағы қазақ даласындағы рухани серпіліс пен оқу-білім алуға деген құлшынысты атайды. Ұлттық оянудағы «Айқап», «Қазақ» басылымдарының өрісті ықпалына екпін жасайды. Ал, Ресей халықтарының ұлы Шығысы массондық ложасы құрамында Ә.Бөкейханмен бірге болған Лев Карлович Чермак (1862-1941), кадеттердің Самара тобының жетекшісі Александр Григорьевич Елшин (1878-1928), Алаш қайраткерінің өтінішімен Түркістан өлкесінде болып, 1916 жылғы патша жарлығына байланысты көтерілістердің жазалаушы әскерлер тарапынан аяусыз жаншылуын Дума мінберінен баяндаған Александр Федорович Керенский (1881-1970) естеліктерінде оның орыс масондығымен байланысы жазылған. Өз кезегінде башқұрт халқының мемлекет және қоғам қайраткері Зәки Уәлиди Тоған (1890-1970) естеліктерінде аласапыран дәуірдің шынайы болмысы баяндалып, Ә.Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының тарихи қызметі жан-жақты көрініс тапқан. Олардың әлеуметін ісін атқарудағы кесек мінезді өршілдігі мен жанкештілігі, ұлт алдында өтелуі тиіс перзенттік парыздарын атқаруға ар биігінен келген тағылымы бас идіреді. Түбі бір түркі әлемімен қатар шетелде тарыдай шашыраған исі қазақ баласын Алаш идеясына ұйыстырар әрі айбын болар ерен тұлғаға деген құрмет тарих толқынында еш толастаған емес. Әлихан рухы азаттық үшін арпалысқан боздақтарға күш қуат беретін жебеушіге айналды. Сондықтан Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарман көсемі Оспан батыр Исламұлының қанды балақ серігі Нұрғожай батыр Молдажанұлы (1912-1986) естелігінде «...Соңғы бітімде орыстар генералдарының басын сұрады. Генерал Банкенің сүйегін бердік. Разборовтың сүйегін бермедік. Өйткені, ол соғыс қылмыстысы еді. Көктоғайдағы орыс елшілеріне Ырысхан: – Сендер 1937 жылы Мәскеуге апарып өлтірген Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның басын әкеліп беріңдер, – деді...» деп ұлт көсемінің құнын даулаған қандастарының өрлігін үлкен тебіреніспен жазды. Ұрпақтар сабақтастығындағы осынау ілкі қасиеттер әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың тұла бойларында жаңғырып жатты. Бұл ретте Алаш қозғалысын, Алаш қайраткерлерінің өмірін шетелдерде 42 жыл бойы үзбей «Азаттық» радиосы арқылы насихаттаған [3], 1967 жылы Алашорда үкіметінің 50 жылдығын Мюнхенде атап өтуге ұйытқы болып, баяндама жасаған, сол баяндамасы Измирде шығатын «Ұлттық әрекет» журналында «Алаш» деген айдармен Әлихан Бөкейханның айшықты суретімен басылып шықан тұңғыш мақала авторы Хасен Оралтай (1933-2010) естелігіндегі тұщымды ойлардың тарихи тұлғаларды ардақтаудағы мән-мағынасы алабөтен. Отандық Әлихантанудағы естеліктерді айтқанымызда, олардың Алаш көсемі өмірінің белесті кезеңдерін тереңірек бажайлауға мүмкіндік беретінін баса көрсетеміз. Мәселен қоғам және дін қайраткері Садуақас Ғылмани (1890-1972) жазбалары арқылы жеткен ІІ Дума мүшесі, 1907 жылы Ә.Бөкейхан тапсырмасымен Түркияда болып, Ресейдің отаршылдық және шоқындыру саясатын әшкерелеген Шаймерден Қосшығұлұлы (1869/1874-1932) естелігінің де маңызы зор. Ә.Бөкейхан бастаған Алаштың елшіл перзенттерінің қазаққа қиын-қыстау күндері қорған, адасқан жұртына тұтқа болып, ұлтпен біте қайнасқан азаматтық қажыр-қайратқа толы ерен ерліктері де естеліктерде жарқын түрде көрініс тапқан. 1916 жылғы жарлыққа байланысты майданның қара жұмысына аттанып, Ә.Бөкейхан басқарған ұлт зиялыларының азаматтық істерінің куәгері болған, 1919 жылдары «Дұрыстық жолы», «Ұшқын» газеттерінің алқа мүшесі, Қарақалпақ АССР-інде әдебиет саласында көп жыл еңбек етіп, өмірінің соңғы жылдарында Мәскеуде тұрған қайраткер Тамимдар Сафиевтің (1898 жылы туған. Өмірден өткен жылы нақты анықталмаған) өлкетанушы М. Ысмағұлов өтінішімен жазылған естелігі, әкесі Рамазанға Әлихан Бөкейхандай біртуар алыптың атқосшысы болу жазған Қалдыбек Рамазанұлының естелігі (Болат Мүрсәлімнің Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған бейне-сұхбаты) үлкен маңызға ие. «Мен марттың 6-сына дейін Минскіде болдым. Әлихан Бөкейханов басында отырған Бұратана бөліміне бардым. Онда Әлихан, Міржақып, Кенжин, Есболов, тағы басқаларды көрдім. Әлихан менен жай-жағдайды, 7-дружинадағы қазақ жігіттерінің жағдайын сұрасты. Бөкейхановтың қолында «Русское слово» газетасы бар. Соны оқып көріп: Милюков, Шингарев, (ван) колар менің жолдастарым еді. Бәрі министр болып кетіпті. Мен бұл жерде не қылып отырғаным, – деп сөз етті, күлді» деген Т.Сафиевтің жүрекжарды толғанысынан Алаш көсемінің «Түймеге жарқылдаған алданбаған» (Сұлтанмахмұт) тектілігіне куә боламыз. Азаматтық сыналар сол бір қилы күндердегі Әлиханның өрлігі мен кесімді мінездегі ірілігіне боямасыз сипаттама берілгеніне сүйсініп, жанынан табылып, сүйеу болған Міржақып Дулатұлы, Асфандияр Кенжеұлы, Мырзағали Есболұлы сынды есіл ерлердің ерен ісіне бас иеміз. Ал, Қ.Рамазанұлының естелігінен «ұлық болсаң кішік бол» деген халық даналығының лебі бойынан ескен дара тұлғаның мәрттігін, кішіпейілдігін жаңа бір қырынан танимыз. Мұраттас ізбасар серігі Жүсіпбек Аймауытұлының жарқын бейнесіне қанығамыз. Ұлт көсемі Әлиханның кіндік қаны тамған Желтаудың жотасынан алқалаған әлеуметке асау заман толқынына жұтылып кетпей, жер жыртып, егін егуге кеңес берген сұңғылалығына тәнті боламыз. Большевиктердің өктем қыспағына алынып, мылтықтың дүмімен туған жері мен елінен Мәскеуге күштеп әкетілер сәттегі анасымен қоштасардағы қыр баласының «Ал, азаматтар, сендердің үкіметтерің орнады. Тоқырауынның екі жағасы қара топырақ, соған егін егіп, өзен суымен суарып, күндеріңді көріңдер. Малдарыңды кедейлерге таратып беріңдер. Таратпасаңдар, тартып алады», – деп, елмен қоштасып отырғанда төбе басынан мылтықтары шошайып, екі солдат келді. Әлихан оларға «Сейчас пойдем, сейчас пойдем» деп, ең соңында Бегім деген шешесінің алдына келіп: «Ана, алыс жолға кетіп барамын. Енді келіп, топырақ сала алмайтын шығармын. Аналық ақ сүтіңді кеш, ақ сүтіңді кеш», – деп, жылап, кимешегін көтеріп, тас боп қалған емшегін иіскегенде, 90 жастан асқан анасының емшек сүті бұлақтай аққанын көрген елдің жыламағаны қалмады. Әлихан анасының маңдайынан бір сүйіп, кетіп қалды. Ол 1922 жылдың шілдесі болатын» деген тебіренісі көзге жас алдырады. Естеліктерде Ә.Бөкейханның қиын-қыстау күндері өзінің Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметіндегі мұраттас серіктеріне қол ұшын созып, рухани және материалдық қолдау білдіріп отыруына қатысты тың мәліметтер де тұнып тұр. Сталиндік қара түнек жылдары сағы сынбаған ол «Алаш ісі» бойынша жер айдалған серіктерінің жігерін жанитын аталы сөзін айтты. Ел үшін атқарылған кемел істің әділдігі мен өміршеңдігіне иландырды. Алаш идеясына адалдығын сақтап, оларға рух берді. Оны Алаш қайраткері, қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі Жұмахан Күдерінің (1891(93)-1938) ОГПУ-НКВД тергеушілеріне берген естелік іспеттес жауабы айқындай түседі. «...Осы тұсты Жұмахан Күдерин былайша еске алады: «Вокзалдан түссек, бізді Бөкейханов күтіп тұр екен. Бәріміз қоршап тұра қалдық. Сол кезде Бөкейханов: «Жігіттер, уақыт аз. Қазір сендерді пойызға салып алып кетеді. Тез әңгімелесіп алайық. Мен сендермен кездесуге әдейілеп ресми рұқсат алып келдім», деді. Біз әңгімелесе бастаған уақытта Сұлтанбек Қожанов пен Есқараев екеуі келді. Әлекең: «Екі топқа бөлінейік. Айтарларыңды айтып қалыңдар», деді. Содан, Қожановқа бір топ кетті. Біз Әлекеңмен әңгімелесіп қалдық. Сонда, Әлекең: «Жігіттер, сендер не үшін сотталып бара жатқандарыңды білесіңдер. Сендерді соттап отырған жүйені де білесіңдер. Ешкімнің алдында кінәларың жоқ! Сендер ел үшін сотталып бара жатқан азаматсыңдар! Мұңаймаңдар! Бастарыңды төмен түсірмеңдер! Алда жақсылық болады», деп шығарып салды. Біз Воронежға барғанша көңіліміз өсіп, күліп-ойнап бардық», деп жазады [4]. Алаш қайраткері Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарған, оның аманатымен эмиграцияға өткен Мұстафа Шоқай (1890-1941), сонымен қатар, Алаш Орда Үкіметі құрамында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпайұлы, М.Тынышбайұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Б.Құрманұлы қатарында болған қайраткер, он сегіз жыл сталиндік ГУЛАГ қорлығын басынан өткерген Әлімхан Ермекұлы (1891-1970), 1942 жылдың мамырында қамауға алынып, РСФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-ші бабымен он жылға бас бостандығынан айрылған, Солтүстік Оралға жер аударылған Жайық Бектұров (1912-1998), ұзақ жылдар мәдениет саласында еңбек еткен Қалкен Мәкенбаев (1924) сынды сыралғы сыйлас азаматтарға айтып қалдырған естеліктерінен де ұлыларымыздың кіршіксіз жан әлемін танимыз. Әлімхан Ермекұлы Алаш көсемінің жаратылысы бөлек болмысын, кесек мінезін төмендегіше суреттейді: «...Әлихан ағамыз бетті, көбіне тіке кететін кісі еді. Ол осынысынан беріде көп зиян шекті. Арғы түбі төре. Сонау Тәуке хан әулетінен. Ол да мына біз сықылды бала күнінде қырда өсті. Осыдан ба, айлашарғыға, қулық сұмдыққа, ресми мәмлегерлікке шорқақтау еді. Ол мәймөңкелемеуді әсте білмейтін. Жұртты бет-жүзің демей, мінін тіке айтып салатын. Әрине, мұндай кісіні жұрт онша жақсы көре бермейді. Ал, мұндай өткірлік, қатаң мінез аса білімді, әділ, турашыл, бұқпантайды жек көретін, күш-жігері тасыған қайратты адамның ғана бойында болады. Осындай қасиетінен ол жұртқа нанғыш та еді. Алдауға да көп түсіп қалатын еді. Жұрттың бәрін өзіндей турашыл көретін. Қандай ресми, мықты басшы адамдармен сөйлескенде де Әлихан тікесінен кететін. Жылқыда еріні салбыраған, арқасы қырдай, бұлшық еттері тоқпақтай, кеудесі сала-құлаш, тұяқтары күректей, жүрісі қатты, үстіндегі адамды желісі тұрсын, аяңының өзі соғып тастайтын аттар болатын. Қыс ауыр жүк артып, шанаға жеккенде, қалың қарды омыраулап, қамытын екі иығына тигізбей ойнатып, қар басқан жолдың бұлқан-талқанын шығаратын қабырғалы аттар болатын. Біздің Әлихан ағамыз дәл сол тұяғы жерді ошақ орнындай ойып тастайтын, аспанға ұшырған қармен шанадағы адамды көміп, бет қаратпай, арбашананы ойнақтатып отыратын, құндыздығынан су төгілген тұлпардай еді». Әлиханның психологиялық портретін тануда мұраттас серіктері мен замандас қаламгерлер жарларының естеліктері бір төбе. Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың зайыбы Мария Шоқай (1888-1969), Мұхтар Әуезовтің зайыбы Валентина Николаевна Әуезова (Кузьмина) (1904-1977), Әлихан Бөкейханның күйеу баласы, мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан Сәбит Мұқановтың зайыбы Мариям Қожахмет қызы Мұқан келіні (1909-2010), тарихшы ғалым, Әлихан Бөкейханның қызы Лизаның қайраткер Смағұл Сәдуақасұлының біраз мұрағатын әкесіне тапсырғанын жазған Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова (1929-1993) естеліктеріндегі шағын ғана айшықтардан Ә.Бөкейханның өзгеше тұрпаттағы сом бейнесін аңғарамыз. Мәселен Валентина Николаевна Әуезова (Кузьмина) «Ондай зиялы, бiлiмдi әрi мысымен адамды басып жiберетiн қазақты көрмедiм», Мариям Қожахмет қызы Мұқан келіні «Бөкейханов келбетті адам екен. Үстінде етегі жер сызған, жағасын алтайы қызыл түлкіден салған қымбат тоны бар. Кескін-кейпі патшадай болып көрінді маған. Такаппар, суық жүзді» деп ағынан жарылып, өзгеше бітімдегі табиғатына бойлайды. Сонымен қатар, сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, асылдың сынығы іспеттес Ахат Шәкәрімұлы (1900-1984), Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова (1915-2010), Үшкөлтай Субханбердина (1927-2008) естеліктері перзенттік сағыныш аңсарында жазылып, Әлиханның отаншылдық рухында қалыптасқан ояну дәуірі алыптарының тау-тұлғаларын әдеби-тарихи бірлікте жеткізуімен ерекше күйге бөлейді. Қазақтың жаңа тұрпаттағы ұлттық элитасын қалыптастырған ұлы дала тумасының кісілік келбеті, ұлық тұлғасы 1926-1927 жылдары КСРО ҒА Одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі комитет мүшесі академик А.Е.Ферсман, профессор С.И.Руденко басшылығымен Қазақстан және Алтай бойынша ұйымдастырылған экспедициялары жұмысына қатысқан, экспедиция жұмысы барысында Ә.Бөкейханмен бірлесіп қызмет атқарған Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985), Алаш рухы ұлт қайраткерлерімен сыйластықта болған әкенің тәлім-тәрбиесімен бойына дарыған Қайым Мұхамедханұлы (1916-2004), тоталитаризм қысымына иілместен «Қазақ тарихындағы бір үлкен асқар бел – Алашорданың құрылғаны» деп объективті бағалап, қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы бірегей тұлғалар тұрғысында құрметтеп өткен Бауыржан Момышұлының (1910-1982) сан алуан сипаттағы естелік жазбаларының да Әлихан бастаған ұлт қайраткерлерінің рух дидарын танудағы маңызы ерен [5]. Атап айтқанда, Ә. Марғұлан барша исі қазақ баласының оны шын мәніндегі ұлт көсемі деп шексіз құрметтеп, төбесіне көтеріп ардақтауын: «Ол кезде Бөкейханов секілді қазақтың бірегей ұлдары қудалауда жүрсе де, сондағы жұрт Әлихан Бөкейхановтың құрметіне тай сойды. Қазақ әдетте тек ең құрметті қонағына тай әлде құлын сояды» деген толғанысымен әдіптейді [6]. Алаш көсемінің өмірі мен қайраткерлігі тікелей немесе жанама түрде қамтылып жазылған кейбір естеліктерге кеңестік идеология талабындағы біржақтылық тән. 1946 жылдың желтоқсан – 1947 жылдың қаңтар айларында Ә. Жангелдиннің (1884-1953) өз аузынан тарих ғылымдарының кандидаты Р.И. Голубева жазып алған естеліктердегі Ә.Бөкейханға қатысты құжатты деректер соны көрсетеді. Иә, Әлихан Бөкейханның қайраткерлік тұлғасын танудағы қоғамдық сана серпілісі ұнамды құбылыс. Алаш көсемінің қарапайым кісілік болмыс-бітімінен бастап қайраткерлік тұлғасына, елдік мұраттағы өмірлік мақсатына үңілуде замандастары мен үзеңгілестері жазған естеліктердің мән-мағынасы ерен. Әрине, жоғарыда шолу тұрғысынан қарастырылған әралуан сипаттағы отандық естеліктерді әлемдік мемуарлық естеліктер табиғатымен салыстыра зерделегенде, кемерінен асып жатқан кемелділікті де, жанр талабының қисынымен қабыса бермейтін өзіндік ерекшеліктердің де барын аңғарамыз. Азатшыл рухтағы бұлқыныстарды аяусыз жаншып отырған коммунистік жүйенің имансыз саясатына қарамастан исі қазақ баласының Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш идеясына деген құрметі ешқашан толастаған емес. Оған тоталитарлық қысым жылдары жазылған естелік жазбалар толықтай дәлел бола алады [7].
Қорыта айтқанда, ұлт перзентінің жасампаздық ғұмырынан жазылған естеліктердің тақырып аясы барынша кең. Олардан туған жері мен өскен ортасы, ататегі мен ағайын-туысқандары, отбасы мен сыралғы серіктері, балалық шағынан бастап бірегей тұлғасының қалыптасу жолдарын, рухани және ғылыми айналасын, тар жол, тайғақ кешулі саяси-қоғамдық қызметінің белесті кезеңдеріне қатысты қадау-қадау құнды деректерге қанығамыз.
Яғни, ұлы дала перзентінің ғаламдық ойсана биігіндегі сан салалы іргелі ғылыми және рухани мұрасынан қуат алған елшіл ұрпақтың да мұраты тау суындай тасқынды болары хақ.
1.2 Ә. Бөкейхановтың азаматтық тұлғасының қалыптасуы
Қазіргі таңда қазақ халқы ұлттық жаңғыртуға, егемен мемлекет қалыптасуы мен Қазақстан Республикасының дүние жүзілік тарихи процесте алатын орнын айқындауда оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып отыр. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және құқықтық мемлекет дәрежесі қазақ халқының ғасырлар бойындағы отаршылдық пен тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі сипатындағы ұлттық мемлекеттілікке бағытгалған күресі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы» деген пікірін белгілі дәрежеде, әрине мемлекеттікті гуманистік, демократиялық құндылық ретіндt бағалау деп қабылдауға болады. Осындай қажеттілік Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезендерін толық зерттеп, қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп отыр.
Ұлттық тәуелсіздік күресінің жемісі болып саналатын Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы тарихы ұлт зиялылары,оның ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы жемісі ретінде болды. Себебі кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе негізінде қалыптасқан ойлар ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайларда біржақты етіп көрсетіп, ақиқатты бұрмалап теріс пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болуы мен орнығуына жол ашты. Алайда, Қазақстан Республикасының өз егемендігі мен тәуелсіздігін алуына байланысты, тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта зерттеп, зерделесу мүмкіндігі туды. Отан тарихында халықтың өзін-өзі тануы, мемлекеттілік мәселесіндегі қиын да күрделі процестерді зерттеу нәтижесінде, әрбір тарихи кезеңдерде ұлттық зиялылар кызметі арқылы жүретіндігі мәлім. Солардың бірі өзінің көп үлесін қосқан елім ,жерім деген Әлихан Бөкейханов болды.
Яғни, Әлихан Бөкейхановтардың қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекеттілік үшін жүргізген күресін зерттеу бізге XX ғасыр басында қазақ қоғамы балама даму жолы болды ма, әлде большевиктер ұсынған бағыт жалғыз ба еді, міне сол сияқты күрделі мәселені терең ұғыну үшін қажет. Яғни, жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Әзіханұлы Райымжан ақсақалдың айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін бір келгенінде естіп білген Нұрмұхамед, қарсылық білдірмейді, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргенен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училишесіне түседі. Училишені ойдағыдай бітіргеннен кейін Қарқаралы уезі бастығы оған «Бұл куәліктің иесі Қарқаралы уезі Тоқырауын болысы сұлтанның баласы, мұсылман, он алты жастағы Нұрмұхамедұлы Әлихан, қаралы қаласының қазақ балаларына арналған мектепте 1879 жылдың 16 қыркүйегінен 1886 жылдың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытты. Қарқаралы қаласының: үш жылдық училицесінде 1886 жылдың маусымында болған соңғы сынақтан (емтиханнан) өткеннен соң, қалалық училише курсының сабақтарын «өте жақсы» деген бағамен бітірді делінген аттестат» алды... Қазақ мектебінде оқып жүріп ол, Нұрмұхамедұлы, етікші. мамандығын меңгеріп алды және бұл кәсіппен өз бетінше шұғылдануына ерікті» - делінген куәлік береді. Бұл куәлік 16 жастағы Әлиханға Омбыға жүрер алдында берілсе керек. 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училицеге «пансионер» болып қабылданды.
Омбының техникалық училишесі (ОТУ) 1882. жылы Ресей императорының жарлығымен ашылған. Училиде жаңа салына бастаған Сібір темір жолы торабына арнап төменгі техникалық мамандар даярлауға тиіс болатын. Училишеге қабылдау талабы айтарлықтай қатаң болған. Біраз балалар училищенің емтихандарынан өте алмай қайтып кетіп жатқан. 10 жыл ішінде мамандық алып шыққан 70 түлектің (кейінгі жылдары училише құлдырап кеткен 14% дворян балалары, 3% - дін басылары, 59% - қала тұрғындары және 24% шаруа балалары екен. Ал училишенің мақсаты мен білім дәрежесін ОТУ-дың көп жылғы директоры - Н.Е.Доброховтың 1886 жылы тұңғыш түлектері алдында сөйлеген сөзінен аңғаруға, болады: «Қымбатты менің достарым... Қызметтерініздің алғашқы. кезеңдеріңде сіздерге қара жұмыспен айналысуға тура келеді. Бірақ сіздер оған қобалжымаңыздар, өйткені солай болуға тиіс.
Дегенменде сіздер қоғам үшін жаңа адамдарсыздар, сондықтан да, қарапайым жұмысшыға қарағанда, сіздердің білімдеріңіз әлдеқайда жоғары екенін сіздер өз ерен еңбектеріңізбең дәлелдеулеріңіз қажет. Сіздердің ол артықшылықтарыңыз белгілі уақыттан кейін айқын көрінеді. Менің сіздерге берер ақылым - бел буып еңбек етіңіздер» [8, 87б].
ОТУ-дың төртжылдық курсында дәстүрлі сабақтармен қатар, теориялық механика, көтергіш. машинелер мен сорғыштар сияқты күрделі пәндерді қамтитын. Ағаш өңдейтін, темір құрал-сайман жөндейтін шеберхана мен физика-химия кабинеттерінде күнбе-күн сабақтар өткізілетін. Ал 3 кластан 4 класқа өтетін жылы оқушылар зауыттарға, диірмен және теміржол шеберханаларына тәжірибелік жұмыстарға жіберілетін еді.
Міне, Әлиханның Омбы техникалық училиесіндегі оқуы осындай жағдайда өтіп жатты. Жазғы демалыс. күндерін ол елінде өткізетін. Ал оқу бітіретін мезгіл жақындағанда, ОТУ директорына өзінің оқуын жалғастырғысы келетіндігін, Санкт-Петербордың императорлық Орман институтына түспек ойы бар екендігін білдіреді. Директор өз тарапынан Қарқаралы уезінің бастығына оның «(Әлиханның) өте жақсы оқып, үлгілі тәртіп көрсетуіне байланысты оның жоғарғы оқу орнына баруы өте қажет, сол себепті оған оқуға бару үшін қазақ қауымдастығы стипендиясының берілуі жалғаса берілсін...» - деген өтініш хат жолдайды. Тағы бір айта кететін жай: сол, 1890 жылы мамыр айында ол ОТУ директоры Н.Е.Добротовқа өзінің фамилиясы Нұрмұхамедұлы емес, Бөкейхан екендігін білдіреді. Әлихан Бөкейханның кейін лауазым аттары көп зерттеу, мақалаларына «Қыр баласы», «Сын степей», «V», Киргиз-степняк» (К. Степняк), «Туземец», «Арысұлы», «А.Б.», «Қ.Б», «Ғ.Б» деп қол қойып отырған [9, 165б].
Райымжан Әзіханұлы Бөкейхан мен Экономист Мұхамбетқали Жақсалиевтің айтуына қарағанда, Әлекеңнің Кеңес дәуіріндегі баспа беттерінде жарияланған мақалаларына қол қойып отырған «Қалмақбай» деген лақап есімдері болған. Келешекте оның тағы басқа жасырын аттары анықталары анық.
Әлиханның қай жылдан бастап «Бөкейхан» фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. Омбының техникалық училешесін «техник» мамандығымен бітірді деген 1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: «Сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы» атына толтырылған. Ондағы оқуды жиырма жастағы Әлихан орыс тілі мен орыс тарихынан, геометрия, алгебра, тригонометрия, физика, механика, ағаш пен металды өңдеу тәсілдері, есептеу мен құрылыс өнері сабақтарынан «үздік»; сызу, сурет салу пәндері мен шеберханалардағы тәжірибе жұмыстарынан «жақсы» деген бағамен бітіреді. «Құдай заңы» сабағынан Әлихан мұсылман болуына байланысты босатылған.
1890 жылы шілденің 30 күні Дала генерал-губернаторы канцеляриясынан Орман институтының профессоры Бородинге жазылған ұсыныс-хатын және қазақ қауымдастығынан берілген 200 сом стипендиясын алып «қырғыз баласы» - (сұлтан- Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Ресей империясының астанасы Санкт-Петерборға ат басын түзейді. Әлихан Бөкейханның Ресей астанасындағы өткізген жылдары марксизм «елесінің» Еуропаны шарлап капиталистік қарым-қатынастарға енді аяқ басқан Ресейге жетіп, ірі-ірі кәсіпорындар шоғырланған қалаларында марксистік үйірмелердің кең қанат жая бастаған кезеңімен қатар келеді. Бұл орыс жұмысшы табының сана-сезімі ояна бастаған кез, марксистік және тағы басқа саяси ұйымдар мен партиялар пайда болып, солардың «ықпалымен жұмысшы стачкалары мен студенттік толқулар бой көрсете бастаған уақыт болатынды [10, 25б].
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік күндерін қалай өткізгендігі жайында Англияның әйгілі білім ордасы – Оксфорд университетінің «Орта Азияны зерттеу қоғамы» өзінің «Қазақтар 1917 жылға дейінгі орыстар туралы» атты кітабында «Ә.Бөкейхан жас күнінде орнықты революционер, социалист болды және «Зарзаман» атты орыстарға қарсы әдеби топтың мүшесі болды», - деп жазады. Кешегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінін жұртшылықпен байланыс орталығынан келген бір құжатта «Әлихан Бөкейхан... Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлы ілік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әрқашан да әсіре солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда ол экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» - деген мәлімет. берілген. Ал Санкт-Петерборлық «Новая жизнь» газеті 1906 жылы «Ә.Бәкейхан 1894 жылы, Орман институтының 4 курс студенті: күндері студенттік толқуларға қатынасты...» - деп жазды [11, 58 б.].
Сонымен қатар жоғарыда берілген құжат үзінділерінде айтылғандай, Әлихан күнделікті сабактарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа да студенттік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі Феодалдық қарым-қатынастардан әлі арыла қоймаған, рулық, феодалдық күрес-тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры оны қатты толғандыра бастайды.
Қараңғылық пен надандық, шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең алдымен білім мен мәдениет керек екендігін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдер ры елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәденеті ілімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды.
Құжаттардан табылған материалдарға қарағанда, Әлихан Бөкейхан жандармерия басқармасының назарына алғашқы рет осы жылдары да – 1937 жылдың қыркүйегінде «халық жауы» юолып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ. Орман институтын ойдағыдай бітіріп; Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагоктық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіпің қуғын-сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда да отырды.
Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, қысқасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген саңаулы ғалымдардың бірі. Санкт-Петербордың Орман институтын орман экономисі мамандығымен бітіреді де, 1894 жылы Омбы қайта оралады. Оралған бойда алдымен төменгі дәрежедегі орман мектебіне қабылданып, екі жылдай уақыт өз мамамндығы бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан бастап Әлекең ғылыми жұмыстарға көңіл бөледі.
«Жер жөніндегі министрліктің Ф.А.Шербина баскарған экспедициясы күткендей-ақ Бөкейханның ынтық назарына тап болды», - деп жазды Санкт-Петерборлық «Новая жизнь» газеті 1906 жылы. Кейін ғылыми жетекшісінің атымен «Шетбина экспедициясы» атанған бұл экспедиция 1896-1901 жылдар аралығында сол кездегі Қазақ өлкесінің Ақмола және Семей облыстарының 12 уезін іс атқарады. Әлихан бұл экспедицияға дейін Тобыл гүбернісінде жүргізілген санақ (статистика) жұмыстарына араласып, біраз тәжірибе жинап та үлгерген. ІЦербин экспедициясына ол алғашқыда статистик ретінде шақырылып, кейін экспедицияның жеке зерттеу тобын басқарып жұмыс істеген [12].
Қорыта айтқанда, белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Әлихан Букейханов сынды алаш арысының өмірбаяны жөнінде қысқаша баяндап және өмірлік жолында қандай еңбек сіңіргенін баядап өттік. Яғни, әлихан Бокейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандағы сөзсіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырман Абайдын творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиын.
Жалпы, қазақ демократиялық интеллигенциясы үшін әр уақытта ең негізгі мәселе — жер мәселесі болды. Патша үкіметі, оның мұрагері болған Уақытша үкімет, ең соңында Кеңес үкіметі мен қазақ демократиялық интеллигенциясы арасындағы кейде ашық, кейде астыртын жүріп отырған күрес, арбасулардың түп-тамыры, қайнар көзі осы жер мәселесі еді. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде бұл мәселенің қазақ елі үшін қоғамдық маңызын ғылыми тұрғыдан өз дәрежесінде көтеріп және терең түсіндіріп берген қайраткер, ғалым, әрине, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді. Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметінде жүргенде де ол үшін жер мәселесі ең негізгі мәселе болып қала берді. Олай болса, Ә.Бөкейханов бұл кезеңде жер мәселесін қалай түсінді және оны шешудің қандай жолдарын ұсынды? Енді осы сауалға жауап іздеп көрелік.
Уақытша үкімет қайшылықты, әлжуаз билік екендігін, ал қайсыбір қоғамдық мәселелерді шешуге келгенде патша үкіметінің тікелей мұрагері болғандығын, әсіресе жер саясаты анық көрсетіп берді. Жеңіске дейін соғысу саясатын жүргізе отырып, ол екі бірдей оттың ортасында қалды. Бір жағынан, үкімет соғыс жағдайында әскерді және ішкі сұранысты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шаруалардың талап-тілегімен аз да болса есептесуге мәжбүр болса, екінші жағынан, ол орыс буржуазиясы мен билеуші топтарының үкіметі бола отырып, жер мәселесін демократиялық негізде біржола шешуді Құрылтай жиналысына қалдырды. Министрлер Кеңесінің төрағасы князь Львов 1917 жылғы 15 сәуірде барлық облыстарға жіберген № 72228 жарлығында «шаруаларға өздеріне тиесілі жерге егін салуға кедергі жасалынбасын, жерге байланысты мәселелерді әркім өз бетінше шешпейтін болсын, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажет жағдай қалыптастырылсын» деп көрсетіп, ал жерге байланысты дауларды шешіп отыру үшін болыстық және уездік комитеттер жанынан егіншілер мен жер иеленушілерден құралатын татуластыру комиссияларын құруды ұсынды. Бұған қосымша Егіншілік министрлігі «жер аз, яки жерсіз шаруалар жер жыртып, егін егу үшін бос жерлердің бәрін жерге мұқтаж шаруалар биылша пайдалансын» деген нұсқау береді. Бұл шаралар, біріншіден, шаруалардың белгілі бір бөлігінің таптық наразылығының бәсеңдеуіне ықпалын тигізсе, екіншіден, азық-түлік тапшылығын аз да болса шешуге жағдай туғызған еді.
Мұндай шаралардың 1916 жылғы көтерілістен кейін қазақ облыстарындағы ұлтаралық шиеленісті бәсеңдету мақсатында да қарастырылғандығын байқаймыз. Осы жылдың 3 сәуірінде егіншілік министрінің орынбасары Волков Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу, Сырдария және Томск облыстық переселен мекемелеріне 1038-нөмірлі жеделхат жіберіп, онда жер мәселесін Құрылтай жиналысы шешкенге дейін қазақ пайдасында тұрған жерлерден екі жақ ынтымақтасып, ризашылықпен келіскен орындарда ғана болмаса, жер кесу тоқталады. Заманның осындай ауыр шағында қазақтың мал шаруасының құтын шайқамас үшін бұрын алынған, бұл күнге дейін мұжық орнамаған һәм жазылмаған учаскелер қазақ ауылдық қоғамдарының пайдалануына биылша тегін берілсін" деп көрсетілген еді [13, 119б.].
Сөйтіп, мамыр айында бүкіл империя көлеміндегідей, қазақ облыстарында да жер комитеттерін сайлау науқаны басталып кетті. Бұл шын мәнінде аса маңызды саяси шара болатын. Өйткені Уақытша үкімет Құрылтай жиналысына ұсынбақ болған жер реформасына байлагысты құжаттың мазмұны жергілікті жерлердегі комитеттердің бұл мәселеге байланысты өз мүдделерін қоя білуі мен оны өткізе алуына көп тәуелді еді. Қазақ демократиялық интеллигенциясы Уақытша үкіметтің жер комитеттерін құру туралы шарасын осы тұрғыдан қабылдады. «Қазақ» газеті сәуір айынан бастап Уақытша үкіметтің жер комитеттері туралы ережесін, оларды құру жолдары мен тәртібін түсіндіруді көздеген түрлі материалдар жариялай бастайды. Ал оның 1917 жылғы 24 маусымдағы санында 1 шілдеден бастап бүкіл қазақ облыстарында жүретін ауыл шаруашылығы есебіне байланысты бір топ қазақ зиялыларының «Қазақ халқына (Есеп алу тақырыпты)» атты үндеуі жарияланады Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Жәнібеков, С.Кәдірбаев, Е.Омаров, Е.Тұрмұхамедов және Н.Бегімбетов қол қойған бұл үндеу ең алдымен халыққа жүргелі тұрған санақтың мән-жайын түсіндіруді көздеді. «Бұрын өкімет есеп аларда, қазақ сенбейтін еді» деп көрсетілді үндеуде. — «Жеріміз мол, егінді көп саламыз десек, жерден айрыламыз ғой» деп қорқатын еді. «Малымызды көп көрсетсек, алым-шығын көп түседі» деп жасыратын еді. Адам есебін алатын болса «неге адам есебін алады, бізден солдат алғалы жүрмесін» деп сезіктенетін еді. Қысқасы, қазақ ескі өкіметтің расына да, өтірігіне де бірдей сенбейтін еді. Онысының қисыны да бар еді«, — деген ойды білдіріп, одан ары заманның өзгергенін, ендігі жағдайда санаққа бұрынғы көзқараспен қарауға болмайтындығын айтып, оның нақты және дәрежелі себептерін келтіреді [14, 77 б.].
Ал осы уақытта Уақытша үкіметтің жергілікті орындардағы жер саясаты қандай күйде еді? Бұл ретте ең алдымен көзге ұратын жағдай — Уақытша үкіметтің қазақ облыстарындағы жер мәселесінде ескі үкіметтің саясатын кішкене де болса өзгертуге құлықсыздық танытқандығы. Анығырақ айтқанда, ол бұл салада патшалық биліктің мұрагері еді. Мұны неден байқауға болады?
1) Уақытша үкімет революцияға дейінгі қазақ облыстарындағы жер мәселесінен жақсы хабарлар бола отырып, революциядан кейінгі уақытта өткен облыстық қазақ съездерінің ішкі Ресейден орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуына шек қою, переселен мекемелерін жою, сөйтіп, жер мәселесін белгілі бір жүйеге келтіру туралы өтініштеріне құлақ аспады. Мәселен, мамыр айының орта тұсына қарай облыстық комиссарлар атына жарлық ретінде мынадай мазмұндағы жеделхат таратылды:
«Прошу оповестить Исполнительные Комитеты, общественные организации, что в целях удовлетворения разнообразных нужд переселение и поддерживания неокрепших переселенческих хозяйств, участников войны необходимо сохранение в неприкословности переселенческой организации и безостановочная ее деятельность. Все отпускаемые сметы и кредиты для нужды переселения могут быть расходуемы по закону исключительно через заведывающими районами, которые ответствуют за правильное их расходование.
За министра Земледелия Волков. Чиновник особых поручений Переселенческого Управления Гедымин» [15, 97б.].
Мұндай сипаттағы саясатты жүргізудегі мақсат патша үкіметінің Қазақстан сияқты шет аймақтардағы отарлау саясатында қол жеткен жетістіктерді біржола бекіте түсу, сол арқылы империялық үстемдіктің жаңа түрін қамтамасыз ету еді. Осы мүддені көздеген орталық Переселен басқармасы 1917 жылы 29 наурызда № 11 жарлық түріндегі қатынас хатымен өзінің облыстық мекемелеріне жаңа қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада қоныс аударушылар үшін дайындалған учаскелердің көлемі мен құрамын анықтауға бағытталған шараларды іске асыруды тапсырады. Осы нұсқауды орындау мақсатында өткізілген Жетісу облыстық переселен мекемелері қызметкерлерінің жиналысында мынадай шешімдер қабылдады:
«І. Әлі де пайдалынылмай жатқан жер қорларын түгел есепке алып, бұрынғы дайындаған учаскелерді қайта қарау үшін барлық шағын аудандарда арнайы комиссия құрылсын...
ІІ. Жер қорын нақты пайдалану үшін бұратаналарды да, ескі орыс тұрғындарын да және жаңа қоныстанушыларды да жаппай жерге орналастыру қажет» [16, 64б.].
Көріп отырғанымыздай, бұл құжаттан жер мәселесінде патша үкіметі ұстанған негізгі екі бағыт өз жалғасын тапқан. Олар, біріншіден, сол бұрынғыдай қоныс аударушыларды орналастыратын жер қорларын дайындау, екіншіден, сол қорларды молырақ жасау үшін қазақтарды жаппай жерге орналастыру.
2) 1917 жылы қыркүйек айында Алматыда болып өткен Жетісу облыстық қазақ съезі 1916 жылғы көтерілістің себеп-салдары туралы мәселе қарап, көтерілістің шығуына бірден-бір себеп болған Велецкий басқарған облыстық переселен мекемесінің «қазақ халқын жақсы жерден махрум» қалдыруды көздеген қаскүнем саясаты екендігі айтылып, съезд Министрлер Кеңесінің Төрағасы мен егіншілік министріне Велецкийдің ісін тексеріп, өзін жауапқа тартуды сұрайды. Ал бұл кезде Велецкий мырза Орынбор губерниялық Мемлекеттік мүлік мекемесін басқарушы еді.
Міне, осы сияқты бұрынғы патша чиновниктерінің жаңа билік тұсындағы отаршыл іс-әрекетін баяндайтын фактілерді басқа облыстардан да келтіруге болатын еді.
3. Уақытша үкіметтің переселен мекемелер жүйесін сақтап қалудағы тағы бір мақсаты ақпан революциясынан кейінгі айларда жаңа орынға қоныс аударған шаруалардың арасында, кейін ішкі Ресейге қайта көшу туралы қозғалыс бас көтере бастайды, соған жол бермеу еді. Егіншілік министрлігі мен Переселен басқармасы 1917 жылы маусымда жергілікті билік орындарына жолдаған № 367 ресми хатында «Оралдың арғы ьетіне барып орналасқан қоныс аударушылардың арасында соңғы кезде отанына қайтып тез арада помещиктер жерін бөліске салу ниетінен туындаған қозғалыс байқалады. Қоныс аударушылардың қайсыбірі жаңа жерде жинаған мүліктерін жаппай сатып, салған егіндік жерлерін, пішенін тастап, Ресейдегі помещиктер жерін бөліске салу үшін асығыс қайтуда» деп көрсетіп, бұл қозғалысты өріс алдырмай тоқтатуға қажет шараларды іске асыруды өтінеді.
Переселендерді ішкі Ресейге қайтармау шараларын 1917 жылы маусым айында өткен Жетісу облыстық орыс шаруалары съезі де қарастырды. Съезде баяндама жасаған облыстық переселен мекемесінің бастығы Гончаревский орыс шаруалары кейін Ресейге қайта көшіп помещиктік, мемлекеттік, монастырлық және басқа жерлерді бөліске салған күннің өзінде Жетісудағыдай құнарлы жер үлесі оларға тимейтіндігін жан-жақты негіздей келіп, облыста аграрлық мәселені шешудің мынадай жолын ұсынады: «Орыс селоларының мұқтажын өтеуді бірінші кезекке қоя отырып, оларға қазақ пен қырғыздардың жарамды егіс жерлерді мен шабындықтарынан кесіп әперу керек. Бұл іспен жер комитеттері шұғылданып, біраз жер Құрылтай жиналысына дейін-ақ бөлініп берілуге тиіс, ал мәселені біржола Құрылтай жиналысы шешеді» [17, 27б.].
Сонымен, қорыта айтқанда, Уақытша үкімет және оның жергілкті мекемелері жер мәселесін Құрылтай жиналысына қалдырғанымен, шын мәнінде ашықтан-ашық отарлау саясатын ұстанды, ал Орталық Переселен басқармасы бастаған ескі патша чиновниктері бұрынғы билік тұсында істеп үлгермеген істерін Құрылтайға дейін орындап алуға тырысты.
Әрине, қазақ демократиялық интеллигенциясының Уақытша үкіметтің жер саясатына көзқарасы, ақпан және қазан революциялық өзгерістері аралығында бір күйде болды десек қателікке ұрынар едік. Егер олар шілде оқиғалары дәне шілдедегі бірінші жалпықазақ съезіне дейін жер мәселесін жаңа билік шеңберінде, Құрылтай жиналысы арқылы шешуге сенімді болса, жағдай мүлдем шиеленісіп кеткен 17-жылдың екінші жартысында бұл мәселенің біржола шешілуін ұлттық мемлекеттік дербестікпен байланыстыра қарады.
Ә. Бөкейханов 1917 жылғы көктемде Торғай облысында болған жер дауларына жиі араласып, қазақтарға басу айтып, тек заңдық негізде ғана әрекет жасауды қатаң түрде талап етеді. Оның мұндай айқындамасын Илек болысы № 2 ауылы қазақтары 1917 жылы 13 мамырда облыстық управа төрағасы Ткаченко мен оның орынбасары Қадырбаевтың қатысуымен қабылданған шешімге келіспейтіндітерін білдіреді. Даудың тіптен өзара қақтығысқа апаруынан қауіптенген Ә.Бөкейханов № 2 ауыл қазақтарына: «...Орыс пен қазақ жерлері арасына соқамен жыртылып шеп тартылатын болады, одан ары қазақтар малдарын жіберіп, пішен орып, егін екпейтін болсын.
Орыстармен ұрыспай, жарасымды өмір сүруді өтінемін. Өйтпеген жағдайда қазақтар жазаланатын болады» деп жазды.
Ал қазақтарға көрші орыс селосының Азаматтық Комитетіне жазған қатынас хатында: «...В настоящее переходное время в интересах государства и закрепления завоеванных свобод необходимо, чтобы все граждане России без различия партии, национальности и вероисповедения, жили между собою в ладу, помогая по силе возможности друг другу.
Поэтому прошу граждан участка № 434 принять свои меры, чтобы не было никаких столкновений и недоразумений на земской основе...» деп, оларды да өзара жарасылымдыққа шақырды [6,37 б.].
Шілде айынан бастап Ә.Бөкейхановтың жер және басқа қоғамдық мәселелерге байланысты көзқарасы принціптік өзгерістерге ұшырайды. Оған себепші болған, біріншіден, Уақытша үкіметтің жалпы империя көлеміндегі саяси процестерді игеру қабілетінің күн өткен сайын төмендеуі болса, екіншіден, өз құрамына енген кадеттер партиясы мен мақсат-мүддесі айқындала түскен ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі принціптік мәселелерде өзара жітінің алшақтай түсуі еді. Егер империя көлемінде мемлекеттік тәртіптің анархиялық көріністерге орын бере бастауы ұлттық мемлекеттік дербестік туралы мәселені неғұрлым батылырақ қоюға итермелесе, ұлттық бостандық үшін күрес қарқынының өсуі көптеген мәселелерді, соның ішінде, ең алдымен, жер туралы мәселені ашық-анық, ұлттық мүдде тұрғысынан дербес көтеруді талап етті, бұдан былайғы оқиғалар ағымы ресейлік саяси ұйымының жетегінде жүруді көтермеді.
Ә.Бөкейхановтың бұл кезеңдегі жер мәселесіне байланысты көзқарасы, белгілі дәрежеде, шілдедегі бірінші жалпықазақ съезінің шешімдерінде, сондай-ақ одан кейінгі уақыттағы жазған материалдарында, әсіресе «Жалпы Сібір съезі» атты мақаласында айқын көрінді. Шілдедегі жалпықазақ съезінде ол кадет партиясы құрамынан шығуының басты себебі есебінде жер мәселесін келтіріп «Кадет» партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөг дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді" деп түсіндіріп, қазақтарда мүліктенген жердің болмауын, жердің ауылға, болысқа берілуін жақтады.
1917 жылдың күзіне қарай Ә.Бөкейхновтың қазақ елінің болашақ мемлекеттік құрылымы туралы көзқарасы да белгілі бір жүйеге түсіп қалғанын байқаймыз. Ол өзінің бұл мәселеге қатысты көзқарасын Сібір съезінен қайтар жолда Семейдегі қазақ жұртшылығымен болған кездесуде сөйлеген сөзінде баяндайды. Оның қысқа мазмұны мынаған саяды:
1) Ресей көп ұлтты, үлкен мемлекет. Оның құрамында,ы әрбір халықтың төл даму жолынан, күнделікті тіршілігінен туындап жатқан өз ерекшелітері бар. Ал «осындай тілі, жаратылысы, жаны бір-бірінен бөлек халықтарды бір топ кісі қандай ақылды болса да, бәрінің керегін біліп, бәріне лайықты заң жасап, бір орталықтан басқара алмайды. Лайықты заңды өздеріне өзері ғана жасай алуға мүмкін». Жалпыға бірдей қолайлы заң шығаратын орын — Құрылтай жиналысы.
2) Құрылтай жиналысына қазақ елінен сайланған депутаттар Ресей мемлекетінің автономиялар (өз билігі өзінде) одағы болуын қолдағаны жөн Ал «автономия үш түрлі: 1) қаны біркелкі, 2) жері біргелкі, 3) шаруасы біргелік».
3) Қазақ елі жеке автономия алуға әзір емес. Өйткені «автономияны жүргізіп әкетерлік кісіміз тіпті жеткіліксіз, қазақтың жалпысын тарих даярлаған жоз». Сондықтан қазақ елі «жері біргелкі автономияны қабылдапСібірге» қосыла тұрады. Қай күні өзін-өзі басқаруға жараса, сол күні Сібірден бөлініп автономия алмақ.
Ә.Бөкейханов бұл сөзінде қазақ облыстарының Түркістанмен бірігіп автономия құруына үзілді-кесілді қарсы. Оның пікірінше, бұл екі жақ та мәдениетінің төмендігіне байланысты өздерін-өзі басқаруға даяр емес. Ал қосылған күнде , инициатива діни реакциялық күштердің қолына ауып кетуі толық ықтимал.
Ә.Бөкейхановтың бұл айтылған пікірлері қайшылықсыз емес-тін. Оны көп ұзамай уақыттың өзі-ақ көрсетіп берген болатын. Ол жөнінде әңгіме келесі тарауда болмақ. Біз әзірге Уақытша үкімет комиссары Ә.Бөкейхановтың 17 жылдың күзіне қарай қоғамдық көзқарасында болып өткен өзгерістерді баяндаумен тоқталмақпыз.
Ә.Бөкейхнов 1917 жылы 15 желтоқсанда, яғни оны Алашорда үкіметінің төрағасы етіп сайлаған екінші жалпықазақ съезі аяқталған күннің ертеңіне комиссарлық қызметтен отставкаға кететіндігін мәлімдеді. Бұл, әрине, оның саяси қайраткерлік жолындағы тағы бір кезеңнің аяқталуы ғана емес, сонымен бірге осы уақытқа дейін өзі алдына мақсат етіп қойған мүдделер үшін күрестің жаңа жағдайда, келесі жаңа кезеңнің басталуы еді.
1.3 Қазақ халқының азаттығы үшін күресі
XX ғасырдың бас кезінде Әлихан және басқа да қазақ зиялылары мемлекеттік жайындағы өз ой-пікірлерін «Айқап» журналы, «Қазақ», «Дала уалаяты», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақстан», «Бірлік туы» газеттері арқылы халыққа жеткізуге тырысты [1].
Әлихан Бөкейхановтардың қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекеттілік үшін жүргізген күресін зерттеу бізге XX ғасыр басында қазақ қоғамы балама даму жолы болды ма, әлде большевиктер ұсынған бағыт жалғыз ба еді, міне сол сияқты күрделі мәселені терең ұғыну үшін қажет.
Жалпы, «Әлихан Бөкейхановтың өмірі, саяси көшбасшылық қызметі және шығармашылық мұрасы» атты бүгінгі зерттеп отырған ғылыми жұмыс барысыда осы жоғарыда және төменде келтірілген деректерге сүйенеді.
Яғни, алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілі Әлихан Бөкейханов қазақ елін отарлық езгіден құтқаруда, ұлт-азаттық жолындағы күресте, өз мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы күресте әрдайым көш бастаушы болды. Әлихан Бөкейхановтың алға қойған басты мақсаттарының бірі мемлекеттілік мәселесі еді. Мемлекеттілік мәселесін шешуде Ресей Думасын, патша әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты.
Қазақ халқы көптеген қиыншылықрды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болсада» халық жағайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты. Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады. Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия- шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді.
Тарих сахнасына Алашорда - Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды [18, 20-21бб]. 70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ.
Аты аңызға айналған барлық түркі-халықтарының атасы - «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру.
Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері (мей қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын - сүргіннің құрбандары болды. Осыған қарамастан Алаш қайраткерінің» іс-әрекенері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ер мен тарихта хатталып қалды. Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына айналды [19, 28б].
ХХ сырдың, бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселе 4, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты Және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекстін бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды. немен аяқталды, соған тоқталайық.
1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік, еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып алудан. қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне депутат сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады
Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы кадеттердің ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор (Ғаласында өткен екінші жалпы қазақ сьезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық Мемлекет құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясының көлемінде бұл аса зор оқиға болғанымен, отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХҮШ ғасырдан бергі өз бостандығы мен теңдігі жолында патша империясына қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын.
Тарих сахнасына Алашорда - Халық кеңесі үйіметінің алып келген ұлттық күрестің басында ұлттық интеллегенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап қазақ елін басқа өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол -ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір-біріне байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей респуликасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.
«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлар сиякты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуды жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші барлық адамдардың атын халық қалауына салады [20, 3б].
«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт табиғи ету жағына бастайды.
Сонымен қатар либералдар «монефисі» жекеменшікті иелену құқығы мен жеке бастамамен сөйлеу құқығы тұтынудың еркін таңдау құқығы мен жердің құнарлылығы мен адамдардың еңбекқорлығынан пайда көру мүмкіндігі» сияқты азаматтардың негізгі құқықтарына назар аударады.
Алаш бағдарламасының жобасы бойынша дін мемлекеттен бөлек тұруы керек, барлық діндер тең құуқылы, дінге-сенудің және діни нанымдардың еркіндігі жария етіледі. Бағдарламаның кейбір ережелері Ресей отарлау саясатының зардаптарын қоюға бағытталған еді.
XX ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалынсыз Ә. Бөкейханов сияқты ірі қайраткерлердің қалыптасуы, әрине, мүмкін еместін. Оның өмір жолын айқындауда, әсіресе, Ұлы Француз революциясының және орыс азаттық қозғалысы мен гуманистік әдебиетінің орны ерекше болды. 1917 жылдың жазында Уақытша өкіметтің комиссары қызметінде жүріп жазған мақаласында ол: «бостандық, теңдік, туысқандық ХҮІІІ ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға, салған Франция жұртының саяси ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан, Лев Николаевич Толстой философиясынан табылады, көзі ашық талапты ер іздесе. Бұл үш ұраннан бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады» - деп жазды [21, 33б].
ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс қалған түпкірді табу қиын болар еді. Ә. Бөкейханов сол өткен жісырдың 80 жылдары империяның шығыстағы ірі саяси орталықтарының бірі Омбы қаласында техникалық училицеде оқыды. Бірақ оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, Санкт-Питербургте орман-техникалық институтнда оқып жүрген жылдарына түс келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатынасып, ХХ ғасырдың босағасынан аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындағы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
1896 жыл үкімет органдарының шешімімен Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы жер жағдайың -дертіепі; қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қаныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылды. Ә. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысуға мүдделілік танытқандардың бірі болды. Оның ойы бойынша бұл жұмыс сол тарихи кезеңде қазақ жұрты үшін зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Экспедиция алдына мынадай міндеттер қойылды:
Көшпелі шаруашылықтың жер пайдалану әдіс-тәсілдерінің заңдылықтарына көз жеткізу;
Қазақтарды ауылдық қауымға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бойынша жіктеу;
Сол жерде шаруашылықтарға қажет төрт түлік малдың көлемін есептеп шығару;
Әр түтіктің керекті жайылым мөлшерін яки жер нормасын анықтау;
Этикалық жағынан, жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи даму тұрғысынан зерттеу [22, 3б].
Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығын қамтыған Щербина экспедициясы шын мәнінде қыруар шаруа бітіріп, аталған облытарда 12 уездерден жиналған материалдардың негізінде 13 томнан тұрған ғылыми зерттеу еңбегін бастырып шығады.
Сонымен бірінші; орыс революциясынан кейінгі кезеңде қазақ оқығандарының алғашқы ізденіс нәтижесінде жасаған тұжырымы - қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен алып шығатын жол Ресей арқылы жеткен дамудың батыстық нұсқасы, басқашаша айтқанда, буржуазиялық қатынастарға жол ашу еді 1910 жылы Жарық көрген мақаласында Ә. Бөкейханов ол туралы былай деп жазды. «Таяу болашақта алада қырғыз арасында қалыптасып келе жатқан саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы ықтимал. Олардын бірі-Ұлттық діни атанып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі - батыстық бағытта... Алғашқысы үлгі ретінде мұсылман татар партияларын алса, соңғысы - орыс оппозициялық, мәселен, «халық еркіндігі» партиясын алуы мүмкін [23, 28б].
1918 жылға дейінгі қазақ қоғамының саясі және рухани өмірінде аса үлкен рол атқарған «қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуінде Ә. Бөкейханантың атқарған еңбегі аса зор. 1913 жылдың ақпанынан шыға бастаған «қазаққа» дейін жалпы ұлттық газет шығару әрекеті ілгері баспаған. Оның газет шығару ісіндегі мол тәжірибесі 1896-1907 жылдары «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос степи» сияқты газеттерді істеуі, Мемлекетгік Дума депутаты ретінде сол кезеңдегі Ресей жоғары билік -орындарына жақын адамдармен тікелей таныс болуы «қазақты» ұйыздастыруда аз роль атқарған жоқ. Газеттің алғашқы сандарынан бастап ол «қыр баласы» атты жамылғы есіммен мақалалар жазылып, ең күрделі және өзекті мәселелер бойынша негізгі авторға айналды. 1914 жылғы наурыз айында Ташкентте тұратын темір жол инженері М Тынышбаев Иркункдегі өзінің танысына: «..В Оренбурге издаетея киргизская газета поэтами-киргизами Байтурсыновами и Дулатовам, людми преданомо своему делу Руководит А.Букейханов, конечно, я имею касательство и подписываю. Газета очень распространяется», - деп хабарлайды. Әрине, «қазақты» шығаруда қыр баласының рөлін асыра бағалауға, немесе оның ұстаған бағдары мен редактордың бағытын шағыстыруға болмайтындығы түсінікті. Дегенмен, газетті. ұйымдастыруда Ә. Бөкейхановтың еңбегін өз дәрежесінде бағаламау да әділесіздікке жатар еді [24, 56б].
1916 жылы оқиғасына байланысты, ғылыми әдебиетте болашақ Алаш партиясының негізін қалаған қазақ интелегенттерінің «сатқындық» ролі туралы пікір қалыптасқан. Бұл тұжырымды мәселеге қатысты фактілердің бәрін де талдау арқылы жасалынған деп айту қиын. Өйткеңі зерттеушілер «қазақ» газетінде жарияланған екі-үш материал, төнірегінде ғана сөз қозғап келді. Ал осы газетте ертерек жарияланған мақалалар мен архивтік документтер назардан тыс қалып қойды. әскерге адам беру мәселесін «қазақ» 1915 жылы көтеріп, бүкіл қазақ жұртын қамтыған пікір-сайыс туғызып, елдің ортақ пікірін біліп, мынадай тұжырымдар жасаған болатын: «қазақтың осы соғыс үстінде солдат алынбау; солдат алудан бұрын метрикке түзеу үшін муфтиликке қарау, лажысыз алынатын болғанда жаяу солдат болмай, атты әскер болу, казақ-орыс пен жер-су һәм правода теңгерілу» [25, 5-6бб].
Жалпы айтқанда, бұл тарауда біз «Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы екенін атап өттік. Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады.
Сондай-ақ, Столыпин реформасы кезінде, “Қазақ жерінің екі ұшы қолда, - дей келе, - бір ұшы қазақта, екінші ұшы орыста, әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айырылып қалып жатыр”, ал “қазақ жерін алғанға риза ма, жоқ па” онымен санасып жатқан ешкім де жоқ деп мысал келтіруге болады.
Туған халқын құлдық бұғаудан құтқару мақсатында патша үкіметімен ымырасыз күрес жүргізген, ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып қатысушылардың бірі – Бақатжан Қаратаев студент кезінен-ақ қозғалыстарға белсене араласып отырды. Бақытжан қаратаевтың осындай оғаш қылықтарын сезіп қалған үкімет адамдары оны оқу бітірісімен қазақ өлкесіне жібермей, құлақ естімеген Кутаиси қаласына жібереді. Өйткені, 1891 жылы патша үкіметі қазақ өлкесін басқарудың жаңа далалық ережесін даярлап жатқан еді. Сондықтан да олар үшін әкімшілік Сенатында шенеунік қазақтың жүргені қауіпті болып көрінсе керек.
Бақытжан Бисәліұлы 1905 жылы шілдеде бір топ қазақ депутациясын бастап, ІІ Николай патшаның қабылдауында болды. Партиясының бағдарламасын талқылап, оның жер жөніндегі тауаршасын қазақ мұңына лайықтап “қайта тұжырымдаған” бес облыс делегаттары съезі деп аталған қазақ интеллигенция өкілдерінің әрекеттеріне ат салысады.
Б.Қаратаев ІІ Мемлекеттік Дума басталғанға дейін де, одан кейін де аграралық мәселемен Петербургке бірнеше қайтара барады. Ол бұл жөнінде 1911 жылы “Айқап” журналына: “1905-інші жылы Орал һәм Торғай облыстарынан көп адамдар Петерборға барып, патша ағзамды һәм министрлерді көріп, жер тұрғысында, жер қазақтардың өзіне де жеткіліксіз деп; Қазақ адамдарының ішінде мен де бар едім”, - деп жазады.
Бақытжан көшпенді және жартылай көшпенді қазақ шаруалары енді отырықшылыққа бейімделе бастаған жергілікті тұрғындарды ата-мекенінен күшпен ығыстыру арқылы отырықшы жер қорын ұлғайта түсу саясатына үзілді-кесілді қарсы шықты.
1907-1916 жылдар аралығында Б.Қаратаев ел аралап, үгіт-насихат жұмысымен айналысады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсы “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттеріне мақалалар жазады. Осы жол арқылы “Қоныстандыру қорының” жерге деген тойымсыз әрекетін әшкерелейді.
Мұхаметжан Тынышпаев қазақ халқының саяси өміріне белсене араласқан азаматтардың бірі. Тіршілік тыныс оған қоғамдық ой-санасының қалыптасуын тездетті. Ол қазақ халқының қайғысын өз көзімен, көріп, оны жеңілдетудің әдісін іздеді.
Мұхамеджан Тынышбайұлы – 1879 жылы туған. Қазақ арасынан шыққан тұңғыш темір жол инженері. ІІ Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Алматыдағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Сонсоң, Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын институтқа түскен. Осы оқу орнында жүрген жылдары оның саяси көзқарасы қалыптасады. 1905 жылғы Петербордағы автономияшылар одағының І құрылтайына қатысып, “Қазақтар һәм азаттық қозғалысы” деген тақырыпта баяндама жасаған. Онда “генерал-губернаторлықты жойып, азаматтық басқару жүйесіне көшу, мемлекеттік Думаға халықтың санына сәйкес мандат беру, ар-ождан, сөз бостандығын беру, баспахана, газет-журналдар ашу, т.б.” мәселелерін көтерген. Қазақтың өз еліндегі және шетелдегі саны, қоныстану жиілігі, т.б. зерттеп, ең алғашқы ғылыми-демографиялық еңбек жазған. Кеңес одағы кезінде ол өз мамандығы бойынша түрлі қызметтер істеді. Бірақ Алаш партиясына мүше болғандығы себепті НКВД соңына түсіп, 1932 жылы тұтқындап, Воронежге жер аударады. Есіл ер сол жатқа көз жұмады [26].
Мәмбетәлі Сердалин ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қазақ даласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Ол Петербург университетінде оқып жүрген “Жерлестер одағы” атты студенттік ұйымға қатысқаны үшін оқудан шығарылады. Ал 1888жылы Омбы техникалық училищесіне түседі. Алайда, саяси сенімсіз Анненков, Аргутинский-Догоруков, Казанский, Гончаренко сияқты адамдармен байланыс жасағаны үшін бұл оқудан да шығарылады. Петропавл қаласының полицмейстрі 1889 жылғы 4 наурыздағы 112 нөмірлі Ақмола губернаторына жазған хатында Сердалинмен жеке кездесіп, үкімет бақылауындағы “сенімсіз адамдармен” байланысын үзуін ескерткенін, алайда Сердалин сол адамдармен кездесуін тоқтатпағанын, оның бұл әрекеті Омбы техникалық училищесінің басқармасына хабарлап, оқудан шығарылғанын айтады.
М.Сердалиннің Петербург университетінен шығарылуы, одан кейін Омбы техникалық училищесінен қуылып, жасырын бақылауға лаынуы, сонымен қатар Омбы, Қызылжар, Көкшетау қалаларына жер аударылған революционерлермен және социал-демократиялық ұйым мүшелерімен тығыз байланыс жасап, олардың жасырын жиналыстарына қатысуы патша үкіметін елеңдетпей қоймады. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққаны үшін 1890 жылы абақтыға да отырғызылады.
Мәмбетәлінің көзқарасының қалыптасуына қазақ қоғамындағы болып жатқан патша билігінің шектен тыс қанауы үлкен әсер етті. Ол туған ауылындағы қарапайым шаруалардың сұрықсыз өміріне көп бақылау қояды.
Ол щербина жұмысын “Оның (Щербинаның – С.С.) еңбегіндегі қазаққа деген көзқарасы бастан бір жақты.
Щербинаның даланың сусыз қалауына тек қана қазақтардың өзі кінәлі деген пікірінің жалған екендігін көрсете келіп, ол жерді алды-артына қарамай жырта беруден сақтандырады. Ол жер мәселесіне қатысты өз ойын ашық білдіреді. Қазақтың көп жерлері сортаң болғандықтан бұл жерлерде егін егу қолайсыз деп көрсетеді. “1889 жылдан бастап орыс шаруалары біздің жерге қоныс аудара бастады. Дала табиғатының жағдайын білмей олар бұл жерлерді “жұмақ” төрі деп есептесе керек, алайда олар қателесті” дей келе, сол келімсектердің үй-жайын тастап қайтадан өздерінің келген жақтарына қайтып жатқанын баса айтады [27].
Мәмбетәлі осындай шағымдармен әділдік іздеп талай әкімдердің алдына барады. Еш нәтиже шықпаған соң Санкт-Петербургке барып патша ағзамға жолықпақшы болды. Ол Петербургте Дума депутаттары Әлихан Бөкейханов пен бақытжан қаратаевқа жолығып, өзінің келген сапарының жәй-жапсарын айтып ақылдасады. Ол бірнеше министрліктерге, соның ішінде Жер департаментіне де барады. Думаның мұсылман фракциясында да болады. Алайда, олардан еш қайран болмады. Солтүстік кавказ тер облысынан сайланған депутат Қарауылов арқылы мәмбетәлі патшаға рұқсат алып, алты сөзден тұратын арыз жазады. Патша оған “Безобразие. Вернуть. Николай” деп бұрыштама қойып қабылдамай тастайды.
Жер мәселесіне қатысты ойын “Айқап” журналы арқылы қауым жұрттың талқысына салған азаматтың бірі – заңгер Райымжан Мәрсеков.
Стольпиннің реформасына қарсы шығады. Қазақ женінің тарылып, суы мол, шұрайлы, шабындықты жерлердің келімсектерге берілуі, оның үстіне олардың тоқтаусыз қазақ даласына ағылуы жанына қатты батады.
Райымжан Мәрсеков өзінің “Қазақ қайтсе жерге ие болады?” деген мақаласында қазақ жерін отарлаудан аман алып қалу керектігіне жауап іздейді. “ … талай кісілер Петербургке шейін барып қайтып жүр, бірақ соның бір-біреуі қалдыра алмай жүр. Бәлкім олар жөнін, жолын тауып іздей алмаған шығар”, - деп жазады. “Біз баяғыда бір жағы Қытай патшасынан, бір жағы ақ патшадан елшілер келіп бізге қараңдар деп сөз салғанда, біз ақ патшаға қараймыз, әділеті көп, халқы да тыныштықты тілейді, кеңшілігі мол деп қараған жұрт едік, оқ атып, қылыш суырмай бар жер, суымызбен. Енді бізді іске алғысыз қылып көз жасымызға қалуға лайық па? – деп халықсенген “ақ патшаның” арам ісіне ызаланады. Жер турасында қалай да болса біреулермен кеңесіп, бір шетін шығарукеректігін айтады. “ойлап тұрсақ, бізге бұл біреумен кеңесіп, хал жағдайымызды ойлап бұл жер жұмысының турасында қол біріктіріп іс қылу керек”. “Ата қонысынан айырылған қазақ жайлы”, “Жер мәселесі” атты мақаларында патша үкіметінің қазақ халқының жері есебінен жүргізілген қонысаудару саясатына, оны жүзеге асырудағы озбырлықпен заңсыздықтарға қарсы наразылық білдірген [28].
“Соңғы өткен 15-20 жылдарға көз салсақ біздің Қазақстан жер кеткен екен, кеткенде де жерінің жақсысы кетіп өздері сығылыса-сығылыса барған сайын жиынтық жерлерге кетіп жатыр. Әсіресе соңғы 3-5 жылдың ішінде жер қатты тарады”, - деп қазақ жерінің қалмай, барлығы үкімет қазынасына кетіп, ендігі жерде отырған үй орындарынан да айырылып, жердің бәрі мұжық есебіне кеткеніне күйінеді. “Бұлай тұруымызда не қасиет?” деп қынжылыс білдіреді.
Қазақ интеллигенциясының өкілдері “Айқап” журналы арқылы “Қазақ жерін қалай аман алып қалсақ” деген ой төңірегінде кеңесіп, өз ойларын ортаға салып отырды. Соның бірі Райымжан мен Мұхамед-Сәлім Көшімовтың арасындағы әңгіме. Райымжан бұл әңгіме барысында “жерді аман сақтаудың бірден бір жолы отырықшылыққа көшу, диқаншылықпен айналысу, әйтпесе, келген хахолдар жылдан-жылға жақсы жерді алып кетіп барады, қазаққа нашар жерлер қалып, мал шаруасы мен шөл болатұғынға ұрынып жатыр, бара-бара тау мен тас, құм мен шөл болатұғынға ұқсайды. Ондай жерлерде мал бағу шаруасыменен тұру мүмкін болмас, сондықтан ол үшін “әр дуаннан ел адамдары бір жерге жиналыс өткізсе”, - дейді. Бұл яғни қазақтың алдыңғы қатарлы өкілдерінің басын қосып съезд өткізсе деген ұйғарымы еді.
“Буржуазиялық демократ” деген атқа ие болған, орыс езгісіне қарсы күресіп, жер мәселесіне қатысты пікірлер айтқан, қазақ зиялыларымен тығыз араласып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің ауырлығын шешуге тырысқандар қатарында Жаһанша Сейдалин де бар еді.
Қазақ интеллигенциясының өкілдері «Айқап» журналы арқылы «Қазақ жерін қалай аман алып қалсақ» деген ой төңірегінде кеңесіп, өз ойларын ортаға салып отырды.
«Буржуазиялық демократ» деген атқа ие болған, орыс езгісіне қарсы күресіп, жер мәселесіне қатысты пікірлер айтқан, қазақ зиялыларымен тығыз араласып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің ауырлығын шешуге тырысқандар қатарында Жаһанша Сейдалин де бар еді.
1906 жылы «Бостандық Манифесінен» кейін Ж.Сейдалин қазақ халқының ар-ождан бостандығы, дін, жер мәселесіне қатысты орыс және татар баспасөз беттерінде мақалалар жариялайды. Жаһанша осы жылы Орынборда шыққан газетті ұйымдастырады. Аграрлық мәселе оның өміріндегі негізгі мәселеге айналды. «Айқап» журналы шықпай тұрып ол осы аграрлық мәселеге қатысты мақалаларын «Оренбургский край» газетінің беттерінде жариялап отырды. Ол патша үкіметінің қазақ жерін мемлекет меншігіне айналдырған 1868жылы заңына сәйкес «Аграрлық мәселе» деген мақала жазады. Сонымен қатар ол патшаның әкімдеріне қазақ жерінің «артық» деген жерлерді ал дегенге жөн-жосықсыз ала бергендері барып тұрған қанаушылық екендігін білдіреді. Жаһанша қазақтардың орыс шаруаларына деген қастығы жоқ екенін, керісінше өздерін тартып, артық жерлерін өз еріктерімен қоныстанушыларға бергендігін жазады.
Өз заманының озық ойлы азаматы Барлыбек патша үкіметінің ұлттық езгісіне, Столыпиннің реформасына, қазақ халқының аянышты тұрмысына, жердің тарылуына, отарлық империя саясатының езгісіне қарсы шығады. Барлыбек Сыртанов пен Ахметкәрім Зейнуллин «Семиреяенские областные отдел» деп аталатын патша үкімет газетінде «Туземный отдел» деп аталатын арнайы айдар аштырады. Бұл бөлімде көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі, орыс шенеуніктерінің жүргізіп отырған саясаты хақында мәселелер көтеріліп отырған. Бұл бөлім патша, губернатордың бұйрығымен кейін жабылып қалады. Барлыбек Сыртанов 1911 жылдың мамыр айында әскери Митингіге, 1911 жылдың 12 маусымында Түркістан генерал-губернаторына өтініш-хаттар жазады. Ол қазақ жеріне тоқтаусыз келіп жатқан келімсектердің легін тоқтату үшін, әрі олар үшін қазақ жерінен ығысып, шөл далаға кетіп, қара шекпенділерге Қоныстандыру Басқармасының «рахымы» деп берілген жерлерді қазақ жері екенін түсіндіру үшін кеңес өткізуге әрекет жасады. Нәтижесінде, 1910 жылы Ұзынағашта сол төңіректегі қазақтарды жинап, өзі баяндама жасап, халыққа үкіметтің отарлау саясатының мәнін түсіндіруге тырысады.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қызу араласқан Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналын ашудағы еңбегі зор. Мұхамеджан Троицк қаласында медреседе оқып, одан кейін Қостанай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде білім алады. Бірнеше жыл Арал өңірінде сабақ беріп, қазақ балаларын ғылым-білімге үйретеді. Далаға сапармен көбірек жүргендіктен Мұхаметжан ауыл қазақтарының тұрмысымен етене таныс болады. Троицк қаласында Мұхаметжан көзі ашық зиялы қауыммен, ақыл-ой иелерімен, орыс, татар ағартушыларымен танысады. 1905-1907 жылдары М.Сералин қазақ арасында революциялық идеяны таратты. Ол қазақ шаруаларына патша үкіметінің қанау саясатын түсіндірді. Халық арасында ықпалы күшті болғандықтан депутаттыққа кандидатурасын ұсынды. Бірақ, одан қорыққан бай-билер қара күйе жағып, ақыры оның кандидатурасын алғызып тастайды.
М.Сералин жер мәселесіне қатты көңіл бөлді. Ол өзінің «Қазақ даласына хат», «Айқап» журналының ең бірінші саныдағы мақалаларында жер мәселесіне тоқтала келіп, патша үкіметінің саясатына қарсы шығады. Мұхаметжан қазақ халқының тіршілік көзінің бірден бірі мал екенін айта келе, сол үшін жерден де айырылмауымыз керек деп топшылайды. Ол үшін «қала сал, жиылып отыр, аз да болса жақсы жерің қолыңда қалады» - дейді.
Патша үкіметінің қазақ өлкесіне қатысты заң-жобаларының, бұйрық, циркулярына М.Сералин сынмен қарады. «... Заң қабылданып шығатұғын болса қазаққа қаншама жағымды болар дейсің» деп шығып жатқан заңдардың барып тұрған «отаршыл заң» екеніне халықтың көзін жеткізуге тырысады. Ол қазақ шаруалары мен орыс келімсектерінің арасындағы зорлық-зомбылық былай тұрсын, кей кезде қақтығыстардың да болатынында атап көрсетті.
Қазақ интеллигенттерінің бірі Мыржақып Дулатов та қазақ өлкесіне жүргізіліп отырған патша үкіметінің саясатына қатысты мақаласын «Серке» газетінің 1907 жылғы 2 санында жариялайды. «Біздің мақсатымыз» деген атпен жарық көрген бұл мақалада «Қазағым менің, елім менің!» деп басталып, 1905 жылы Қарқаралыдағы бас көтеру мен Оралдағы құрылтайдағы қазақ халқының айтқан талаптарын көрсетеді. Міржақып қазақ халқының көзін ашуға талпынып «Оян, қазақ!» деген ақ патшаның әрекетін әшкерелеген кітабын жариялайды. Қазақ елінің патша боданына кріп, жер-судың қазыналық болып, мұжыққа кеткенін ашына жырлады. Ақын патша үкіметінің қазақтарды малға жайлы, шұрайлы жерлерден ысыруға бағытталған саясатын әшкерелейді.
Жылынды мың сегіз жүз алпыс сегіз,
Қазыналық, деді, жірдің һәммасын да.
Тарылып жылдан-жылға жер, суымыз,
Мұжықтың кетті бәрі қаласына.
Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер.
Мұжыққа, хош аман бол, барасың да.
Қасиетті бабамызды зираты,
Қалдың ғой көшесінің арасында.
Ата-баба бейітін қарамай бұзып, орнына переселен поселкелерін салып, сүйектерін қорлап, зират тастарын монша салуға алып, қазақ жұртын мазақ қылып, емін-еркін алшаң басқан мұжыққа ызаланады. Келімсектер қара құрттай қаптап, қазаққа жер де қалдырмады:
Көрдім ғой бұл уақытта тарылғанын,
Алынбас ілтифатқа жалынғаның.
Он бестен кісі басы десятина,
Жер берсе сонда қазақ нешік халің?-деп, енді қазақ көзіңді аш, осы уақытқа шейін сұлық жатқаның жетер, басыңды көтер, елің, жерің, дінің үшін күрес дейді [28]. М.Дулатовты қазақтың езілген, адасқан, тығырыққа кез келген халын осылайша дәл көрсетті. «Оян, қазақ!» кітабы патша үкіметіне ұнамағандықтан М.Дулатов қамауға алынады. Омбы жандарымдық Басқармасының ротмистрі Леваневскийдің 1911 жылы 13 маусымда Семей генерал-губернаторына құпия түрде М.Дулатовты кінәлі деп, үстінен сот ісі қозғалғаны жөнінде мәлімет түседі. Патша үкіметі М.Дулатовты 103-ші баптың 2-ші тармағы бойынша қылмысты деп тауып, бір жыл түрмеде отыру үкімін шығарады. М.Дулатов бұл үкімге риза болмайды. Семей округтік сотының шешімі бойынша 200 сом мөлшерінде ақшалай төлем беріліп, қамаудан босатылады. Бірақ артын ала губернатор Тройницкийдің бұйрығымен ол қайтадан Семей абақтысына жабылады. Мыржақып Семей абақтысында 1912 жылдың желтоқсанына дейін отырып шығады.
«Оян, қазақ!» бүкіл қазақ даласын тарады. Бұл патша шенеуніктерін алаңдатпай қоймады. Сондықтан, қолда бар кітапты жинап алып, сауда орындарында сатуға тиым салған бұйрықтар бірінен кейін бірі шығып жатты.
Орыс қоныстанушыларының легі қазақ шаруаларының жерінің тарылу қаупін туғызды. Міржақып қазақ жерін қалай аман сақтап қалу керек, «бұрынғыдай көшіп жүру керек пе, 15 десятинадан ер басына жер кестіріп қала салу керек пе?» деген ойын «Айқап» журналына жазады. Осылайша М.Дулатов баспасөз бетіне шыққан мақалалары арқылы қазақ халқының сана-сезімін оятып, жер мәселесін шешуде бағыт-бағдар беруге тырысты.
Сонымен, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі патша езгісіне түскен қазақ қоғамындағы отарлық саясатымен күрескен өз жерін, дінін, тілін сақтап қалуға жанталасқан қазақ интеллигенттерінің күрес барыс осы еді.
2. Ә. Бөкейхановтың саяси көшбасшылық қызметі және «Алаш Орда»
2.1 Саяси көшбасшы Ә. Бөкейханов және біртұтас Алаш идеясы.
Ә.Н. Бөкейханның саяси, қоғамдық, мемлекеттік қызметтері қай дәрежеде болды? Соңғы жылдары Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның осы қоғамдық-саяси қайраткерлігі жайында М.Қойгелдиев, Х.Әбішен, Б.Қойшыбаев және тағы басқалардың бірталай үлкенді-кішілі мақалалары жарияланды. Ол мақалалар әлі де болса, бүкіл Ресей империясының еуропалық деңгейіндегі саяси-қоғам, мемлекет қайраткерлерінің назарын өзіне аударған Әлихандай алып тұлғаны жан-жақты таныта алмайды. Оның атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалды аманат-мұрасы ұзақ жылдар бойы терең, әрі жан-жақты жинастырып, қарастыруды талап ететін мол дүние.
Ағылшын зерттеушілері «Бөкейхан жас күлінде орнықты революционер және социалист», - деп жазса, - «Студенттік кезеңдері ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әрқашан да әсіре солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда ол экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын», - деп жазды Санкт-Петерборлық «Новая жизнь» газеті [25, 62с.]. Ал, кешегі КСРО-ның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұраайынан алынған құжаттардың бірінде мынадай жолдар бар: «1894 жылы 4 курстың студенті Ә. Бөкейхан студенттік толқуларға қатынасты». Міне, осы келтірілген мысалдардан Әлиханның студенттік күндерінен-ақ Ресейдің саяси өмірімен қайнасып, марксизм уағыздарымен жақын танысқандығын көреміз. Сөйтіп оның Ресей империясының қоғамдық, мемлекет құрылымына деген, оның қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы Санкт-Петербордың Орман институты студенті күндері-ақ қалыптаса бастаған. Оқуын бітіріп 1894 жылы Омбыға ол марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп білген, саяси-қоғамдық көзқарасы орнықты, күрес-тартыстан белгілі тәжірибесі бас саяси күрескер ретінде қайта оралады. Омбыға оралған бетте қаланың прогрессивті, демократиялық бағыттағы зиялыларымен, саяси жер аударылғандармен тез тіл табысып, тығыз қарым-қатынаста болады. Астанадағы қоғам, мемлекет қайраткерлерімен де хабарын үзбейді. Омбының саяси-әлеуметтік, қоғамдық тұрмысына белсене араласады. Студенттік күндері социализм уағыздарына қызығып, социалистік партияның қатарына өтіп үлгерген Әлихан Бөкейхан шамамен 1900-1905 жылдары «Халық бостандығы» партиясының қатарына да өтеді. Өзі осы партияның қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында шағын тобын ұйымдастырады. Омбының социал-демократиялық бағыт ұстаған «Степной край», «Степной вениск», «Степной пионер» секілді газеттерінде және Санкт-Петерборлық «Сибирские вопросы», «Новая жизнь», тағы басқа басылымдарда мезгіл-мезгіл саяси мақалалары шығып тұрады. Мәселен, омбылық «Степной пионер» газетінде жарияланған бір топ, саяси мақалаларында ол 1905-1907 жылдар аралығында қазақ даласына Ресейдің түпкір-түпкірінен келімсектердің теңіздей ағылуына дем берген. П.Столыпинның реформаторлық саясатын алғашқылардың бірі болып батыл сынға алады. Ол саясаттың авантюристтік мәнін әшкерелейді. Әлихан Бөкей: Саяси көзқарасының пісіп жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері, әрі қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының уағыздаушы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуйна осы Омбы кезеңінің орны ерекше болды. 1905 жылдан кейін қазақтың ұлттық қозғалысы анағұрлым саяси түр-сипат ала бастады, Әлихан өізінің 1910 жылы «Қазіргі дәуір мемлекеттеріндегі ұлттық қозғалыстың түрлері» атты жинаққа кірген «Қазақтар» теген еңбегінде көрсеткеніндей, қазақ даласында екі саяси ағым пайда болды. Бірі - Бұхара мен Түркістанға бет ұстаған дәстүршіл, панисламшыл ағым. Бұл ағымды татар, Түркістан медреселерін бітірген исламның кертартпа қайраткерлері уағыздады. Екінші бағыт оған қарағанда жаңа, пантүркілік ыңғайда болып, негізінен Батыс өркениетін үлгі тұғты. Орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған қазақ зиялыларының Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпайұлы, М.Дулатұлы, және Ж.Досмұхамедұлдары бастаған тобы осы ағымға жататынды [29, 83б.].
Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, патша үкіметіне сақтана қарады және Ресей империясына қарсы ашық күрестің әлі ерте екендігін анық түсінді. Сондықтан, ең алдымен халықтың сана-сезімін оятатын барлық жағдайды жасау керек деп білді, сол мақсатта күш-қуаттарын аясады. Орыстың либералды шамадағы солшыл саяси партияларымен ымыраға келуге болады деп үміттенді. Қазақ зиялыларының бұл тобы қазақ халқын ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, Еуропа; мәдениетіне, өркениетіне жеткізуді көздеді.
Міне осындай, көзқарастағы Әлихан Бөкейхан 1905 жылдың қарап әскеуге өткен «жергілікті және қала қайраткерлерінің сьезіне (сьезд земских и городских деятелей) қатынасады. Сьезде Ә.Бөкейхан 5 миллионға жуық қазақ халқының тіл, діни және тағы, басқа бостандықтары мәселесін көтереді: «..ближайшей нуждой казахов является свобода в употреблении родного языка, особенно необходимая в виду предстояшей выборной агитации, и я присоединяюсь к предложению тех товарищей которые просили сьезд высказаться за немедленную отмену всех ограничений в правах местных языков». Әлиханның бұл сөзінің үзіндісі «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 8 желтоқсан күнгі санында басылды [30, 53б.].
1906 жылдың 15 маусымында ол Ресейдің 1 Мемлекеттік думасына Семей қазақтары атынан бір ауыздан депутат болып сайланады. Ресейдің І Мемлекеттік думасы өзінің жұмысын 27 сәуірде бастаған болатын. Әлиханның депутаттыққа сайлануынан қорыққан Дала генерал-губернаторы Галкин өзі тікелей бұйрық беріп, 1906 жылдың 9 қаңтарында алдағы сайлау мәселесімен үгіт-насихамат жүргізіп жүрген Әлекеңді Павлодар маңындағы бір орыс деревнясында «в порядке охраны, как руководителя киргизского политического движения», - деген сылтаумен, бес айдан аса уақыт, яғни Мемлекеттік думаға тікелей сайлау науқаны басталғанша ұстайды. Әлекеңнің 1916 жылы жарық көрген «Выборы в степи» атты естелігінде,» оны тұтқындауға қалтасынан табылған Санкт-Петерборда кадет партиясының сьезі өтетіндігін хабарлап, соған шақырған генерал Корниловтың телеграмы «сынаққа сылтау» болға айтады. Ал оны тінтіген кезде, портфелінен Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің қолжазбасы табылған. Әлекеңнің абақтыға жабылғаннан соң, келесі күні жазған арызында осы қол» азбаның құны «5000 сом» болатындығын және оны сақтуға мүмкіндік жасау керектігін талап етеді. Міне, осы себеппен Әлихан Бөкейхан Ресей империясының І Мемлекеттік думасына кеш сайланып, көп кешігіп жетеді» «21 июня выбыл в Омск для следования в Петербург, член Государственной. думы от киргиз Семипалатинской области А.Н.Букейхан. Накануне проводить Н. Букейхана собралась на параход многочисленная группа лиц из русских и киргиз. Проводы мели самый сердечный характер», - деп салтанатты түрде жазды семей газеті.
«Степной вестник» сообшает, что от бывшего члена Гос. Думы А.Н.Букейхана, частным лицом полу чена телеграмма, в которой сообшается, что Н. Букейхан прибыл в Петербург накануне роспуска Гос. Думы, вслед за которым м уехал в Финляндию, в город Выборг», - деп хабарлайды шілденің 26 күні сол «Семипалатинский листок» газеті. Бұл хабарға қосатынымыз сол: Мемлекеттік дума күштеп таратылғаннан кейін, патша үкіметінің бұл қылығына наразылық білдіру мақсатымен, 200-ден аса депутат жасырын түрде сол кездегі Финляндияның Выбор қаласына жиналады. Сол жиылыстың нәтижесінде пайда болған «Выбор үндеуіне». 180 депутатпен бірге Әлихан Бөкейхан да қолын қояды. Сол үшін жазаға тартылып, «Санкт-Петербор сот палатасыныз» төтенше мәжілісінің шешімімен» 3 айға Семей түрмесіне жабылады. 1907-жылдың 18 желтоқсанында шығарылған бұл шешім 1908 жылды қаңтарында күшіне енеді. Сөйтіп, Әлекең П Мемлекеттік думаға сайлану мүмкіндігінен айрылады. Ал түрмеден босатылғаннан соң 1908 жылы Омбыдан жер аударылып, Самар қаласына қоныс аударуға мәжбүр болады. Әлихан Бөкейхан Самар қаласында 1908-1915 жылдар аралығында тұрып, өзінің алуан түрлі жұмыстарымен қатар, саяси- күресін тоқтатпайды. Қаланың беделді қоғам, саяси қайраткерлерінің біріне айналады. Мәселен, ол 1912 жылдың 77 қарашасында Самар қаласында өткен қаланың барлық револ.wbz топтарының басын біріктірмек мақсатпен болған жиналысына қатынасады. Ол жиылысқа октябристерден бастап солшылдарға дейін қатысқан болатын. Мерзімді баспа беттерінен Ресей империясының жер саясатын батыл сынап, әшкерелеп отырады. 1914 жылы социал-революционерлердің сьезіне араласып, сьездің жұмысына келген эсер партиясының- басшыларының бірі және Мемлекеттік думаға Самар түбернісінен депутат болып сайланған А.Ф.Керенскиймен жүздеседі. Сьезде Әлихан Бөкейхан «Ресей қазақтарының хал-ақуал» туралы баяндама жасайды. 1915 жылдың басында оны конституциялық-демократиялық партиясының Самар губернілік комитетінің құрамына мүше етіп қабылдайды да, сол жылдың қазанында ол партияның Самар қаласында өткізілген облыстық мәжілісі жұмысына араласады.
Мәжіліске Саратов, Сибирск, және Уфа губернияларының өкілдері қатынасады. Бұдан бірнеше ай бұрын Әлекең тағы да А.Ф. Керенскиймен кездеседі. Ә.Бөкейханның. Керенскиймен кездесуінің сырына біз төмендеn ерекше тоқтала кетерміз. Ал мәжілісте мынадай шешім қабылданады: 1.Жеңіс үшін мүмкіндіктерді пайдалану. 2. Меньшевиктермен бірігу... 5. Кадеттердің ҮІ бүкілресейлік дайындық жұмысына кірісу. Кадеттердің осы ҮІ бүкілресейлік сьезінде А.Н.Бөкейхан партияның Самарлық тобының аса көректі басшыларының бірі ретінде танылып, кадет. партиясының Орталық Комитетіне сайланады [31, 63б.].
Енді, Ә.Н.Бөкейханның А.Ф. Керенскиймен кездесулерінің сырына қайта оралайық. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі, Романовтар әулеті өкілінің тақтан бастартуы және соған байланысты шымшытырық оқиғалардың мән-мағынасы әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. І, ІІ, ІІІ және ІҮ Мемлекеттік думаларда қилы оппозициялық топтар, фракциялар немесе тағы басқа «земгорсоюз», «союз союзов» сияқты түрлі одақтар ұйымдастырған және Ақпан төңкерісіне тікелей қатынасы бар орыстын масон ұйымы туралы деректер тіпті жоқтың қасы. Дегенмен. де, батыстың кейбір елдерінде осы төңкеріс туралы, Уақытша үкіметтің құрылуы мен оны құраудағы масондардың атқарған ролі туралы терең зерттеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, масон қозғалысына тікелей араласқан немесе көзімен көрген адамдардың естелітері көптеп жарық көруде. Кейбір сол зерттеулер мен естеліктер Ресейде қайта жарық көруде. Мысалға, 1990 жылы Мәскеудің «ТЕРРА» баспасынан шыққан Б.И.Николаевскийдің дайындауымен, орыс масон ұйымылың бұрынғы мүшелерінің естеліктерінен тұратын «Русские масоны и революция» атты кітабының қосымшасында мынадай жолдар кездеседі: «... большинство членов Верховного Совета (масон ұйымының бас органы осылай аталған), не спосабны были противостоять авторитету Керенского и заставить его обратиться к союзником предложением о разрешении России немедленно выйти из войны, Керенский же, связав себя обещанием перед французскими «братьями» не бросать их в войне, был не в силах переступить эту клятву. Все это облегчило большевикам проведение вооруженного восстания под лозунгом немедленного «мира». Бұдан А.Ф.Керенскийдің Уақытша үкімет құрамына масон ұйымының «көмегімен» енгендігін болжау қиын емес. Ал, кеңес ғалымы А.Я. Аврехтың «Масоны и революция» атты зерттеуінде Керенскийдің алдымен, Санкт-Петерборлық «Темірқазық» масон ұйымының ұйымдастырушылардың бірі, кейін сол ұйымның басшыларының бірі болғандығын күмән тудырмастай дәлелдейді. Б.И.Николаевскийдің кітабында «Темірқазық» ғымының белсенділерініңі бірі - князь Давид Бебутов дегеннің естеліктері берілген. Естеліктерінде Д. Бебутов былай дейді; «..почти на глазах Столыпина и его многочисленной охраны, при всех строгастях всяких собраний, было организовано по всем (Правилам, с полным ритуалом масонство. Масоны устраивали ложи (масондық ложа немесе ұйым) в двух столицах, а правитиельство со Столыпином ничего не подозревало, мы проявили большую деяиельность. Были приняты вновь депутаты: Пергамент, Букейхан(ов), Караулов, Розанов, Головин, князь Максудов, генерал Субботин; доктор Светловский». Әлихан Бөкейханның орыс масон қозғалысына араласқандығын оның көпжылдық досы және 1896-1901. жылдары «Щербина экспедициясына» бірге қатынасқан әріптесі - Лев Карлович Чермак та дәлелдейді: «Я уже сказал, что наша ложа (масоны) насчитывала 16 членов. Назову их. Возглавлял ее Василий Александрович Степанов, член Думы, кажется, горный инженер, член партии к.д. Братья: Н.К.Волков, член Думы, кажется бывший военный чиновник, сибиряк, к.д., Н.А.Бородин, член Думы, известный специалист по рыбоводству, Букейхан(ов), Алихан Нурмухамедович, уленый-лесовод Швецов Сергей Порфириевич, до ссылки народоволец, позже с.р» [32, 71б.]. Масондардың Л.К. Чермак атап отырған мүшелерінің ішінде Н.К.Бородин мен С.П. Швецов есімдері де кездеседі. Ұмытпасақ, біріншісі Ә.Н. Бөкейханов 1890-4894. жылдары оқыған Санкт-Петербордың Императорлық Орман институында жұмыс істеген. Ал екіншісі - Әлекеңмен бірге 1903 жылы Сібір темір жолы маңында жүргізілген зерттеу жұмыстарын атқарған. Бұл мысалдардан Әлихан Бөкейханның орыс масон ұйымына мүше болғандығын көруге болады.
Ә.Н.Бөкейханның 1908-1915 жылдар аралығында мысалда айтылған Самар қаласында тұрғандығын ескерсек және оның Самарға бірнеше рет келген А.Ф. Керенскиймен осы жылдардың ішінде кездескендігін еске алсақ, осы екі аса ірі саяси-қоғам қайраткерлерінің кездесулерінің сыры өзінен-өзі айқындалады. Масон ұйымының самарлық тобын құрмақ болған. Әлихан Бөкейхан А. Керенскийдің Жоғарғы Кеңестің өкілі ретінде шақыруы екеуінің бірден-бір сыры. Әйтпесе, «үш қайнаса сорпасы қосылмаған» екі партияның беделді басшыларының басын масон ұйымының мәселелерінен басқа қандай көкейкесті мәселе қосуы мүмкін еді? Ә.Н.Бөкейханның 1917 жылы Уақытша үкіметің Батыс Қазақстанға комиссар болып тағайындалуы да кадет партиясының» ұйғары емес, масондардың масондардың күмән келтірмесе керек. Ал, Әлекеңнің 1917 жылы кадет партиясының Орталық комитетінен және партия қатарынан шығуы, оның масондық сертінен бас тартуымен пара-пар болатын. Бас тартуының себеп-салдары көп. Көп себептің бірі және аса негіздісі - Уақытша үкіметтің бабында отырған масондардың қазақ халқына автономия беруден бас-тартуы еді.
1916 жылы Әлихан Бөкейханов Самардан жер аудару мерзімі бітіп, Орынборға келеді: Омбыға оралуға рұқсат берілмейді. Орынборға келе сала, қаланың қоғамдық саяси өміріміне кірісіп кетеді.
Жалпы Алаштың ХХ ғасырдағы басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері, еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғаны атат айтқан абзал.
Ақпан рэволоциясының артын ала, көкек айынан бастап барлық қазақ облыстарында ұлттық интеллигенцияның ұйымдастыруымен үлкенді-кішілі сьездер өткізіле бастайды. «Қазақ» газеті «Сьезд жасау» деген бас мақаласында «әуел, қазіргі болған өзгерістердің мақсат, мағынасын түсіну. үшін, екіншісі, учредительное собраниеге» лайық адамдар» сайлау мақсатында алдымен облыстық сьездер өткізуге шақырды.. Жер мәселесі, мемлекеттік құрылыс, халыққа білім беру жүйесі сияқты-кезек күттірмейтін мәселелерді қараған бұл сьездердін жалпы демобратиялық сипатын айта келіп, сонымен бірге олардың ел өмірінде үлкен тарихи кезең болғандығын, терең революциялық құлшыныс туғызғандығын айтпай өту мүмкін емес. Бұл жиындарға қатынасқан өкілдер өз сөздері мен ұсыныстарында халықтың ескі тәртіпке шексіз наразылығын білдіріп, қазақ елінің өзін-өзі басқару хұқын қанағаттандыруды Талап етті.
Тарихшы А.К. Бочагов 1927 ж. жарық көрген енбегінде: «Бұл сьездер халықтың ескі патшалық тәртіпке қарсы жылдар, бойы жиылған кегінің көрінісі болды және сонымен бірге халықтың, өзін-өзі басқару, ұлттық өкімет құру, отарлау саясатының тоқталуы ұлттық мектеп, сот, милиция ұйымдастыру ж.б. үміттерінің көрінісі болды», - деп орынды жазған болатын [33, 79б.].
Июль жалпы қазақ сьезі «Қазақ саяси партиясы» туралы мәселе қарап, күрделі саяси жағдайда «қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп» оның программа жобасын жасауды бүкіл россиялық Шура ислам сьезіне сайланған өкілдерге тапсырды. «Қазақ» газетінің партиягың орталық баспа үніне айналды. Алаш партиясының жергілікті комитеттерінің құрылуы баяу жүрді. «Қазақ» газеті 1917 жылға 14 ноябрьдегі санында Орынборда Торғай облысының комитетінің ашылғандығын, оған бар болғаны 14 адам (Орынбордан - 10, уездерден - 4) екендігін жариялады. Осы хабарда партияның мүшелік жарнамасы 1 сомнан екендігі айтылды. Тура осы мезгілде Ақмола, Семей, Орал, Жетісу облыстық комитеттері де құрылды.
Кезінде тарихшы Н.Мартыненко «Қазақ» газетінде жариялаған Алаш программасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа ентізген болатын
Әрбір документтің саяси, әлеуметтік мазмұны бүгінгі биіктен емес, ол өмірге келген мезгіл, оқиғалар ағымында қарағанда ғана тура түсінуге болатындығы мәлім. Бағдарлама жобасының жалпы алғанда буржуазиялық-демократиялық сипатын, қоғамдық саяси құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде солғын тұстары болуы мүмкін екендігін мойындай отырып, сонымен бірге оның ұлттық мемлекеттік-тутастық, жергілікті халықтың жер байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстарды, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдар болатын. Ал алаш бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған «қойыртпақ» ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш (қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы «алаш интеллигенциясы» атанған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған пиғыл еді.
Әрине, европалық түсінік; өлшем тұрғысынан алғанда Алаш саяси партия деңгейіне көтеріле алмағандай болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ қазақ қоғам тұстағы қоғамдық даму ерекшелігін ескерсек, Алаш саяси партия есебінде өз міндетін, белгілі дәрежеде, атқара алды және бұл ретте ұлт тарихында өшпес терең із қалдырып кетті деп айтуға негіз бар. Ол күрделі 1917 жылдың күзінде мынадай үш ірі мәселенің дұрыс шешілуіне үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шеттілуге тиіс Жалпы ұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдар жасауда басты роль атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасына енді. Екіншіден, партияның ұйтқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпы қазақ сьезін (1917, желтоқсан) даярлап, өткізді. Осы сьезде Әмірге Алашорда ұлттық Кеңес өкіметі келгені және мәлім: Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүзпесі санағандығы күмән тудырмаса керек. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік құрылтайға депуттар сайлауында барлық және осы ұйымның атынан делегат болып сайланды.
Әрине, обьективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түрініп араласып кеткен саяси күшке айналуына мүмкіндіктер бере қоймады. Қым-қиғаш Азамат соғысы тұсында мұндай міндеттерді тек Алашорда атанған үкімет қана атқара алатын еді.
Ә. Бөкейхановтың 1917-жылы, әсіресе оның күзі мен қысында мемлекеттік еркіндікке жетудің түрлі жолдарын қарастырғандығын байқауға болады. Мәселен ол осы жылдың күзіне қарай Г.Н.Потанин бастаған Сібір автономистерімен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиеленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Уақытша өкіметтің қолынан саяси билік біртіндеп ұзай берді. Пәрменді биліктің болмауы ел ішінде түрлі террористік актілерге, жол ашып берді. Бұл жағдай, әсіресе қолында қаруы жоқ қазақ сияқты жұртқа ауыр тиді. Барлық жерде зорлық-зомбылық етек алды. Міне осындай жағдайда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы және ұйымдастыруы бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпы қазақ сьезі болып өтті. Сьездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе - ұлттық автономия туралы баяндама жасаған Ә.Бөкейханов болды. Сьезд бұл мәселе бойынша қарар қабылдап, онда (Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша «Ұлт Кеңесін құрып, оның аты «Алашорда» болсын» деді. Он бес адамнан тұрған бұл өкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл, әрине Әлихан Нұрмұхамедұлының өзін бақытты сезінген сәттерінің бірі еді.
Империя көлемінде қалыптасқан жағдай Алашорда өкіметіне келесі 1918 жылдың күзіне дейін іске кірісуге ырық бермеді. Ал оның төрағасы қазан революциясы жеңгеннен кейінгі кезеңде жасырынып жүріп қызмет атқаруға мәжбүр болды. Өйткені; ол қазақ қоғамына қатысты негізгі мәселелер бойынша большевиктердің бағдарламасын қолдамады, Кеңес өкіметін «найзаның ұшыменғ айбалтаның жүзімен» орнаған билік деп түсінді.
Кеңес билігі тұсында да Әлихан Нұрмұхамедұлы туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес, Өкінішке орай, Сталин басқарған жоғары билік революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясына, оның белгілі лидері Ә.Бөкейхановқа сенімсіздік танытты, қоғамдық қызметін белгілі бір қалыпқа салып, шектеп отырды. Соған. қарамастан ол 1932-1927 жылдары Москвада КСРО халықтары орталық баспасында әдеби қызметкер болып жүріп, өз елінің рухани өсуіне елеулі үлес қоса білді. Осы жылдары оның қаламынан туған көптеген кітаптар, аудармалар, түрлі тақырыптарға жазылған мақалалар соның айғағы. 1927 жылы 1-қазанда «штаттың қысқартылуына байланысты», ал шын мәнінде БКП(б) Орталық Комитетіндегі қызметкерлердің. нұсқауы бойынша қызметтен босатылған Әлихан Нұрмұхамедұлына берілген мінездемеде былай деп жазылды: «Орталық баспада жүргізілгені өзінің ғылыми және әдеби қызметі кезінде азамат Ә.Н.Бөкейханов қазақтардың тілін, шаруалығын және тұрмысын өте терен білетіндігімей қатар, өзіне жүктелген міндеттерге үлкен адамгершілікпенен қарайтындығын танытты» [34, 97б.].
2 жылы Қазақстандағы саяси билікке Голощекин келгеннен кейінгі уақытта республикадағы жер мәселесі қайтадан шиеленісе батайды. Оған себепші болған бұл мәселені шешуде бірініші rезекте ескі патшалық билік тұсында көп зардап шеккен қазақ, бұқарасының мүддесін есепке алудың орнына, орталық биліктің қолдауына сүйене отырып отарлаудың жаңа кезеңін ашуын көздеген жаңа басшылықтың көктем саясаты еді.
Қазақ елінің мүддесіне төнген қауіпті тура түсінген Ә.Бөкейханов осы тұста жаңадан отарлау саясатына жол бермеу үшін қазақтарға қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО Ғылым академиясы жанынан Профессор С.П. Швецов бастаған экспедицияны құру ісінде белсенділік танытып, оның құрамына өзі де енеді. Қазақстанда жаңа қоныстанушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылым жүзінде. дәлелдеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдары мен ұсыныстары Голощекинге және орталық мекемелерге ұнай қойған жоқты.
Голощекин 6-шы өлкелік партия конференциясында жасаған баяндамасында Сұлтанбековтың КСРО Ғылым Академиясы жанынан құрылған Қазақстандағы жер нормасын анықтау комиссиясының мүшесі, Ә.Бөкейхановка барып жолығуына мынадай баға берді. «Сұлтанбеков жер нормасын анықтауға Москваға барып, нұсқаулар алу үшін Өлкелік комитеттің жауапты хатшысына жолықпай, Әлихан Бөкейхановқа жолығады. Бұл масқара емей не?
Ал бұл хабарды өлкелік комитетке «дер кезінде» жеткізген М.Төлепов болатын. Ол хатында: «Үстіміздегі жылдың шілдесінің оңында егіншілік халкомы Сұлтанбеков жолдас Қырымға бара жатып Москваға тоқтады. Сұлтанбеков жолдас заттарын қонақ үйіне қалдырып, тура сол күні Әлихан Бөкейхановқа барып кешті сонда өткізді. Таң ертең олар әнгімелерін тағы да жалғастырады. Бөкейхановқа жолыққаннан кейін ол Төреғожин және Төлеповпен әңгімелескенде былай дейді: «Әлихан Швецовпен сөйлесіп, ойлағандай етіп бітіруге уәде берді». Әңгіме орталықтағы мекемелер келіспей отырған Қазақстандағы жер нормасы хақында болатын.
Біздің ойымызша партияның күрделі ішкі істерін «Алашорда» басшыларымен талқыға салуға болмайды. Өйткені, соның нәтижесінде, партия қарарында, әсіресе егіншілік халкомы сияқты аса маңызды мекемелерге большевиктер идеологиясына жат, өте реакциялы-алашордалық идеологияның енуі әбден мүмкін, ал ондай біздің жұмысымыз қиындай түспек».
Бұл әрине, Голошекинге таптырмайтын материал еді. Ол жер мәселесінде қазақ комунистері ауытқушылық жіберіп отыр, ал ол ауытқышлықтың негізгі көрінісі бірінші кезекке таптық емес, ұлттық факторларды қоюларында, сөйтіп Бөкейханов бастаған алашордашылардың жер жоспарын іске асыруға күш салуларында деп көрсетті.
Комиссияның жұмысы толық аяқталмай жатып 1926 жылы Ә.Бөкейхановты контрреволюциялық қызмет! жүргізді деген желеумен ОГПУ қызметкерлерді Ақтөбеде тұтқынға алады да, Москваға, Бутырка абақтысына жөнелтеді. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болады.
Зорлықшыл биліктін бұл қоқанлоққысы күресте ширыққан қайраткерлердің жүрегін шайлықтарға алған жоқ еді. Келесі 1927 жылы одақтық егіншілік комиссариатында ол профессор Швецов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы шенеуніктерді. Әшкерелеп сынға алады. Мәселен, ол Қазақстанға қоныс аудару бағытын қолдаған профессор Верашинге жауап сөзінде; «Профессор Верашагин бұрын да қазақтардың жерін тартып, әперіп- орыс помешиктері мүддесін қорғаған еді. Егер ол айтқандай Тула шаруалары шынымен де жерге мұқтаж болса, біз қазақтар олармен Верешагин сияқтылар арқылы емес, тікелей келіссөз жүргізуді қалаймыз. РСФСР Егіншілік комиссариаты ұсынып отырған жер нормасы қазақтарды қанағаттандыра алмайды, өйткені ол көбірек артық жер шығаруды көздейді. Сондықтан да бұл нормалар болашақта Казақстанда жаңа отарлау саясатын жүргізуге бағытталған», - деп бетке айтады [29, 37б.].
Бұл - бар өмірін өз халқының болашағы үшін күреске арнаған үлкен саясаткердің ашық та ашына айтқан соңғы сөзінің бірі еді. Алашордалық қайраткерлерге қарсы 1928 жылы басталып кеткен сот процестері Ә. Бөкейханов пен оның пікірлес серіктерін саяси өмірден біржола ығыстырып тастаған болатын.
Әлихан Нұрмұхамедұлы 1922 жылдай- бастап Москвада, ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Үкімет орындарының, жеке адамлардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұқсат сұрап құдыретті орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпайды. Ұлт-азаттық қозғалыстың басшысына Москвадан ұзап шығуына тиым салынады. 1928 және 1930 жылдары екі мәрте Алаш қозғалысының ең белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ орындары Әлихан Нұрмұхамедұлын бір-ақ рет шақырып түсінік алумен тынады. Құпия полиция орындарының Бөкейхановты да жауып қоймай, сырт каллыруын шамалап түсінуге болады. Бөкейхановты да тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтат алудан қаймықты.
1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының негізсіз бойынша ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейханов 1989 жылғы 14 мамырда КСРО Жоғары Сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталады.
Әр заманның өзіндік көкейтесті мәселелер: болған. Әлихан Нұрмұхамедұлы мне оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе - ұлттық теңдік, саяси бостандық еді [31, 86б.].
Жалпы Әлихан Бөкейханов Мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткер ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілерінің бірі, азаматтықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз! асқар беліміз! Өмірінде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ», -дегенде, асыра айтып, қателескен жоқ еді.
2.2 Алашорданың большевиктер мен «Үш жүз» партиясы мен текетіресі
Жалпы ғылыми жұмыстың барысы, ол қазақстандағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде «Алаш партиясы» және оған қарсы бағытта болған «Үш жүз» партиясы жөнінде баяндалады.
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалык, саяси және әлеуметгік жағдайы ауырлап кетгі. Ресейдің отаршылдык езгісі күшейе берді, одан коныс аударған қоныс аударушылар казақың шұрайлы жерлерін тартъш алуын көбейтті, халыктың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үмітгерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоксанында Орал қаласында А. Бөкейхановтын. бастауымен Қазакстанның 5 облысының «делегатгар съезі» шақырыдды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарла-масын қабылдады. Бірак кадетгер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал казактардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Казақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықгы.
Бірінші бүкілқазақтық сьезд Орынборда 1917 ж. шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірак делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Қүрылтай жиналысын дайындау және казақтын саяси партиясын құру мәселелеріне аударды [36, 16б].
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынын, жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек. Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамайтын бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес кұкылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекетген бөлінеді, барлык діндер тең, казакгардың өзіндік муфтияттың болуы керек; билік пен сот әр халыктың ерекшелігіне сай кұрылуы, би мен қазы жергілікті халыктың тілін білуі тиіс, барлык оку орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және баскалар.
«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзкарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бүрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық-ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялык партия деп санайды. Шынында да, алаштыктар капитализмді құру немесе тек таза ұлттык мемлекетгі орнатуды өздеріне бағдарламалык мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялык-ұлтшылдык емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазакстанда «Үш жүз» деген партия кұрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.
Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбай, Міржақып Дулатұлы т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету:
1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;
2) қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінің саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы әртекті қазақ ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси ұйымы болды [25, 82б].
Сондай-ақ, «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты. Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси қағидалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үшжүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бәрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті [37, 52б].
1917 жылдың соңында Солтүстік, Солтүстік – Шығыс Қазақстанда құрылған қазақтың ұлттық, демократиялық бағыттағы саяси ұйымын 1917 жылдың ақпан айында Омбы қаласында құрылған «Қазақ еңбекшілері одағының» мүшелері құрады. Бұл одақ 1917 жылдың соңында «Үш жүз» партиясына айналды. Партия мүшелері өз ұйымын «Қазақтың социалистік партиясы» деп атады. Жетекшілік рөлді бұрынғы адвокат, журналист әрі драматург Көлбай Төгісов, фельдшер, тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Әйтпеновтер атқарды. Ұйымның құрамында зиялы топ өкілдерімен қатар қаладағы қазақ кедейлері де болды. «Үш жүз» партиясы ОК-нің орналасатын жері Омбы қаласы болып белгіленді. Әйтпенов — партияның төрағасы, орынбасары — Төгісов, хатшысы — Көбеков, қазынашысы Тынышбаев болды. Баспасөз органы «Үш жүз» газеті Қызылжар қаласында шығарылды. Кейіннен «Үш жүз» партиясының төрағасы болып Төгісов сайланды. Партияның Қызылжар, Ақмола, Семей, т.б. қалаларда өз ұйымдары мен топтары жұмыс істеді. Қазақтың демократиялық радикалды топтарының мүдделерін білдіре отырып, Алаш партиясына қарсы идеялық – саяси күрес жүргізді [38, 16б].
«Үш жүз» партиясының бағдарламасында негізгі мақсаттар ретінде қазақ халқын көшпенділіктен отырықшылыққа көшіру, оларға шаруашылықпен айналысу үшін жеткілікті жер бөліп беру, кедейлер мен жарлыларға жәрдем беруді ұйымдастыру, оқу-білімге тарату, мұсылман дінін құрметтеу, партия құрамына қазақ жері де кіруі тиіс Түркістан Федерациясын құру, т.б. аталып көрсетілді. «Үш жүз» партиясы Бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтатып, бітім жасауды, мұсылман халықтарының арасындағы ынтымақтастықты, басқа діндегі халықтармен де достық қарым-қатынастарды сақтауды жақтады. «Үш жүз» партиясы большевиктерді қолдап, оларға жаңа қоғамдық құрылыс орнатуға жәрдемдесті. Партияның бірқатар қайраткерлеріне Батыс Сібір, Қызылжар, Семей кеңестерінде жауапты қызметтер атқаруға ұсыныс жасалды. «Үш жүз» газетіне қаржылай көмек көрсетілді. Газет Кеңес өкіметінің саясатын насихаттап, оның шешімдерін қолдап отырды, ашаршылықпен күрес жөнінде мақалалар жариялады. Омбыдағы Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Колчак үкіметі «Үш жүз» партиясының басты қайраткерлерін түгелге дерлік тұтқынға алып, қуғынға ұшыратты. «Үш жүз» партиясының бағдарламасы негізінен солшылдық, радикалдық бағытта болды. Қазақ халқының ұлттық мүдделерін басшылыққа алғандарымен, әлеуметтік экономикалық және саяси мәселелер бойынша большевиктер партиясының ықпалында болды. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті.
Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді [39, 45б].
1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерістің жеңісінің нәтижесінде патша үкіметінің құлатылуы және Ресейде Республикалық тәртіптің орнатылуы Қазақстан мен Түркістандағы саяси жағдайды түбімен өзгертті. Ақпан төңкерісі Қазақстанның басқа аймақтары секілді оңтүстік өңіріндеде үлкен қолдауға ие болды. Бірақ, аймақтың аталған кезеңдегі қоғамдық саяси дамуының ерекшеліктері де болды. Аймақтағы казак–орыс әскерлерінің билеуші топтары өзгерістерге қарамастан казак–орыс станциаларындағы билік тізгінін бұрынғысынша өз қолдарында қалдыруға барлық күштерін салды [38, 213б].
Енді бір екі ауыз сөз «Алаш» партиясының қарсыластары жөнінде. Ҡұрылтай жиналысындағы депутаттық орын үшін талас қазақ облыстарында социал революционерлер, социал демократтар және, Алаш партиясы арасында жүрді.
Партиялық әдебиетте соңғы уақытқа дейін болышевиктер партиясын Қазан революциясы қарсаңында бүкіл қазақ даласындағы ең ықпалды саяси күш есебінде көрсету етек алып келеді.
Жергілікті жағдай күрделі болды. Біріншіден, 1917 жылдың II жартысында бүкіл қазақ облыстары көлемінде қолайсыз ауа райына байланысты. Ауыл шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере бастайды! Сырдария, Жетісу облыстарында аштық етек алды. Кей, аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай шамасы болмады. Екіншіден, большевиктер халыққа түсінікті тілде үгіт насихат жүргіді. Ұлттық саясатын түсіндірді деген сияқты пікірлер соншалықты дәлелді еместін. Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны ашықтан ашық көрсетіп берді. Сайлау нәтижесінде «Алаш» партиясы блогы сайлаушылардың Жетісу облысында 57,5 Торғай, Орал 75,0% дауыс алды. Кей уездерде Алаш партиясының жеңісі үлкен көрсеткіштер мен сипатталды. Семей уезінде оған сайлаушылардың 85,6% қолдау көрсетті [40, 56б]. Алаш партиясының кей аудандарында социал демократиялық ағымдардан басым түскенін тағы да мына көрсеткіштерден аңғаруға болады. Торғай облысы Ырғыз уезінде 1-ші нөмерлі тізім бойынша түскен Алаш партиясы. Кандидаттан дауыс беру нәтижесінде 51351 дауыс, екінші нөмерлі тізім бойынша социал демократтар партиясы 193 дауыс алған.
Сонымен бірге бұл қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара күресі мұнымен шектелмейтін. Алаш» партиясы мен «үш жүз» аталған саяси ұйымның арақатынасы соның айғағы болса керек. [41, 52б].
«Үш жүз» белгілі бір әлеуметтік топтардың азапты ізденіс: нәтижесінде қалыптасқан ұйым емес, ол 1917 жылдың соңында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ қоғамынан депутаттар ұсыну (бәтінде өмірге келді. Бұл кезеңде өзінің негізгі қарсыласы Алашты саяси аренадан ығыстыру үшін «түрік-татар қауымдастығына» мұсылман қозғалысына сүйенді.
Егер «Алаш» партиясы атынан түскен депутаттыққа кандидат кісілер облыстық қазақ және жалпықазақ сьездерінің талқысынан өткен адамадар болса, «Үш Жүз» кандидаттары осы ұйымды құрушылардың ұйғарымы бойыншша тізімі түскен халық білмейтін, бұрын жағымсыз істерімен көзге түскендер. Ал енді «Үш жүз» партиясы үшін сайлау немен (аяқталды. «Үш жүздіктер» ұсынғнан бағдарламаны түсінікті қабылдай алмағандықтарын ең алдымен азын аулақ қазақ жұмысшылары» мен қол өнершілер көрсетті. Екібастұздағы ағылшындық капиталист иелігіндегі заводта жұмыс жасайтын жеті жүздің үстіндегі қазақ жұмысшылары 11 нөмерлі тізімнен түскен «Үш жүз» партиясының кандидаттарына бірде бір дауысын бермеді [42, 3б].
Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті.
Яғни, 1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды қазақ халқы, ұлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды.
Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысында алға тартқан мақсаттарының орындалуы деп білді.
1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Сөйте тұра ол шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5 қазанда «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
Партия жетекшісі Ә. Бөкейханов болды, партияны құруға А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев және т.б. алаш зиялылары атсалысты.
Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. Үш жүз партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, ал орталық комитет құрамына Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.
Үш жүздің бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса Үш жүз заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды. Үш жүз 1917 жылы екіге бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Тоғысов басқарды. К. Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Партия Кеңес өкіметіне сенім білдірді.
Алаш пен Үш жүз партияларының бағдарламаларында айырмашылықтар болды. Алаш партиясының сипаты – ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады. Үш жүз партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін қолдап, Кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы: Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.
Алаш партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру. Үш жүз партиясының мақсаты – түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын, Түркістан Федерациясын құру. Партия өкілдері Алаш автономиясын «контрревоюциялық автономия» деп сынады.
«Алаш» партиясының баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Үш жүз партиясының баспасөз органы болған Үш жүз газеті, 1917 ж. желтоқсаннан бастап Петропавл қаласында шыға бастады.
1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған Үш жүз Алашқа қарсы белсенді күрес жүргізді.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ІІ Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметі жарияланды.
Оған Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Б. Құлманов, Ж. Досмұхамедұлы. Ғ. Қараш, Х. Досмұхамедұлы, М. Шоқай және т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Съездің төралқасына Б. Құлманов (төраға), Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, Ә. Кенесарин, Ғ. Қараш сайланды.
Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлттық кеңес, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мүфтилік, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.
Съезд Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х. Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды.
Съездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ. Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М. Шоқай да сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сьезд аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Ол бойынша «Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені «Алаш» мүлкі болсын» делінді.
Алаш облыстарын бүліктен қорғау мақсатында Алашорда аталған Ұлт кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халық өкілдеріне қалдырылды. Алашорданың уақытша тұратын орны болып Семей қаласы белгіленді [45, 3б].
Жалпы қорыта келе, Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығында Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословилік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен түрде жүргізді. Сонымен бірге 1916 жылғы, оның ізінше болған 1917 жылғы Ақпан төңкерісі Қазақстанның халық бұқарасының орасан көпшілігін дүрсілкіндіріп, тарихи процестің дамуын жеделдетуге себепші болғаны анық еді.
2.3 Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы
Жалпы партияның бағдарламасы жөнінде сөз козғар болсақ, оны «Шоран исламдағы» сайланған қазақ өкілдері Петроградта жиналмайтындығы, соған байланысты оларға жүктелген ұлттық саяси партия бағдарламасының жазылмайтындығы мәмле болған соң, бұл істі «Қазақ» басқармасына біріккен топ өз мойнына алды. Ал бағдарламаны тезірек дайындап жария етуге мынадай жағдай түрткі болады. «Қазақ» басқармасы 1917 жылғы 14 қарашады алаштың омбыдағы облыстық комитетінен мынадай мазмұндағы жеделхат алады: «Алаштың дұшмандары «Алаш» партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жүр, «Қазаққа» да «Алаш» партиясының жобасы басылып шықса екен. Оның артынша тағы да Омбыдан сондағы қазақтар «өз алдына «Үш жүз» атты социалистік бағыттағы партия ашты. Партияның мақсаты-федерацияны жақтау һәм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учредительное собраниеге список кіргізу. «Қазақ» газеті 1917 12-ноябрь №28 [43, 6б].
Міне, осындай жағдайдан соң «Қазақтың» 21-қараша күнгі санында «Алаш» партиясының бағдарламасы шығады. М.Дулатұлы 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген жауабында «Алаш» партиясы бағдарламасының өмірге келуі жөнінде мынадай деп көрсетті:
«Сол жылғы (1917ж) күзгі айлардың бірінде Орынборда тұрған қазақ зиялылары, бастығы Бөкейханұлы мен Байтұрсынұлы «Алаш» партиясын жасауға ұйғарып, программ жобасын (проект программасы) жасадық. Сол жоба бекітілместен жоба бойынша қалды, еш уақытта «Алаш» партиясының съезі болып, жобаны қабылдаған жоқ, оны істеуге ол кездегі жағдай да мүмкіншілік бермеді.
Алаш қозғалысын өмірге алып келген негізгі екі себеп: отарлық тәуелділік пен феодалдық мешеулік екені белгілі. Осыған орай алаштық интеллигенция өз қызметінде негізінен екі мақсатты, яғни, біріншіден қазақ елін отарлық езгіден азат ету, екіншіден, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркенистті әлеуметтік—экономикалық және мәдени даму жолына алып шығуды көздеді. Олай болса «Алаш» бағдарламасында бұл мақсаттар қалай көрініс тапты?
«Алаш» партиясы өз бағдараламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын қалайтындығын білдірді.
Кезінде тарихшы Н.Мартыненко «Қазақ» газетінде жариялаған Алаш программасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа енгізген болатын. Соңғы жылдарға дейін «Қазақ» газетінің қолға түспеуіне байланысты, тарихшылар негізінен осы Мартыненко аудармасын пайдаланып, сол бойынша тұжырымдыр жасап келді. Белгілі бір саяси мақсатты көздеген бұл аудармада «Алаш» бағдарламасында аса маңызды принциптік ойларды саналы түрде бұрмалаушылық орын алған еді. Мәселен, біріншіден, ұсынылып, отырған текстің жоба екендігі ескерілмейді, демек, оқырман оны қабылданған бағдарлама есебінде қабылдауы керек еді, екіншіден аудармада жоба тарауларының аты аталмай, құжаттық саяси-әлеуметтік бағыты әдейі солғын көрсетілді.
Мысалы келтіретін болсақ: «Мемлекет қалпы» атты тараудағы «федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі» деген сөйлем «федерация-союз мелких государств» есебінде аударылып, мүлдем басқа реңк алады. «Жер мәселесі» атты тараудағы «бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту» деген сейлем, Мартыненко аудармасында: «Все ранее отобранные у киргиз переселенцами земли должны быть возвращены обратно» - деп ашықтан ашық бұрмалапады. Осы тараудағы сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу» деген сөйлем «киргизы должны получить земли с более плодородной почвой» деп аударылды. Бағдарламаның саяси және әлеуметтік мазмұнын мейлінше реакциялық тұрғыдан тұқыртып көрсетуді көздеген бұл аударма, оқырманға «Алаш» партиясын сеператистік, «Қазақстан қазақтар үшін!» деген тар ұлтшылдық, ескі феодалдық тәртіптерді бұзылмаған күйінде қалдыруды көздеген саяси ұйым етіп көрсетуді көздеді. Бірінші жалпықазақ съезі қаулысын және партия бағдарламасын дайындау кезінде ұлт зиялылары мемлекеттік дербестік мәселесіне өлі де болса үлкен сақтықпен қарады.
Бағдарлама жобасының жалпы алғанда буржуазиялық -демократиялық сипатын, қоғамдық саяси құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде солғын тұстары болуы мүмкін екендігін мойындай отырып, сонымен бірге оның байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстары, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдыр болатын.
Ал «Алаш» бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған «қойыртпақ» ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы «алаш интеллигенциясы» аталған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған пиғыл еді.
«Алаш» партиясының бағдарламасында ашықтан-ашық феодалдық аристократияны шектеуге бағытталған шаралар қарастырылған жоқ болатын. Ұлттық бостандық пен бірлік үшін күрес кезеңінде ондай шараларды күн тәртібіне қоюдың өзі де сөзсіз қазақ қоғамын бөлініп-жарылуға ұрындырмай қоймайтын еді. Сондықтан да қазақ зиялылары сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ондай қадамға саналы түрде барған жай деп айтуға толық негіз бар. Олар әлеуметтік теңдік мәселесінде де жалпыұлттық мүдде, гуманизм тұрғысынан келетіндігін көрсетіп: «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуын жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қанауына салады.
«Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды «,- деп жазды.
Ал, салық мәселесі де осы тұрғыдан шешіледі. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен салынады.
Қазақ жерінде зауыт, фабрика аз, соған байланысты қазақтың жұмысшлары да аз. Ал бар жұмысшылар заң панасында болады. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды».
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты, әсіресе оның «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан анық байқаған еді. «Россия республикасында,- деп көрсетілді бағдарламада,- дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең» болады. «Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға-еркіншілік», заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінтужүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды.
Қазақ мемлекетінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш кластарда ана тілінде сабақ жүргізіледі, Үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.
Бағдарламада жер мәселесі арнайы тарауда қаралып, негізінен бірінші жалпықазақ съезі шешімдері тұрғысынан бяндалады.
Бағдарламаға байланысты осы айтылғандар алаш зиялыларының капиталистік қоғам немесе таза ұлттық мемлекет орнату сияқты мүдделерді өздеріне мұрат етіп қоймағандығын, олар үшін бірінші кезекте ұлттық саяси дербестік пен экономикалық-өлеуметтік даму жолына түсу тұрғандығын корсетсе керек.
Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат-мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, біз «Алаш» партиясын «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия деп атауға толық негіз бар деп санаймыз. Ал оны құрушы ұлт зиялыларын ұлттық-демократиялық интеллигенция деп атау орынды болады.
Бағдарламаның «Мемлекет қалпы» атты бірінші тарауы қазіргі заң ғылыми тілімен айтқанда «Мемлекеттік құрылым» мағынасын білдіреді. Онда: Россия демократическая федеративная республика болады, деп, болашақ қазақ мемлекетінің Ресей құрамында болып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықтық дәрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, «Алаш» партиясының бағдарламасында, дәл, қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты, экономикалық мүддеде «ынтымағы бір», ал ішкі, сыртқы саясатта тең құқық дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген. Бұл Кеңес өкіметі жариялаған федерециядан мередем айрықша дербестікті жария еткен мемлекеттік құрылым.
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын сол кезде Орынбордағы оқыған зиялы қырғыз адамдарының тобы әзірледі. Бекітілген бағдарламасы да, орталық комитеті де жоқ «Алаш» партиясының атынан бүісіл қырғыз өлкесі бойынша қырғыздардан Құрылтай Жиналысына мүшелікке кандидаттардың тізімі жарияланды, тегінде, Құрылтай Жиналысына сол тізім жетсе керек.
Жалпы алғанда «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы мыналарға келіп саяды.
I.Басқару түрі
II.Автономия.
III.Азаматтың негізгі құқықтары
IV.Дін ұстану туралы мәселе.
V.Соттар туралы.
VI.Қорғаныс.
VII.Салықтар.
VIII. Жұмысшы мәселесі.
IX.Халық ағарту.
X.Жер мәселесі.
Сонымен, «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының бүкіл дүние жүзіне тараған орысша аудармасында жоба авторлары заң жағына мүлде сауатсыз етіп көрсетілген. Негізінде жоба авторлары мемлекеттің жоғарғы органдарын құрудың ресми, теориялық жағынан әбден сауатты тұжырымдамасын ұсынған еді. Біріншіден, жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы: Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума ұсынылды. Екіншіден, парламентарлық республика ұсынылды, өйткені президентті екі палата сайлауға тиіс болды. Үшіншіден, палаталар алдында президент емес, қайта министрлер жауап беруге тиіс еді. Егер парламент алдында президент те жауапты болса, онда жоғары өкілді органның абсолютті билігі орнар еді. Ол кезде мұндай теория да, мұндай практикада болған жоқ. Жоба авторлары Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу қағидасын ұсынды [42].
Ал қазіргі тәуелсіздік жылдарындағы Алащ партия бағдарламасының сабақтастығы ол «Amanat» партиясының қалыптасу және даму тарихынан бастау алады. Партия 1999 жылы құрылғанда жағдай күрделі еді. Еліміз Азиядағы қаржы дағдарысының салдарларын бастан кешіп жатты. Қазақстан мұнайға, қорғасынға, мырышқа, алюминийге әлемдік бағалардың түсіп кетуінен зиян шегумен болды. Дағдарыс кейбір көршілес мемлекеттердің қаржы жүйесінің күйреуіне әкеліп соқтырды. Сол тұста Қазақстанның көптеген кәсіпорындарына банкрот болу қаупі төнген еді. Сыртқы шептердегі жағдай да кәдімгідей қауіпті қалыптасты. Оңтүстік жақ беттен халықаралық лаңкестердің тікелей шабуылынан Орталық Азия мемлекеттерінің аумақтық тұтастығы сынаққа түсті. Көптеген адам құрбан болды. Тұтастай алғанда өңір дүбірге толып тұрды. Біз өткен онжылдықтың аяқ жағында жалақы мен зейнетақының ұзақ уақыт кешігіп төленуі қоғамда елеулі шиеленіс туғызғанын ашық айтуға тиіспіз. Қоғамда әлеуметтік қарсылық деңгейі жоғары болып тұрды. Дәл сол кезде Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатын қолдайтындығы жөнінде ашық мәлімдеген ондаған мың адамдардың партия аясында топтасуы өзінің тұрақтандырушы рөлін атқарды. «Отан» партиясы ел басшылығының тұрақты макроэкономикалық ахуалды сақтау, отандық өндірісшілерді қорғау, салық саласында тәртіп орнату жөніндегі қолға алған шараларын қолдады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы сіздердің де ұзақмерзімді партиялық бағдарламаларыңызға айналды. Бүгінде экономикадағы жағдай сапалы түрде өзгерді. Тек 5 жылдың ішінде ІЖӨ-нің өсімі 53 пайызды құрады. 5 жылда жалақы 2 есе өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 2 есе төмендеді. Тек 2003 жылдың өзінде жұмысқа тартылған тұрғындардың саны 400 мың адамға артты. 2004 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік аппарат пен әскери қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға өсірілді. Соның өзінде салықтар төмендетілді. 5 жыл бұрын мұндай болатынына сену қиын еді. «Отанның» саяси қолдауы реформа табысының маңызды белгілерінің біріне айналды. Сондықтан да елдің дамуындағы табыстар партияның да табыстары болып табылады. 2004 жылғы 12 наурыз Барлық экономикалық және саяси топтардың есіне салайын: олар қаржылық және саяси тұрғыдан ие болған мүмкіндіктердің бәрі барлық осы жылдары мемлекет жүргізген саясаттың арқаында ғана келді. Барлығына қоғамдық тұрақтылық арқасында ғана қол жетті. Тұрақсыздандырудың кез келген әрекеті Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздігіне қатер ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан жанжалды модель емес, тек сындарлы ықпалдастық қана ыңғайлы болып табылады. Сондай ықпалдастықтың ең ауқымды мүмкіндіктерін қоғамды демократияландырудың жаңа белесі береді, біз бұған бүгін қадам бастық. Біз бұған, қоғамға бұдан былайғы реформалардың ойластырылған әрі дәйекті бағдарламасын ұсына отырып, кәміл сенеміз. Және бүгін біз тағы бір анық түсініп, қабылдауға тиіс даусыз ақиқат мынау: кез келген мемлекеттің тиімділігі оның нақты саяси құрылысына қарамастан, ол төмендегі мақсаттарды дәйекті де ойдағыдай ұстанатынына қарап бағаланады, олар: – саяси тұрақтылық; – мемлекет тұтастығын сақтау; – тәуелсіздікті сақтау; – болашақ даму әлеуетін жасау. Тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы нақ осы асқақ тарихи мақсаттарға адал. Тұтас алғанда елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғырту жолында шешетін міндеттері сондай. «Отан» партиясынан мен қуатты жаңғыртудың саяси күшін көремін, ол қоғамды дамытудың жаңа белесінде жүргізілетін реформалардың бұдан былайғы табыстарын қамтамасыз етеді. 2004 жылғы 15 маусым Партия идеологиясының негізінде не болуы тиіс? Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясына арқа сүйеуі тиіс деп санаймын. Ол сондай-ақ, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар адамдарының мүдделерін білдіруші болып, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық идеясын дәріптеуі тиіс. Бұл бағытты ұлтаралық және конфессиялық ортада шиеленістің өсуін арандатуға қабілетті радикалдық діни және ұлтшылдық идеялардың артуы түріндегі бүлдіруші құбылыстарды қатаң бейтараптандырып, қағидаттық тұрғыда жүргізу қажет. Ұлттың тағдыры, оның мәдениеті, тілі мен дәстүрлеріне деген шынайы қамқорлықтың басқа халықтардың дәл осындай қажеттіліктеріне нұқсан келтірумен ешқандай ортақтығы жоқ. Бізге инвестициялар келіп жатыр, бізді құрметтейді, қоғамда салтанат құрған тұрақтылық пен келісімге тәнті болады. Демек, өзіміздің дамуымызға көмектесетін біздің аса маңызды игілігіміз нақ осы болып табылады. Келіңіздер, оны бірлесе сақтайтын болайық. Жұмыстың осы заманғы түрлері мен әдістерін пайдалана отырып, партияның идеологиялық жұмысын күшейту қажет. Партияға ел басшылығының Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бастамасына, атап айтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясына табандылықпен қолдау көрсетуді қамтамасыз етуі қажет. Өз халқының өркендеуі туралы ойлайтын партияға бұдан асқақ, бұдан гөрі рухтандыратын не болуы мүмкін? 2006 жылғы 4 шілде соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемдегі саяси үдерістер бірнеше еселене күрделенді. Сондықтан қазіргі заманғы саяси көшбасшыға кәсіби-мүдделестер командасы аса қажет. «Amanat» партиясы соңғы жылдар бойына мен үшін осындай сенімді тірекке, кәсіби де қалыптасқан командаға айналып отыр. «Amanat» елдің бүкіл халқының мүдделерін бейнелейтін объективті көшбастаушы партияға айналды. Біз бірігу үдерістері мен ірі сайлау науқандарының кезеңдерінен табысты өттік. Енді біздің жинақталған тәжірибе мен күш-жігерді көкейкесті әлеуметтік міндеттерді шешуге, сондай-ақ, партияны одан әрі сапалы нығайтуға пайдалануымыз керек. «Amanat» дамуында жаңа белес басталды. Партия Қазақстандағы жүйелі өзгерістердің нақты алға апарушысы, елдегі бұқаралық саяси жұмыстардың ең тиімді тетігі болуға тиіс. «Amanat» дамудың ұзақмерзімді бағытының сабақтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге ел дамуының жаңа стратегиялық идеяларын да туындатуы керек. Қазіргі табысты елдердің тәжірибесі олардың дамуындағы серпілістердің көп жағдайда негізгі саяси партияның көшбасшылығы мен тиімділігі есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетіп беріп отыр. Жапония, Швеция, Сингапур, Малайзия, Үндістан, Мексика сияқты елдердің даму тәжірибесі бетбұрысты саяси және экономикалық реформалар кезеңінде жетекші партиясы бар көппартиялы жүйенің басқарудың оңтайлы моделі болып табылғанын көрсетіп берді. Біз Қазақстанда дәл осындай бұқаралық, тиімді, қазіргі заманғы партияны құрдық. Өсіп-өркендеген және қуатты Қазақстан – біз бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны. Бүгінде нақ осы «Amanat» партиясы Қазақстанның тағдыры үшін жауапкершіліктің бар салмағы жүктеліп отыр [43].
Сондай-ақ, Қазақстан үшін сындарлы сәттерде партиялық қауым әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бірсәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болдық. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істедік. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық.
Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. Біз өз шешімдеріміз бен әрекеттеріміз барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білдік. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды.
Amanat партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – елбасы қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы [44].
Қорытындылай келе, біз Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығын салысытырып өттік. Онда жалпы екі партияның бағыттары мен мақсаттарын атап өттік. Яғни, ұқсастықтары олардың демократиялық бағытты үгіттеуінде, сондай-ақ ел мүдесі үшін атқарған қызметтері байланыстырады. Бір партия егер тар заманда пайда болған болса, ал қазір тәуелсіздігімізді алып, сол партияның жүзеге аспаған бағдарламаларын күні бүгінде «Amanat» партиясы атқарып жатыр.
3. Ә. Бөкейхановтың кеңестік жүйесі тұсындағы қызметі және шығармашылық мұрасы
3.1 Кеңес мемлекеті кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі
Еліміз тәуелсіздік алып, жеке іргелі мемлекет болып жариялануының арқасында Алаш қозғалысының тарихын, оның белсенді қайраткерлерінің өмірін, қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеу үшін Қазақстан ғалымдарына үлкен мүмкіндіктер туды. Жалпы Алаш тарихын зерттеу Қазақстандық тарихнамада ел танудың, замантанудың оңтайлы шарасы ретінде қолдауға лайықты, әбден заңды үрдіс болып табылады. Содан болар, тарих ғылымында жеке тұлғалардың ғұмырнамасына сұраныс өсіп отыр.
Алаш зиялыларының ұлы шоғырында Әлихан Бөкейханов та бар еді. Ол қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясын ұйымдастырушы және ұлттық Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, ғұлама-ғалым, ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ретінде сан қырлылығымен көзге түскен қазақтың біртуар азаматы болды.
Зерттеу тақырыбының өзектілін ашар бүгінгі тарихымыздағы маңызды үдерістер бойынша, өткенді кіріспеде байланыстырдық. Яғни, қазақ халқының бұрын-сонды тарихында Алаш ұлт-азаттық қозғалысындай қоғамдық құбылыс болған жоқ. Оның ең басты құндылығы – XIX ғасырдың аяғынан бастау алып, мәңгілік идеясы XX ғасырдың 90-шы жылдары еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі мұраттарымен ұласқанында болып отыр. Патшалық Ресейдің озбыр отарлық саясатының езгісінен арылу үшін ең бірінші ұлттың санасын, ояту, оны білім-ғылымға, мәдениетке үгіттеген, соның негңзңнде тұтас халықты бір тудың астына біріктіруге ұмтылған бұл қозғалыс Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның ұлы есімімен тығыз байланысты.
Бұл ғылыми жұмыста Кеңестік Қазақстандағы Алаш азаматының жасаған саяси реформасының дәрежесін бүгінгі күнге дейінгі айтылмай қалған және оның бір өз ерекшелітерін байланыстыра отырып әр түрлі әдістері қарастырылды. Архивта қалған жазулар мен кітапханадағы деректер қарастырылды.
Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында ХХ ғасыр зиялыларының тағдыры жайында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болмады [45].
Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіреті мен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес» – деп жазды.
Яғни, бәріміз білетіндей Алаш азаматтарының жүргізген саясаттарының бағдарламасындағы пункттарының тармақтарында, білім жөнінде және еліміздің өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасуын сұраған болатын, сол кездегі барлық мәселерді шешу барысында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан атамыздың Минскіде, жастарымыздың қара жұмыстан босатылып, қатардағы әскер қатарына алынуын сұраған болатын. Жоғарыдағы дерекетрге аргумент келтіретін болсақ аған дәлел, еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі тұста Алаш зиялылары мен олардың қоғамдық, ағартушылық, саяси қызметіне қатысты ғылыми еңбектер жария бола бастады. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Т. Шонанов және т.б. ғалымдардың есімі ел арасында оралғаннан кейін олардың ғылыми еңбектеріне толымды баға беріле бастады.
Жоғарыдан айтып жатқан тарихи тұлғамыздың өміріне көз жүгірткен болсақ ол кісі, 1870 жылы кешегі Семей облысы, Қарқаралы уезі, Токырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі жетінші ауылда дуниеге келген. Әлихан ататегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан Төре тұқымынан, Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақ ханның баласы Бөкейхан казақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі. Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді.
Сондай-ақ, 1886-1890 жылдар аралығында Әлихан Омбы қаласындағы төрт жылдық техникалық училещеде оқиды. Оны бітірген соң жас техниктің ерекше оқуы мен үлгілі тәртәбәне риза болған училище директоры оның қабілетіне сипаттама беріп және жоғарғы оқу орнына барғысы келетінін, сол үшін қазақ қауымдастығының стипендиясын жалғастыра беруді сұрап Қарқаралы уезінің бастығына өтініш хат жолдайды. Сөйтіп, Әлихан 1890 жылы Дала генерал-губернаторы кеңсесінің ұсыныс хатымен 200 сом стипендиясымен Санкт-Петербург Императорлық орман институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда шыңданып, терең білім алумен қатар сабақтан тыс кездері студенттердің әртүрлі бағыттағы үйірмелеріне қызу араласады. Жаңа ғасыр табалдырығын аттағалы тұрған Ресейдің ендігі дамуы қандай бағыт алуы керек деген түрлі пікір-таластардың куәсі болады. Ол бірте-бірте Ресей империясының отарлық езгісі мен қараңғылық шырмауындағы қазақ халқының ауыр тағдырын қатты ойлана бастайды [46, 56б].
Санкт-Петербургтегі оқуын ойдағыдай бітірген Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбыға келгенде экономист мамандығын алған ормантанушы ғылым ғана емес, Ресейдің отаршылдық саясаты туралы өзіндік саясаты бар, сол кездегі Батыс өміріне атыл ене бастаған марксизмнің экономикалық ілімін жақсы игерген білімді саясаткер ретінде қалыптасқан еді. Мұның саяси-әлеуметтік негіздері жеткілікті болатын. Біріншіден, азаттық пен еркіндік мазмұндық негізі болған қазақ эпостары, батырлық жырлар, халықтың бай ауыз әдебиеті болашақ ұлы күрескердің әлеуметтік көзқарасының, рухани байлығының бастауы болды. Ол орманшы-экономист болса да кейін «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын» сияқты жыр-дастандардың үлгілерін жинап, «Қарақыпшақ Қобыланды», «Батыр Бекет», «Мырза Едіге» сияқты қиссалар туралы зеттеулер жазуы, 1907 жылы орыс оқырмандарын тұңғыш Абай шығармаларымен танысуы, ал 1909 жылы ұлы ақынның шығармаларының Санкт-Петербургте жарық көруіне ықпал етуі кездейсоқтық емес болатын. Екіншіден, саяси сезімі сирек Әлихан Ресей өміріне енген капиталистік қарым-қатынастар жағдайында жұмысшы табы бірігіп, марксизм ілімі олардың идеологиялық ретінде насихаттап, орталық жерлерде ереуілдер бой көтеріле бастағанын байқады. Мұндай саяси жағдайлардан тыс қала алмаған ол студенттік қозғалыстарға белсенді қатысып, марксизмнің ілімі туралы қызу пікір-таластарда эеономикалық материализм қағидаларын қорғаған көрінеді. Бұлардың барлығы болашақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік құрылымын, оның қазақ даласындағы отаршылдық саясатының қыр-сырын тереңірек түсінуге, саяси танымның қалыптасуына игі ықпал етті [36, 86б]. Үшіншіден, Ресейдің отарлық саясатына қарсы шыққан Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы әңгіме-аңыздардың әсері де аз болған жоқ. Осындай саяси дайындығы мол басқа да бостандық туралы мәселелер көтеріп, жергілікті тілдің құқығын шектеудің барлық түрін тез тоқтатуды ұсынудың осындай қағитты себептері болатын.
Қазақ халқының тағдыры үшін аса маңызды жер мәселесін Әлихан Бөкейханның тереңірек біле түсуіне Ақмола, Семей және Торғай облыстарын қамтыған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция жұмысына қатысуы ерекше ықпал етті. Оның кейін өз шәкірттеріне «Ұлтқа пайдалы адам болғыныз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын мұқият зерттеп, үйренуге тырысыңыз.Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді», – деп кеңес беруі жайдан жай емес [47, 77б].
Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамындағы жер мәселесінің үздік маманы, осы тақырыпқа қадам тартқандардың көш бастаушысы ретінде көптеген мақалалар жазды. Санкт-Петербургте шығатын «Речь» газетінің 1914 жылғы 23 қаңтарындағы санында басылған «Мемлекеттік Дума депутаттарына ашық хаты» қоныстану басқармасының қазақ даласының қазынағы қарайтын жерін әртүрлі топтарға – орыстың князьдары мен графтарына үлестіріп берумен ғана шектелмей, православие дінін қазақ жұртына сіңіру қамы да ойластырғандықтары айтылады. Сонымен қатар мақалада Орталық өкіметтің қоныстандыру жұмысын жүзеге асырушыға арналған арнайы орындалуға міндетті бұйрықтың дәлме-дәл мәтіні берілген. Басқарма осыларды мәлімдей отырып, қазақ пен орыстардың бірге қоныстануы басқа дінділерге де православиеге тартуға көмектеседі, осының негізінде Дала облыстары орыс мемлекеттілігі мен мәдениетіне жақындап, орыспен сіңісіпкетуіне көмектеседі деген пікір білдірген. Бұл тікелей орыстандыру саясатынан басқа ештене де емес еді [48, 43б].
Жоғарыда жарияланған хаттан кейін редакция оған түсініктеме артық дей отырып, бүгінгі қазақ халқының да, осы күнде қазақ халқының салт-дәстүрінің өзгертіп, тіпіті «бір көңілді көтерген әдеті – қонақ күту де жылдан жылға бұрынғыдай болмай барады» деп отаршылдықтың әлеуметтік зардаптарына ой тастай салды. Бұрын жолаушы кез келген үйге түсішу едіе және үй иесі қанша кедей болса да тамақ тауып беріп, сыйлайтын, мұндай іс-әркетті қазақ еш нәрсе ойламай, адалдығымен атқарған, сондықтан қонақтар да мейілінше риза болып, қимай қоштасатынын айта отыратын.
Отарлау саясаты жағдайында қазақ халқының жеке дербес құқығы, ұждан бостандығы, діни сенімі тапталып, мешіт-медреселер, ондағы кітапханалардың тәпкіленгені, басқа да әртүрлі әрекеттердің болғандығы белгілі. Әлихан Бөкейханның «Иртыш» газетінің 1906 жылғы 2 қыркүйек №36 санында жарияланған «Қырғыз (қазақ) петицияларына» атты мақаласында Александр ІІ мен Николай ІІ кезіндегі орталық үкіметтің шеткері аймақтарда жүргізіп отырған осындай саясатынан бірнеше мысалдар келтірген. Уездік бастықтар Түркияда кең тараған тақияны киген қазақтарды қудалаған. Миссионерлер өз уағыздарымен әкімшілік іс-әрекеттерді қолдап, Мұхаммед пайғамбарды сөккен.Атбасар базарында дін қызметшісін өтірікші деп атаған [49, 85б]. Ал қазақтардың өзінің діни сезімін аяқ-асты еткені үшін шағымданғанына Омбы мен Семей епископынанмынандай қаулы түскен: оңбаған өсекшіл қазаққа Түркия емес, Ресейдің ақ патшасының қарауында тұрғанын ескерту керек. Бұл 1896 жылы болған еді. Осы мақалада автор қазақтарды өз тілінде оқытуды тежеудің барлық қитұрқылығын атап көрсетеді. Дала Ережесінің 99-бабына сәйкес қазақтар медресе-мектептерді дала генерал-губернаторының рұқсатымен ғана аша алатын. Сондықтан қазақтар ондай оқу орындарын жасырын ұйымдастырды, құпия ұстады. Міне, отарылық саясаттың сиқы елубасылық екенін ашып айтты.
Сонымен қатар, ұлттық рухты көтерудің саяси-әлеуметтік амалдарын жасаған Әлихан Бөкейхан I Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, оның жұмысна қатыса алмағанымен, заң шығарушы органның кейінгі шешімдеріне жіті назар аударып отырады. Оны әсіресе, Думаның қазақ тағдыры үшін ең өткір жер мәселелеріне қатысты шешімдері қызықтырды. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы №9 және №10 сандарында жарияланған «Үшінші Дума һәм қазақ» атты мақалада 1907 жылғы 3 маусымында екінші Мемлекеттік Дума қуылып, келер сайлаудың тәртібі «3 маусым Заңы» шыққаннан кейін «қазақ халқа надан, Думада депутаттық қол емес» деген сылтаумен бүкіл қазақ халқының депутаттық құқығынан айырылғандығы туралы айтылады, қазақ елінің мәселесі басқа ұлт өкілдерінің қолвнда қалған жағдайда оның жері 3-ші Думада қандай әңгіме болғанына қысқаша шолу жасады [40, 77б].
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкін емес.. ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман тала-бына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Бұл ел тари-хындағы елеулі кезең турасында Президент Н.Ә.Назарбаев: «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» - деп, әділ бағасын берді. Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрде-лілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ даласында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез Алаш ардагерлерінің айтуынша, «қазақтың бар болу немесе жоқ болу» мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны, бұл шақта қазақ халқы толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына айналған еді. Қазақ даласындағы хандық билік ыдыраған, билер институтының қадірі кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақ еді. Алашорда қозғалысы мен Алаш идеясының пайда болуына тікелей осы аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың жеке өз алдына ел болып, дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай жағдайға қол жеткізуін көкседі. Ең алдымен қазақ баласының бір-бірімен пікір алмасуын қамтамасыз ету үшін мерзімді баспасөз құралдарын шығарды. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» пен «Қазақ» газеті «ұлттың көзі, құлағы һәм үніне» айналды. Бұлардың ұлттық са-наны оятудағы маңызы орасан зор болды. Кішкентай жылғадан басталған бұл әрекет ұлғайып, арналанып зор халықтық қозғалысқа ұласты. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі - қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай болатыны, А.Байтұрсынұлының сөзі-мен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының орнын толтыруға білек сыбанып кірісті. Қазақты біртұтас ел деп танысақ, Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы деп мойындауымыз қажет [41, 77б].
Сондай–ақ Ә. Бөкейхановтың Ақпан революциясына дейінгі қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуы жөнінде төмендегідей дәлел келтіруге болады.
Мәселен, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары қай қырынан болмасын шыңдалуына сол тұстағы қоғамдық саяси ой-пікірлер мен осы тұстағы ірі-ірі оқиғалар әсер етті. Олардың қатарында 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы әсер еткен еді. Біз жоғарыда бұл іске Әлихан Бөкейхановта араласып, ұлт зиялысы ретінде революциядан үлкен үміт күткенмен, оның үміті көпке созылмағандығын көрдік. Яғни ол патша өкіметінің назарына ілініп, соңы қамаудан бірақ шыққан еді. Бұл да ұлт қайраткерінің болмысын шыңдай түскен жағдай еді.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степей», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товорищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909-1917 жылдары «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-1914 жылдары «Қазақ» газетінің ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді [50, 103-115бб].
Қорыта айтатын болсақ, қай дәуірдің болмасын ұлты ұлықтаған ұлдары болары сөзсіз. Сол сияқты қазақ елінде де әр ғасырда ұлықтар ұландары табылып жатады. Осындай тұлғалар қатарында ХХ ғасырдың басында өзінің халқына деген адал қызметі мен қоғамдық-саяси әрекеттері үшін көзге түскендердің бірі – Ә. Бөкейханов еді. Ол туралы айту, жазу, зерттеу жұмыстарын әлі де болса толықтыра түсу тарихшылар міндеті.
3.2 Ә. Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы және еңбектеріндегі ұлттық идея
Елімізде қалған, Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы және еңбектеріндегі ұлттық идеяның маңызының басталуын біз анау 1904ж. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласа бастағанынан көре аламыз. 1896ж. оның Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі болды, ал 1901ж. оның басқару комиетіне сайланды. Ә. Бөкейхановтың тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903ж. «Ресей» Полное географическое описание нашего-отчества деген көп томды альманахтың 17 томына еніп, Санкт-Петербургте жарық көрді.
Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамындағы жер мәселесінің үздік маманы, осы тақырыпқа қадам тартқандардың көш бастаушысы ретінде көптеген мақалалар жазды. Санкт-Петербургте шығатын «Речь» газетінің 1914 жылғы 23 қаңтарындағы санында басылған «Мемлекеттік Дума депутаттарына ашық хаты» қоныстану басқармасының қазақ даласының қазынағы қарайтын жерін әртүрлі топтарға – орыстың князьдары мен графтарына үлестіріп берумен ғана шектелмей, православие дінін қазақ жұртына сіңіру қамы да ойластырғандықтары айтылады [51, 43б].
Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхановтың қаламынан туған «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи», «Киргизи», «Жағрафия», «Астрономия», «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты еңбектері халқымыздың өткені мен бүгінгі, көнесі мен жаңасын сабақтастырып жатқан алтын арқау боларлық әдеби, педагогикалық мұра. Яғни, бүгінгі таңда ХХ ғ. басында дүниеге келген алаш идеясы Тәуелсіз Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуде. Алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары, рухани тәжірибесі жылдар өте тарих толқынындағы келешек ұрпақ үшін өшпес ұлттық идея болып қалары сөзсіз [52].
Ол Щербина экспедициясына қатысып, Семей обл, қарасты Павлодар, Қарқаралы, Семей уездері мен Ақмола облысының Омбы уезінде жүргізген жұмыстарына қатысып, алуан түрлі деректі матералдар жинады. Экспедиция біткеннен кейін жиналған. Экспедиция біткеннен кейін жиналған бай материалды іріктеп, өңдеп ғылыми- іорытындысын жазысты. Экспедиция қорытындысы 1903-1905ж. 13 том болып жарыққа шықты.
Шығармашылық, - мұрасы. Әлихан Бөкейханның артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкен саласы - орыс Тілінде жазылған монографиялық энциклопедиялық сипаттағы ғылыми еңбектері. Бұлардың өз кезінде ең елеулі баспаларда жариялануы авторға деген сол тұстағы ілтипат, құрметті ғана емес, туындылардың сапасын мойындауды көрсетсе керек. Ғалымның негізгі басты еңбектері қазақ халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-тайпалар шежіресіне, тұрмыс-салтына, қазақ жерлерінің отарлану тағдырына арналған.
Осылардың арасында «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және мәдени өркені» зерттеушінің маңызы айрықша зор. Мұнда қазақ жерінің мыңжылдық тарихы, өлкені ертелі-кеш мекендеген түрлі ру-тайпалардың, елдер мен ұлыстардың қалдырған заттық ескерткіштері, сәулет өнерінің белгілері жан-жақты сөз болады, Қазақ- хандығының құрылуын баяндап, ақырында орыс отар кезеңдерін тәптіштей түсіндіреді. «Қазақ» этнономінің қалай шыққандығы жөніндегі аңызды келтіріп, «қырғыз» деген орыстар таңған, қате атау екенін дәлелді көрсетеді.
Қазақ, орыс тілдерінде жазылған мерзімді баспасөзде, әсіресе «Қазақ» газетінде жарияланған мақалдардың идея-рухы, ой-талғамы, пікір-байламы, стиль ырғағы мүлде бөлек, бұларда автор негізінен өткен. уақыттар емес, өз заманындағы көкейтесті мәселелерді талдап, әр түрлі ағымдарға баға берді, өз тоқтаған тұжырымды ортаға салады. Қазақ халқының кешегі өткен дәуірлердегі хандары, билері, батырлары, барша азаматы туган жердің қарыс - сүйемі үшін қасық қаны қалғанша шапқыншы жаумен алысып жан алып, жан берсе, сол асыл тұяқтың алтын ұрпағы Әлихан Бөкейхан бүкіл қайратын, ақылын, білімін, мінезін, талантын жұмсап, соңғы демі біткенше ұсталған алтын қазық, биік нысана ата-мекеннің арыстанның аузында, түлкінің тісінде кетпеуі, жерден айырылу дегеннің елдіктен, жұрттықтан ыдырап, қайыршыланып, азып-тозып біту екекенін түсіндіру еді.
20 ғасыр басындағы басқа қазақ қаламгерлеріне қарағанда Әлихан Бөкейханның бір ерекшелігі оның арнаулы европалық жан-жақты білімі бар, эрудициясы мол, мәселені ерекше кең қоя алады, дүниежүзілік тарихтан мысал Ресей империясы көлеміндегі жағдайлармен сабақтастыра қарайды, кез келген озбыр патша әкімімен, қызылкөз отаршыл генерал - губернатормен, нәсілшіл профессорлармен, шовинист, нәсілшіл профессорлармен, шовинист депутатпен, шарғатқа шұлғыған дін иелерімен, Кеудемсоқ кейбір қазақ оқығандарымен терезесі тең сөйлесе алды.
Әлихан Бөкейханның шығармашылық мұрасының ішінде жеке адамдарға арналған шағын ғұмырнамалық кесіндеме, портрет деп атауға болатын бір шоғыр материалдар бар.
Ол орысша, қазақша екі тілде жазылған. Бұлардың ішінде ең сүбелісі -Абай Құнанбаевқа арналған әйгілі мақала.
Қазақтың данышпан ақыны Абай туралы баспа жүзін көрген алғашқы ең толымды, терең, ғылыми еңбек Әлихан Бөкейханның «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» деген орыс тілінде жазған мақаласы 1906ж. «Семипалатинские областные ведомсти» газетінде жарық көрді [53, 32б].
Шындығына келгенде, Абай мен Әлиханның жас айырмасы екі-ақ мүшел, екеуі де бір атыраттың, Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің адамдары, сондықтан булардың көзі тірісінде ұшырасуы, сұхбаттасуы әбден ықтимал, бірақ ондай сөзді Әлихан жазбайды. Әлихан Бөйкейханның ғылыми, көсемсөз, әдеби мұрасының ішінде жеке кітаптарға арналып, жазылған, бірқыдыру мақала, рецензиялар бар. Алғашқы еңбектің бірінде Шәкірім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежірісі», сөз бабы болды. Шәкәрім деректеріне қоса Әлихан «Адамзат тарихы» кітабынан, Н.Н. Пантусов зерттеулерінен, географиялық қоғам жазбаларынан қосымша дәйектер келтіреді.
Әлихан қаламынан шыққан ең көлемді әдеби, ғылыми, фольклорлық еңбек – «Қарақыпшақ Қобыланда» деп аталады. Бұл - шағын 8 бап, бөлімшеден тұратын бас - аяғы деп - дөңгелек, ықшам ғана монографиялық очерк, әйгілі халық туралы жұп-жұмыр зерттеу, бір бөлімшеде «Қарақыпшақ Қобланды жырының мазмұны қысқаша ғана баяндалады. Зерттеуде ерекше мән берілген мәселе - жырдағы Қобландының өмірде болған - болмағындығы, мұндағы айтылған жәйіттердің, баян етілген оқиғалардың тарихи деректермен, сәйкестігі және сәйкес еместігі.
Бұл еңбек - қазақ сыны, әдебиеттануы, фольклортануы, бастау көзіндегі ең алғашқы бағалы, ғылыми ізденісінің бірі.
Көркем аудармашы.
Әлиханның кейінгі ұрпаққа қалдырғай әдеби мұрасының ең көлемдісі көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, В.Г, Короленко, Д.М. Мамин Сибиряк сияқты жазушыларымен қатар Европаның өркениетті елдерінің қаламгері. Оқу – ағарту мен ғылымның сан салаларын қамтитын мектеп оқулықтары тағы бар. Әлихан Бөкейхановтың көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30 жылдар аралығында яғни 1920 жылдан 1927 жылға дейін КСРО халықтарының Орталық баспасындағы Қазан секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударғаны байқалады. Оған дәлел ретінде аудармалардың шығу мерзімін атаса да болады: А.Н. Толстойдың «Қажымұраты» 1923 жылдың қыркүйегінде аударылып, келесі жылы басылған. «Кавказ тұтқыны», «Жеті қарақшы», «Жұмытқадай бидай» (Л.Н. Толстой) - 1925 жылы; «Жетпіс жеті мысал» 1925ж; «Жердің қысқаша тарихы»; «Дүниенің құрылысы» 1926ж; В.Г. Короленканның «Баймақан», «Өзі әңгімелері» -1927 ж. жарық көрген. Басқа да көптеген аудармалары, мысалға: Л. Толстойдың «Сурат кафеханасы», «Серуен жасап зерттеу әдісі»; «Бір адамға қанша жер керек», Чеховтың «Хамелеон»; В.Г. Короленконың «Оты»; Д.М. Мамин - Сибиряктың «Қара ханымы»; Н. Маркестің «Қырым сөздері секілді шағын әңгімелердің аудармалары. Төңкеріске дейінгі «Дала уалаяты» газетінде «Жас қазақ» газетінен бастап; Кеңес дәуіріндегі «Темірқазық», «Жаңа мектеп» және т.б. көптеген мерзімді басылым беттерінде жарияланып тұрды. Әлихан Бөйкейхан қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист.
Оның қаламынан шыққан мақалілар Ресей астанасының «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомсти», «Новая жизнь» секілді газет-журналдарынан бастап, патша үкіметтің қас көзі жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп қонып жүріп Омбы, Самара, Орынбор, Семей, Мәскеу сияқты қалаларының мерзімді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінен көрінеді. Кейін келе татардың «Фікір», «Уақыт», қазақтың «Серке», «Қазақстан» газеттері мен «Айқап» журналы беттерінен оның мақаларын ұштастыруға болатынды. Халықтың сана - сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген Әлихан Бөйкейхан, қазақтын тұңғыш басылымы «Дала уалаятының» газеті жабылып қалған соң, қазақ тілінде газет басуды ұйымдастыруға жан салады. 1905ж Мәскеуде өткен орыстың «Жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері» сьезіне 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан өкіл болып барып, «сьеҙдің Романов үйінде өткен мәжілісінде жасаған баяндамасынла ол былай дейді: «У нас также преследуется школа с казахским языком нас тоже давит цензура». Вот уже 13 месяцев, например, немогу добиться от цензуры разрешения на издания киргизского перевода 46-ти басен И. Крылова. Крестянские начальники (большей частью бывшие ротмистеры) не допускают при рассмотрении дел казахского языка [54, 19с].
Омбы, Семей, Орынбордағы патша чиновниктері кабинеттерінің табалдырығын тоздырып, ортаға астанадағы талай беделі саяси-қоғам қайраткерін салып, аяғында рұқсат алды. 1913ж ақпапында тұңғыш саны жарыққа шыққан. «Қазақ» газеті соның бірдей. бір жемісі еді. Ахмет Байтұрсынұлы редакторлық еткен бұл газеттің бүкіл қазақ зиялыларының басын біріктіріп, халық үшін атқарған қызметін ерекше бағалау орынды. Бұл газетте Әлихан Бөйкейханнып 250-ден аса мақалары, ғылыми зерттеулері, аудармалары жарық көрді.
Әлихан Бөкейханның саяси-қоғамдық мемлекеттік қызметтері қай дәрежеде болды. Соңғы жылдары Әлихан Бөйкейханның осы қоғамдық – саяси қайраткерлігі жайында М.Қойгелдиев, Х.Әбішев, Б.Қойшыбаев және тағы да басқа бірталай үлкенді мақалары жарияланды. Ол мақалалар әлі де болса, бүкіл Ресей империясының еуропалық деңгейіндегі саяси-қоғам, мемлекет қайраткерлерінің назарын өзіне аударған. Әлихандай алып тұлғаны. жан-жақты таныта алмайды. Оның атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат – мұрасы ұзақ жылдар бойы терең әрі жан-жақты жинастырып, қарастыруды талап ететін мол дүние.
Әлихан Бөйкейхан - қазақтын тұңғыш энциклопедисі деуге негіз бар. 20 ғасыр басында немес: Ф.А.. Брокгауз бен орыс И.А. Ефрон секліді баспашылдардың көптомдық «Жаңа энциколопедиялық сөздігін» шығарып тұрға әлім. Қазақ өлкесін танушы ғалым Әлекең осы «сөздікті» әзірлеуге ат салысқан. Пәлендей мақаланы немесе бөлімді Әлихан жазды деп кесіп айтуға орын жоқ. Әйтсе де, «сөздікке» енген қазақтың трихы, қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы жайында, қазақтың көрнекті хан - көсемдері және тағы басқа материалдарды Әлиханның әзірлегені күмән туғызбайды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Әлиханның аты - жөні 4-томнан 21 томына дейін көрсетілген.
Ә.Н. Бөйкейхан халықтың рухани байлығының - бірі көркем әдебиетке де көп көңіл ауларған ғалым: Қазіргі заманғы ағылшын зерттеушілерінің пікірінше ол 20 ғасыр басындағы «Қазақ әдебиеті мен баспасөзін дамытуда жетекші роль атқарған, «Халқымыздың сарқылмас қазынасы - ауыз әдебиеті мұраларын жинау оларды жіктеп, өңдеп бастыру, әдебиеттану, көркем аударма - Әлекеңнің сонау бастан сүйсіне атқарған істерінің бірі.
«Қазақтың ұлы болып өркениетті ел қатарында өмір сүру үшін, ең алдымен, халықтың сана - сезімін оятатын жағдай тудыру қажет; қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрсітету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады» - деп білген Әлихан ұлттық әдебиетімізді өркендетуде жан - тәнімен; еңбек етеді. Халықтың мәдениетін көтеруде, ой-санасын аятуда, халықты надандыө құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға жетпес орнын ол студенттік күндерінен-ақ түсінген. Сол мақсатта замандағы қазақтың алдындағы қатардағы зиялылары мен әдебиет өкілдерінің басын біріктіруге ұмтылады.
Оларды халыққа қызмет етуге, халықты «Масадай» шағып «оятуға», білім беріп көзін ашуға шақырады. Сөйтіп Мағжан, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Ғумар, Көкбай, Жүсіпбек, Мухаммеджан сынды ақын - жазушылары мен көрнекті зиялыларды жинайды. Әдебиет өкілдерін өркениетті елдердің әдебиетінен үлгі алуға, үйренуге тартады. Әлихан Бөйкейханов фальклоршы болды. Ол қазақ эпосы мен фальклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым еді, - деп жазады. Оксфорд универтитетінің ғалымдары,
Әлихан халықтың ауыз әдебиеттегі мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өніп-өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. М.Жүсіп Көпеев, Әбу-бәкір Диваев, Г.Б.. Потанин, А. Байтұрсынұлымен қатар ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салады. Ауыз әдебиеті мұраларын жинауда ол ФА. Щербиина экспедициясы құрамында ел аралап жүрген күндері бастаса керек. Күні бүгін оның өзі жинаған немесе басқаның жинап – терген нұсқаларын өңдеп, ғылыми түсініктерін жазып бастырған бірнеше кітаптарды сақталған. Атап айтсақ олар: В.В. Радлов жазып алған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Тарғын» жырының марабай ақынның жазып алган нұсқасы, А. Байтұрсыновпен бірігіп жинасып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін өзі дайындағын «Қазақтың 4 ғасырдан бергі», «Жиырма үш жоқтауы» және «Ер Сайын» жырлары.
Жоғарыда айтылғандай, Әлекең халық ауыз әдебиетін жинаумен қатар, оларды жан-жақты зерттен, талдаған ғалым. Оның осы саладағы жазған еңбектерінің мәні жайында Сорбонна университетінің ғалымдары былай деп жазады: Оның «Қыр баласы» деген - лақап есіммен жарияланған қазақ эпосы туралы тамаша зерттеулері отандастырының сана - сезімін оятуда зор маңызы болады.
Әлихан Бөйкейханов тұңғыш зерттеуі – «Женшина по киргизской былине», «Қобланды» атты көлемді мақаласы Ташкентте Түркістан генерал -губернаторлығы жағынан шығып түрген «Түркістан уалаяты» газетінің 1899 жылғы 9,20 мамыр және 3 маусым күнгі сандарында жарияланды. Зерттеуіне ол қазақтың жалпы ауыз әдебиеті шығармаларына шолу жасап, оларға академиялық сипаттама береді: «Памятники народного творчесвта киргиз разнобразные по содержанию и форме и значителны по количеству. Жырлардағы суреттелетін оқиғалардың және бейнелердің, қаһармандардың тарихта орны болғандығын, сонымен қатар жырлардың ғасырлар бойы ауыздан - ауызға, жыршыдан - жыршыға көшіп сақталып келуіне байланысты, жырларға әрбір ақын жыраудың өзі өмір сүрген заманның ереішеліктерін өзіндік тілін, көркемдік айшықтарын, өмірге деген өзіндіс көзқарасын, өзінің позициясын еңгізіп отырғандығын, сөйтіп жырлардың түпнұсқадан едәуір өзгешіліктермен жеткендеріне назар аударалы. «Қобыланды» жырына жеке тоқталып ондағы кейіпкерлер әйелдердің Аналық, Қарлығы, Құртқа, Көклән кемпір әр қайсысы өз кезегімен ой - пікірлерін айтады [55, 34б].
Күні бүгінге дейін Әлихан Бөйкейханның әр түрлі мерзімді басылымдардан жарық көрген үлкенді - кішілі 10-нан аса зерттеулері табылып отыр. Жоғарыда үзінді келтірілген екі мақалаға қоса Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» дастанын, ғасыр басындағы Махмутсулан Тұяқбаевтың дайындауымен шыққан «Қара Қыпшақ Қобланды батыр» жырын қарастырған фальклорлық сыни еңбектері мен «Қазақ» газетінің беттерінен әр жылдары жарияланған «Роман бәйгесі», «Ән, елең һәм оның құралдары», «Роман деген не?» және т.б. мақаларын атауға болады.
Әлихан «Қазақтың» 1915 жылғы 120 сазында жарық көрген. «Роман бәйгесі» атты мақаласында Міржақып романы «Бақытсыз Жамал» кішкентай ғана кітап. Мен мұны «Қазаққа» сын жазбақ болып едім. Екі жұма отырдым. Бұл менің бұрын қылмаған ісім еді. Сонан ба, жоқ менде сын өнерінің жоқтығынан ба, оны оқушылар білер деп жазған болатын.
Ол Рахман деген не? деген мақаласын айтып отырса керек. Бұдан біз -Әлкеңнің ауыз әдебиеті туындылары ғана емес. Өз заманының прозалық шығармаларына да назар аударғанын аңғарамыз.
Әлихан Бөкейхан жағрафия қоғамының сүйемелдеумен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихынан көп зерттейді. Әлиханның тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары – «Исторические судьбы Киргизского края и культырные услехи», «Киргизы» атты монография 1903 ж «Россия. Польное теографическое описание нашего отчества» атты көп томдық альманахтың «Киргизский край» деген ХУІІ томына еніп, Санкт-Петербургтен жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси -әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Автор, сондай -ақ дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір .- «Тарихын сипаттайды, патша үкіментің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. Екінші «Киргизы» («Қазақтар») атты еңбегі алғаш рет «Фермы национального движения в современных –государствах» атты жинақпен 1910 Санкт-Петербордан басылып шығады. «Әлихан бұл - еңбегінде қазақ даласындағы саяси - әлеуметтік жағдайы тартымды етіп сипаттай алған.
Қазак халқының отаршылдық, переселендік саясатқа деген көзқарасын, кең далаға көлдей ағылған келімсектермен арадағы қарым-қатынасын, күресін, ұлт азаттық күресінің бағытын, мақсат - мүддесін ашып көрсете алған. Шығармада, сондай-ақ халқымыздың көкейтесті мәселелері - тіл, сөз бостандығы, дін мәселесі де қозғалады. Әлихан қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттесе керек. Әсіресе, кіші жүздің, кейінірек Орта жүз бен Ұлы жүз хандықтарының Ресейдің қол астына енуінің себеп-салдарына көп көңіл бөлгені аңғарылады.
20 ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көсемі - Әлихан Бөйкейханның назарынан Кенесары - Наурызбай көтерілісі де тыс қалмаған. Хан Кенеcары қозғалысына «Әлихан алғаш рет жоғарыда аталған «Исторические судьбы - киргизского края» атты еңбегінде қысқаша ғана тоқталып өтеді. Қуатты Ресей империясының отыршылдық саясатына қарсы ашық қарулы көтерілістің әлі де болса заманы тумағындағын ол жақсы түсінді. Теңдік пен ұлттық тәуелсіздіктің төте жолы деп Әлихан өркениетті елдердің мәдениетімен үлгі алу, сөйтіп халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер -білімін көтеру, ұлттық сана-сезімін оятуды ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа стратегиялық бағыты етіп алған. Оның 1916 жылғы қарулы көтеріліске түбегейлі қарсы шығуының негізгі себептері де міне осында жатыр.
Әлихан этнография саласына қатынасты жазған «Аңқау елге – арамза молда» немесе «О киргизских поминках» атты еңбегі екі тілде қатар жарияланған. Мақаласы назар аударарлық. «Би һәле билік» атты мақаласында қазақтың заң мен билік мәселелерді қарастырылады. Кезінде Әлихан орыстың жағрафия қоғамының ғылыми мәжіліс - жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс - салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сондай - ақ, ол орыстың Н. Потанин сынды ғыалымдарына халқының ән-күйін, ою-өрнегін тұрмыстық құрал -саймандарын жинасып, том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген [56, 8б].
Әлихан Бөйкейхан - тұңғыш абайтанушы: «Абай Құнанбайұлы шығалығын тынысы лебі түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап Халқына тезірек танытуға, таратуға асықты. Абайдың есігі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет Паш еткен де Әлихан болатын 1906жылдың 9 қаңтарында жазықсыздан – жазықсыз тұтқынды Павлодар түрмесіне жапқан кезде, Әлиханның портфелінен Абай Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздерінің қолжазбасы табылған. Абақтыға жабылғаннан кейін, келесі күні жазған арызында ол өлең қолжазбаларының құны «5000сом» болатындығын және оны сақтауға шаралар жасауың өтілген.
Абайдың поэзиясын как это покажут его стихи, предстовлял надюжинную силу и составляет гордость казахского народа. Еше не было казахского поэта, так возвысившего духовное творчество народа; ках Абай. Чудные его стихи, посвещенные четырем временом года, сделали бы честь знаменитым поэтом Европы, - деп алғаш рет жоғары бағалаған Әлихан еді. Абайдаң дүние салуына 1жыл толуы қарсаңында оның өмірі мен шығармашылық жолын суреттеп жазған «Абай» (Ибрахим). Құнанбайұлы» атты мүнәһиб - мақаласы арада 90 жылдай уақыт өтседе өзінің ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл мақала 1905-1907 жылдар аралығында үш басылымнан кезек - кезек жарық көрген. Әлихан Бөкей хан, сонымен қатар, Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат салысады. Жоғарыда аталған мүнәһиб - мақаласының соңында айтылғандай, ол Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялы, жинақтың 1909 жылы Ресей астанасы - Санкт- Петербордан басылып шығуына қол ұшын берген.
Сондай-ақ, еліміздің тәуелсіздігі қоғамдық, әлеуметтік, мәдени және рухани санамызға жаңашыл ізденістер мен түбегейлі өзгерістер әкелді. Арғы-бергі тарихты танып-таразылауға, танымал тұлғалардың кезеңі мен қызметін, өмірі мен шығармашылық мұра-мирастарын зерттеп-зерделеуге жаңа мүмкіндіктер ашылды.
Бұл ретте осы ғылыми жұмыс тақырыбымызға арқау болып отырған Әлихан Бөкейхановтың педагогикалық көзқарастарын зерделеу мәселесі көтерілмек. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы казақ зиялыларының қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға – Әлихан Бөкейханов. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат – мұрасы бір кісінің ғүмырындай уақыт бойы шаң басып жатты. Әлихан Бөкейханов – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі.
Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейханов «Мен тірімін, дем аламын, туған елімнің ауыр жүгін арқалап өмір сүремін және мен үшін Отанымның жарқын болашағынан асқан бақыт жоқ… Оны ойлағанда түн ұйқым төрт бөлінеді» деп туған халқымыздың ұлттық санасын ояту жолын таңдап, аянбай тер төкті.
Ұлт зиялыларының бірі, отансүйгіштігі мен ұлтжандылығы тұрғысынан биік рухты кемел тұлғалардың үлгісі болар Ә. Бөкейхановтың 1890 жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық орман институтына түсерде өрімдей жас кезінде өзінің шығармасында: «Өзгеге жамандық тілеу – өзіңе жамандық жасау, себебі, басқалармен қосылып барлығымыз бір адамзат баласымыз. Адам баласы үшін ең қиыны рухани тыныштық жағдайына жету, оған біз санамен де, байлықпен де жете алмаймыз, тек ілім мен білім жолына түсу арқылы ғана адам баласы толыққанды рухани кемелдікке жете алмақ» деген ойларынан бастау алған оның педагогикалық мұрасы бүгінгі жас ұрпақ тәрбиелеуші ұстаздар үшін баға жетпес құндылық.
Бүгінгі таңда да өз маңызын жоймаған Ә. Бөкейхановтың оқыту мен тәрбиелеу ісі жөніндегі пікірлері ғылыми қағидаға айналған десек те болады.
Ол практикалық әдістің лабороториялық әдіске жақын екендігін дәледейді. Оның ойынша, практикалық әдіс мұғалімнің басшылығымен сабақты бекіту кезеңінде қолданылады. Әлихан Бөкейхан оқушының қажетті білім алуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты екендігін айтады. Ол былай деп жазады: «Баланы баулыған оқытушы ісіне шебер болса, өзі де, балаларды табиғатты әліп-бидей оқып, аты бәйгеден келіп, бүркіті түлкі алып қызыққа батады да, қуанады. Бала оқуға күйі түскен қаршығадай, түлеп ұшады» [46, 37б]. Автор ең қажетті лаборотория ол қоршаған ортаны, табиғатты көзбен көру деп есептейді. Лабороториялық әдісті оқушылар табиғат құбылыстарын ұзақ бақылау арқылы іске асырады. Ғалым-педагог оқыту мазмұнын ұлттық психологиямен байланыстыруға ерекше мән берген. Ол оқушыларға өздерінің өмірлерімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысты соған қажетті материалдар беріп отырған. Әлихан Бөкейхан 1926 жылы орта мектеп оқушыларына арнаған астрономия оқулығын жазып шығарған. «Астрономия» – деген сөздің мәнін ол былайша түсіндіреді: «Астрономдар /астыр-грек тілінде жұлдыз, номос-заң, осы екеуінен, екі сөзден жұлдыз заңын зерттеуші деп астрономды шығарған». Сондықтан да ол мұғалімдерге жас жеткіншектердің бойларына диалектика – материалистік көзқарастарын қалыптастыру мәселесін алға қойған. Әлихан Бөкейхан зерттеулерінде оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланыста болатын үрдіс ретінде қарастырады. Тұлғаны қалыптастыруда тәрбиенің атқаратын рөлін Әлихан өз еңбектерінде жан-жақты дәлелдейді. Тәрбиесіз жинақталған білімнің қоғамға тигізер пайдасы болмайтындығын айтады. «Ән өлең һәм оның құралы» – атты мақаласында эстетикалық тәрбие мәселесін көтерген. Автор өнердің тұлғаны қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтеді. «Ән адамның бар ет тамыр, сүйек-сүйегін қозғайды, бәрін ерітеді, елжіретеді»[47, 247б] – деп жазады автор.
Әлихан өзінің «Ашық хат» атты мақаласында білім беру, оқыту мәселесін былайша жазады: «Ұлтына, жұртына қызмет қылу біліммен емес, мінезден. Адам баласын өзіндей жақсы көр, сүй деген сөз айтылғалы екі мың жыл болған, онан бері білім отарба, телеграмма, телефон шығарды, жақсы мінезге тоқталған адам аз, білім біліммен, мінез мінезбен» [48, 365б] – дейді. Адам қанша білімді болса да оның тәрбиелі болуы мүмкін емес екендігін айтқан. Адам білімді болмаса да тәрбиелі, әдепті болуы әбден ықтимал- деген қағиданы ұстанған. Әлихан Бөкейхановтың осы ой талдамасын тәрбие ісіндегі таным, тұлға теориясының негізі деп тануға болады [49, 36б]
Әлихан Бөкейханов мұрасында ерекше орын алатын туындыларының бірі – көркем аударма. Қаламгер аудармаларында тәрбие түрлері жан-жақты берілген. Л.Н. Толстойдың «Сурет кафеканасы», В.Г. Короленконың «Макардың түсі» атты әңгімелерін тәржімалаған Ә.Бөкейханов еңбек тәрбиесін насихаттаған. Балаларға тілі жеңіл мысалдар берген. «Көк кептер мен құмырсқа», «Бүркіт пен тасбақа», «Күзен», «Арыстан мен тышқан», «Ат пен атшы», «Арыстан мен бақа» т.б. әңгімелерінде тәрбиеге жете тоқталады [50, 6б]
Тәрбие теориясын оқыту теориясымен байланыста қарастыру мәселелерін қозғаған педагог-ғалым Ә.Бөкейхановтың сол кезеңде айтқан «оқытуды ана тілінде жүргізу керек» деген пікірі күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Сол кезеңде Алаш көсемі көтерген ана тілінде оқыту мәселесі бүгінгі таңда мемлекеттік стратегиялық құжат болып бекітілді [56, 6б]
Жалпы айтқанда, егемендік кезеңінде «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» (1997ж.), «Халықтың тұтастығы мен ұлттық тарих» жылдарының (1998ж.) ғибраттық-тағылымдық қырлары айқындалып, нәтижесінде 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленді, ал «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның күшіне енуі (1998ж.) халқымыздың тарихи, әдеби-мәдени және рухани салалардағы тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегін, қоғамдық қызметтерін қайта қарап, жаңа қыры мен соны сипаттарын ашу ісінде көп көмегі болды. Яғни, осы бүгінгі өмірінен және ғылыми мұраларынмен елімізге еңбек сіңірген қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың қаламынан туған «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи», «Киргизи», «Жағрафия», «Астрономия», «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты еңбектері халқымыздың өткені мен бүгінгі, көнесі мен жаңасын сабақтастырып жатқан алтын арқау боларлық әдеби, педагогикалық мұра.
Яғни, бүгінгі таңда ХХ ғ. басында дүниеге келген алаш идеясы Тәуелсіз Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуде. Алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары, рухани тәжірибесі жылдар өте тарих толқынындағы келешек ұрпақ үшін өшпес ұлттық идея болып қалары сөзсіз.
Қорытынды
Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған сондай қайраткерлердің бірі - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов ежі.
Қазак демократиялық интеллигенциясы қазақ еліне өркениетті қоғам бағдарламасын ұсына отырып, өздері атқарып отырған істің тарихи мәнін жақсы түсінді. Ә.Бөкейханов 1917 жылдың жазында жазған мақаласында «кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере-бере жүретін алдымызда зор шарттар бар», - деп жазды. Бірақ қазақ елі 1917 жылы олар ұсынған жолға түсе алған жоқ. Ал большевиктер партиясы ұсынған даму жолы қазақ елі үшін азабы мол жол болды. Ол үшін қазақ демократиялық интеллигенциясының ешқандай да кінәсі жоқ. Туған елінің бостандығы үшін соңғы деміне шейін. күрескен оның өзі де империалық зорлықтың құрбаны болды.
Яғни, жоғарыдағы барлық деректерге сүйене отырып төмендегідей қорытындыларға келдік:
Біріншіден, ұлт перзентінің жасампаздық ғұмырынан жазылған естеліктердің тақырып аясы барынша кең. Олардан туған жері мен өскен ортасы, ататегі мен ағайын-туысқандары, отбасы мен сыралғы серіктері, балалық шағынан бастап бірегей тұлғасының қалыптасу жолдарын, рухани және ғылыми айналасын, тар жол, тайғақ кешулі саяси-қоғамдық қызметінің белесті кезеңдеріне қатысты қадау-қадау құнды деректерге қанығамыз.
Екіншіден, Әлихан Букейханов сынды алаш арысының өмірбаяны жөнінде қысқаша баяндап және өмірлік жолында қандай еңбек сіңіргенін баядап өттік. Яғни, әлихан Бокейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандағы сөзсіз.
Үшіншіден, ондағы «Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы екенін атап өттік. Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады.
Төртіншіден, Әлихан Бөкейханов мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткер ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілерінің бірі, азаматтықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз! асқар беліміз! Өмірінде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ», -дегенде, асыра айтып, қателескен жоқ еді.
Бесіншіден, сонымен қатар, Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығында Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Оның бірі «Алаш» және «Үш жүз» партиялары еді. Яғни, олар елдегі ұлттық, діни, таптық, сословилік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен түрде жүргізді.
Алтыншыдан, біз Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығын салысытырып өттік. Онда жалпы екі партияның бағыттары мен мақсаттарын атап өттік. Яғни, ұқсастықтары олардың демократиялық бағытты үгіттеуінде, сондай-ақ ел мүдесі үшін атқарған қызметтері байланыстырады. Бір партия егер тар заманда пайда болған болса, ал қазір тәуелсіздігімізді алып, сол партияның жүзеге аспаған бағдарламаларын күні бүгінде «Amanat» партиясы атқарып жатыр.
Жетіншіден, қай дәуірдің болмасын ұлты ұлықтаған ұлдары болары сөзсіз. Сол сияқты қазақ елінде де әр ғасырда ұлықтар ұландары табылып жатады. Осындай тұлғалар қатарында ХХ ғасырдың басында өзінің халқына деген адал қызметі мен қоғамдық-саяси әрекеттері үшін көзге түскендердің бірі – Ә. Бөкейханов еді. Ол туралы айту, жазу, зерттеу жұмыстарын әлі де болса толықтыра түсу тарихшылар міндеті.
Сегізіншіден, бүгінгі таңда ХХ ғ. басында дүниеге келген алаш идеясы Тәуелсіз Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуде. Алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары, рухани тәжірибесі жылдар өте тарих толқынындағы келешек ұрпақ үшін өшпес ұлттық идея болып қалары сөзсіз.
Жалпы, қаншама ғасыр, заман артта қалсада, ұлы даланың жас қырандары өз қайсарлығымен, күш-қайратымен, білімі, ақылы және жігері барысында еліміздің атын әлемге танытудан еш жалыққан емес, әрине еліміз үшін басын бәйгеге тігіп, қыршындай жастан айырылған, ұлы даланың арыстары аз емес. Оның бір дәлелі Алаш қайраткерлері еді. Яғни осындай арыстай тұлғаларымыздың есімі көк тудың желбірегеніндей, жүрегімізде мәңгі қалды.
Яғни, бүгінгі жас ұрпақ мемлекетімізге еңбек сіңірген қоғам қайраткерлеріміздің сан алуан ерлігін үлгі тұтып, өз сара жолдарын, ғылым білімге назар аудартуда. Еліміздің басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының елімізге келген індет барысында, халыққа жасаған жолдау сөзі, әлі есімде: «Біз бүгінгі уақытқа дейін, қор жинаудың орнына, оны далаға шашып той жасап, несиеге батып, оны талай жылдар төлеп, ысырап жасап келіппіз, - деседі. Сонымен қатар енді осы мәселені қолға алып, халықты, өмірінің соңына дейін өз қара сөздерімен халыққа сыни көзбен қарап, мінін түзетіп келген ұлы даланың – саяси реформаторы Абай атамыздың ілімімен таныссын деп шақырғаны бар. Осылайша, елбасымыз ысыраптан алшақ болып, ғылым, білімге, кәсіптің көзін тауып ілгері даму жолын барша еліміздегі саналы ұрпаққа ой тастады».
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында, - демекші Елбасымыздың, жоғарыда айтылған сөздері барша өскелең жас ұрпақтың санасына кіріп, жүрегіне түймедей қадалса, онда еліміздің болашағы жарқын болатынына күмәнсіз сенуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |