қалдық магниттелу Jқал байқалады. Бағыты магниттелуді тудыратын өріске қарсы бағытталған НС өріс әсерінен магниттелу нольге айналады. Осы НС кернеулік коэрцитивтік күш (кідірткіш күш) деп аталады. Қарама-қарсы өрісті одан әрі арттырғанда ферромагнетик қайта магниттеледі (3-4 қисығы), және Н=Нқан болғанда қанығу болады
(4-нүкте). Содан кейін ферромагнетиктің магниттелуі азаяды (4-5-6 қисығы) және қайтадан қанығуға дейін магниттеледі (6-1 қисығы). Осылайша ферромагнетикке айнымалы магнит өрісі әсер еткенде магниттелу J гистерезис тұзағы (гректің «кешігу» деген сөзінен шыққан) деп аталатын 1-2-3-4-5-6-1 қисығына сәйкес өзгереді. 0-1,6-1,3-4 магниттелу қисықтары болса, 1-2-3 және 4-5-6 магнитсіздендіру қисықтары деп аталады. Сөйтіп, магнитсіздендіру қисықтарының магниттелу қисықтарынан қалуын немесе кешігуін гистерезис деп атайды.
Ордината осіндегі 0-2 және 0-5 кесінділері қалдық магниттелуді сипаттайды. Ал абсцисса осіндегі 0-3 және 0-6 кесінділері коэрцитивті (кідірткіш) күш деп аталады.
Әртүрлі ферромагнетиктер үшін гистерезис тұзағы әртүрлі болады. Коэрцитивтік күші (бірнеше мыңнан 1-2 А/см-ге дейін) аз ферромагнетиктер жұмсақ, ал коэрцитивтік күші үлкен (бірнеше ондаған А/см-бірнеше мыңдаған А/см-ге дейін) болатын ферромагнетиктер қатты деп аталады. Қатты ферромагнетиктер тұрақты магниттерді, ал жұмсақ ферромагнетиктер трансформатор өзекшелерін дайындау үшін қолданылады.
Ферромагнетиктерді қыздырғанда белгілі бір температураға жеткенде ол өзінің ферромагнетиктік қасиетін жоғалтып, парамагнетикке айналады. Осы температураны Кюри нүктесі деп атайды.
Мысалы, темір үшін Кюри нүктесі 7680 С, кобальт үшін 11600С, никель үшін 3650 С-қа тең.
Парамагнетиктердің магниттелу коэффициенті немесе магниттік алғырлығы П.Кюри заңы бойынша анықталады:
=C/T, (15.4)
мұндағы С-берілген зат үшін тұрақты шама, Кюри тұрақтысы деп аталады.
Ферромагнетикті денелер магниттелгенде олардың сызықтық өлшемдері мен көлемдері де өзгереді, яғни деформацияланады. Сондықтан бұл құбылыс магнитострикция деп аталады. Бұл құбылысты 1844 ж. Джоуль ашқан.
Ферромагнетизм теориясын алғаш рет жасаған француз физигі П.Вейсс гипотезасы бойынша, Кюри нүктесінен төмен температурада ферромагнетик көптеген ұсақ макроскопиялық аймақтарға - домендерге бөлінеді, яғни қанығуға дейін өздігінен магниттеледі.
Қазіргі кезде техникада феррит деп аталатын магниттік заттар үлкен роль атқарады. Олар өздерінің электрлік қасиеттері бойынша жартылай өткізгіштерге жатады, кедергілері өте жоғары 104-108 Омм. Оларды өте ұсақталған металл оксидтерін араластырып, 900-15000С-та пісіру арқылы алады. Ферриттердің осындай түрі электротехника үшін өте құнды, өйткені олардың ішінде зиянды құйын токтар өнбейді. Ферриттерден трансформатор өзектерін, индукция катушкасының стерженьдерін және т.б. жасайды. Сол сияқты тұрақты магниттер жасау үшін де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |