талаптар бірыңғай болу керек.
Училище мен техникумда оқытылатын пәндер мектептік пәндермен
тығыз байланысты.
Сондықтан, мектептік білімдегі олқылықтар үшін
қорқыныш сезімі күшейеді. Оқушы алдына қойылған тапсырмаларды
орындай алмайтынына сенімді болады.
Бірақ оқушы осында да бұрынғыдай, ӛз мүмкіндіктерінің шамасына
қарай оқуды жалғастыратынына сенімді болатын жағдайлар да болады.
Мұндай оқушылар, материалды түсіну кезінде белгілі бір
қиындықтарға тап болғанда, оқуға деген қызығушылығын жоғалтады.
Олар
толығымен оқуды қойып, үлгерімі тӛмен оқушылар қатарына
қосылады. Оған қоса, олар сабақтарды еш себепсіз босата бастайды.
Оқыту орнының әкімшілігінің, оқытушының, ӛндірістік
оқыту
шеберлерінің ескертулеріне үйреншікті, ӛздігінен-ӛзі болатын құбылыс
ретінде әрекет етеді. Егер бұл оқушыларға тиісті назар аудармаса, олар
оқу орнын бітірмеуі мүмкін.
Оқушылардың бір бӛлігі оқуға мақсатты түрде кіріседі. Бұл не
айтарлықтай
табысты
оқушылар,
не
мамандарды
дайындау
бағдарламасын меңгеруге күші жететіндер. Оқушылардың бұл бӛлігі
адал ниетпен оқиды, шыдамды болып келеді, оқытушылар мен
ӛндірістік оқыту шеберлерінің талаптарын әрқашан орындайды.
Бірақ
бұл оқушыларға білім алу үлкен еңбекпен беріледі. Оларға жалпы
білімдік пәндер бойынша да, ӛзара байланысты болғандықтан, арнайы
цикл пәндер бойынша да кӛмек керек.
Егер мұндай оқушылар оқу
орнында оларға немқұрайлықпен қарамай, әрқашан кӛмекке келуге
дайын екенін кӛрсе, олар оқу орнын әбден сәтті аяқтай алады.
Бастауыш білім беру орындарында есту қабілеті бұзылған
балаларға арналған мектепте оқыған оқушылар да кездеседі. Кӛпшілік
жағдайларды олардың есту қабілеті аса бұзылмаған. Олар жалпы
мектепте де
оқи алады, бірақ мұндай оқу қиыншылықтарға толы.
Ӛкінішке орай, мұндай жас балалар мен қыздарға арнайы бастауыш
және орта кәсіптік білім беру орындары жоқтың қасы. Оларға жақсы
еститін оқушылармен бірге оқуға тура келеді. Тәжірибелік байқауларға
сүйене отырып, олар оқу бағдарламасын меңгере алатын, айтарлықтай
дайын оқушылар екенін атап ӛткен жӛн. Бірақ сонда да, оларға мұндай
жағдайда оқу оңай емес. Олар ӛздерін,
әсіресе араласқан топтарда
қарама-қарсы жыныс ӛкілдерімен, сенімсіз сезінеді. Одан басқа, есту
қабілетінің шектеулігіне байланысты олар сабақта қандай да бір
маңызды затты ӛткізіп алуға қорқады, сондықтан оларға әрдайым
назарын
жинақтап, онсыз да әлсіз есту қабілетіне күш салуға тура
келеді. Кейбір оқу орындарында мұндай жас балалар мен қыздар
арасында сәтсіздіктердің пайда болуының алдын алу үшін арнайы
топтар ашады.
Олардың дені сау балалармен бір топта да сәтті оқуына жағдай
жасауға болады. Тек бұл
мәселені шешуге нақты кірісіп, осындай
оқушыларды
дайындаумен
байланысты
барлық
мамандарды
қатыстырған жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: