1-параграф. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі 6. "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті беруші) жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып жүгінеді. Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді тікелей жүгінген кезде немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген. Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - жеке басты куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушілер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған; 2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған; 3) жүктілікті жасанды үзген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) жүкті болған және босанған; 6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған; 7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген; 8) карантин; 9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі. 8. Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандары бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы: 1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану; 2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған; 3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен; 6) жүктілікті жасанды үзген; 7) жүкті болған және босанған; 8) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған; 9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген; 10) карантин; 11) ортопедиялық протездеу; 12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген. Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.
11. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы: 1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін; 2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы; 3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар; 4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді. Көрсетілген жағдайларда пациентке амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі. 12. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар: 1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері; 4) санаторийлік-курорттық ұйымдар; 5) апаттар медицинасы ұйымдары; 6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 9) жедел медициналық көмек ұйымдары бермейді. 13. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі. 14. Осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруге жол берілмейді.