Еңбекақы түрлері Негізгі



бет5/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Экономика предприятия лекция

2.


Пайда ұжым мүшелері үшін әлеуметтік игілік көзі болып табылады. Салықты, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын иелігінде қалған пайда есебінен материалдық марапаттаулар, жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады, әлеуметтік аяның объектілері қаржыландырылады;
3.


Пайда әртүрлі деңгейдегі бюджеттің табыс бөлігін қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Ол бюджетке салық, экономикалық санкциялар түрінде келіп түседі және бюджеттің шығыс бөлігімен анықталатын әртүрлі мақсатқа жұмсалады.
4.


Кәсіпорын пайдасы дегеніміз – оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы.
Жалпы пайда тауарды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбейтін пайда) кәсіпорын иелігінде қалатын пайда, ол төтенше шығыс пен табыстың сальдосын ескере отырып анықталады.


Нарықтық қатынастар жағдайында әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, пайда алудың негізгі үш көзі бар:
Біріншісі – кәсіпорын қандай да бір өнімді өндіру немесе өнімнің қайталанбауы жағынан монопольды болуы есебінен қалыптасатын көздер.
Екіншіден – негізгі қайнар көз өндіріс пен кәсіпкерлік қызметпен тікелей байланысты. 
Үшіншіден – кәсіпорынның инновациялық қызметінен туындайтын қайнар көз. 


Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелік көрсеткіші болып баланстық пайда саналады. 
Баланстық пайда дегеніміз – бұл кәсіпорынның өнімді сатудан түскен және оның өндірісі мен сатуымен байланыссыз табыстан (шығыннан) түскен пайда (шығын) сомасы. 
Өнімді сату дегеніміз – тек натуралды-заттай формадағы өндірістік тауарларды сату ғана емес, сондай-ақ жұмысты атқару мен қызмет көрсету де жатады. 
Баланстық пайда үш іріленген элементтен тұрады: 
●өнімді сатудан, атқарылған жұмыстан, көрсетілген қызметтен түскен пайда (шығын); 
●кәсіпорынның негізгі қорын, оларды өндірістен шығарудан және басқа да мүліктерді сатудан түскен пайда (шығын); 
●сатудан тыс операциялардан түскен қаржы нәтижесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет