9
«Сот риторикасы» курсының негізгі мақсаты, тіл қатынасына
байланысты күшті тұлғаны дайындауда тек олардың маңызды бағалау
параметрінің іргетастық білімін игеруі,
өте бай ақпараттық
қамданымы және оларды толтырып отыруға талпынысы қана емес
сондай-ақ анықталған коммуникативтік пиғылмен және жоғарғы сөз
сөйлеу мәдениетіне сәйкестікте сөздің негізгі құрылымын иемдену
болып табылады.
Шешендік өнер қоғам өмірінде әрдайым үлкен роль атқарады.
Шешендік өнерді иемденудің, заңгер қызметінде ерекше маңызы бар.
Процесте соттың шешендігі – бұл тек қана нақты қылмыстық және
азаматтық істер бойынша пікірлерін жая білу қана емес, сондай-ақ
идеологиялық әсер ету құралы болып саналады. Соттағы жария
сөздері заң,
әділет соты және демократия, саясат және әдептілік
туралы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға көмек болады.
Сөз сөйлеу бір немесе өзге де ойларға сипаттама бере алуды,
сөзбен талқы жасауды көрсетеді. Ауызша сөз сөйлеу монологиялыққа
(бір адам сөйлеуі) және диологиялыққа (екі және одан да көп адам
сөйлеуі) бөлінеді. Көпшілік алдында сөз сөйлеу (шешендік) –
монологиялық болып саналады. Соттағы сөз көпшілік алдындағы
(шешендік) монологиялық сөз сөйлеу түрі болып табылады. Дегенмен
көпшілік алдындағы сөз сөйлеу пішін бойынша қана монологиялық
болады. Шешен тыңдармандарға әсер етіп және оларды сендіртуі
керек болғандықтан, ол сөздің мазмұнымен
пішінін өзгерте отырып
және ақиқатты бірігіп іздеп табу барысына тартып, тыңдармандардың
көңіліне
секем
назар
аудара
білуі
керек,
яғни
шешен
тыңдармандармен диалог жүргізеді. Сондықтан да өзінің мазмұны
бойынша көпшілік алдындағы сөз диалогтық болып саналады.
Соттағы сөз – бұл сот мәжілісінде айтылған және нақты іс
бойынша шешеннің пікірін өзінше мазмұндай көрсететін және оған
басқа шешеннің қарсылық білдіруінің, қылмыстық және азаматтық
істерді қарастыру кезіндегі сотқажәне соған барлық іс бойынша
қатысушылар мен жай қатысушы адамдарға арналып айтылған
көпшілік сөз. Соттағы сөз судьялық ішкі сенімділігінің нысандалуына
әсер етеді, сотқа істің барлық
жай-жапсарларында тереңірек
түсінуіне, осы жай-жапсарларды жан-жақты, толы және объективті
зерттеуге, іс бойынша ақиқатты ашып және дұрыс шешім қабылдауға
көмектеседі.
«Сот риторикасы» курсы білімгерлердің барлығына дерлік
міндетті болуға тиіс, себебі заң білімін алу кезінде заңгер-білімгерді
дайындаудағы негізгісі болып, ол өзіне «заңгер секілді ойлана білу», -
дегендей, оқиғаның құқықтық саралауын қосатын, оларда заңгерлік
ойлау қабылетін дамыту болып табылады. «Оратор» латын сөзі және
ол тыңдармандар алдында сөз сөйлеуші
адам дегенді білдіреді, ал
ораторлық өнер тыңдармандарға барынша көбірек әсер бере алу үшін
сөз сөйлеуді шебер қолдана алумен сипатталады. «Красноречие»
10
деген сөз осы ғылымға термин ретінде орыс тілінен кіріп отыр, ол
дегеніміз «говорить красно, т.е. красиво», яғни әдемі немесе сенімді,
қызықтыра деген мағынада.
Қызыл тілділік және шешендік өнер аралығында теңдік белгісін
қоюға бола ма?; деген сұраққа бүгінгі күнге дейін біркелкі көзқарас
жоқ.
Сотта сөз қату – прокурорлар мен адвокаттар жұмыстарының
қажетті бөлігі; соттағы сөз сөйлеудің жалпы және заңи мәдениетін
үнемі көтеру бойынша жұмыссыз, олардың кәсіби шеберлігін
жоғарылатып отыру мүмкін емес. Прокурорлар
мен адвокаттардың
сөздері, сот ережесі бойынша бір-біріне қарсы тұрады, кей - кездерде
ол пікірталастық сипатта көрінеді. Іс бойынша барлық дәлелдер мен
мән-жайларды әр-тарапынан бағалай және айқындай отырып, осы
сөздер соттың тұжырымына, оның шешіміне әсер етеді. Кей
жағдайларда сот өндірісіне қатысушылар, істің дұрыс шешілуі үшін
қажетті мағынасы бар деректер мен жай-жапсарларды иемдене тұрып,
дер уақытында солар туралы хабардар етуге қиналады, өздерінің
сөздерінде айқын суреттей алмайды. Сол кезде деректер мен мән-
жайлар табылмаған болуы мүмкін, сондай-ақ іс
бойынша ақиқатты
орнатуды және істі әділ қарастыруды қиындатады.
Кәсіби заңгерлер мазмұнды сот сөздерімен жариялы сөз айта
шығуы үшін, оларға іс материалдарын, құқықты, психологияны,
этиканы, логиканы өте жақсы білу және жоғары мәдениетті адамдар
болуы қажет.
Бүгінгі күнде заңгерлер демократия мен жариялылық жағдайын
ширату үшін әрекет етіп жатқанда еліміздегі өтіп жатқан құқықтық
реформада, сөзді иемдене білу алғы шепке шығып отыр.
Заңгер сөзін ұғымды, сауатты,
істі білушілігімен, көркем, яғни
сендірте алатындай сөйлеуі керек. Заңгерге жақсы шешен болу өте
қажет. Бұл оның бірден-бір негізгі кәсіби сапасы болып табылады.
Тәжірибелі жұмыскерлер дұрыс ескереді: «Білімгерлерді көп нәрсеге
үйретеді, ал іс жүргізуге қалай дайындалады, сөзді қалай құрау керек,
шешендік өнерге үйретпейді! Артистерді сахнада өзін қалай
ұстаулары керек екендігіне, қалай дұрыс сөйлеу керектігіне үйретеді,
ал заңгер білімгерлерді – үйрету жоқ».
Соттағы тыңдармандар шешендік құралдардың бүкіл арсеналын
қолданатын және тәсілдері мен шешендік әдіс-айлаларын қолдана
алатын прокурорлар мен адвокаттарға сый құрметпен назар аударады.
Дауласа білуге, сөйлей алуға үйретуге болады және қажет. Нақты
осымен, философия, логика, психология, эстетика, этика, тіл білімінің
жетістіктерін қолданатын «Сот риторикасы» айналысады.