Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020



бет2/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

АЛҒЫ СӨЗ

Ұсынылып отырған дәрістер курсы жоғары оқу орындарының «Инженерия және инженерлік іс» тобына арналған физика пәнінің типтік бағдарламаларына сәйкес дайындалған. Оқу құралында кіріспе, механика, молекулалық физика және термодинамика, электрмагнетизм, тербелістер физикасы, оптика, атомдық физика мен ядролық физика элементтері бөлімдерінің негізгі теориясы баяндалып отыр. Инженерия және инженерлік іс топ мамандықтардың арнаулы пәндерінің негізін классикалық физика заңдары құрайтыны ескеріліп, механика, молекулалық физика және термодинамика, электр өрісі, магнит өрісі, электрмагниттік толқындар мен тербелістер тақырыптары толығырақ қамтылды.


Қазіргі заманғы көзқарасқа сәйкес классикалық физиканың негізін релятивистік түсініктер қалау керек. Тек сонда ғана классикалық теория аумағында материя, кеңістік, өріс, уақыт, козғалыс сияқты күрделі ұғымдарды жеткілікті ғылыми деңгейде бір-бірімен тығыз байланыста түсіндіруге болады.
Көңіл аударатын негізгі мәселенің бірі – физикалық құбылыстарды сипаттайтын терминдердің мемлекеттік тілде қолданысы. Мектеп оқулығында қалыптасқан ұғымдар баяндаудың негізіне алынған. Мысалы, «нүктелік заряд» термині кейбір әдебиеттерде «зарядты дене», «зарядты обьект» деп те кездесіп қалады. Қатар қолданыста жүрген осындай терминдер мағынасын түсінген оқырманға елеулі қиындық тудырмау керек.
Негізгі анықтамалар мен заңдар курсив әріптермен, векторлық шамалар үстіне қойылған бағдаршамен, векторлық көбейту амалдары тік жақшамен терілген.
Орыс тілінде пайдаланып жүрген физикалық терминдердің қазақша аудармасы Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік» (1-том, физика және астрономия; 5-том, энергетика; 6-том, электроника, радиотехника және байланыс) негізінде алынған. Оқу құралының соңында қосымша ретінде физикалық шамалардың іргелі тұрақтылар мен жиі қолданылатын шамалардың кестесі берілген.
Осы оқу құралын студенттер дәріс сабақтарында өтілген тақырыпты толықтыруға немесе қайталауға, практикалық сабақтарға, өздік жұмыс сабақтарына қажетті материалдарды пайдалануға, емтиханға дайындық кезінде көмекші құрал ретінде қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет