Тақырыбы: Еңбек субьектісінің кәсіби даму кезеңдері
Сұрақтары:
-
Еңбек субъектісі және оның құрлымы.
-
Еңбек субъектісінің кәсіпке дейінгі дамуы.
-
Д. Эльконин, Эриксон, Е.А. Климов көзқарастары
-
Кәсіптік бағдар жұмысын бассқарудың мақсаттары мен міндеттері.
Еңбек субьектісінің кәсіби даму деңгейін анықтау өте жауапты және күрделі мәселе. Субьектінің кәсіби дамуын дайындық процесі кезінде болашақ маманның кәсіптік міндеттерді шешуге арналған арнайы білім алады. Оларда кәсіптік іс-әрекет қасиеттерінің іскерлігі мен дағдылары дамиды. Кейбір мамандыққа қажетті қасиеттер арнайы дайындық пен кәсіби біліктікті жетілдіру мен қалыптастыру негізінде қалыптасады. Кәсіптік дайындық негізінде келесі параметрлер қалыптасады:
-Жеке тұлғалық қатынас
-Іс-әрекеттің еңбектік және кәсіптік мотиві
-Еңбектік ұстаным
-Өзіндік баға
-Талаптану деңгейі
Қазіргі психология ғылымында еңбек субъектісі индивид пен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде танылады. индивидтің жекелей қасиеттері дегенде сыртқы, биологиялық және әлеуметтік орта жағдайларына байланысты адамның дербес даму кезіндегі түрленген қасиеттері туралы айтылады. Сонымен қатар, адамның табиғи қасиеттері оның жеке тұлғалық және еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттерін есепке алып, индивид ретіндегі қызмет ететін қасиет-сапаларын зерттеу қажет, осылайша жеке тұлғаның құрылымы индивид құрылымын өзіне қосады екен. Осыдан барып, кәсіби маңызды қасиеттер туралы сөз болғанда, жеке тұлғаның дербес – психологиялық қасиеттері және жеке тұлғаның қатынастары туралы айтады.
Жеке тұлғаның сенсорлық, перцептивтік, аттенциялық, психомоторлық, мнемикалық, ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, еріктік қасиеттерін дербес-психологиялық деп атайды. Жеке тұлғаның қатынастарына жататын факторлар мыналар: адамның өз-өзіне деген қатынасы (өзін-өзі бағалауы), өзгелерге, таныстарға және таныс емес адамдарға, достарға, жұмыс бойынша жолдастарына, ата-анасына, отбасының басқа да мүшелеріне т.б. деген қатынасы; еңбекке, өзінің кәсібіне, мамандығына, белгілі бір кәсіби міндеттерге қатынасы, материалды құндылықтар мен қоғамдық меншікке қатынасы, қоғамның идеологиялық құндылықтарына, заңдар мен ережелерге, болашаққа, сәтсіздіктерге, барлық жаңа нәрселерге, алуан түрлі өзгерістерге және т.б. деген қатынасы. Бұндай қатынастар жеке тұлғаның позициясын анықтайды, ол оның статусының субъективті, іскерлік жағын көрсетеді. Жеке тұлғаның қатынастары, мотивтері, бағдарлары мен құндылықтық бағдарлар жүйесі оның кіші топтп, ұжымда және жалпы қоғамда атқаратын рөлдің – қоғамдық функциялардың белгілі бір кешенінде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның құрылымдық қасиеттеріне оның темпераменті жатады. Б.Г. Ананьев ойынша, жеке тұлғаның құрылымы дегеніміз – қасиеттердің толықтай құралуы мен белгілі бір ұйымдасуын атайды. Бұның қызмет етуі жеке тұлғаның құрылымының құрамдас бөліктері болып табылатын алуан түрлі қасиеттердің өзара іс-қимылдары арқылы ғана мүмкін. Жеке тұлғаның әр түрлі деңгейлері мен даму жақтарына жататын құрамдас бөліктерді зерттеу олардың арасындағы алуан түрлі өзара байланыстарды зерттеумен міндетті түрде тіркеседі.
Кәсіби маңызды қасиеттердің әрқайсысын қарастыра отыра, біз ең алдымен бұл қасиеттің қаншалықты тұрақты екендігі, оқу мен кәсіби қызмет кезіндегі оның қаншалықты дамуы мен компенсацияға берілетіні туралы сұрақтарға жауап беруіміз керек. Белгілі бір қасиеттің қандай кәсіби міндеттермен байланысының маңызын, оның дербес айырмашылықтарының диапазонының қандай екендігін, және, ақыры, берілген қасиеттің қызмет етіп жүрген жеке тұлғаның құрылымына қалай қосылатынын түсіну маңызды және қызықты. Қазіргі кезде бұл сұрақтардың барлығын еңбек психологиясы ғылымы әлі де шеше алмай жатыр, алайда олардың көбіне деген жауабын біз біздің психологтар еңбегінде тауып жатырмыз. Мектептерде оқушылардың тез арада әлеуметтік жағынана дамуына жағдай жасау және мамандық таңдау маңызды мәселеге жауапкерлікті қалыптастыру керек. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру, бұл жүйені мемлекеттік тұрғыда мен және жоғарғы оқу орындарында арнайы кадрлар даярлаумен тығыз байланысты. Тәрбие жұмысының сапасын көтеру мақсатында (оның ішінде кәсіптік бағдар беру жұмысын да) кластан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыругшы, техникалық творчество үйірмелері жетекшілерінің қызеттері енгізіледі. Мұғалімдерге еңбек оқуын. Кәсіптік бағдар мен оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы төлей басталғалы бері кәсіптік бағдар беру жұмысы жаңа сапалық өзгерістер ұшырады.
Жастарға кәсіптік бағдар беруді басқару мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешу үшін идеалы саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз ету қажет. Басқарудың кез келген процесі екі жақты болады, ол басқару жүйесімен басқарушының өзара әрекетін айқындайды. өз мүмкіндігімен ортаның жағдайына қарай оқушының мамандық таңдауға көз қарасын қалыптастыру ісінде педагогикалық ұжым зор ықпал етеді. Жасөспірім мақсат-мүддесіне, кәсіп таңдауына басшылық жасап, бағыт-бағдар беріп отырған жөн. Осыған байланысты жастарға кәсіптік бағдар беру процесі өзара байланысты екі жүйеден басқарушы және басқарылатын жүйелерден тұрады. Кәсіптік бағдар берудің қорытындысы оқушылардың мамандық жағынан айқындалуы болып табылады.
№ 8- Дәріс
Тақырыбы: Психологиялық кәсіпке кіріспе
Сұрақтары:
-
Кәсіп, мамандық, іскерлік, лауазым түсініктері
-
Еңбек постысының құрылымы.
-
Еңбектің заттық және әлеуметтік жағдайлары.
Психология еңбегінде қарастырылатыны іскерліктің сапалы қажеттілігін, осы арқылы еңбектің тиімділігі анықталады. Бірақ спецификалық өзіндік психологиялық мәселеге көңіл бөлу, адам – жұмысшы осы тұлғаның дамуы.
А.Н. Леонтьевтің айтуынша екі тұлғаның туғаны туралы: бірінші рет мектепке дейінгі жаста, иерархия мотиві құрылады және бір нәрседен бас тарту қабілеті пайда болады; Екіншісіне жеткіншек кезіндегі жас бала жаңадан өз мотивін түсінгенде және басқарушылықпенайналысқанда. Осыған орай үшінші тұлғаның пайда болуын айтуға болады. Профессионалды іскерлікте үлкейген адам өзінің потенциалын құрастырып, профессионалды іскерлік адамға көмегі көп, ол өзіне қалағанын орындай алады.
Келесіде сананың даму этапын атап айтуға болады.
1) мөлшерін меңгеру, физикалық даму;
2) әлеуметтік тұлғаның қабатының қалыптасуы;
3) тұлғаның ішкі орталығының қалыптасуы.
Тұлғаның даму спецификасы маманына ерекше адамның өзінің дамуы. Бірақта маңызды мәселе ол тұлғаның дамуы, маман ойдың дамуы, өз алдына сұраққа жауап табу.
Климовтың айтуынша адамның еңбек субьектісі ретінде дамуы.
Ойын алдындағы кезең. Қабылдау функциясының игеру, сөздің, ережелердің жеңілдігі, арығарай адамның еңбекке үйренуі.
Оптация кезеңі. Осы кезеңде өмірге дайындығы, еңбекке дайындығы, саналы және жауапты маман жолын таңдауда. Егер адам мман таңдау алдында болса, ол оптант деп аталады. Климовтың айтуынша осы кезеңде «оптант» ситуациясында үлкен адам болуы да мүмкін. Мысалы, жұмыссыз адам. «Оптация» - ол жасқа көрсетуі емес, тек ол маман таңдар алдындағы итуация.
Адепта кезеңі. Ол профессионалды дайындық, көптеген мектеп бітірушілер осыдан өтеді.
Интернала кезеңі. Мамандыққа кірісу әріптес ретінде, нақты жұмысқа кірісу. Осы кезең Е.А. Климовтың айтуынша. Жұмысшы әріптес ол «өз адамның арасында» жұмысшы толық профессионалды мүшесі болады.
4) профессионализм емес (ол адам өз маманы ретінде толық білімі жоқ)
Профессионализм – (адам - өз жұмысын жақсы білетін, толық жұмысын істейді)
Профессионализм, псевдопрофессионализм (сыртқы бейнесі әлдеқайда іскерлікті)
Профессионализм – (адам бұрын профессионал болды «экс профессионал»)
Марков тағы нақты этаптарын көрсетте алады. Адамның профессионалға бейімделуі; бірақ барлығынжақсылық күтпейді. Басқалары оғандайын болмайды. Мысалы, әнші, артисттер олардың ұйымдауы сахнадажақсы ойнауы.
5) бірнеше маманды еркін игеру, осының барлығын «ұстаз» деп атайды. Мысалы, химия мұғалімі өте жақсы педагог – ол бір жақтан филосов, психолог жәнке саясаткер.
6) өзін тұлға ретінде көру, профессионал өз жұмысын да үлгеруге, өмірге мысал табуға, күш табуға.
Алдын – ала көру этапы. Мұнда адам толық специалист ретінде көреді; былай қарасақ, бәсеке күресі адамның өмір қуатын жоғарылатады. Сондықтан ждас маман осы ғылымға жүгінеді. Жетістікке жетуге – оның стимулы болады.
Тұрақтылық этапы. өзіңді сенімді, үлгерімді маман ретінде бекіту. осы этап ары қарай мамандықты жалғастыру, өзін ортада және өзфирмаңда нақтыпозиция құру.
Қолдану этапы. Жетістік позициясын сақтау. Аадм осы этапта тұрақты амамн болуға және әлеуметтікжағдайын орнықтыруға тырысады. Осында сұрақтар шешіледі. өзіне ыңғайлы өмірін ыңғайдастыруға, жұмысынжа жетістікке жету деген.
Төмендеу этапы. Профессионалды және әлеуметтік активтіліктің төмендеуі.
Егер де әртүрлі автордың периодизациясын салыстырса, өзгешелікті байқаймыз. Мысалы, психолгтың Е.А.Климовтың профессионалды периоды 11-12 және 14-18 жас, аламерикан психологы Д. Сьюпер аналогиялық стадиясы 14-25 жаста.
Голландия психологі Б. Ливехуд 3даму аспектісін көрсеткен:
-
биологиялық даму, қосымша келесі период:бүкіл организмнің өсуі, өзгеруі.
-
Психикалық даму. Балалық шақтан өмірдің бейнесін іздеу, осыны көбінесе «фантастика өмірі»
-
Жанның өмірбаяны, ол балалық шақтан басталады, өзінің «мен» түсінігін түсінеді.
Б. Ливехудтың ойынша балалық шақтан кейінгі өмір:
Жастық жас (16-17-21-24жас) - өтпелі фаза. Жастықшақол өз қылық әрекеттеріменжұмыс істеу, содан кейін өзін үлкен адамдармен теңей алады. Б. Ливехуд 14-15 жастағы баланың жұмыс істегеніне қарсы шығады.
20 жылдары (21-28 жас) – бірінші ересек фазасы. Ересекадам өзін әртүрлі жақтан көрсеткілері келеді. Осы арқылы өзін зерттеуге және өзінің қабілеттерін білуге ең жаманы болатын осы фазада ол 10 жыл ішінде бір жұмыста істеген. Басқалар үйленуі, жан жақты болуы.
Ұйымдастыру фазасы. (28-35жас) біріншіпланға ол мамандандырылған істі көруге болады. Адамдар өз жұмысына тереңірек кіріседі, өздері әлеуметік изоляцияны құрастырады.
Жаңа достарды таппайды, таныстары бар, барлықтары пайдалы таныстары.
30 жылдардың ортасы. Мынада көбінесе, жаңа мен ескімен арасындағыүзілісі болғанын қорқу. Мысал ретінде Б. Ливехуд 40 жастағы директормен үзіндісін көрсетті: «Сіз білесіз бе, мен ашқан кәсіпорынды мен қарызға алған ақшаға аштым, ылғи да ойлайтынмын барлығына жеткенде демалуға барам деп осы ойлағаным орындала жаздады. Бірақ маған демалуға уақыт жоқ. Мен терең депрессияда жүрмін, мен әлі 30 жылдай бір орында отыру керекпін. Қалай ойлайсыз,барлығын сатасм және барлығын жаңадан бастасам? Сонда менде өмірге деген қызығушылық қайта оянады. Бірақ барлығы бекер, өзімнен қаша алмай, 19 жастағы балаға мен оралмаймын, мына кризистен құтыла алмаймын. Барлығын өзгерте алмайсыз. Уақыт өтті, болды. Ең алдымен өзіне қызықты нәрсемен айналысу керек »
40 жылдары. Биологиялық төмендеу және ішкі дүниенің дамуы. Сонда мынандай сұрақ туады: «Басқа қабілеттер табуға бола ма?» көптеген әйелдерде сексуалдылықтың төмендеуі (жұмысы үшін) ал көптеген ерлерде сексуалдылықтың жоғарылауы әйелдер әлі күнге дейін түсінбей жүр. Қажеттіліктің ауысуы. Ішкі дүниесіне, жұмысына қарау және таңдау осы кезеңде байқалаады.
50 жастың басы. Б. Ливехудтың көрсетуі бойынша, егер де жаңа құндылықтартабылмаса, трагедиялық күйде болғандай. Адам жұмыспен кетеді. Егер де жаңа мағына табылса, онда адам жұмыспен ғана емес, басқаларғада көңіл бөледі. Бақытты болу.
50 жастан кейін. (56-63 жас) Көпшілікке болашақ жоқ сияқты көрінеді. Барлығы артта деп жүре береді. Кейбіреулерінде көбінесе мен көп нәрсені істеген жоқпын, бітірген жоқпын деген ой туындайды. Б. Ливехудтың мысалын айтуға болады. Ол көптеген қартайған адамдармен әңгімелесіп, олардың өмірлерінің енді басталғандығын түсінді. әйгілі япон суретшісі Хогуксайдың айтуынша ,73 жастан оның жұмыстары түкке қажет болған жоқ. Ал 73 жастан кейін карьерасы енді басталды. Тицьян өз баурап алған жұмыстарын 100 – ге келгенде салды.
II. Индивидуалды стильдің еңбек істің мәселесі. Индивидаульді еңбектің дамуында психологиялық системасы жатыр. В.Д, Шадриковтің анализібойынша әртүрлі психологиялық профессионалды системалар келесідей болады.
Маманды істің мотивті қалыптасуы. Еңбек ісіне мотивін жылжыту. Соңында жұмысшы өзмотивін табады. Ең басты мотив адамның маманын таңдау.
Маман ісінің мақсатының қалыптасуы. Ең басты істің мақсатын түсіну. Маманды сітің мақсаты ол нәтижесі ретінде көрінеді; кәсіптік амал, әртүрлі жағдайлардағы негізгі этаптардың құрылу мақсаты: берілген нәтиженің жолы; нақты мақсатын анықтау.
Бағдарлама ісінің көрінісінің қалыптасуы.
-
Компьютердің қалыптасуын көрсету (структурасы туралы)
-
Істің тәсілін, орныдауын көрсетіп, қалыптастыру.
-
Бағдарлама ісінің көрінісін қалыптастыру.
Негізгі мәлімет ісінің қалыптасуы. Келесі сәтті көрсету және ұйғару. Келесі деңгейіе көрсетеді:
-
сенсорноперцептивті деңгейі (мәліметті қабылдау);
-
когнетивті деңгей (мәліметтің маңыздылығын бағалау);
-
бейнелі-оперативті деңгей (мәліметті қайта құру);
Шешімді қабылдау богінің қалыптасуы. Бір альтернативті бірнешеден таңдау осы бір амал деп қаралдады. Шешімді қабылдаудың жалпы схемасы: а) мәселені түсіну; б) мәселені шешу; в) шешімді тексеру; г) коррекциялық таңдау; шешімнің негізгі типі екеу: детерминованда, ықтималды.
Кәсіпті маңызды сапаның қалыптасуы.
-
Адамда сапа туралы түсінік бар, маманды түсінгенде оның құрылысы осы істен басталады.
-
Жалпы ойлаудың құрылуы: а) кәсіптік іске байланысты сапаның құрылуы; б) жаңа сапаның пайда болуы; в) индивидуалды істен қалыптасуы
III. кәсіптілік сананңы дамуының мәселесі. Кәсіптік сананың дамуы мен ол орталық сәттің кәсібі. С.М.Богославски бекер айтпаған, ең тиімді кәсіпті анықтауы. Ол жазды осы адамға кәсіп келіп тұр деп ,біз тек сонда ғана айта аламыз. Егер де кәсіпті іс сол адамның санасымен түсінгенде.
Э.Эриксонның айтуынша «Ұқсас» түсінігі, осы процесті түсінуге адамның өзінің орнын түсіне білу қоршаған ортада. Ересек адамның қасында өспірім әлі толық жетілген деп түсінеміз. Осы жас баланың кризисі, өміріндегі орнын табу. Көп қате істегенін түсінеді. Баланың ересек болғысы келетіні ол өз өмірін басқашаболадыдеп ойлайды. Қоршаған орта жас баланы ересек болуға асықтырмайды. Онда толық ұқсастықты айтуға келмеді және кәсіпті ұқсас туралы. Э.Эриксон көрсетуі бойынша ең бастысы жасөспірімнің өзіне ыңғайлы үлгіні табу соған сәйкес келу.
№ 9- Дәріс
Тақырыбы: Кәсіпті психологиялық топтастыру.
Сұрақтары:
-
Кәсіпті топтастыруды құрастырудың психологиялық белгілері.
-
Кәсіптің көп белгілі және көп деңгейлі психологиялық топтастырылуы
Еңбек әрекетінде түйсінудің барлық түрі – көру мен естуден дәм мен иіс сезуге дейін барлығы да қолданыста болады. Нақты адамның жүйке жүесінің типі оның барлық анализаторларының түйсінулерінің жалпы жалпы сипатына әсер етеді. Сезіну мен ажыратудың жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығы мен тепе-теңдігіне байланысты (жүйке процестері қозғалмалы адамдарда түйсіну жылдамдығы жоғарырақ, ал жүйке процестері аз қозғалмалы адамдарда дифференциациясы неғұрлым нақты және т.б.).Түйсіну деңгейінің тұрақтылығы жүйке процестері күшінің, олардың қозғалмалылығының және тепе-теңдігінің қандай болатындығына байланысты(қызба типте ол тұрақты емес,ал қызба емес типте инертті).Тітіркендіргіштердің рецепторларға ықпалы кезінде эмоционалды реактивтілік, әсіресе,жүйке процесінің күшіне тәуелді:әлсіз типте ол айқын көрінеді, инертті типте – азырақ.
Ажырату жылдамдығы, түйсіну деңгейінің тұрақтылығы және сол сияқты сапаларды қажет ететін мамандықтар үшін адамның мұндай сипаттағы тұрақтылығы мен мамандар іс-әрекетінің нәтижелілігін жоғарылататын нақты құрал – кәсіби таңдау болып табылады.
Кәсіби іс-әрекеттің көптеген түрлерінде жетістікке жету жолында сенсорлы процестердіңпроцестердің екінші сипаты – анализаторлардың сезімталдылық деңгейіүлкен маңызға ие.Адамның түйсіну түрлерінің дамуына тұрақтылық тән: нақты бір адам кеңістіктік айыру немесе сөздік есту аумағында сезімталдығы жоғары болуы мүмкін және осымен қоса түстерді ажырату немесе музыкалық ажырату сезімталдылығы төмен болуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер анализаторлардың бірінің тума ерекшеліктерімен немесе ұзақ мерзімді кәсіби тәжірибенің негізінде қалыптасатын оның жетекші рөлімен байланысты болуы мүмкін. Олар ақпаратты қабылдаудың индивидуалды ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қоса бейнелік ойлау, ес, қиялдағы қандай да бір бейнелер түрінің болуымен анықталады.
Бұл сипаттама қаншалықты тұрақты? Көптеген зерттеулер сенсорлық және перцептивтік мәселелердің шешілу нәтижелілігі арнайы дайындық немесе кәсіби тәжірибенің әсерінен сапалық жоғарылауын көрсетеді. Л.И.Селедская шлифовальшик жұмысшылардың дифференциалды көру табалдырықтарын зерттеді. Тәжірибелі шлифовальшиктердің ажырату сезімталдылығы қалыпты деңгейден 20 есе жоғары болды. В.И.Кауфман аурулардың жүрегі мен өкпесін үнемі тыңдайтын терапевт-дәрігерлерден; двигательдердің жағдайын анықтайтын авиа және авто механиктердің жоғары есту түйсінулерін анықтады. Н.К.Гусев дегустатор мамандарындағы дәм сезу анализаторларының абсолютті және көп түрлі түйсінудің жоғарылығын көрсеткен.
Тәжірибелі қорғасын балқытушылар мартенковтық пештің қабырғаларының қызуы бойынша пештің температурасын тез әрі дәл анықтай алады. Температураның жоғарылауымен отқа төзімді материалдың түсі өзгереді: қызыл реңдер алқызылға, ал содан кейін ақшылға ауысады. Қызу температурасымен сипатталатын барлық нәзік реңдердің нақты бейнесі пештің барлық түстік реңдері жасалған арнайы сызбаны құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пештің қабырға түсінің реңін бұдан да нақты көрсететін құрал жасалды. Бұл құралдың көмегімен оқушылар салыстырмалы қысқа мерзімде көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі бақылаушылар сияқты түстерді ажыратуды үйренді
Басқа анализаторлардың аумағындағы көптеген зерттеулердің осы тұстағы нәтижелерін өз монографиясында Б.Г.Ананьев келтірді. Алайда мұндай зерттеулерде түйсік табалдырықтарының өзгеруі туралы жасалатын қорытындылардың көп жағдайда нақты дәлелі жоқ. Бір жағдайда табалдырықтардың өзгеруі жайлы қорытындыларға кәсіби маман мен жас маманды салыстыру негіз болады. Басқа жағдайда сенсорлық мәселелерді шешудің нәтижелілігі арнайы жаттығу процесінде жоғарылатылды, түйсінуді өлшеу жаттығуға дейін және кейін де жүргізілмеді, сондықтан табалдырықтардың өзгеруі туралы сенсорлы дағдыларды меңгеру кезінде болатын нәтижелердің жақсаруы негізінде қорытынды жасауға болады.
Сенсорлы дағдыларды зерттеушілер олардың сенсорлы коріністер(салыстыру эталондары) мен бейнелерді жасау әдістерін меңгеруден жинақталатындығын көрсетті. Я.К.Пономарьмен көрсетілген қызықты факт: егер тәжірибелі маман таныс емес техникадағы ақауларды табуы керек болса, ол дәл сондай , бірақ ақаусыз құралға жүгінеді, олардың ерекшеліктерін (көру, есту, кинестетикалық сигналдар) салыстырады. Зерттелушілер істейтін құралдың дыбысы бойынша ондағы ақауды анықтау мүмкіндігін беретін «техникалық дыбыс» деп аталатын қабылдаудың күрделі дағдылардың тәжірибелік қалыптасуын жүргізді және жоғары сезімталдылыққа ие емес зерттелушілердегі сенсорлы және перцептивті мәселелерді шешуді жылдам жақсарту мүмкіндігін дәлелдеді.
А.В.Филипов, Ю.А.Каликинский, Я.К.Пономарь және т.б. зерттеулері автоматизацияның нәтижесінде техниканың күрделену деңгейі бойынша маманның сенсорлы және перцептивті қасиеттеріне деген талаптар төмендеп қана қоймайды, сонымен қоса жоғары сенсорлы мәдениет талаптарына айналады. Сенсорлы мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі болып ойлау мен білімге негізделген қабылдаудың полианализаторлы мақсатты іс-әрекет – бақылау мәдениеті болып табылады. Бақылауды жүргізудің кәсіби ептілігі тұлға қасиеті сияқты бақылаушылықпен тығыз байланысты: ол осы қасиетке сүйенеді және сол кезде оны дамытады.
Зейіннің кәсіби маңызды қасиеттері – оның концентрациясының белсенділігі, тұрақтылық, ауысу шапшаңдығы, зейінді аудару кеңдігі іс-әрекеттің әр түрінде әртүрлі көрінеді. Жүргізуші мамандар үшін зейін шоғырландыру мен аударудың сипаты бірінші орынға қойылады, басты мақсаттары бақылау мен реттеу (корректор, радиолокатор операторы) болатын басқа мамандар үшін зейіннің тұрақтылығы неғұрлым үлкен маңызға ие.
Зейіннің барлық қасиеттері қандай да бір деңгейде болмасын жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерімен анықталады және сондықтан да аз өзгереді. Зейін ауыстыру жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығына байланысты. Анық болғандай жас ұлғайған сайын олардың қозғалмалылығы біршама төмендейді және зейінді ауыстыру жылдамдығының азаюын күтуге болады, бірақ ол тек кәсіби тәжірибеге сүйенбейтін жерде ғана.
Зейін тұрақтылығы қозу процесінің күшін анықтайды. Зертханалық тәжірибеде әлсіз қозу процесіне ие адамдарда Л.Б.Ермолаева-Томина ақыл-ой жұмысының қабілеттілігінің 30-35 минуттан кейін 2 есеге төмендегенін байқады. Ол жүйке жүйесінің күші үзақ мерзімге зейінді шоғырландыру мүмкіндігін байланыстыратын негізгі фактор екендігі және әлсіз қозу процесіне ие адамдарға «күштіге» қарағанда кәсіби мәселелерді шешу қиынырақ деген қорытындыға келді. Бұнымен қоса Ермолаева-Томина эмоционалды факторлардың толықтырушы маңызын және жүйелі зейінді шоғырландыруды қажет ететін еңбекке әдеттенуді баса айтады.
Шындығында да, зейіннің тұрақтылығын сақтау ұзақтығының, ауысу жылдамдығының берілген адам үшін тән екндігі туралы айтуға болады. Алайда, еңбек шартына байланысты бір адамдағы бұл қасиеттер кең көлемде болуы мүмкін. тКәсіби маңызды қасиеттің бірі де зейін қасиеті сияқты.осындай деңгейде сыртқы факторларға тәуелді емес. Бірқалыпты жүмыс, мәселен, зейін тұрақтылығына лезде әсер етеді, ал мазмұнды жұмыс пен оған деген жауапкершілік оның тұрақтылығын жоғарылатады. Онымен қоса, кәсіби оқыту процесіндегі арнайы жаттығулардың ешқайсысы да зейіннің индивидуалды қасиетінің жедел жақсаруын қамтамасыз ете алмайды, олардың негізінде жатқан жүйке процестерінің ерекшеліктері өте баяу өзгереді.
Мамандықтардың көпшілігі зейіннің жоғары болуын қажет етпейді. Алайда техниканың дамуымен қазіргі заман мамандықтарының (негізінен жүргізуші және оператор мамандары) бірқатарында қызмет көрсетуді талап ететін обьектілер көлемі бір адамның өзінің зейінін аударуы жеткіліксіз болатындай дәрежеде көбейді және сонда олардың кейбіреулерін бақылау не басқа адамға, не арнайы автоматтарға беріледі. Өмір белсенділігінің шапшандығымен ұшақтар мен автомобильдер жылдамдығының жоғарылауы; сондай-ақ апаттық жағдайларда іс-әрекет тұлғаның аттенционды қасиетін қажет ететін уақыт тығыз жағдайда жүреді. Іс-әрекеррің мұндай түрінде зейінді жетілдіру қажет және мүмкін. Бұл мүмкіндіктер аттенционды дағдылардың қалыптасуында және берілген іс-әрекет үшін зейінді ұйымдастыруды жақсы меңгеруде болып табылады.
Үлкен практикалық маңызға ие сұрақ:берілген еңбек процесінде зейін қандай мөлшерде және қандай обьектіге шоғырландырылады? Ең алдымен бұл қабылдау процесіне қандай сезім мүшелерінің қатысатындығына байланысты қажетті ақпаратты қабылдауда неғұрлым көп сезім мүшелері қатысатын болса, зейін аумағында соғұрлым көп обьектілер болуы мүмкін. Сондықтан үйрету кезінде түрлі обьектілерді қандай сезім мүшелерінің көмегімен бақылау керектігін анықтау маңызды , өйткені бір обьект түрлі әдістермен бақылануы мүмкін.
Көп обьектілер арасында зейін аударуды қажет ететін әрекеттерді орындау кезінде оның белгілі бір обьектілерге коцентрациясының деңгейі уақыт өте келе үздіксіз өзгереді. Зейінді аударудың ыңғайлы сызбасын жасау осы мағынаның және оның динамикасын есепке алуды ұсынады.
Практикада зейінді бір обьектіден екіншісіне аударудың неғұрлым пайдалы жағы қандай және оны ауыстырудың оптималды жылдамдығы қандай деген сұрақтар пайда болады. Зейінді ауыстыру сызбасын жасағанда түрлі обьектілердің мәнін есепке алу маңызды. Зейін неғұрлым маңызды обьектілерге маңыздылығы төменге қарағанда көбірек аударылуы қажет. Зейінді ауыстырудың дұрыс жылдамдығын да орнату қажет. Тым тез жылдамдық жұмысшыны шаршатады. Тым баяу ауысуда жағдайдың маңызды өзгерістерін жіберіп алуға болады. Сондықтан зейінді аудару жылдамдығы жағдайдың өзгеру мүмкіндігі деңгейіне байланысты.
Зейінді ұйымдастыру жүйесінің негізгі элементтерін қарастыра келе , А.В.Катаев зейінді еңбекте тәрбиелеу - бұл зейіннің жоғары қысымының өндірілуі немесе оның абстрактілі дамуы емес. Еңбек әрекетіндегізейінді дұрыс тәрбиелеу оқыту процесінде осы жүйені іс жүзінде меңгеруді және еңбек шарттары мен міндеттерін, машина ерекшеліктерін(технологиялар,құралдар) ескере отырып, еңбектің әр түрінде, әр операциясы мен әрекетінде оны ұйымдастырудың неғұрлым рационалды жүйесін құрудан тұрады.
Іс-әрекеттің жаңа түрін меңгеруде немесе дәл сол іс-әрекетті жаңа жағдайда орындауда зейінді әрқашан ұйымдастыру жүйесінің қайта құрылуы жүреді. Осы көзқарас тұрғысынан қандай да бір еңбек түріне үйрету немесе жаңа техниканы қолдануды үйрену жұмысшының ол үшін зейінді ұйымдастырудың жаңа жүйесін меңгеруден тұрады.
№ 10- Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |