Ә дамытушылық: оқушының музыканы сезінуін, есте сақтау қабілетін дамыту. Б тәрбиелік: білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, өз Отанын, елін сүйетін сезімтал бала тәрбиелеу. Ән үйрену: К. Дүйсекеев «Домбыра туралы баллада»



жүктеу 44.52 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі44.52 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының шығу тарихы, жасалу жолдары, оның дыбыс бояулары жөнінде балаға ұғындыру.

Ә) дамытушылық: оқушының музыканы сезінуін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Б) тәрбиелік: білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, өз Отанын, елін сүйетін сезімтал бала тәрбиелеу.

Ән үйрену: К. Дүйсекеев «Домбыра туралы баллада»

Музыка тыңдау: Н. Тілендиев «Ата толғауы»

Сабақтың типі: ойын сабақ

Әдіс – тәсілі: түсіндіру, ойын ойнау, ән айту

Көрнекілігі: интерактивті тақта, аспап суреттері, әннің сөзі, аспап, үнтаспа

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Дауыс жаттығуын жасау.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Музыка - халықтың рухани қазынасы» тақырыптан түсінік айтқызу.

Өткен сабақты бекіту сұрақтары:



  1. Кетбұға кім, оның қандай күйлерін білесің?

  2. Октава дегеніміз не?

  3. Асанқайғы кім, қай ғасырда өмір сүрген?

  4. Боғда мен Байжігіттің қандай күйлерін білесің?

Музыкалық диктант

Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына-ұшы- қиыры жоқ, аса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз.



Сөйлемдердегі көп нүктенің орнын толықтыр.

Кетбұға – белгілі күйші, жырау болған.



Байжігіт Алтай өңірінде өмір сүрген.

Боғда – әйгілі «Алпыс екі тармақты Ақжелең» цикліне «Кербез Ақжелең», «Күмбез керік» атты екі күйімен үн қосқан күйші.

Асанқайғының «Ел айырылған», «Желмаяның жүрісі», «Зар», «Асанқайғы» сияқты күйлері бар.


  1. Жаңа сабақ

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дегенде көз алдымызға не елестейді?

Аспаптардың суреттерін көрсетіп, құрылысын айту.

Домбыра – қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі.Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді.Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады. Домбыра күйлері – қазақ халқының ішкі жан дүниесін суреттейтін туынды.

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, - деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызында, - сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып биік таудың қиясынан теңбіл маралды атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек–

қарынын ақтарып алып тастайды.

Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады.Оның өзі бірде уілдеп, бірде сорлап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.

Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» деп ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей саңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қана қоймайды. Тыңдаған жанның бәрін ұйытады.Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналды.

Қылқобыз – әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші-балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі – прима қобыз.

Сазсырнай – саздан жасалған үрмелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.

Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.



Жетіген-шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. ХХ ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып,қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданаған-оның әуені аң аулауға шыққанда немесе алыс жораққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.

Сыбызғы- үрмелі көне аспап; Қурайдан, ағаштан, күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.

Шаңқобыз – темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі – ағаш шаңқобыз – ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.

  1. «Аспаптардың дыбысын ажырат» ойынын ойнау.

Әртүрлі аспаптарда әуендер тыңдатылады .Аспаптардын атын атау.

Енді осы аспаптар ойналу әдісіне,құрылысына қарай мына топтарға бөлінеді:



Ішекті аспаптар Ұрмалы аспаптар

Қобыз асатаяқ

Домбыра дабыл

Шертер даңғыра

Жетіген қоңырау

Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі тыңдатылады.

Осы күйде кездесетін аспаптарды оқушылар өздері ажыратады.


  1. Ойын: Музыкалық анаграммаларды шешіп, артық сөзді алып таста.

БЫҚОЗ ҚОБЫЗ

МОДЫРБА ДОМБЫРА

ТЕРРЕШ ШЕРТЕР

ГІТЕНЕЖ ЖЕТІГЕН

АЛБАҒ БАЛҒА


  1. Ән үйрену: К. Дүйсекеев «Домбыра туралы баллада»

Әнді алдымен өзім орындап беремін. Қиындық келтіретін жерлеріне тоқталып өтемін.

Әннің әуенін үйрету.

Дәптермен жұмыс. Әннің сөзін көшіріп жазу.

Жеке оқушымен жұмыс.



  1. Оқушыларды бағалау.

  2. Қорытынды.

Сұрақтар:

  1. Ұлттық аспаптарды ата.

  2. Аспаптар қандай топтарға бөлінеді?

  3. Бүгін қандай ән үйрендік? Авторы кім?

  1. Үй тапсырмасы: «Домбыра туралы баллада» әнін жаттап келу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет