Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік



Дата03.10.2023
өлшемі12.05 Kb.
#479586
түріСабақ
document name



Автор: Укибасова Жумакул Амиржановна
Пән: Математика
Сынып: 5-сынып
Бөлім: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып: Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

5.5.2.2 мәтін есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
- ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу;
- өзара жай сандардың анықтамасын білу;
- екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу алгоритімін білу;
Оқушылардың көпшілігі:
өзара жай сандарды анықтай алу, бірнеше сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші мен ең кіші ортақ еселігін таба алу;
Кейбір оқушылар:
бірнеше сандардың ЕКОЕ-і мен ЕҮОБ-ін тауып, мәтінді есептер шығару;

Бағалау критериилері

- ЕКОЕ ұғымының анықтамасын біледі;
- ЕҮОБ ұғымының анықтамасын біледі;
- өзара жай сандардың анықтамасын біледі;
- екі немесе одан да көп сандардың ЕКОЕ-і мен ЕҮОБ-ін табу алгоритімін біледі; - өзара жай сандарды ажырата алады;
- бірнеше сандардың ЕКОЕ-і мен ЕҮОБ-ін таба алады;
- ЕКОЕ пен ЕҮОБ-ті мәтінді есептерде қолдана алады.

Пәндік лексика және терминология:

- ең кіші ортақ еселік; (ЕКОЕ)
- ең үлкен ортақ бөлгіш;(ЕҮОБ)
- еселік;
- бөлгіш;
- жай сандар;

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ауызша есептеу:
- 9 –ға еселі сандарды ата.
- Қай сандар жай сандар? (4,5,9,13,14,17,21,27) - басқа сандар қандай сандар?
- 12, 15,20 сандарының бөлгіштерін ата.
- Қандай сандар өзара жай сандар деп аталады?
- Екі санның ЕҮОБ қалай табады?
- Екі санның ЕКОЕ қалай табады?
Табыңыздар:
ЕКОЕ (135, 75) =
ЕКОЕ ( 18, 20) =
ЕҮОБ (24, 36) =
ЕҮОБ (120, 36) = 

Слайд

Сабақтың ортасы

ЕҮОБ-ке есептер:
Есеп 1. 210 қызғылт, 126 ақ, 294 қызыл раушан гүлдерінен букет дайындалды. Әрбір букетте әр түрлі түстегі гүлдер саны бірдей. Ең көп дегенде қанша букет дайындалды және ондағы әр түрлі түстегі гүлдер санын анықтаңыз?
Шешуі:
1) ЕҮОБ ( 210, 126 және 294) = 42 (букет).
2) 210 : 42 = 5 (қызғылт раушан).
3) 126 : 42 = 3 (ақ раушан).
4) 294 : 42 = 7 (қызыл раушан).
Жауабы: 42 букет: әр букетте 5 қызғылт, 3 ақ, 7 қызыл раушан гүлдер бар.
ЕҮОБ-ке есептер:
Есеп 2. Балалар бақшасындағы топтарға тарату үшін 28 ойыншық машина, 35 қуыршақ және 77 доп сатып алынды. Балалар бақшасындағы әрбір топқа ойыншық машиналар тең бөлініп, қуыршақтар тең бөлініп, доптар тең бөлініп берілді. Ойыншықтар балалар бақшасындағы неше топқа бөлініп берілді? Әрқайсысы қаншадан таратылды?
Шешуі: берілген сандардың бөлгіштерін табамыз:
28: 1, 2, 4, 7, 14, 28
35: 1, 5, 7, 35
1, 7, 11, 77
ЕҮОБ(35, 28, 77)=7.
Жауабы: Ойыншық машиналар 4, қуыршақ 5, доп 11 данадан таратылды
ЕКОЕ-ке есептер:
Есеп 3. Портты қаладан туристер үшін теплоходтар үш түрлі бағытта рейстерге шығады. Бірінші рейс 15 тәулікке, екінші – 20, үшінші – 12 тәулікке созылады. Теплоходтар портқа келген бойда рейске қайта шығады. Бүгін теплоходтар үш бағытқа бірдей рейстерге шықты.
Қанша күннен кейін олар порттан тағы да бірдей уақытта рейстерге шығады? Қайта кездескенге дейін әрбір теплоход қанша рейс жасайды?
Шешуі:
1) ЕКОЕ (15,20 және 12) = 60 (тәулік) – қайта кездеседі.
2) 60 : 15 = 4 (рейс) – 1 теплоход.
3) 60 : 20 = 3 (рейс) – 2 теплоход.
4) 60 : 12 = 5 (рейс) – 3 теплоход.
Жауабы: 60 тәулік, 4 рейс, 3 рейс, 5 рейс.



Слайд

Сабақтың соңы

ЕКОЕ-ке есептер:
Есеп 4. Жол бойында әрбір 45 метр сайын электр бағаналары орналасқан. Осы бағаналарды ара қашықтығы 60 метр болатындай жаңа электр бағаналарымен алмастырылды.
Бұрын қанша бағана болды, олар қанша бағаналарға ауыстырылды?
Шешуі:
1) ЕКОЕ (45 және 60) = 180.
2) 180 : 45 = 4 –бұрынғы бағаналар саны.
3) 180: 60 = 3 – жаңа бағаналар саны.
Рефлексия


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет