Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны – қорды дайындауға немесе сатып алуға және оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығын сомасынан тұрады. Ол амортизация нормасы мен амортизациялық аударымдардың өлшемін, кәсіпорын пайдасын, рентабелділігін және олардың көрсеткіштерінің қолданылуын анықтау үшін қолданылады.
Загрузка…
Қалпына келтіру құны – жаңа өндірістік жағдайға сай негізгі қордың ұдайы өндірісіне кеткен шығындар, яғни ережеге сай ол қорды қайта бағалау кезінде бекітіледі.
Негізгі өндірістік қордың қалдық құны-баланстан шығарылатын қордың бағасы
Негізгі қордың ликвидтік құны – бұл негізгі қордың өндірістен алынып тасталған және тозған құнын шегеруі (көп жағдайда бұл сыну құны).
Негізгі құралдар пайдалану нәтижесіде бірте-бірте тозады.
Тозу – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының бұзылуы, сонымен қатар оның құнсыздануы.
ТОЗУ
Моральдық тозу
Физикалық тозу
Негізгі
құралдың
сырт түрінің
өзгеруі,
яғни, оның
ескіруі,т.б.
Негізгі
құралдың
қазіргі заманғы
ғылыми және
техникалық
талаптарға
сай келмеуі.
Тозудың екі түрі бар – физикалық және моральдық
Физикалық тозуы негізгі қордың өзінің бастапқы тұтыну құнын біртіндеп жоғалтуымен түсіндіріледі, олар қызмет ету процесінде ғана емес, әрекетсіз жағдайлары да (сыртқы ортаның әсері, атмосфералық құбылыстар, коррозия) әсер етеді.
Моральдық тозу – олардың ұдайы өндірісіне қажетті қоғамдық қажетті шығындарды қысқарту салдарынан машиналар мен жабдық құнының төмендеуі (моральдық тозудың бірінші түрі) немесе жаңа жетілдірілген, анағұрлым прогрессивті және экономикалық тиімді машиналар мен жабдықтардың енгізілу салдарынан олардың құнының төмендеуі (моральдық тозудың екінші түрі).
Тозуды анықтау әдістері
Физикалық тозу негізгі қорлардың қызметтену негізінде анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |