Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
foreign 788

Анықтамалықтар. Оқушылардың анықтамалық әдебиетті қолдану 
дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл дағдылар 
технологиялық процесстерді жобалау, 
құралдарды құрастыру
жабдықтау, семинарларға дайындалу және т.б. кездерде аса қажет 
болады. 
Табиғи кӛрнекі оқу қҧралдары. Бұйымның жұмыс принципі мен 
қасиеттері, механизм бӛліктерінің ӛзара байланысы, құрылымы, сырт 
келбеті туралы нақты кӛрініс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Табиғи 
кӛрнекі оқу құралдары оқушылардың құрылғыларды (мысалы, үзуші 
машина) ӛз бетімен зерттеу үшін, сондай-ақ тақырып бойынша 
баяндама қорғау кезінде қолданыла алады. 
Бейнелеу кӛрнекі қҧралдар. Оларға ақпаратты бейне графикалық, 
сызбалық және сандық формаларда жеткізе алатын плакаттар
кестелер, сызбалар, фотосуреттер жатады. Мұндай құралдар бұйымның 
сырт келбетін, ішкі құрылымын, жұмыс принципін және т.б. кӛрсетуге 
мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар оқушылар тақырыпты ӛз бетімен 
оқығанда және баяндама мәліметтерін баяндау кезінде қолданыла 
алады. Бейнелеу кӛрнекі құралдар оқытушыға жаңа материалды 
түсіндіру кезінде және оқушыларға тақтада жауап бергенде пайдалы 
болу мүмкін. 
Модельдер. Металл құрылысын кӛрнекі түрде түсінуге, жұмыстағы 
құралдардың механизм бӛліктерінің ӛзара байланысын зерттеуге 
мүмкіндік береді. 
Пән бойынша тесттер. Оқушылардың білімі мен қабілеттерінің 
сапасы мен толықтығын объективті диагностикалық тексеру мен 
бағалауға 
мүмкінді 
береді. 
Олардың 
арасындағы 
ең 
кең 
таралғандарында тапсырмалар мен оларды дұрыс орындау үлгілері бар. 
Тесттер оқушылардың білімін мерзімдік бақылау мен бағалауға 
мүмкіндік береді. Одан басқа, оларды оқушылардың материалды 
меңгеру деңгейін арнайы тексеру үшін қолдануға болады (әкімшілік 
бақылау, кесінді бақылау және т.б.). Сондай-ақ, тесттер үлгерімі тӛмен 
және орташа оқушылардың білімін қорытынды бақылауға да 
қолданыла алады. Үлгерімі жоғарырақ оқушыларға олардың дайындық 
деңгейіне сәйкес ӛзге тапсырмалар ұсынуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет