Еңбекқорлық және оның табысқа әсері



бет2/2
Дата17.04.2024
өлшемі21.88 Kb.
#498977
1   2
енбек жане табыс тарбие саг

Ұлағатты сөздер
Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді. Гораций.
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз. Абай.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар. Абай.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын Абай.
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. М. Әуезов.
Елге сіңірген еңбек жақсы,
Еңбекті елеген ел жақсы. Спандияр Көбеев.
Еңбектегі әр минут – бір несібе. Ғафұр Ғұлам.
Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.
Бауыржан Момышұлы
Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме.
Ғабдолла Садықұлы.
Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Леонардо до Винчи
Рахаттың әкесі – еңбек. Ф. Вольтер


Рефлексия

Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез – құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта – жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленетіндігін түсіндік деп ойлаймын.


Тәрбие сағатымызды Аристотельдің сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Адамды бақытты болуға үйрете алмайсың, алайда оны бақытты болу үшін тәрбиелеу мүмкін. Мен сіздерге бүгінгі жұмыс үшін рахмет айтамын. Өмірлеріңіз табысты болуына тілектеспін. Осы уақыттан бастап біздің ұранымыз "Алға , табысқа қарай ! "

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет